Жеке адам түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:36, реферат

Краткое описание


Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеке адам түсінік.docx

— 83.65 Кб (Скачать документ)

 Адамның рухани дамуы  туралы, оның этикалық құндылықтары  жайлы қазақ ойшылдарының еңбектерінде  көрініс тапқан. Отандық ғалымдардың  да адам туралы ғылыми пікірлері  ерекше. Мысалы белгілі философ

 А.Х. Қасымжанов: «Кеңістікте  адам дүниеге келгеннен бастап, белгілі бір өмірілік болмысын  қалыптастырып, нақты бір мінез-құлық  стереотиптерін меңгеріп, қоршаған  ортаға, дүниеге деген дүниетанымын, көзқарасын орнықтырады», – деген  ой түйеді.

 Танымал философ, профессор  Б.Ғ. Нұржановтың көшпенді адам  туралы: “көшпенді үшін ең жоғарғы  құндылық қозғалыс, белгілі бір  территорияда мәңгілік шектеліп  қалмау. Демек, қозғалатын, өзгеретін,  ағыста болатындардың барлығы  көшпенді үшін құнды болып  табылады. Ал, қозғалмайтын, отырықшылыққа  бейімділер құндылығы, екінші  орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану,  отырықшы болу – қозғалысқа, өзгеріске  деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай алғанда ең жоғарғы  құндылықты жоғалту”, – деген  пікірі орынды.

 Әйгілі қазақтанушы,  профессор Ж.Ж. Молдабеков: «Қазақ  халқы ежелден әділеттілікті,  сыпайылықты, шындықты, жарқын жүзділікті, өз тілегін іште ұстау, өсек-аяңнан  бойын аулақ ұстау секілді  құндылықтарды адами құндылықтар  деп қастерлеген», – деген ой  айтады. Жалпы, Қазақ философиясы  мен мәдениетінде адам туралы  ой қозғалғанда, ең алдымен  оның рухани құндылықтарына көңіл  бөлінген.

 Мәдени антропологиялық  ой дәстүріндегі адам мәселесіне  қатысты философиялық һәм мәдени  антропологиялық пайымдауларға  тоқталу маңызды мәселе.

 

3.2 Джон Локктың педагогикалық теориясы.(1632-1704)

 

 

 Өзінің педагогикалық  көзқарастарын Локк “Тәрбие туралы  ойлар” (1693) және “Ақылды тәрбиелеу  туралы” педагогикалық еңбектерінде  жан-жақты талдаған болатын-ды.

 Біздің кездесіп жүрген  адамдардың ішінде он адамның  тоғызының рақымшыл немесе қатыгез,  пайдалы немесе пайдалы болмауы  тек ғана тәрбиеге байланысты  деп тұжырымдады Д.Локк. Тәрбиенің  мәнін ерекше көрсетті. Ол қарапайым  адамды ғана тәрбиелегісі келген  жоқ, “өз ісін алдын ала  ойластыра істейтін” джентельменді  тәрбиелегісі келді, ол үшін  джентельмен буржуазиялық іскер  адамдардың сапасын меңгеруі  қажет, қарым-қатынаста қасиеттермен  ерекшеленіп тұруы керек деді.

 Джентльменге дене, адамгершілік  және ақыл-ой тәрбиесін беру  керек, ондай тәрбиенің негіздері  мектепте емес, мектеп бұл “жағымсыз  тәрбиеленген балалардың әртүрлі  табыры” деп байымдады. Нағыз  джентельмен үйде тәрбиеленеді, “кемшілігі бола тұрса да, үйдегі  тәрбие мектепте берілетін білімдер  мен ептіліктерден әлдеқайда  пайдалы”.

 Локк дене тәрбиесіне  ерекше мән берді. “Денсаулық  кәсіби іс-әрекет пен бақыт  үшін қажет” дей келіп, жан-жақты  талданған ғылыми деңгейде сол  кездегі жүйені ұсынды. Локк балаларды  ерте жас кезінен бастап, шынықтыру  қажет, бала шаршауды, қиындықты,  өзгерістерді жеңіл атқара білуі  қажет деді.

 Локк бала өміріндегі  қатаң режимді қатаң сақтаудың  мәнін негіздей келіп, оны қалай  киіндіру, тамақтандыру туралы кеңестер  беріп отыр. Дұрыс ұйымдасқан  дене тәрбиесі батылдықты, табандылықты  меңгреуге көмектеседі.

 “Джентельмен сондай  тәрбиеленген болу керек, егер  керек болса, қолына қару алып, солдат болуға кез-келген уақытта  даяр болуы қажет” деп жазды.

 Локк мораль жеке  тұлғаның пайдасы мен қызығуы  қағидаларынан туындайды деп  түсіндірді. Оның айтуынша, ол сондай  адам өз бақытына жете білетін,  сонымен қатар басқаға кедергі  келтірмейтін адам. Джентельменнің  мінез-құлқы орнықты, өзінің сезімін  басқара білуі қажет, тәртіпті  болуы керек. Бірақ Локктың  тұжырымдауынша, “буржуазиялық ақыл  адами ақыл болып табылады”.

 Мінез-құлықты қалыптастыру, ерікті дамыту, адамгершілік тәртіптілік  – тәрбиенің негізгі міндеттері.

 Негізгі тәрбие құралдарына  әруақытта да үлгі-өнеге, орта, баланың қоршаған ортасын жатқызды.

 Баланың мінез-құлқына  оның қоршаған ортасының, балалар  әрекет ететін компаниясының  әсері орасан зор екендігін  Локк атап өтті.

 Әсіресе, балаларда  тұрақты жағымды әдеттерін тәрбиелеудің  мәні ерекше. Балалардың әдеттерін  жас кезінен бастау тәрбиелеу  қажет. Ешуақытта қатыгездікпен,  деректілікпен жағымды нәтижеге  жетуге болмайды, жылы сөздер, қысқаша сендірулер керекті нәтижелер беретіндігін Локк атап өтті. Локк бірнеше әдетті біруақытта қалыптастыруға болмайды. Әуелі біреуін бекіту керек, содан кейін басқа әдеттерді тәрбиелеуге көшу қажет.

 Джон Локк тәрбиеде  жағымды нәтижеге жету үшін  баланың дара ерекшеліктерін  зерттеуге мән беру қажеттігіне  тоқталды. Ол балалардың мінез-құлқындағы  жағымсыз қылықтарымен жалқаулықпен  күресу қажеттігіне тоқталды.

 Локк дене жазалауына  қарсы болды, ол “құлдық тәртіп  құлдық мінезді жасайды”, - деп  жазды, шектен шыққан тәртіпсіздік  жасаған жағдайда дене жағынан  жазалауды қолданды.

 Локк діни тәрбиеге  ерекше мән берді, ең негізгісі  – балаларды діни рәсімдерге  үйрету емес ол құдайға құлшылық  ету болып табылады деген болатын-ды.

 Джентльменнің ақыл-ой  тәрбиесі, Локктың көзқарасы бойынша,  іскер адамға қажетті сапаларды  қалыптастыру. Джентльменді оқуға,  жазуға, сурет салуғ, ана тіліне, француз тіліне, жағырафияға, геометрияға,  астрономияға, этикаға үйрету қажет,  тарихтан және заңтанудан, бухгалетриядан, атқа мінуден, би билеуден мәліметтер  беру.

 Бұл бағдарлама біржола  ортағасырлық дәстүрлерден қол  іздеуге себепші болды. Сонымен  қатар Локк өз тәрбиешілерін  белгілі бір қолөнердің түрімен  немесе бақ өсірумен және ауылшаруашылығымен  айналысуға ұсыныс жасады.

 Еңбек тәрбиесінің  қажеттігі таза ауадағы еңбек  денсаулық үшін пайдалы, ал  қолөнерді білу іскер адамға  керегіне жаратуы үшін қажет.  Баланы белгілі бір іске қатыстыру  үшін балалардың қызығуын кеңінен  пайдалану керектігіне Локк ерекше  мән берді, қызығудан білімге  деген құлшыныс пайда болады, сонымен қатар оларды қызықты  емес нәрселермен де айналысуға  үйрету керек.

 Балалардың сұрақтарының  да ерекше мәні бар, оларға  ерекше көңіл бөлу керек, оған  қате және тайғақтау жауап  бермеу қажет.

 Джон Локктың пікірінше,  сонымен, жан-жақты тәрбиеленген  джентльмен буржуазиялық Англияның  күш-қуатын нығайтуға қызмет ететін  жаңа адам болып табылады.

 Жоғарыда айтылған  болатын-ды Локк мектептерге жағымсыз  көзқараста болды. Оның айтуынша, болашақ джентльменді “дөрекі  көпшіліктің” әсерінен, қара халықтың  балаларынан бөлек тәрбиелеу  қажет деп есептеді.

 Локк кедейлер туралы  заңның жобасын жасады, онда жырлылар  және қаңғыбастарға қарсы қатаң  шаралар қолдану қажеттігін атап  көрсетті, жалқауларды жұмысқа зорлап  істету керек. Сол жазалаудың  белгілі бір жүйесін ұсынды, онда 14 жасқа дейінгі балаларды жазалауға  болмайды; әрбір жерді жұмысшы  мектептерін ұйымдастыру керек,  оған міндетті түрде 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды міндетті  түрде балаларды қабылдау, олардың  ата-аналары жергілікті жерден  көмектесуді сұрайды. Бұл балалар  мектепте “нанмен тойғанша” тамақтанады. Тамағын табу үшін балалар еңбек ету керек еді.

 Ол өзінің “Ақылды  тәрбиелеу туралы” және “оқу  туралы” атты еңбектерінен бірнеше  құнды пікірлер ұсынды. Жалпы  алғанда Коменский сияқты Локк  та оқуды күшпен зорлап оқытуға  қарсы болды. Оның құнды ұсынған  әдістемесінің мәні, балалардың  білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін  дамыту.

 Сонымен Локктың педагогикалық  теориясы үкімет басына келген  буржуазияның өкілі джентльменді  тәрбиелеудің мақсаттары мен  сипатын анық айқындады, оның  педагогикалық теориясында оны  дене, адамгершілік және ақыл-ой  жағынан тәрбиелеудің мәселелері  тәрбиелеудің мәселелері нақты  талданылған. Сонымен қатар Локк  еңбекшілердің балаларына тек  ғана еңбек және діни тәрбие  беруді ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  

 

Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар  өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.

 Ішінара әрекет қабілеттілігі  әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға  тән. Ал берілген әрекет ауқымы  олардың жасына байланысты. Заң  мұндай тұлғаларды екі топқа  бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б)  жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа  дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындардың  әрекет қабілеттілігі мейлінше  ауқымды, олар заңда көрсетілген  шекте әртүрлі мәлімелер жасай  береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар басқалай  мәлімелерді, яғни мәлімелерді  ата-анасының, асырып алушыларының  немесе қорғаншыларының келісімімен  жасайды. Біздің білуіміз бойынша  тұлғаның екі категорисы бар.  Құқық субъектілері – ең алдымен  адамдар (...жеке тұлға). Әрбір адам  – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта  субъектілердің басқа да категориясының  барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар,  тоып жатқан ұйымдар және т.б.  құқық пен міндеттердің иелері.

Жеке тұлга туралы тусінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты  үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы  мен қалыптасуы мәселесінің көп  ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі  және әр түрлі ғылымдардың тоғысында  қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары  жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді  деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының  факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің  прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық  пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

 Адам – өзіне тән  биологиялық құрылысы бар тіршілік  иесі, сондықтан табиғат заңдары  оның дамуына да әсер етеді.  Қоршаған ортаға бейімделіп, өз  тіршілігі үшін дайын заттарды  пайдаланатын жануарларға қарағанда,  адам өзіне керектіні өз қолымен  жасайды. Адам табиғатының өзгеруі  адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының  әсерінен болады, адамның тектілігі  тек биологиялық жағынан ғана  емес, сонымен қатар тарихи дамуы  нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның  қоғамдық тәжірибеге ие болуы  нәтижесінде орын алады. Сонымен,  адамның жалпы дамуында өзара  байланысты биологиялық және  әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі  байқалады. Адам биологиялық тіршілік  иесі болып туады, алайда өз  дамуы барысында ғана ол әлеуметтік  тіршілік иесіне айналады.

 Психологияда «жеке  тұлға» деген ұғымның әр түрлі  түсіндірмелері бар, бірақ олардың  көбісі мына түсінікке келіп  тіреледі: жеке тұлға дегеніміз  әлеуметтік қатынастар мен саналы  іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі  индивид. Жеке тұлғаның ең басты  белгісі – оның әлеуметтік  мәнінің болуы және оның әлеуметтік  функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы  қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке  тұлға, сондай-ақ, психологиялық  дамудың белгілі бір деңгейіне  ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының денгейі, қажеттіліктер,  мақсат-мүдделер).

 Жеке тұлға – бұл  интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын  тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен  айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың  «өзегі» бар деп мойындайды, олар  оны «Мен -жүйе» немесе жай  ғана «Мен» деп белгілейді. Жоғарыда  келтірілген жеке тұлға туралы  түсінік жалпылама ұғым болып  табылады.

 Жеке тұлғаның ең  маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті,  даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы  оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде  қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің  айқын және өзіне тән ерекшелігінің  көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі  шығармашылық қасиетінің деңгейі  арқылы анықталады. Бұл орайда  «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың  қатары «даралық» деген ұғыммен  толықтырылуы қажет.

 Даралық бір адамның  басқа бір адамнан, бір тұлғаның  басқа бір тұлғадан айырмашылығын,  оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне  тән ерекшелігі бар екенін  сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның  мінезі мен темпераментінің ерекше  белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі  және мақсатты адам), шығармашылық  қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің  өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның  терең білімдарлығы, педагогикалық  көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға  деген ерекше қатынасы, жұмыстағы  шығармашылық ниеті, т.б. арқылы  көрінеді. «Даралық» ұғымы бір  адамды басқа бір адамнан, бір  тұлғаны басқа бір тұлғадан  ажыратып, оған өзіне тән сұлулық  пен қайталанбас қасиет беретін  ерекшеліктерден тұрады.

Информация о работе Жеке адам түсінік