Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

 

 

8 кесте - Әліппеден кейінгі кезең 14 сағат

 

Үш негізгі бағыт

Тақырыптар

Өтілу

бойынша бағалау

 

мерзімі

І.Біріккен диалогты

1.Әліппе. Алфавит

 

танымдық іс-

2.Мақта қыз бен мысық

 

әрекетті бағалау.

3.16 желтоқсан тәуелсіздік күні

 

2.Белсенді оқыту

4.Сегіз аяқ

 

әдістері арқылы

5.Бақа қожаның аты.

 

бағалау.

б.Ата - бата.

 

3 .Оқу шылардың

7.Кім неден күшті?

 

оқытуға жағымды

8.Жарқын жүзді үстазым.

 

мотивациясын

9.Қүстың үясы

 

тудыра

10.Санамақ.

 

отырып бағалау.

11.Жұмбақтар, жаңылтпаштар

 
 

12.Оқуға шақыру.

 
 

13.Бір қазан сүт.

 
 

14.Күншілік үйрек.

 

 

9 кесте - Ана тілі 3—4 тоқсан

 

Үш негізгі бағыт

Тақырыптар

Өтілу

бойынша бағалау

 

мерзімі

Біріккен-диалогты

1.Сөйлем, сөз, дыбыс,әріп

 

танымдық іс-

2.Қыс. Абай.

 

әрекетті бағалау

3.Әже, Не тәтті?

 

Белсенді оқыту

4.Буын. Не деу керек?

 

әдістері арқылы

5.Шығарма "Менің жанүям"

 

бағалау.

6.Наурыз тойы.

 

Оқушылардың

7.Абылай хан.

 

оқытуға жағымды

8.Жаз.

 

мотивациясын

9.Кел балалар, оқылық!

 

тудыра отырып

10.Ғарышқа ұшу.

 

бағалау.

11.Қазақ батырлары.

 
 

12.Дауысты және дауыссыз

 
 

дыбыстар

 
 

13.Сиыр. қой, қозы, ешкі.

 
 

14.Дауыссыз дыбыстар.

 
 

Елтаңба

 
 

15.Әдептілік әліппесі

 
 

16.Саналық

 
 

17.Сөйлем, көктем келді.

 
 

18.Мәтінмен жұмыс келді.

 
 

19.Әл-Фараби. Өнерлі жігіт.

 
 

20.Жаз. Бұл қай кезде болады?

 
 

21.Төрт түлік.Төлді қалай

 
 

шақырады.

 
 

22.Бас әріппен жазылған

 
 

сөздер.

 
 

23.Менің атым - Қожа.

 
 

24.Үш би

 
 

25 .Қожанасыр

 
 

26.Алдар көсе мен бай.

 
 

27.Ән сабағы.

 
 

28.Бала Шоқан

 
 

29.Қаздарым

 
 

30. Қанша? Неше?

 
 

Нешінші? Домалақ ана.

 
 

31. Құлын мінген бала.

 

 

1-ші сынып бойынша әліппе мен ана тілі сабақтарында танымдық іс-әрекет негізінде оқу шылардың білімін бағалау.

I тоқсан. (14 сағат). 

Бұл тоқсанда екіге бөліп, яғни әліппеге дейінгі кезең (14 сағат) әліппе кезеңі (84 сағат) деп, бөлінеді. Алғашқы кезеңінде, яғни әліппеге дейінгі кезеңде "Білім күнінен" бастап түрлі тақырыпта суреттері бойынша әңгіме құратып, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғым беріледі.

Мысалы, осы І-ші сыныпта қыркүйектің 9 - күні өтілетін "Құстар. Үй құстары" атты тақырып бойынша сабақтың меңгерілуіне, білімнің танымдық іс-әрекет негізінде бағалануына және жалпы тіл білімі сабағына ынта туғызу бағытындағы танымдық жаттығулардың ретін ұсынайық.

1. Бастауыш мектептің 1-ші сынып оқушыларының алған білімдерінің көлемін және меңгерілген құрылымын бағалап, анықтау үшін С.М.Белозеровтың "Білімнің меңгерілу диагностикасы" әдістемесін қолдандық. Бұл әдістеме көлденеңінен сұрақтардан, 5 сұрақ, ал тігінен - жауаптар нөмірлерінен тұратын матрицаны білдіреді. Осылайша, қойылған әрбір сұраққа сыналушылар 5 жауап береді.

1. Құстардың пайдасы қандай?

2. Қандай құстарды білесің?

3. Құстар немен коректенеді?

4. Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

5. Құстарға қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің?

Сыныптардағы бақылау және эксперименттік топтар өздерінің түрлі деңгейдегі білімді меңгергендіктерін байқатты. Мысалы: бақылау тобы оқушыларының жауабы кең ауқымда, түсінікті, бірақ шашыраңқы. І-ші сынып оқу шысы Ә.С.жауабы: құстардың пайдасы үлкен. Құстар майда нан қиқымдарын жейді. Мұнда қыс суық болғандықтан, олар ұшып кетеді. Құстарды атуға болмайды, оларды қорғау керек.

Эксперименттік топтың оқушысы М.С. жауабы: Құстар құрттарды құртады, сонысымен пайдалы. Мен көп құстарды білемін: қарға, сауысқан, торғай, жапалақ, қыран, бүркіт.

Үй құстарын да білемін: қарлығаш, тауық құстар шөп-шалаңмен, құрт-жәндіктермен қоректенеді. Құстар ата-балалары сияқты жылы жаққа ұшып кетіп отырады. Құстарға ұя салу керек, оларды аялау қажет.

Сонда осы екі оқушы жауаптарынан түрлі жауаптарды (толық, кең атүстірт), әртүрлі ойлау, қабылдау, сезім дәрежелерін байқауға болады.

2. Үй құстары салынған суреттер балаларға таратылып, оны атау (дұрыс атау, дыбыстарды өз нақышымен айту т.с.с) талап етіледі. Және ол қүстардың шығаратын дауыстарын келтіру (қоқылдау, қыт-қыттау, гуілдеу т.б.) қажет болады.

Міне, осындай білім бекіту жаттығуларынан соң, бүкіл сабаққа белсене қатынасқан балаларға бағалар жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш түрінде қойылады.

3. Сабаққа оқушылардың қызығушылығын мақсатында сөзжұмбақ шешу ұсынылады.

Енді келесі кезекте "Әліппе кезеңі" (84 сағат) басталады. "А" дыбысы және әрпінен бастап, айыру белгілеріне дейінгі аралықта дыбыстар мен әріптер қатарына жеке тоқталып өтіледі. Әрбір дыбыс, әріпті өткеннен соң міндетті түрде сол әріп бар суреттер мен құралдарды көрсетуге болады.

Мысалы: кезекті бір тақырыпка тоқталайық "Р дыбысы және әрпі".

1. Мұғалім мен оқушылар арасында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнатып, білімдерін бағалау үшін, "Р" әрпі, дыбысы бар сөздерді (әрпі - сөз басында, ортада, аяғында келуі тиіс) көбірек айтудан жарыс ұйымдастыру.

Мұнда да "р" әрпін үш жағдайда дұрыс келтіріп, сөздерді көп атаған балалар аты-жөндері дереу тіркеледі.

2. Белсеңді әдісті қолдану ретінде "Артық сөзді алып таста" деген әдістеме қолданылады. Әр балаға 15 қатардан (әр қатарда "р" әрпі 3-4 сөз, ал "р" әрпі жоқ 1-2 сөз) тұратын сөздерден құралған бланк таратылады.

Бұл ойын арқылы балалардың "р" әрпін қаншалықты дәрежеде меңгергеңдіктерін анықтап, сол жауаптарына сай, яғни танымдық іс-әрекеттің негізінде (яғни ойлау, ойлау амалдары арқылы) білімдерін тағы да түрлі белгілер (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) аркылы бағалаймыз.

3. Әліппеге оқушылардың қызығушылықтарын ояту, әрі дамыту мақсатында "р" әрпі көп кездесетін жұмбақтарды шешкізу.

Мысалы: 1 )Қарда бар,

Мұзда жоқ,

Жазда бар,

Құзда жоқ.

(Р)

2) "Р" ды анық айтамын: Рельс, - деп,

Рауғаш, ринг, радио, ребус, - деп

3) "Р"-ды табам: Ракета, рояль, робот, рюкзак, разъезд, рамазан.

Жаңылтпаштар. 1 )Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көп шар бар,

Төрт шар бар. 2) Шын еңбегі - өрмекші.

Өрмекші — шын өрмекші.

Міне, осылайша бүкіл әріптермен түрлі бағытта танымдық жаттығулар (әдістемелер, жұмбақ, жаңылтпаштар, метограмма, ребус, анограмма, сөзжұмбақтар, тренингтер) өткізуге болады.

Мысалы: метограмма

Сөз басында "Б" болса,

Бас киімің боламын.

"Б" — ны алып тастасаң,

Жазда пісіп соламын.

(Бөрік-өрік).

Тренинг. "Менің сүйікті ойыншығым".

Балалар үлкен шеңбер жасай отырып, 3 минут ішінде сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелеулері тиіс және қай әріптің өтілуіне орай, сол әріпті қосып сөздер қолдана отырып, сөйлемдер құрап, әңгімелейді.

Келесі бір тақырып "Әліппе. Алфавит."

Бұл сабақ бүкіл әріптер өтіліп болған соң, білім бекіту сабағы ретінде болады.

1. Оқушылармен біріккен-диалогты  танымдық іс-әрекет негізінде бағалау үшін "Сиқырлы қарындаш" ойынын өткізуге болады.

Мұнда оқушылар орындарында екі-үш бала тақтаға шығып, әріптерді алфавиттегі реті бойынша тізіп жазулары тиіс. Дұрыс жазған балалар бағалары әділетті түрде бағаланады.

2. Белсенді оқу әдістері ретінде "Әріптерге нұсқау" ойынын, яғни сыныптағы балаларға әріптер жасалып, мойындарына де 5-6 баладан топ болып, сол әріптермен өздері ретпен, тұрып сөздер құраулары талап етіледі.

3. Ынта туғызу мақсатында "Қиынды - есіңе сақта!" жаттығуын енгізуге  болады.

Яғни, оқушыларға жазылуы қиын 10 сөз 25-30 секуңдқа көрсетіледі. Содан соң оқушылар дауыстап оқу арқылы бұл сөздерді дәптерге жазады. Бұл арада көру есі есту есіне көмекші ретінде қызмет етеді, барлық сөздерді есіне сақтап, дұрыс жазғандар ұтады да, дереу жақсы бағалармен бағаланады.

ІІІ-ІУ тоқсан "Ана тілі" сабағы

Тақырыбы: "Қыс. Абай".

Абайдың "Қыс" өлеңін мәнерлеп балаларға оқытып, жаттап алуларын талап ету. Біздің жоспар бойынша бұл тақырыпты бағалау бағыттары:

1. Оқушылармен біріккен-диалогты  танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін, осы өлең мазмұнын түсініп, меңгеріп, каншалықты меңгергендіктерін тексеріп "Мазмұнына қарай сурет сал" тренингін өткізу. Әрбір бала суретті салып, әрі әңгімелеп береді, осы суреті және әңгімесіне қарап бағалар (жұлдызша, үшбұрыш т.б.) қойылады.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде  Абай Құнанбаевтың ерекше бақылағыштық қасиетін мысал ретінде айта кетіп, окушылардың зейінін шоғырландыру қажет. Мысалы, қыс мезгілін үлкен ақ киімді шалға теңеу.

3. Оқушылардың пәнге деген жағымды  мотивациясын қалыптастыру үшін "Компакт - сұрақтар" тренингісін өткізу, яғни шеңбер жасай отырып, ортаға үш оқушы шығады. Үшеуіне үш әлеуметтік рөл беріледі, таңдап алады (Аяз ата, боран, қар). Басқа қатысушы-оқушылар бір сұрақты арлығына қояды. Сұрақ аяқталғаннан кейін 3 секундтан соң, әр бала өзінің рөліне тиісті сұраққа жауап берулері тиіс.

4. Жауап бергенде сөйлем көлемі, сөйлемдегі сөздер саны шықталып  бағаланады. Уақытты қатаң қадағалап  отырады.

Тақырып: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптері. Ақ бұзау...

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет  орнату үшін, "Әріптер әлеміне  саяхат" тренингісін өткізу. Жуан, дауысты дыбыстарды бөліп беріп, әрбір әріпті балалар атын, өздерін  сипаттап ортаға шығады. Қалған  балалар әріпті. Әріпті көп атаған және өзінің әрпін қиын жасырған балалар еңбектері бағаланады.

2. Белсенді оқыту ретінде "Қатесін  тап!" деген ми шабуылы жатттығуды ұсынуға болады, яғни тақтаға бірнеше жуан, жіңішке дауыстылардың қатысуымен сөздер жазылады. Балалар қателерін өңдеулері тиіс.

3. Оқуға ынталарын дамыту мақсатында жуан, жіңішке дыбыстарды қосып, яғни үш мазмұны алыс сөздер беріледі де, сол сөздерден сөйлем құраулары тиіс. Кімнің сөйлемі мазмұнды, мәнді болатын болса, сол баланың білімі ерекше аталып бағаланады.

Тақырып: Шығарма "Менің жанұям".

1.Біріккен диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру арқылы білімдерін бағалау. Яғни "Менің жанұям" деген тақырыпта сурет салдыру ісімен жүзеге асады. Бұл, бір жағынан, балаларға жаңа сызықты тапсырма, жұмылып танымдық әрекеттерінің үйлесуін қамтамасыз етеді.

Ал, бір жағынан баланың жеке басының қадір-қасиеттері байқалады, әрі оның жанұя жайлы пікірі, білімі, көзқарасы танылады.

Тақырып: "Сөйлем"

Сөйлем туралы толық мәлімет беріліп болған соң, біріккен диалогты танымдық іс-әрекет ретінде "Сөз қиялы" тренингісін өткізу.

Яғни оқушыларға мазмұнды суреттер таратылады. 1,5 минут ішінде әңгімені (оқиғаны, тарихты) құрулары тиіс. Осы құрған әңгімелерінің мазмұндылығы, әсерлілігі бағаланады. Бұл арада тіл білімін бағалау бүкіл танымдық әрекеттер (қиял, ойлау, зейін, ес т.б.) негізінде жүзеге асады.

2.Белсенді оқыту әдісі ретінде  оқушыларды шеңбер бойына отырғызып  бір-біріне доп лақтыру арқылы  бір сөйлемді бастатып, келесі  бала сол сөйлемді мазмұнына қарай әрі жалғастырады. Сөйлемді дұрыс құрмаған немесе әңгіме мазмұнын үзген бала ойыннан шығады.

Міне, осылайша шеңберде кімдер қалса солардың білімдері жақсы бағалармен, ал әңгімені үзгендерге нашар бағалар қойылады.

 

3.3 ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде білімді бағалау жолдары

ІІ-ші сынып бойынша қазақ тілі пәнінен танымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың білімін бағалаудың нұсқасы.

Қазақ тілі. I тоқсан. (36 сағат).

Тақырыбы: Бірінші сыныпта өткенді қайталау. Сөйлем және сөз.

Сөз бен сөйлем туралы теориялык білім толық еске түсіріп, Қайталанған соң танымдық жаттығулар көмегімен білім бағаланады.

1. Біріккен диалогты іс-әрекет  негізінде "Мен не жасадым?" тренингісін өткізу. Яғни, шеңбер  ортасына екі бала шығады. Бір  оқушы: бірнеше іс-әрекеттің бірқатар  үзінділерін сөзсіз, ым-ишарат арқылы  көрсетеді. Ал екінші оқушы сол қимылдарды бақылап, сөйлем етіп құрастырып айтуы тиіс.

Мысалы: Мен сабақ жазып отырмын.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері