Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Нәтиженің өнделуі: жауаптар негізінде нақты оқушы мектеп мотивациясы 5 деңгейінің біріне қатысты болуы мүмкін. Ол деңгейлер:

1. Жоғары мектеп мотивациясы, оқу белсенділігі - 25-30 ұпай.

2. Дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясы - 20-24 ұпай.

3. Мектепке деген оң, жағымды қатынас, бірақ мектеп оқудан тыс жақтарымен көбірек қызықтырады.- 15-19 ұпай.

4. Төменгі мектеп мотивациясы - 10-14 ұпай.

5. Мектепке деген теріс, нашар қатынас, дезадаптация — 10 ұпайдан төмен.

Мектепке және оқу жағдайларына дұрыс қатынас танытқан жауап ұпаймен бағаланады, ал нейтрал жауап - 1 ұпай, мектеп жағдайына теріс көзқарасты білдіретін жауап - 0 ұпай деп бағаланады.

1-2 деңгей - адаптация

3-4 деңгей - ішкі дезадаптация

5 деңгей - дезадаптация.

Сыналушы М.А 1 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін 4 ұпай дезадаптация деңгейін де болса, дамытатын эксперименттен кейін 17 ұпай, яғни ішкі дезадаптация деңгейіне көтерілген. Бұл мектепке деген оң қатынасты білдіреді, мектеп тек оқудан тыс жақтарымен қызықты (кесте Ж1).

Сыналушы И.К 2 а сынып

Дамытатын экспериментке дейін 24 ұпай жинап, адаптация яғни дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясын көрсеткен. Ал, дамытатын зксперименттен кейін 28 ұпай жинап, адаптация яғни жоғарғы мектеп мотивация деңгейін, оқу белсенділігін танытқан (кесте Ж2).

4 кесте - Бастауыш сынып оқушыларының  оқыту мотивтерінің негізінде окытуды бағалау үшін дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері

 

Оқушылардың

жасы

Т.Д. Дубовицкаяның

оқу мотивациясының

бағыттылығын анықтау

әдістемесі

Н.Г.Лусканованың

оқу мотивация-

сының деңгейлерін анықтау әдістемесі

1 -сынып оқушылары

г - 0,62

г- 0,70

2-сынып оқушылары

г - 0, 69

г - 0,62


 

Оқыту мотивациясының сипаты мен жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады. Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәннінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, мақсат та болады.

Мысалы; 2 - ші сынып оқушыларының Т.Д.Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі бойынша дамытатын экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштер бойынша статистикалық өңдеудің мәнділігін Спирменнің формуласымен анықтадық (Қосымша Ж, кесте Ж4).

Бұл мәнділік көрсеткіштер арқылы оқу мотивациясының бағыттылығы мен деңгейін анықтау әдістемесі арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде білімді бағалау маңыздылығы мен мәнінің алатын орны ерекше зор деген негізгі болжамдарымыздың орындалуын дәлелдедік. Дамытатын эксперименттің баланың танымдық іс-әрекетіне, оқыту белсенділігіне және оқу мотивтеріне әсер ете отырып, оқытудағы бағалаудың тиімділігінің артуына және мәнін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Біздің зерттеу жұмысымыздағы статистикалык болжамды анықтау бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесіндегі бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін екінші және екінші статистикалық өңдеу нәтижелері арқылы дәлелденді.

Эксперимент нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістері деп эксперимент барысында алынатын математикалық тәсілдер, формулалар, сандық есептеу тәсілдерін атайды. Оларды жалпылауға әрі бір жүйеге келтіре отырып, ондағы жасырын заңдылықтарды анықтауға болады.

Осыған орай, эксперименталдық және бақылау топтарының дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін талдау Шымкент қаласы, «Үміт» мектеп интернаты, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп гимназиясының 1а эксперимент тобы, 1б - бақылау, 2а - бақылау тобы, 2 - эксперимент тобы, көрсеткіштері (№ 8 кестені қараңыз) берілді.

Бұл көрсеткіштер Спирменнің корреляция коэффициентінің рангілеу формуласы көмегімен алынды:

Статистикалық өңдеу сыныптар арасында әр түрлі кезеңде өтті. Мысалы, 1-ші сыныптарда 2-ші мен 4-ші тоқсанның басы мен 4-ші тоқсанның аяғында, 2-ші, 3-ші, 4-ші тоқсанның аяғында жүргізілді.

1-ші сыныптарда анықтаушы эксперименттің 1-ші әдістемесі сөз-мағыналық  ойлау бойынша дамытушы экспериментке дейінгі зерттеу жұмысының көрсеткіші 2а бақылау және 2 б эксперимент топтарында - 0,14 көрсеткіші арқылы екі сыныптың білімі тең, ешқандай мәнділікке ие болмайды, Ал дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,72-ге көтеріліп, жоғары мәнділікке ие болды.

Ал, он сөзді жаттау әдістемесі бойынша 2а -эксперимент тобы 2ә бақылау топтарында дамытушы экспериментке дейіыгі зерттеу жұмысының нәтиже көрсеткіштері гS - 0,11 көрсеткішіне тең болып (кесте Б4 қараңыз) еш мәнділікке ие болмайды, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл сыныптар арасындағы ол көрсеткіш гS-0,88-ге артып, жоғары мәңділікке ие болады.

Біз анықтаушы эксперименттің нәтижелерін корреляциялық байланысты табу арқылы анықтадық.

"Корреляция" термині өзара  байланыс, өзара тәуелділік мағынасын білдіреді. Корреляция туралы айтқанда "корреляциялық байланыс" термині қолданылады. Корреляциялық байланыс - бұл екі белгінің немесе бірнеше бөлгінің (көп мүшелі корреляциялық байланыс) бір-бірімен сәйкестене өзгеруі. Мысалы, экспериментке алынған Шымкент қаласындағы «Үміт» мектеп интернаты, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп гимназиясының (кесте 9) 1а эксперимент тобы мен 1ә - бақылау топтары арасында Л.Н.Засоринаның жазбаша тіл шеберлігін бағалау әдістемесін жүргізу барысында дамытушы экспериментте зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші гS-0,17 төменгі мәнділікті көрсетсе, ал дамытушы эксперименттен кейін бұл көрсеткіш гS-0,78-ге артып, жоғары мәнділікке ие болды.

Эксперименталдық зерттеудің нәтижелерін Спирменнің рангілер корреляциясы коэффициенті арқылы өңделді.

Корреляциялық коэффициент шамасына қарай корреляциялық байланыстың жалпы түрдегі 5 деңгейі анықталынды:

1) өте жоғарғы, күшті байланыс г < 0,90;

2) мәнді, жеткілікті байланыс 0,70< г < 0,82;

3) орташа байланыс 0,50 <г < 0,69;

4) әлсіз байланыс 0,49< г< 0,25;

5) өте әлсіз байланыс 0,02 <г< 0,24.

Қорыта келгенде, анықтаушы эксперименттің эксперименталдық және бақылау топтарының экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін №8, толығымен беріп отырамыз. Яғни, біздің оқыту бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде бағалаудың психологиялық ерекшеліктеріне жүргізілген үш бағыттағы, бірінші танымдық іс-әрекет негізінде, екіншіден белсенді оқыту әдістеріне және үшіншіден оқыту мотивациясына жүргізілген дамытушы эксперименттегі оқытуды бағалауға жүргізілген жоспарлы және жүйелі жұмыстар ғылыми зерттеу жұмысымыздың жалпы болжамына міндет етіп қойған нәтижемізге қол жеткіздік.

 

2 бөлім бойынша тұжырымдама

 

Бұл тарауда анықтаушы эксперимент көмегімен бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалану мәселелері сөз болады.

Эксперимент әдістің артықшылық ерекшеліктері, ғалымдардың экспериментті қолдану тұстары айқын баяндалады.

Осы тарауда бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтау негізінде білім берудегі бағалау деңгейлерінің бағдарламасы кесте түрінде беріледі.

Анықтаушы эксперимент кешені бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық әрекеттері, оның ішінде олардың ойлауын, ойлаудың рефлексивтілігін, қысқа зейіннің уақытты есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын анықтау әдістемелері құрайды.

Анықтаушы эксперимент кешені 2 топтан тұрады: 1 -ші топты танымдық іс-әрекет яғни жоғарыдағы аталған әдістемелер тобы құрайды.

2-ші анықтаушы эксперимент тобында  бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау және олардың оқу мотивация деңгейлерін бағалауға арналған Н.Г.Лусканованың сауалнама әдістемелері қолданылады.

2-ші тарауда анықтаушы экспериментті  құрайтын әдістемелер тобы ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы талаптарға сай баяндалып суреттеледі.

 

 

3 ДАМЫТУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

 

3.1 Оқу шылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшелікгері мен даму деңгейлерін анықтайтын білім сапасын бағалау мәселелері

 

Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық танымдық әрекеттерінің бірлігі арқылы орындалады. Ал, танымдық әрекеттердің ар түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған мектептік оқытуда, жалпы кез-келген оқытуда құрылады да, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үрдісінің өзімен қоса өрбіп отырады.

Оқыту мен дамудың бірлігі жайлы атақты ғалымдар Э.Торндайк, Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин мен Л.С. Выготскийлер өз тұжырымдамаларын ұсынады.

Американ психологы Э.Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп есептейді, Ж.Пиаженің пікірінше, оқыту дамудан кейін сүреді де, баланы оқыт, оқытпа психиканың дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізеді. Бұл пікірден үшінші бір тұжырымдама туындайды.

Л.С. Выготскийдің көзқарасына сай, "оқыту өзінің артынан дамуды алып жүреді және бала психикасы тек оқыту арқылы қалыптасады, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне лайықтап дәл ықшамдай әрі аз да болса алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту ісі баланың акыл-ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады". Қалыптастырып дамытушы эксперимент кез-келген нақты жағдайда бір басты міндетті шешеді, яғни арнайы ұйымдастырылған әрекетте сыналушы қалай және не нәрсеге бағдарланады.

Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі баға объективті қасиеттерді танып білудің негізінде беріледі және өз алдына бағалау танымы болып табылады.

ХІХғасырдың ІІ-ші жартысындағы қазақ ғұламаларының бірі, ұлы ойшыл педагог-ғалым - Ы.Алтынсариннің көтерген философиялық мәселелерінің бірі оның тамаша әдістемелік пікірлерімен жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, әрі тәжірибелі, И-пікірі озық мұғалім еді.

"Оқушыларды бағалағанда - деп  жазды Ы. Алтынсарин, - оларды іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушылардың оқуды меңгерулеріне қарап бағалау қажет".

Соңда осы меңгеру, білімді игеру оқушылардың танымдық әрекеттерінің қаншалықты, ұйымдасқандықтарына байланысты.

Сондықтан да, біздер, танымдық әрекеттердің негізінде білімнің бағалануының психологиялық ерекшеліктерін қарастырып отырмыз. Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әрекетін бағалаудағы басты - білім берудің түрлі тиімді жолдарын қарастырып, оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыру.

Оқытуды нәтижелі ұйымдастыруға оқулықтағы берілген жаттығулардың түрлерімен жұмыс жасау, жаттығуларға қосымша материалдарды тиімді пайдалана білу, грамматикалық материалдарды меңгерту бағытында жүргізілетін түрлі танымдық жұмыстың түрлерін сапалы орындау да жатады.

Осы бағытта білімді анықтау, байыту және жүйелеу, бір жағынан, теориялық ілім-білімді практикалық іс-әрекетте пайдалануда қолданылып жұмсалса, екінші жағынан, түрлі заңдар мен ережелерді іс-жүзінде сапалы қолдануға мүмкіндік беретін болады.

Оқыту үрдісі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріне (ес, зейін, ойлау, қабылдау, т.б) негізделіп жүргізілсе, нәтижелі болады.

"Оқыту - таным процесі, өйткені  онда ілгері қарай қозғалыс  болады, оқушы білмеуден білуге  қарай жүріп отырады", - дейді. Қазақстандық ірі ғалымдардың  бірі Т.С.Сабыров.

Кеңес психологтарының көбі "мотивті" іс-әрекеттің қозғаушы күші ретінде түсініп, оны адамның іс-әрекеті ретінде қалыптастырады. (С.Л.Рубинштейн), қажеттіліктің құралы ретінде қарастырады (А.Н.Леонтьев). Ал мектеп кезеңі бойында оқыту, мативтің мазмұнын, оның көпжақтылығын құрылымын, дамуын Л.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С.Славина, Л.К. Маркова, Н.Ф.Талызиналар өз еңбектерінде қолданды.

Оқыту үрдісі бір жағынан оқушының қажеттілігін өтеуді ұйымдастырса, екіншіден, оқушының оқуға деген ниетін тудырып отыратын танымдық іс-әрекеттің қозғалысын өрістетеді. Бұл процесті «мотивтің мақсатқа қарай жылжуы» - деп қарастырған А.Н.Леонтьев даму механизмінің негізгі жаңа іс-әрекет формасы бола отырып, "тек түсінікті болған мотив анықталған жағдайда ғана нағыз матив бола алады"-дейді.

"Оқытудың белсенділік әдістемелік" термині 1860-шы жылдардың соңында "белсенділік" ұғымымен қатар туындады. Осыған байланысты педагогикалық айналыста сабақ беру тәжірибесінде мәселелік оқыту әдістемесі және оқушылардыц оқу-танымдық іс-әрекетін белсенді етудің маңыздылығы жүзеге асып келеді.

Ұлттық психологияның өркендеп дамуына терең атсалысып жүрген ірі ғалымдарымыздың бірі, Қазақстанда этнопсихология мектебінің іргесін қалаған профессор Қ.Б.Жарыкбаев өз еңбегінде қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процестерінің жандануы, ұлттық сана-сезімнің өркендеуі, қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбиені этнопсихологиялық мазмұнға жақын келуі жайлы терең де құнды ойлар айтады. Біздер өз зерттеу жұмысымызда ғалымның этнопсихосихология жайлы мағыналы пікірлерін басшылыққа алдық.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері