Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Психологиялық тұрғыдан, теориялық ойлау мәселесі психикалық құбылыстарды әрекеттік қатынаста окып-меңгеру бағытында зерттелді. Бұл бағыттың негізін С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготскийлер және өте жан-жақты А.Н.Леонтъевтер салды.

Теориялық ойлау-заттардың мәнін бейнелеуге қажетті обьективті шындықты адамның тану тәсілі.

В.В. Давыдовтың жалпы теориясына сәйкес, кіші бастауыш кезең эмпирикалық тәсілден теориялық бағытталу тәсілдеріне көшуімен сипатталады.

Оқушылардың ойлауының дамуын анықтау, даму кезен-дерін және деңгейлерін айқындау - оқыту сапасын арттыруға бақылау жасаудың мәнді формасы болады.

Балалардың интеллектуалды дамуын зерттеген үлгілер көрсеткендей-ақ, оқыту тек қана оқу материалын меңгеруге қажетті психикалық қабілеттердің қалыптасу деңгейіне сәйкес келгенде ғана асуы мүмкін. Мұндай негізгі, түпкілікті қабілеттің бірі ретінде жүйелілікті алуға болады. Бұл жүйелілік 6-10 жастағы балаларды табысты, нәтижелі оқытудағы маңызды психологиялық алғы шарты болып табылады.

И.В.Ривина өз зерттеуінде оқу-танымдық әрекеттің жүйелілік деңгейлерінің үш негізгі түрін анықтайды, бұл осы әрекеттің балада дамуын сипаттайды.

Біріншісі - баланың жүйе құраушы обьект сипаттарының өзара байланысын бөлу қабілетін және бөлінген байланыс негізінде жаңа жүйені құру шеберлігін сипаттайды.

Екінші деңгей - баланың өзара байланысты ескермей әрбір жеке сипатты ерекшелеп бөлуден байқалды. Үшінші деңгей баланың обьектідегі жүйе құраушы сипаттарының ішінен тек қана біреуін ерекшелеп бөлуге байланысты болады.

Оқыту мотивациясының негізгі құрылымдарының бірі-міндеттің шешілуіне бағытталған тәсіл ретіңдегі оқу-танымдық мотивтер болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық мотивтерінің қалыптасуы олардың оқу әрекеттерінің сипатымен анықталады және де ең алдымен балалардың теориялық білімді игеруге бағыттылығымен байланысты болады. (бұл білімдердің мазмұны оқылатыы материалдық мәнді қатынастары, әрі соған байланысты міндеттерді шешудің жалпыланған тәсілдері).

Ал, дәстүрлі оқыту жағдайларында бастауыш оқушыларының оқу-танымдық мотивтерінің қалыптасуы ешқандай жүзеге аспайды: балалар міндетті шешудің жалпыланған тәсілдеріне өте салғырт бағдарланады. Олардың негізгі бағдары ең алдымен бағалармен бағаланатын білімнің меңгерілу нәтижесіне бағытталған. Енді осы балаларда оқыту-танымдық мотивтердің қалыптасуы үшін міндетті түрде ол балаларды жалпыланған әрекет тәсілдерін қалыптастыруға сағыттау қажет. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерінің сипатын, сабақ берудің мазмұны мен әдістерін мәнді тұрпатта өзгерту қажет.

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерінің бағалануы туралы проблеманы бастамас бұрын, осы аталған жас кезеңіне, қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік.

Мектепке. келісімен-ақ бала, бірте-бірте қоғамдық қатынастар әлеміндегі өзінің орнын саналы сезіне бастайды. Бұл өзін оқыту әрекетінің субьектісі ретінде сезінумен тікелей байланысты.

Жаңа әлеуметтік ортаға түсе отырып бала өзінің, ерекше орнына ие болуға тырысады, өзіне жаңа әлеуметтік рөлді алуға икемделеді, өзі секілділермен қарым-қатынасқа түсуді ойластырады. Мұндағы ең маңызды жайт: бала тек мектеп оқушысының рөлін ғана қабылдап, қоймай оқушының рөлін, бағытын ұстануы тиіс.

И.Слободчиков және Г.А.Цукерман былай деп есептейді: "Бастауыш мектеп кезеңінің аяғындағы психикалық дамудың нормасы болып оқушының позициясының құрылуы" есептелінеді бұл позиция авторлар пікірінше оқушының "өзінің білмейтіндігін мойындауы" және ересектерден көмек алуға дайын тұруы сияқты әрекеттермен сипатталады.

Баланың өзіндік сана-сезімінің өзгеруімен қатар, оның құндылықтары, қызығушылық, мотивтері де өзгеріске ұшырайды. Енді бала эмоция, қайғыруларын қатты сезінеді әрі жақсы есінде сақтайды. Бұл эмоция, қайғырулар баланың өзін-өзі бағалауын дамытуға тікелей әсер етеді. Баланың ішкі және сыртқы өмірін дифференциялауы жүзеге асады да, тікелей мінез-құлқына, тәртібіне ықпал етеді.

Сонымен, кіші бастауыш мектеп кезеңінде оқу әрекеті жетекші болады. Бұл өте қиын әрекет, оған бала көп жыл уақытын және үлкен күш-жігер жұмсайды. Оқу әрекеті күрделі құрылымды және қалыптасудың ұзақ жолынан тұрады. Оның негіздері оқудың алғашқы жылдарынан-ақ қаланады. Мектептегі оқыту ересектермен баланың қатынастарының жаңа жағымен, ереже - қағидаларды қадағалау, ғылыми түсінік ұғымдарды қабылдауымен сипатталады.

Бастауыш оқушылары қызықты емес әрекеттерге зейіндерін шоғырландыруға қабілетті болып келеді, бірақ оларда еріксіз зейін басымырақ болады. Зейін көлемдері онша үлкен еместігімен, тұрақсыздығымен ерекшеленеді - олар бір іске мән беріп, зейін қойып азғана уақыт айналыса алады, зейіннің бөлінуі қиынға түседі, оқу тапсырмасының бірінен екіншісіне ауысу ауыр болады. Баланың ерікті зейіні бірте-бірте қалыптасады.

Жоғары, жақсы бағаларды алу мотиві, ниеті бүкіл әлеуметтік мотивтердің ішіңде басты, маңызды орынды алады. Жоғары, көтеріңкі бағалар сыныпта белгілі бір статусты қамтамасыз етеді, ата-аналар тарапынан мақтаудың болуына кепілдік болады, әрі мұғалімнің жақсы қатынасыыа кол жеткізіледі, көптеген авторлар пікірінше, осы жас кезеңіндегі "маңызды" нәрсе болып табылады.

Ал өзге оқытудың әлеуметтік мотивтері - жауапкершілік, міндет, білім алу қажеттілігі - А.Н. Леонтьев айтуынша " білетін мотивтер болады және тәртіпті, мінез-құлықты шынайы жетілдіруге қабілетсіз болады.

Мұғалімнің қатынасын алынған бағалар өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына әсер етеді. Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы тек қана оқу үлгеріміне ғана тәуелді емес және сыныппен қарым-қатынас ерекшеліктеріне де байланысты. Мұнда отбасында алған тәрбиенің үлкен маңызды әсері болады.

А.Н.Леонтьев танымдық процестердің ішіндегі ойлаудың маңыздылығына өте жоғары баға бере келе былай дейді: "Ойлау адам - танымының ең жоғарғы баспалдағын құрайтын, обьективті шындықты бейнелейтін процесс".

"Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі-жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ерте грек оқымыстылары (Сократ б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана проблеманы шешіп қоймай, оған кажетті білімді игеруге тырысқан екен.

Ал, қазіргі күндегі белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.

Белсенді оқыту әдістерінің философиялық негізі болып біріккен-длалогты танымдық іс-әрекет табылады, ол өз кезегінде оқыту мүмкін болатын жоғары тиімділігіне қол жеткізу шарты Бұл дегеніміз, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекеті оқыту әдістерінің философиялық критериі ретінде болады деген сөз немесе басқаша айтқанда, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болғанда белсенді оқыту әдістері жайлы айтуға болады. Бұл әдістердің ең қарапайым түрі: имитациялық жаттығулар. Олар шартты-белгілілік формалар арқылы беріледі.

Ұйымдастырушы - техникалық күрделілігіне қарай белсенді оқыту әдістерінің келесі түрі - нақты жағдайларды талдау.

Бұның көп тараған түрлерінің бірі - топтық пікірталас болып табылады. Топтық пікірталастың модификациясы болып "ми шабуылы" табылады. "Топтық пікірталас" термині батыс европалық философиялық әдебиеттерде, ал "ми шабуылы" термині - ағылшын-американ философиялық әдебиеттеріңде қалыптасып, бекіді.

Бүкіл осы жоғарыда айтылғандар (топтық пікірталас, ситуациялық-рөлдік ойындар т.б.) кешені қолданылған жағдайда нақты практикалық, кәсіби қарым-қатынас дағдыларына үйретуге арналған оқыту әдістері әлеуметтік-философиялық тренингтер деп аталады.

Және тағы іскерлік ойындары бар. Іскерлік ойындары дегеніміз - шындықтағы практикалық және теориялық міндеттерді шешудегі біртұтас логикалы жүйеге біріккен оқытудың түрліше формалары мен әдістерінің тұтас, оқытып-білім беруші кешені.

"Оқыту процесінің өзі - ғылыми ұғым, білімдерді "бастан-басқа" көшіріп, есте қалдыру ғана емес, бұл процесс, өзбеттілікпен ғылыми мәліметтерді ізденіп, табу және қайта қараудан тұратын белсенді танымдық ойлау әрекетінің нәтижесі. Оқу әрекетінде әрекет жасаушы субъектінің өзінің өзгерісі, тәжірибесінің қайта толықтырылып, құрылуы жүзеге асады" - деп мәнді ойын айта келіп, оқытудың тиімділігін арттыру үшін бүгінгі таңда интерактивті әдістердің қолдануын міндетті санайды да, ол әдістердің бірқатарын атап кетеді.

Белсенді оқыту әдістерінің ішіндегі тренинг түріндегі сабақтардың өтіліуінің ең басты жетістігі-жеке тұлғаның өзін-өзі талдау, өзіндік даму өзін толық сезіну үшін уақытты қолданудың жоғары тиімділігін. Бұл сабақтар мектеп психологы, мұғалім, әлеуметтік педагогтың тренингке қатынасушы әрбір мүшені толық тануына, олардың негізгі жеке ерекшеліктерін түсінуге, олардың жеке бастарының дамуы барысында жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Келесі әдіс - психикалық өзін-өзі басқару және психикалық функцияларын жаттықтыру. Оған: аутогенді жаттықтыру, психофизикалық гимнастика т.б. жатады.

Келесі бір әдістер тобы - экспрессия әдістері, яғни сурет салу, қағазды модельдеу, бояу, ағаш, таспен жұмыс, бейнелі әңгімелер, музыка, дененің мәнерлі қозғалыстары.

 

1 бөлім бойынша тұжырым

 

Бұл тарауда жалпы оқыту процесіндегі негізгі нәтиже - білім сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалык талаптар қатары анықталады. Ол талаптар білім сапасының көрсеткіштерін анықтайтын көзқарас, қатынастарды білдіреді. Ол көзқарастар тобы төмендегідей:

1. Білім мен оқу шеберлігі  құрамы мен мазмұнына негізделген қарым-қатынас (Г.И.Батурина, Б.П.Есипов, М.И.Зарецкий, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин).

2. Білімнің меңгерілгендігі жөніндегі деңгейлерді бөліп алуға негізделген қарым-қатынас (В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, Ю.В.Павлов, В.И. Травинский).

3. Қосындылық бағалау негізіндегі бірнеше алғашқы бөлінген көрсеткіштердің жүзеге асуы арқылы білім сапасын анықтайтын қарым-қатынас (М.А. Бантова, Э.А. Красновский, И.И. Кулибаба, Л. Каған т.б).

Бұл авторлар қарастырған оқыту мазмұнына қатысты қарым-қатынастың 1-ші, яғни "заттық-мазмұнды" тобын білім сапасының толықтығы, жалпыламалығы, жүйелілігі, дүниетанымдық бағытылығы сияқты көрсеткіштер қатары құрайды

Ал, "мазмұнды-әрекеттік" екінші қарым-қатынас тобын авторлар пікірінше, анық, сенімді "мазмұңды-тұлғалық" сапалардың үшінші тобына оқытудың тікелей әсер етуінен қалыптасатын бастауыш мектеп оқушылары ойлауларының тұрақтылығы, икемділігі, тереңдігін құрайтын ақыл-ой әрекетінің қасиеттері кіреді.

Оқушылардың білімдерінің сипаттамасы осы үш топ көрсеткіштерінің қосындысы (комбинациясы) негізінде беріледі.

Және бұл тарауда білім сапасына деген талаптардың Қазақстандағы даму жайы да сөз болады.

Әйгілі психолог Ш.А.Амонашвили, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанскийлердің білім бағасы жайлы ой-пікірлері сөз болады.

Зерттеуші Н.А.Батуриннің айтуынша, бағалау дегеніміз формальды-логикалық нәтиже.

Жүйелі бағалау жайындағы психологиялық талдау психолог-ғалым С.М.Жақыповтың зерттеуінше оқытушы мен оқушының танымдық іс-әрекеттерінің бірлескен жағдайында ғана жүзеге асады. Және бұл тарауда мотивация мен оқытудың белсенді әдістері танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы бағалаудың негізі ретінде қарастырылады. Мотивация жайлы жазылған С.Л.Дусавицкий, Н.Ф. Талызина, А.К.Марковалар еңбектері жайлы да мағлұмат беріледі.

И.В.Ривинаның оқу-танымдық әрекеттердің жүйелілігін анықтауға бағытталған құнды теориялары сөз болады. С.М. Жақыповтың оқыту процесіндегі біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет туралы теорияны біздер толық басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқу шыларымен бірлескен тығыз танымдық іс-әрекет етіп және белсенді оқыту әдістерін тиімді қолданған жағдайда, әрі олардың ынта-мотивтеріне әсер еткенде ғана бағалауды дұрыс әрі тиімді қолдануға болатындығына көз жеткіздік. Сонда ғана оқыту процесінде жоғары нәтижелілікке, үлгерімді арттыруға қол жеткізуге болады.

 

 

2 АНЫҚТАУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ  АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАҒАЛАНУЛАРЫН АНЫҚТАУ

 

2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары

 

Б.Д..Эльконин және В.В.Давыдовтар тұтастай окыту әрекетін қалыптастыру міндетін алға тарта отырып, қалыптастырушы эксперименттің шеңберін кеңейтті. Оқыту әрекетінің концепциясы психикалық дамудың жалпы теориясы саласы бойынша құрылады, оның негізі 1920 жылдары Л.С. Выготский арқылы қаланды, А.Н.Льеонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Галытерин, А.В.За-порожец, Б.Д.Элькони және оның қызметкерлері еңбектерінде жан-жақты қаралды. Бұл теорияның негізгі орталық мәні жетекші әрекет типтерін ауыстырудағы психикалық даму туралы ұғымның болуы, оның ішкі мәні әрбір жас кезеңінің негізгі жаңа қайта құрулары арқылы сипатталады.

Зерттеу мәселелеріне байланысты П.Я.Гальпериннің ұсынған ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру әдісі арқылы зерттеуі балалардың ойлау әрекеттерінде өзгеріс болатындығын көрсетеді. Ғалымның аталған бұл әдісі ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық табиғатын жаңа сипатта талдайды. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру негізіне танымдық әрекеттің бағдарлаушы бөлігі мен басқару процесінің психологиялық мазмұнының өсуін жоспарлы қалыптастыру шартымен өзара қатынаста болатын процесс хатады. П.Я.Гальпериннің пікірінше, интеллект-бағдарлану жүйесі, Ж.Пиаже бойынша - операциялар жүйесі.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері