Бейімдік бағдарлап оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 00:10, реферат

Краткое описание

Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері:

Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы оқыту жағдайына көшпек. Және де бұл мәселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылмақ.
 Кез-келген жаңа нәрсені толық түсіну, оны жүзеге асыру барысында бұған дейінгі тәжірибелерден байқағанымыздай мәселені басқаша түсіну немесе дағдылы жағдайдан шыққысы келмеу сияқты жағдайлардың болатыны сөзсіз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бейімдік бағдарлап оқыту.docx

— 171.72 Кб (Скачать документ)

Бейімдік бағдарлап оқыту

Бейімді –бағдарлы  оқытудың мәселелері:

Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз керек?
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығы бойынша бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес еліміздегі жалпы орта білім беретін мектептерінің ІІІ сатысы бейімді – бағдарлы  оқыту жағдайына көшпек. Және де бұл мәселе, кейін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшкенде емес, 11 жылдық білім беру аясында 2006-2007 оқу жылынан бастап іс жүзіне асырылмақ.
    Кез-келген жаңа нәрсені толық түсіну, оны жүзеге асыру  барысында бұған дейінгі тәжірибелерден байқағанымыздай мәселені басқаша түсіну немесе дағдылы жағдайдан шыққысы келмеу сияқты жағдайлардың болатыны сөзсіз. Оның үстіне аталған маңызды мәселе жайлы қазақ тілінде ақпараттың тым мардымсыз болуы (ресми құжаттардан басқа, бейінді оқытуды методологиялық,  педагогика-психологиялық, әлеуметтік-социологиялық тұрғыдан талқылаған мақалалар немесе іргелі еңбектер бұл күнге дейін көпшілік талқысына ұсынылған жоқ) да бұл жағдайға өз көлеңкесін түсруде. Осы  жағдайларды ескере отырып аталған мемлекеттік мәселе жайлы өз білгенімді, тұжырымдамаларымды көпшілік талқысына салып отырмын.
Жалпы, бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз не?
Бейімді-бағдарлы оқыту дегеніміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын  және олардың  келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Бесінші немесе сегізінші сыныпта қандай-да пәнді оқытуға оқу жоспарының вариативті бөлімінен бірер сағат қосымша бөліп, біз пәленбай пәнді бейімді-бағдарлы оқытып жатырмыз деуге болмайды.
Бұл жерде туындайтын бірінші мәселе «Неге мектептің жоғарғы сатысы бейімді-бағдарлы болуға тиісті?» деген сұрақ болып отыр. Адамның барлық кезде жаманнан, нашардан, дұрыс еместен, пайдасыздан жақсыға, нашар емеске, дұрысқа пайдалыға ұмтылатыны немесе аз пайда беретін нәрседен көп пайда беретін нәрсеге қарай ұмтылатыны табиғи жағдай. Осы тұрғыдан қарағанда біз неге бүгінгі мектептің жоғарғы сатысын бейімді-бағдарлы  оқытумен ауыстырғалы отырмыз? Басқа сөзбен айтқанда бүгінгі мектептің жоғарғы сатысының кемшілігі неде, бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде?
І.   Қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жирмаға жуық пән оқытылады. Және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама мәжесі деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз  оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі (кейбір дерек көздері бойынша адамға қажетті білім мөлшері екі жылда, ал кейбір деректерге сүйенсек он сегіз айда екі еселенуде. Салыстыру үшін айта кетсек, К. Маркстың заманында яғни осыдан шамамен 150 жыл бұрын адамға қажетті білім мөлшері елу жылда екі еселенетін еді).
Сондықтан да  бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен  қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді.
ІІ.    Қазақстанның сегіз мыңнан аса мектебінде үш миллионның ар жақ – бер жағында бала оқиды. Оның шамамен жыл сайын 220000-ы жалпы білім беретін орта мектепті бітіреді. Ал жоғарғы оқу орындары үшін бөлінген мектептің гранттардың саны шамамен 30000 (2005 жылы  32000, ал 2006 жылы 32490 болды). Бұл дегеніміз мектеп түлектерінің шамамен 14 пайызы мемлекеттік грант бойынша ЖОО түседі деген сөз. Тағы да осыншама бала дұрыс, жүйелі білім беретін ЖОО ақылы негізде оқуға түседі. Бұл жерде айта кететін бір мәселе статистикалық мәлемет бойынша ақылы негізде оқуға түсетін балалардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп. Алайда, көптеген жерлерде ақылы негізде оқытады деген бос сөз. Ондай жерлерде балаға білім берілмейді, әйтеуір «оқып жатыр», «оқып жатырмын» деген алданыш,  әйтпесе, қалтасында дипломы бар күзетшілер, жүргізушілер, жолсеріктер, сатушылар әрі-беріден соң «жол-жол» деп айқайға басып жүрген арбакештер қайдан шықты немесе дипломды кадрлардың саны көбейгенімен көптеген сала бойынша мамандардың тапшылығын қалай түсіндіруге болады?  Яғни ЖОО ақылы негізде оқып жатқандардың елеулі бөлігі бос жүргендер.
Демек, орта білім алған жеткіншектердің шамамен 30 пайызы мемлекеттік грант, шын мәніндегі ақылы оқу, колледждер, шет елге оқу деген сияқты жағдайлар бойынша білім алуларын жалғастырады. Ал қалған 70 пайызы не оқыған оқу жоқ, дұрыс жұмыс істейін десе  мамандығы  жоқ әрі-сәрі жағдайда қалады. Сонымен, олардың аз бөлігі кәсіптік білім алуға ұмтылады, ал қалғаны әсіресе ауыл мектебін тәмәмдағандары өз елінде, өз жерінде, ата-бабасы мыңдаған жылдар бойы қанын төгіп қорғаған, ұрпағы үшін қалдырған жерде түріктің, американдықтың, қытайдың немесе корейдің сатып алған немесе құрған фирмасының арзан жұмысшысы болып шыға келеді. 
Оның үстіне, бәрбір кейін жоғарғы оқу орнына түспейтін осы 70 пайыз ол дегеніміз шамамен 140000 оқушының 10-шы, 11-ші сыныптарда отыруы ешкімге, атап айтқанда, өзіне, әке-шешесіне, қоғамға  пайда емес. Қайта бәріне зиян. Және олардың ең үлкен зияны білім алайын, жоғарғы оқу орнына түсейін деп талпынып отырған, жоғарғы айтқанымыздай 30 пайыз болатын 80000 балаға тиіп отыр. Бұл бағдарламасы күрделі болып есептелінетін 10-шы, 11-ші сыныптардағы оқушылар санының тым көп болуы, олардың тәртібі сияқты мәселелерде көрініс табуда. 
Мысалы, психологтардың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша сыныпта 30 оқушы болса, мұғалім бір сабақта әр балаға тек қана 1 минут уақыт арнай алады екен. Бұл  жағдайда қазір көбіміз айтып жүрген «оқыту барысында әр оқушының ерекшеліктерін ескеру» қағидасын іс жүзіне асыру мүмкін ба? Немесе, оқушылардың Ұлтық біріңғай тестілеуге дайындау мүмкін ба?
Демек, біз негізгі мектепті тәмәмдаған барлық оқушыны 10-шы сыныпқа отырғызбауымыз керек. 10 сыныпқа тек  қана кейін ЖОО түсемін деген ниеттегі, білім деңгейі жақсы оқушы  ғана отыруы керек. Ал басқалары құры салпақтап екі жыл бос жүрмей ерте бастан өмірдегі орнын табуға яғни сан-саналы жұмысшы мамандықтарының бірін иеленуге ұмтылғаны жөн. 
Бұл жерде ескеретін бір мәселе Қазақстан Конститутциясы бойынша әрбір азамат орта біліммен  қаруландыруға міндетті. Сол себепті – техникалық, кәсіптік – ауылшаруашылық оқу орындарында, мектептерде оқушыларға орта білім алуға мүмкіндік беретін кешкі мектептердің, жұмысшы – жастар мектептерінің тіпті сыртан оқитын 10, 11 сыныптардың жүйесі жасалынуы керек деген ойдамыз. 
ІІІ.  Мектептің жоғарғы сатысында барлық балаға бірдей білім берілуге тиісті болғандықтан, білім беру деңгейі сөз жоқ орташа балаға лайықталады. Мұның жақсы  оқитын  балаларға зияны ұшан-теңіз. Атап айтқанда,  олардың білімге деген талпынысы, құштарлығы ЖОО түсем деген ниеті не тежеледі,  не олар бұл жағдайларды қанағаттандыру үшін мектептен тыс  мекемелердің,  жекелеген мамандардың құзыреттілігіне жүгінуге мәжбүр болады. Осыдан келіп барып әрбір ЖОО жанындағы ақыл дайындық курстары, оқушыларды ЖОО дайындайтын жекелеген курстар, репетитор арқылы оқыту сияқты мәселелер қазір қалаларда дүрілдеп тұр. Жарайды,  интелектуалдық деңгейі жоғары қалаларда мұндай болғанымен ауыл жайлы бұлай дей алмасымыз хақ. Ол дегеніміз барлық мектеп оқушыларына бірдей жағдай жасап отырғанымыз жоқ дегенді білдіреді. Яғни, қазіргі оқыту жүйесіндегі кемшілікті оқушылардың жартысы қандай –да деңгейде жөндей алғанымен, қалғанына мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ.
ІV.   Бізге ұнасын-ұнамасын, жақсы көреік-көрмейік бір кездері өз бабаларымыз бастап берген ғылым-білім деген ұлы мәселеде бұл күнде бізден алда тұрған әлемдегі дамыған елдердің іс-тәжірибесін ескермеуге қақымызжоқ. Ал оларда (Франция, Голандия, Англия, Шотландия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және т.б.) бейімді - бағдарлы оқыту негізінен жүйелі түрде 7- сыныптан соң-ақ басталады.
Өнер-білім-ғылымға  ерекше мән берудің арқасында жұмыртқадан жүн қырқып, жоқтан бар жасап отырған бұл елдер егер бейінді оқыту дұрыс болмаған болса оған барар ма еді, барғанның өзінде оған жабысып қалар ма еді. Бір шоқып екі қарайтын жерде ол мүмкін ба?
V. Ресей Федерациясы білім беру министірлігінің «Әлеуметтік зерттеулер»  Орталығының жүргізген сауалнамасын нәтижесіне қарасақ (өкінішке орай өзімізде мұндай бағытта А.Қ. Құсайынов, Қ.Ж. Қожахметова, М.Е. Демеуованың ары қарай  жалғасын таппай қалған «Біз өз балаларымызды білеміз ба?»  деген тақырыппен жүргізген кең көлемдегі зерттеулерінен басқа жұмыстарды айта алмаймыз).  Оқушылардың 70/-75 пайызы 9- сынып соңынан болашақта айналысқысы келетін кәсіптерін анықтайды.
Демек, қазіргі кезде кейбір ғалымдарымыз айтып жүрген «9-сыныптан соң оқушы өзіне қажетті оқытудың бағытын саналы түрде айқындай алмайды» деген тұжырыммен келісуге болмайды. Тіпті бұл тұжырым «он үште отау иесі деген» атам қазақтың қағидасымен  де мүлде үйлеспейді емес пе?
VІ.     Осындай жағдайларды ескере отырып 2006-2007 оқу жылында бейімді – бағдарлы  оқытуға көшеді керек. бұл жерде ерекше айтатын бір мәселе мұнда көшеміз, көшпейміз  немесе қалай болар екен деген сияқты тұжырымдар болуға тиісті емес. 2006-2007 оқу жылында яғни биылғы қыркүйектің бірінен бастап дайын болсақ та көшеміз, дайын болмасақ  та көшеміз. Көшпесе амалымыз жоқ. Себебі, егер бейімді – бағдарлы  оқытуға көшпесек онда дәстүрлі жалпы білім беретін 10-сыныпта оқытатын оқу жоспары да, оқулықтары да жоқ.
10-шы сыныптың 2006-2007 оқу жылына арналған оқу жоспарлары да, баспадан шыққан немесе шығып жатқан оқулықтары да тек қана бейімді –бағдарлы  оқытуға лайықталған. Демек, біз енді андай-мұндай әңгімені, демагогияны қойып 10-сыныпты бейімді – бағдарлы  оқытуға көшірудің жағдайында бас ауыртатын мезгіл жетіп қана қойған жоқ, өтіп кетті немесе күн сайын өтіп барады демекпіз. 
Ендігі кезекте мен ойымды «Бізде бейімді-бағдарлы  оқыту деген мәселе бұрын болды ма, әлде біз осы шаруаны тақыр жерде бастағалы отырмыз ба?» деген бағытта өрбітпекпін.
Әлемдік тәжірбиеге қарағанда бейімді-бағдарлы  оқыту мәселесі өмірге келгеніне 150 жылдай уақыт болды. Оның пайда болуы күрделі технологияға негізделген өндірістің арқасы яғни XІX ғасырдың екінші жартысында қарыштап дамыған ғылым мен білім, өндіріс әр сала бойынша терең білімге ие мамандарды талап етті. Соның салдарынан өмірдегі барлық жағдайдан хабары бар,  бірақ бір ғана саланы терең меңгерген мамандарды дайындау қажеттілігі туындады. Осы жағдайдан келіп жеткіншек ұрпақты жастай бейімді-бағдарлы  оқыту мәселесі келіп шықты.
Негізін Батыс Европа, Солтүстік Америка мемлекеттері қалаған бейімді-бағдарлы  оқыту Ресей империясында да XІX ғасырдың екінші жартысында іс жүзіне аса бастады. Атап айтқанда, 1864 жылғы мектеп реформасы жеті жылдық гимназиялардың екі бағытын анықтады. Олар оқушыларын университетке түсуге дайындайтын классикалық гимназия және оқушыларын практикалық қызметке немесе арнаулы оқу орнына түсуге дайындайтын реальды училищелер (гимназиялар).
Қазан  революциясынан кейінгі алғашқы он-онбес жылда бейімді-бағдарлы  оқыту мәселесі КСРО-да жаңа мазмұнға ие болды. 1918 жылы білім саласы қызметкерлерінің І бүкіл ресейлік съезінде қабылданған еңбек мектебінің ережесі бойынша орта мектепте жоғарғы сатысында үш бағытта бейімді-бағдарлы  оқыту ұйғарылды және олар гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және техникалық деп айқындалды. 
Алайда, қоғам дамуының  обьективті заңдылығынан туындап отырған осы мәселе КСРО басшылығының керағар саясатынан өз жалғасын таба алмай қалды.  1934 жылы жарық көрген КСРО-дағы бастауыш және орта мектеп құрлымы жайлы партия және үкімет қаулысына сәйкес Кеңес Одағы мектептерінде бір ғана бағдарламамен, бір ғана оқулықпен, бір ғана оқу жоспарымен жеткіншек ұрпақты оқыту көзделінді. Соның салдарынан мектептерден саралап оқыту, бейімді-бағдарлы  оқыту мәселелері аластатылды.
Дейтұрғанмен, заман ағыны, қоғам талабы қатаң ұсынымдарға негізделген комунистік қоғамның өзін бірте-бірте өз дегеніне көндіре бастады. 1950 жылдардың аяғында ақ КСРО ғылым-педагогтары жалпы орта біліммен жоғарғы білімнің әсіресе техникалық жоғарғы білімінің арасындағы сабақтастықтың нашарлығынан туындаған мәселелерді ескеру барысында бейімді-бағдарлы  оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу және экспериментік жұмыстар жүргізе бастады.
Кеңес Одағы  кезінде осындай жағдайлардан екінші рет өз өмірін қайта бастаған бейімді-бағдарлы  оқытудың әр түрлі формалары бүгінгі ұрпақтың бүгінгі ие болып отырған білім деңгейлеріне  өз үлестерін қосқаны анық.
Демек, XX ғасырдың екінші жартысында бұрынғы КСРО мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мектептерінде факультативтік курстар, жекелеген пәні немесе пәндерді тереңдетіп оқытатын  мектептер, спорттық немесе өнер бағытындағы  мектептер  және қазіргі кезеңдегі лицейлер, колледждер, гимназиялар бейімді-бағдарлы мектептердің не басқа сөзбен айтылған өзі, не оның өте жақын туыстары демекшіміз.  Бұдан Қазақстанда бейімді-бағдарлы оқыту мәселесі тақырып жерде басталғалы отырған жоқ деп қорытындылауға болады.






Білім беру жүйесі басшы және
ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін
арттыратын республикалық институтындағы
Білім мазмұны және сапасы кафедрасының
меңгерушісі Педагогика ғылымдарының                                          Қайыңбаев   Жаболат
кандидаты,  институт профессоры                                                       Тұрсынқожаұлы
                                                             









    Бейімді-бағдарлы оқытудың мәселелері:
    бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек ?

    Қазіргі кезде әр мұғалім, мектеп басшылығы, аудандық оқу бөлімі немесе облыстық білім департтаменттері бұрынғыдай тек қана жоғарғы жақтың нұсқауын, бұйрығын орындаушы деңгейінде қалуларына болмайды. Себебі, қоғам дамуының бұл кезеңінде жоғарғы жақ бұрынғыдай атқарылуға тиісті жұмыстың бүге-шігесіне дейінгі нақтылап беріп әр қызметкерді тек қана мүлтіксіз орындаушы,  деңгейінде пайдаланбайды, жоғарғы жақ атқарылуға тиісті іс-әрекеттің нормативті – құқықтық негізін қалыптастырады. Ал, әр облыс, аудан, мектеп осы құжаттар аясында қандай-да мәселені іске асу жағдайын өз бастарымен көптеген жергілікті жағдайларды ескере отырып іс жүзіне асыруға тиісті. Себебі, бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциациялау және индивидуализацилау.
    Бейімді-бағдарлы оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген.                  Ал міндеттері:
     - бірнеше пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту
     - оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру            
     - орта және жоғарғы білім салаларының сабақтастығын жетілдіру.
Демек, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мұнда мынандай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.
     - мектептің жоғарғы сатысының бейімі
     -  сыныптың бағдары
     - жұмыстың оқу жоспары
     -  қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны
     -  таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны
     -  сынып оқушыларын топтарға бөлу т.б.
     Әрине, бұл мәселелерді бірден әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес. Сондықтан да осы орайда мен де өз білгеніммен бөліспекпін.
      Бейімді-бағдарлы оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай ? Мұнда мен Қазақстандағы білім стандарттары, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелерін шын мәнінде зерттеуші саусақпен санарлық ғалымдардың бірі Сәулеш Дімкешқызы Мұқанованың пайымдауларымен толық келісемін және ол кісінің кейбір пункттеріне өз тұжырымдарымды қоса отрып педагог-мамандарға ұсынамын.
Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сыныбының бейімі анықталуға тиіс. Жоғарғыда айтқандай қазірше яғни 12-жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғамдық – гуманитарлық және жаратылыстану – математикаоық пәндерді бейімдеп оқыту (12-жылдық оқытуда жаратылыстану – математикалық бейімнен технологиялық бейім өз алдына бөлініп шықпақшы).
Мектеп бұл бағыттардың екеуін де алуға немесе біреуін ғана алуға құқылы. Бұл таңдау мынандай жағдайларға байланысты:
 а) оқушылардың қызығушылық бағыты, қабілеті, талабы.
 ә) 1-9 сыныптарда жүргізілген бейімалды (предпрофильный) жұмыстарының бағыты, мақсаты, мазмұны, ол жұмыстардың нәтижесі. Бұл жағдайды ашыңқырап айтсақ, қазіргі қолданыстағы типтік оқу жоспарларының (бастауыш және негізгі сатыдағы) мектептік және оқушы компонентіндегі сағаттатирды педагогикалық ұжым жүйелі, саналы,сауатты яғни болашақтағы мектептің жоғарғы сатысы былай болады деп ойлай отырып, соған сабақтасып кететіндей деңгейде пайдалана алды ма ? Әлде, ол сағаттар «ойбай, пәленше келер жылы зейнетке шығады, соған дұрысырақ ақшамен шығу үшін» немесе «пәленбайдың жүктемесін бір ставкаға жеткізу үшін» немесе «пәленшенің өзі жақсы, болмаса көзі жақсы» тіпті болмаса «пәленше бәленбайдың балдызы сол үшін» деген пайымдаулар негізінде оқушы мүддесі емес, мұғалім мүддесі ескеріліп пайдаланылды ма ? Егер осы екінші жағдаймен өмір сүріп келсек онда мектепте бейімалды жұмыс жүргізілген жоқ деп біржақты кесіп айтуға болады.
         Ал, республика мектептері өзіміз дайындаған типтік оқу жоспарына көше бастаған 1997-98 оқу жылынан бастап (егер 1-сыныптан бастаса), тіпті болмаса 2001-2002 оқу жылынан бастап (егер 5-сыныптан бастаса) жүйелі бейімалды жұмыстар жүргізген мектептер оқушыларын жоғалтпай әртүрлі бағыттағы, бағдардағы 10-сыныптарды еркін аша алады.
 б) мектеп мұғалімдерінң кәсіби деңгейі. Қандай-да бағыттағы сыныптар ашу үшін сол сыныптарға сабақ беретін мамандардың бар-жоғы ескерілетіні айқын. Егер мектеп математика пәні мұғалімі жалпы білім беретін орта мектеп математикасының есептерін зорға шығарып жүрсе онда ол математиканы әрі теориялық әрі пратикалық тұрғыдан қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыта ала ма ? Математика бойынша қолданбалы, таңдау курстардың бағдарламасын жасай ала ма, мазмұнын анықтай ала ма ? Демек, бұл жағдайда математиканы бағдарлап оқытатын сыныпты ашу аса қауіпті болуы мүмкін.
в) мектептің материалдық – техникалық жағдайы.
г) көрші мектептердің немесе көрші ауылдағы мектептердің жоғарғы сатысының бейімі. Бұл жағдайды ескеру қажеттілігі мынадан туындап отыр. Егер А ауылындағы мектептің жоғарғы сатысының бейімі қоғамдық – гуманитарлық бағытта болса, онда онымен көрші Б ауылындағы мектептің жоғарғы сатысы жаратылыстану – математикалық бағытта болғаны жөн. Себебі, бірлі-екілі оқушулардың өз ауылдарында ашылған 10 сыныптың бейімі мен өз талаптары сәйкес болмауына байланысты бір мектептен екінші мектепке ауысу жағдайы болуы мүмкін.
          Негізінен осындай жағдайлар ескеріле келе мектепте ашылуы мүмкін не екі бейімдегі 10 сыныптар немесе бір ғана бейімдегі 10-сынып.
          Ескерте кететін бір жай бір ғана сыныпта екі бейімді де оқыту мүмкін емес.
II.  10 сыныптың бейімі анықталған соң осы сынып үшін жұмыстың оқу жоспары дайындау мәселесі қолға алынады.
        10-сыныптың жұмыстық оқу жоспары дегеніміз –   типтік оқу жоспарлары негізінде, оқыту бейімі ескеріліп, жалпы білім беретін оқу орындарында жасалатын нормативті құжат.
        Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау үшін 10-сыныптың алынған бейіміне қарай мемлекеттік деңгейде бекітілген екі бағыттағы типтік оқу жоспарының бірі (егер 10-сынып біреу болса) немесе екеуі (егер 10-сыныптар екеу болса және әр 10-сынып әр бағыттағы бейімді таңдаса, немесе 10-сынып екеу болып және екуеі де бір ғана бейімді таңдағанның өзінде де) негізге алынады. Демек, жұмыстың оқу жоспарын дайындау мәселесі.
         Типтік оқу жоспарлары қазіргі кезде әр мектепте бар «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер» атты құжаттың 32 және 33 беттерінде келтірілген. Және де бұл типтік оқу жоспары осы жердегіге қарағанда практикалық тұрғыдан тағы да жүйеленіп, ыңғайланып С.Мұқанованың «Проектирование рабочих учебных планов пролфильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений» атты әдістемелік құралының 38 (сызба № 1) ,37 (сызба № 2) беттерінде келтірілген. Менің ойымша, практик-педагогтарға осы екінші құралдағы типтік оқу жоспарлары ыңғайлы (Ескерте кететін жай бұл жоспарлардың бір-бірінен теориялық айырмашылығы жоқ).
            Бұл 10,11- сыныптарға арналып жасалған типтік оқу жоспарларынан 10-шы сыныпқа арналған жұмыстың оқу жоспарын шығарып алу үшін практик – педагогтар мұндағы қолданбалы курстар, таңдау курстары мәселелерін толық түсінулері керек.
а) Қолданбалы курстар дегеніміз - бағдарлы пәндер бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, кеңітуге және олардың қандай-да қолданылуы жайлы оқушыларда білім қалыптастыруға арналған курстар.
        Жалпы бағдарлы пән дегеніміз – жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы саралап оқыту  сипатын анықтайтын оқу пәні. Егер оқытудың бейімі жаратылыстану математикалық болса, онда бағдарлы пәндер математика, физика, химия, биология, география,информатика пәндерінің ішінен таңдалады. Егер оқытудың бейімі қоғамдық-гуманитарлық болса, онда бағдарлы пәндер қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық пәндерінң ішінен таңдалады. (Ал таңдау сипаты жайлы мәселені алда айтпақпыз)
ә) Таңдау курстары дегеніміз – оқушылардың талап-тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға арналған курстар. Олар сыныптық бейімі мен бағдарына байланысты болуы мүмкін немесе байланысты болмауы да мүмкін. Сол сияқты әр бейімдегі типтік оқу жоспарларының айырмашылықтарын мына сызбадан байқауға болады
 
№    Басты ерекшеліктері    Қоғамдық-гуманитарлық бейім    Жаратылыстану – математикалық бейім      
1    Модульдер саны     VII    VI(Өнер блогы оқытылмайды)      
2    Пәндер саны    19    18      
3    Ішінен бағдарлы пәндер таңдалатын пәндер    Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қазақстан тарихы, қоғамтану негіздері, құқық    Математика, физика, химия, биология, геграфия, информатика      
4    Ішінен бағдарлы пәндер таңдалмайтын пәндер    Математика, физика химия, биология, география, информатика    Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, шет тілі, жалпы тарих, Қақақстан тарихы, қоғамтану негіздері, Құқық      
5    Екі бейімге ортақ пәндер     Технология, физкультура, алғашқы әскери дайындық, этика мен психология (жоспардың мектептің компонентіндегі пән).      
6    Бір ғана бейімге тән пән    өнер                       -------     
Кестеден көрініп тұрғандай қоғамдық – гуманитарлық  және   жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының базалық компоненттерінің айырмашылықтары бар. Атап айтқанда қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген. Ал, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарын базалық компонентінің пәндері жеті блокқа бөлінген, яғни мұнда «Өнер» блогы және осы блок негізінде оқытылатын өнер пәні жоқ.
Жоғарыдағы оқу құралдарындағы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді бейімдеп оқытуға арналған типтік оқу жоспарлары зерделенген соң, сыныптың нақты бағдарын анықтау керек.
III. Сыныптың бағдарын немесе бағдарларын анықтау дегеніміз оқушылардың білім алу бағытын ары қарай тарылтудың, нақтылаудың, жүйелеудің 2-ші кезеңін жүзеге асру дегенді білдіреді.
Егер сынып қоғамдық-гуманитарлық  бейімдеп оқытатын болса, лингвистикалық, филологиялық, филология-тарихи, тарихи-құқықтық, тарихи-қоғамдық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.
Егер сынып жаратылыстану-математикалық пәндерді бейімдеп оқытатны болса, онда сынып математикалық, физика-математикалық, математика-экономикалық, физика-технологиялық, биология-химиялық, геграфия-биологиялық, биология-экологиялық ж.т.б. бағдарлардың біреуін, екеуін т.б. таңдауы мүмкін.
Демек, мемлекет оқытудың бейімін ұсынады ал мектеп әрбір 10-шы сынып үшін осы ұсынғандардың біреуін ғана таңдайды және де  мемлекет оқытудың бағдарын анықтамайды, оны әрбір10-сынып үшін оқыту бейімінің аясында мектеп өзі анықтайды.
Сонымен бірге сынып өзі таңдаған оқытудың бейімі ауқымында оқытудың бір бағдарын немесе екі, үш бағдарын алуы мүмкін.
Егер сынып бір ғана бағдарлы болса, ондай сыныпты монобағдарлы сынып, ал бірнеше бағдарлы болса полибағдарлы сынып деп атайды.

Қазақстан Республикасы мектептерінің жоғары сатысы 2006-07 оқу жылынан бастап бейімді–бағдарлы оқыту жүйесіне көше бастады. Алайда, үлкен өкінішке орай 10 сыныптарда өтіп бара жатқан оқу жылында шын мәніндегі, толық қанды бейімді–бағдарлы оқыту болды деп нық сеніммен айта алмасымыз хақ. Дейтұрғанмен, ойбайлағанмен, байбайлағанмен немесе жылап–сықтағанмен бұл іс–шара жөнделе қоймасы тағы да белгілі.
Сол себепті, «болар елдің адамдары бірін бірі батыр дейді» демекші, біз қазақтар бір бірімізді кінәлауды қойып бұл мәселедегі бір жылдық іс–тәжірибені терең ақылға салып, парасаттылықпен зерделеуіміз қажет. Немесе нақтырақ айтсақ бейімді–бағдарлы оқытудағы бүгінгі жетістігімізді қалай жетілдіреміз, кемшілік–қателектерімізді болашақта қайтып болдырмаймыз деген мәселемен айналысуымыз керек.
Менің ойымша, еліміз мектептерінің жоғары сатысы 2007-08 оқу жылында толық көшіп болатын бейімді–бағдарлы оқыту мәселесінде мынандай кемшіліктер бар:
1) Бейімді–бағдарлы оқытудың құқықтық–нормативтік негізі әлі күнге дейін (бейімді–бағдарлы оқытуға көшкенімізге бір жыл болғанмен) жоқ. Ал барының өзі құжат мәртебесіне әлі жетпеген жоба деңгейінде ғана. Атап айтқанда, 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми–практикалық орталығы дайындаған бейімді–бағдарлы оқытудың тұжырымдамасының жобасы «12 жылдық білім» жорналының 2006 жылғы №12 санында ғана жарияланды. Мұнда «ойбай–ау бұл тұжырымдаманың жобасы 12 жылдық білімге ғана байланысты ғой» дейтін бауырларымыз табылуы мүмкін. Егер мұндай пайымдау айтылса біз өзімізді-өзіміз тіпті де масқаралай түсеміз. Себебі, онда біз 2006-07 оқу жылында бейімді–бағдарлы оқытуға ешбір тұжырымдамасыз көшкенімізбен тұрмай, қашан 10 сыныптар ХІІ жылдыққа көшкенге дейін де ешбір тұжырымдамасыз немесе ешбір құқықтық–нормативтік негізсіз жеткіншек ұрпақты біреуіміз алай деп, біреуіміз былай деп (біржақты құжат жоқ жерде бұл сөзсіз) оқыта бермекпіз бе?
Осы жерде, ауыр болса да айтуға тура келетін немесе үнемі айтып шаршасақ та айтпауға мүмкін емес бір нәрсе ұсынылған жобаның қазақша нұсқасының мүлдем түсініксіздігі. Тіпті, тұжырымдама жобасының қазақша аталуы бір басқа да, орысша аталуы бір басқа. Қазақшасы «Тұжырымдама. Жалпы міндетті білім беру және бейіндік оқуға дайындау» болса, орысшасы «Концепция предпрофильной подготовки и профильного обучения учащихся»
Демек, тұжырымдаманың орысша аталуы түсінікті болғанмен, қазақшасынан мұны жалпыға міндетті білім берудің және бейіндік оқуға дайындаудың (бейіндік оқытудың өзі емес, оған тек қана дайындау) тұжырымдамасы екен деп қалу қаупі төніп тұр. Тақырыптың өзі осындай жағдайда болғандықтан ішкі мазмұны жайлы әңгіме қозғаудың өзі ұят. Мұның ары жағынан біздің кейбір мамандарымыз орысшадан аталған құжатты сауатсыз аудара салған ба немесе бұл маңызды құжатты тек қана орыс тілді мамандар дайындап, ішкі мазмұнын білмейтін мамандар қазақшалаған ба деп қалмасқа амалымыз жоқ.
Осы жерде айтатын тағы бір мәселе әлі күнге дейін бейімді–бағдарлы оқытуға көшудің Ережесі жоқ. Сондықтан,
а) қандай бейімді немесе бағытты таңдаған дұрыс?
ә) бейімді – бағдарлы сынып ашу үшін сынып оқушыларының ең төменгі немесе ең жоғарғы саны қанша болу керек?
б) қолданбалы немесе таңдаулы курстары–сағаттарын кімге береміз, қалай төлейміз, бұл сағаттарды аудандық қаржы мекемелері бере ме, бермей ме?
в) қолданбалы немесе таңдаулы курстары бағдарламасын кім, қашан, қалай талқылайды және бекітеді, әлде оны жоғарыдан біреу дайындап бере ме?
г) жұмыстық оқу жоспарын кім, қашан, қалай дайындайды, оны кім бекітеді, ол кіммен және қалай келісіледі, әлде ешкіммен келісілмей ме?
деген сияқты мәселелер әр жерде, әртүрлі (сауатты, сауатсыз, ақылмен, ақылсыз) шешілуде.
Осындай жағдайларға байланысты тез арада жаңа оқу жылына дейін бейімді – бағдарлы оқытудың Тұжырымдамасы мен оған көшудің Ережесі дайындалу керек деп есептейміз.
2) Бағдарлы жұмыс өз деңгейінде емес.
2006-07 оқу жылында 10 сыныпта отырған оқушылар бірінші рет жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық сыныптарға бөлінді. Бірақ, осы бөліну немесе бөлу (көбінесе бөлу) сауатты, оқушы мүддесіне сай  жүргізілді ме? Меніңше, бұған нық сеніммен оң жауап бере алмаймыз.
Жалпы, жаратылыстану–математикалық сынып осы және тек осы бағыттағы, мазмұндағы мамандықтар бойынша оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын сыныптар болу керек. Сол себепті, мұндай сыныптарда математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері қоғамдық–гуманитарлық сыныптарға қарағанда тереңдетіліп оқытылады. (Осы сияқты қоғамдық–гуманитарлық сыныптардың да өзіндік мақсат–міндеттері және соған байланысты мазмұны бар).
Қазіргі кезде осы жағдайды айқындау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстардың нәтижесіне қарағанда қоғамдық–гуманитарлық сыныптарда отырған оқушылардың 60-70 пайызы техникалық (жаратылыстану–математикалық бағыттағы) ЖОО барғысы келсе, жаратылыстану–математикалық сыныптарда отырған оқушылардың 10–15 пайызы гуманитарлық ЖОО барғысы келетіні белгілі болып отыр. Мұндағы екінші жағдайға қандай–да деңгейде төзуге болатын болса, бірінші жағдай жайлы біздің үлкен кемшіліктер жіберіп алғанымызды байқамауға болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттің қаржысы өз бағытына, өз мәніне сәйкес жұмсалып отырған жоқ. Және, мұндағы ең өкінішті жағдай оқушы мүддесі, оның қызығушылық бағыты, оқушы арманы мен оқыту мазмұнының үйлеспеуі дер едік.
Осындай жағдайларға байланысты ҚР Білім және Ғылым министрі педагогтардың 2006 жылғы тамыз мәслихатында айтқанындай әр мектепте бағдаралды мәселелермен айналысатын маман болу керек және соған сәйкес штат ашылу қажет демекшіміз.
3) Бейімді–бағдарлы оқыту мәселесімен қазіргі кезде негізінен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы ғалымдары (М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, К.Ө.Құнақова, Д.М.Қазақбаева, Ш.Ш.Карбаева, У.Қ.Тоқбергенова, Т.Ә.Әлдібаева (соңғы уақыттарда кейбір ғалымдардың жұмыс орны ауысып жатса, оларды қалай айтсақ та, Қазақ педагогика ғылымының ұстаханасы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында дегенімізге ренжімес деп ойлаймын) және осы жолдардың авторлары сияқты өз ынтасы, белсенділігі арқасында азды–көпті зерттеу жүргізіп жүрген ғалым–педагогтар ғана бар. Және, мұндай ауқымды мәселені методологиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеуге бұл күштің аздық ететіні сөзсіз.
Сол себепті, бұл бағыттағы зерттеу жұмысына педагогикалық бағыттағы университет, институт ғалымдары ат салысу керек демекшіміз. Және де солардың күшімен бейімді–бағдарлы оқытудың педагогикалық, психологиялық және әдістемелік жақтары жайлы студенттерге арнаулы курс оқылуы керек. Тіпті, бағдаралды дайындықпен айналысатын педагог–мамандар (экономика, социология, педагогика, психология мәселелерінен мол хабары бар) дайындау жағдайын да қолға алатын уақыт келді десек артық айтқан дық емес.
4) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сатысы бейімді–бағдарлы оқытуға көшуге байланысты бұрыннан келе жатқан физика–математиканы, қазақ тілі мен әдебиетін, әскери пәндерді т.б. тереңдетіп оқытатын мектептердің, қазақ–түрік лицейлерінің, жай лицейлердің, гимназиялардың жағдайлары қалай болмақшы. Бұл типтегі білім мекемелері бұрыннан да бейімді–бағдарлы білім беріп келмеді емес пе?
Менің ойымша, әсіресе физика–математика сияқты мектеп түрлері сақталу керек. Бұл дегеніміз жалпы білім беретін орта мектепте математика пәні үш түрлі деңгейде, оқытылады деген сөз. Атап айтқанда, олар қоғамдық–гуманитарлық сыныптағы математика, жаратылыстану–математикалық сыныптағы математика, физика–математиканы тереңдетіп оқытатын мектептегі математика деп айқындалу керек (басқа пәндер де осы мазмұнда жүйеленеді). Жалпы, мұнда бас қатырып, ақылға салатын мәселелер аз емес. Және де солардың ең бастысы бейімді–бағдарлы оқыту мен жоғарыда аталған мектеп типтерінің ара–жігін ажырату, оларды өзара үйлестіру деп ойлаймыз.
6) Термин мәселесі. 2002 жылдан бергі жарық көрген білім саласының құжаттарында немесе оқу-әдістемелік құралдарда бір мәселені бейінді оқыту (Мемлекеттік бағдарламада), бағдарлы оқыту немесе бағыт бойынша оқыту (орта білім берудің жалпыға міндетті стандартында), бейімдеп оқыту немесе бейімді-бағдарлы оқыту (бұл осы жолдардың авторы ұсынып жүрген термин) деп жүрміз. Сондықтан қазақ тілді педагог-ғалымдар ең алдымен термин мәселесінде бірізділікке келуіміз керек.
Әрине, ұсынылған терминдердің әрбіреуінің өзіндік жетістіктері бар екенін мен де жоққа шығармаймын. Дейтұрғанмен аталған мәселені зерделей келе мұнда оқушыларға білім беру екі деңгейде сараланатынын ескеріп, өз тұрғымнан бейімді-бағдарлы оқыту терминін ұсынамын.
7) Соңғы уақыттарда жарық көрген оқу құралдарында әсіресе ауыл жағдайында бейімді – бағдарлы оқыту «интернат, пансионат», «ресурстық орталық», «әлеуметтік серіктестік» жағдайларында жүзеге асады делініп жүр.
Осылардың ішінен менің түсінігімше Қазақстан жағдайында ең тиімдісі ауыл мектептері үшін интернат, пансионат жағдайында бейімді-бағдарлы оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Ал, негізінен қашықтықтан оқытуға лайықталған «ресурстық орталық» пен әртүрлі әлеуметтік салалардың үйлесімділігі негізінде оқытуды ұйымдастрыуға лайықталған «әлеуметтік серіктестік» жалпы идеясы дұрыс болғанымен біздің қазіргі даму деңгейімізге сәйкес келетіндігінде үлкен күмән бар.
8) Жалпы бейімді–бағдарлы оқыту Қазақстан педагогтары үшін жаңа мәселе. Сондықтан бұл жайлы көптеген білім саласы қызметкерлерінің білім жеңгейлері ойдағыдай емес. Сондыктан, бейімді–бағдарлы оқыту жайлы өткен оқу жылындағы қателіктерді қайталамас үшін республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі білім жетілдіру институттары өз жоспарларына тез арада өзгерістер енгізіп, елу пайыз курстарының мазмұнын бейімді–бағдарлы оқытуға лайықтау керек және оларды жаңа оқу жылына дейін өткізу қажет деп есептеймін.
9) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ауқымында Қазақстан Республикасы мектептерінің жағарғы сатысын бейімді


Информация о работе Бейімдік бағдарлап оқыту