Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Сабақты жазып әбден шаршадым.

Алаңда доп тепкен қандай жақсы.

Мен тамақ ішіп отырмын.

10 - кесте. ІІ-ші сынып бойынша оқушылардың танымдық іс-әрекет негізінде білімдерін бағалаудың күнтізбелік (календарлық)жоспары

 

 

 

Үш негізгі бағыт

Тақырыптар

Өтілу

бойынша бағалау

 

мерзімі

1

2

3

 

I тоқсан, (36 сағат)

1 .Біріккен диалогты

1.Сөйлем және сөз

 

танымдық іс-әрекетті

2.Заттың атын білдіретін сөздер

 

бағалау.

3. Заттың қимылын білдіретін

 
 

Сөздер

 
 

4. Заттың сынын білдіретін

 

2.Белсенді оқыту

сөздер

 

әдістері арқылы

5. Заттың санын білдіретін

 

бағалау.

сөздер

 
 

6.Дыбыс және оның түрлері

 
 

7.У әрпінің жазылуы

 
 

8.Сөйлеу мәдениеті

 

3. Оқушылардың

9.Тіл және сөйлеу

 

оқытуға жағымды

10.Жуан және жіңішке

 

мотивациясын тудыра

дауыстылар

отырып бағалау.

11.И әрпінің жазылуы.

 
 

12.Дауыссыз б мен п.

 
 

13. Дауыссыз қ мен ғ.

 
 

14. Дауыссыз к мен г.

 
 

15. Дауыссыз л мен р.

 

II тоқсан (28 сағат)

1. Біріккен-диалогты

1.Мәтін, оның түрлері.

 

танымдық іс-әрекетті

2.Сұраулы сөйлем.

 

бағалау

3.Дауыссыз н мен ң

 

2.Белсенді оқыту

4.Сөйлем.

 

әдістері арқылы

5.Сөйлемдегі сөздің байланысы.

 

бағалау.

6.Лепті сөйлем.

 

3. Оқушылардың

7.Сөйлеу мәдениеті.

 

оқытуға жағымды

   

Мотивациясын тудыра

   

отырып бағалау.

   

 

III тоқсан (40 сағат)

1 -Біріккен диалогты

І.Сөз туралы түсінік

 

танымдық іс-әрекетті

2.3ат есім. 3 сағ

 

бағалау

З.Сөз таптары туралы түсінік

 

2.Белсеңді

4.Етістік. 4 сағ

 

әдістері

5. Жалқы есім мен жалпы есім

 

бағалау.

б.Зат есімнің жекеше және

 

3 .Оқушылардың

көпше түрі.

 

оқытуға жағымды

7.Дара, күрделі етістіктер. 5 сағ

 

мотивациясын тудыра

8.Сөз және оның мағынасы. 4 сағ

 

отырып багалау.

9.Түбір мен қосымша. 5 сағ

 
 

Ю.Жұрнақ пен жалғау. 8 сағ

 

IV тоқсан (32сағат)

1. Біріккен-диалогты

1.Сан есім. 6 сағ

1

танымдық іс-әрекетті

2.Шығарма.

 

бағалау

3.Сын есім. 8 сағ

 

2.Белсенді оқыту

4.Жыл бойы өткенді

 

әдістері арқылы

қайталау. 14 сағ

 

бағалау.

5.Сөйлеу мәдениеті.

 

3. Оқушылардың

   

оқытуға жағымды

   

мотивациясын тудыра

 

I і

отырып бағалау.

   

 

Бүкіл сабақта көрсеткен білімді және белсенділіктері ескеріліп, білімді қорыту мақсатындағы соңғы тапсырма тренинг арқылы бағалары профессор С.М.Жақыповтың білімнің меңгерілу нәтижесінің және белсенділік бағасы шкалалары көмегімен бағаланады.

Мысалы, ең үздік баға - "Ұ" - өте тамаша білім

"4" - қанағаттанарлық білім.

"6"- жақсы білімге қойылады.

"1"- пәндік білімі жоқ.

"5"- жеткіліксіз жақсы білім.

Белсенділікке қатысты бағалар:

2 - әлсіз

4 - орташа

6 - күшті

7 - өте күшті.

Тақырып: 51 әрпінің жазылуы.

"Я" әріпінің ерекшелігі таныстырылып, түрлі оқу жаттығулары орындалып  болған соң, білімді бекіту мақсатымен  біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет  орнату үшін шеңбер бойына оқушыларды отырғызып, "Кім жылдам, ұшқыр?" тренингісі өткізіледі. Яғни, балалар қолдарына қағаз алып, үшке бөліп, я әрпін сөздің басы, ортасы, аяғына келтіріп сөздер жазулары тиіс.

Кімде-кім көп сөз жазса, ол еңбегі ескеріліп бағаланады.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде жұмбақтар шешуді ұсыну. 1) Кемпірауыз - қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Я).

2)Аязда бар, Боранда жоқ Таязда  бар Теренде жоқ.

(Я).

3) Қоянда бар Түйеде жоқ Шаянда  бар Биеде жоқ.

(Я).

Өтірік өлең оқып беру:

Ямайкада алыста

Яша соғым қуырды

Январьда марста

Ягуар ши суырды.

Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілікті ояту әрі арттыру мақсатында тәрбие сағатын өткізу.

Тақырыбы: "Қазақ тіліндегі буын".

Оқушылармен бірге қазақ тілінде сөздерді буынға қалай бөлуге болатындығын еске түсіру, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатындығын еске түсіру.

Енді осы буын туралы білімнің бекітілуін көздеу мақсатында Сөзді аяқта!" тренингісі өткізіледі. Ойынның мақсаты: "Зейін қойыңдар! Оқушылар басталған сөздің бір буынын естіген бойда аяқтаулары тиіс. Жүргізуші допты әр балаға бір сөздің буынын атай отырып лақтырады. Мысалы, "ша" - осы "ша" буынымен барлық бала бір-бірін қайталамай сөздер құраулары тиіс. Ойынның бойында белсенділік танытқан балалар еңбектері ерекше марапатталып, бағаланады. Тақырып: Дауыссыз "л" мен "р" Дауыссыз "л" мен "р" толық өтіліп болған соң, оны толық мақсатында түрлі танымдық жаттығулар өткізу қажет.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру мақсатымен, "Ұқсастығын тап!" логикалық жаттығуы жүргізіледі, яғни, балалар ненің қай затқа ұқсайтындығын естеріне түсірулері қажет. Мысалы, инелік-вертолет, бұлттар - аюлар, түйелер, аттар.

Раушан гүл - қоңырау;

қолшатыр - саңырауқұлақ;

бор - ақ қант

қанқызы - самолет.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде  ойын өткізу. Мысалы, балаларға сөздердегі әріптері ауысқан күйінде беріп, ретке келтіріп, дұрыс сөз құрастыруларын талап ету.

(қасық) қысақ, (тарақ) рақга, (мал) лам, (күріш) рүшкі, (алма) мала, (кереге) гекере, (қияр) яриқ, (алша) шала, молда (далмо), (піл) ліп, (білгіш) гібшіл, (орындық) дырынқо.

Тақырып: Дауыссыз "б" мен "п".

1. Біріккен-диалогты танымдық әрекет  орнату үшін, осы әріптерді жақсы  есте сақтау әрі жазып, оқи  білу үшін, бау (жіппен) ойын өткізу. Тапсырма мынандай болып берілуі: мына бауды "б" мен "п" әріптері  шығатындай етіп, орналастыр.

1. Ақ квадратта орналастырып ойнауға болады

2. Әріппен ойын өткізу (белсенді  әдіс ретінде).

1) "б" мен "п" әріптері бар 5-5-тен сөздер жаз.

2) тек "п"-ға аяқталатын 5 сөз  жаз.

3) "б" әрпі ортада кездесетін 5 сөз жаз.

Қазақ тіліндегі әріптерді толығымен теңгерту және пәнге деген оқушылардың ынтасын арттыру мақсатын тәрбиелік сағат ретінде "Алфавит әріптері" ойынын өткізу. Балалар шеңбер жасай түрады да, жүргізуші барлық балаларға әріпті бөліп беруі тиіс.

Кейін, жүргізуші кез-келген әріпті атағанда (з, қ, ә, м, с т.б.) сол бала қолымен бір шапаттап, кейін сол әріпті сөздің басында, ортасында, аяғында келтіріп үш сөз айтуы тиіс.

Ойын екі рет, яғни бүкіл алфавит әріптерін қамти отырып, жүргізіледі.

Тақырып: "Лепті сөйлем"

1. Осы тақырып жөнінде білімді  бекіту мақсатында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін сынып оқушыларымен ойын жүргізіледі. Яғни, оларға түрлі адам эмоциясын білдіретін (таң қалу, қуану, қызығу, қайғыру, жек көру, қорқу, ұялу кінә секілді қалыптарды сөзбен келтіру қажет болады.

Оқушыларға қойылар талап: міндетті түрде әр кейіпті ө нормасына лайықтап, дауысты көтеріп айту және жазылуда леп белгі қойылатындығын ескерте кету артық болмайды.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде  тақтада "Қатесін тап!" ойынын  жүргізу. Яғни тақтаға бірнеше сөйлемдер жазу: "Сен сабаққа дайындалдың ба!"

Сенің досың кім!

Бүгін жаңбыр жауып тұр!

Ертең күн ашық болады!

Саябаққа барасың ба!

Осы сөйлемдердегі қателерді табу қажет.

Тақырып: Жұрнақ пен жалғау.

Жұрнақ пен жалғау туралы білім берілген соң, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру мақсатымен әрі сабақтағы берілгер білімді бекіту үшін, сыныптағы оқушыларды екі топқа ("жұрнақ" "жалғау" топтары) бөлеміз.

Әр топ оқушылары өздерінің тобының аттарының мәнін түсіндіру керек, мысалдар келтірулері қажет.

түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын жалғау жұрнақтан соң жалғанады.

Мысалы: оқу-лық-та

Жыр-шы-лар

Күріш-ші-ге

Жұрнақ сөз мағынасын өзгертетін, ал жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша болып табылады.

Тақырып: Зат есім. Етістік.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет  орнату үшін, осы екі тақырыптан  алған білімдерін тексеру мақсатында "Көлеңке" тренингісі өткізіледі. Яғни, шеңбер ортасына бір бала "жолаушы, екінші бала оның "көлеңкесі" болып шығады. Жолаушының артынан 2-3 қадам кейінірек оның көлеңкесі жүріп отырады. Соңғысы, яғни көлеңке жолаушының бүкіл қимылдарын (гүл теру, отыру, аяғын бүгу тб.) айна-қатесіз қайталауы қажет.

Қалған балалар не қимылдар екенін жазып отырады да, зат есім, етістіктерді сызып белгілейді.

2. Белсенді оқу әдісі ретінде "Сурет жұмбақтар" ойыны өткізіледі. Яғни балаларға түрлі заттар бейнеленген суреттер таратылады (алма, гүл, саңырауқұлақ, бала, құс, шөп т.б.).

Олардың негізгі міндеті: осы зат есімді білдіретін сөздерге етістікті дұрыс тауып, сөз тіркестерін жасау.

Мысалы: шөп өсті, доп ұшады, алма теремін, саңырауқұлақ жұлу.

Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатының тәрбие сағаты ретіңде "Зат есімнің жекеше және көпше түрі тақырыбын меңгерту үшін "Кім дегеніміз кім", "Не дегеніміз не? ойынын өткізу.

Балалармен бірге зат есім туралы ережелерді еске түсіру және мысалдар келтіру. Және кейбір сөздерді белгілі бір нақгы белгі сипаттарына қарай топтарға, кластарға жинақтап, бөлуге болатындығын еске түсіру.

Балалардьщ қандай топтарды (жабайы және үй жануарлары. кемістер, көкөністер, ағаштар т.б.) білетіндігін анықтау.

Оқушылар барлығы шеңбер жасай тұрады. Ойынды жүргізуші ортаға шығып, ойын шартын түсіндіреді. Яғни, жүргізуші кез-келген балаға допты лақтырады. Ол бала ағаштар тобына жататын немесе ойыншықтар тобына кіретін заттарды, жануарларды допты кері лақтыра отырып атауы тиіс. Кім көп сөз атаса сол баланың жауабы жоғары, ал түк атамаған бала жауабы төмен бағалармен бағаланады.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері