Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 21:18, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық
негізі........................................................................................................................6
1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді
бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6
1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы
оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16
1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24
2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24
2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28
2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33
2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39
3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді
бағалаудағы маңызы........................................................................................40
3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму
деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40
3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы
білімді бағалау жолдары...................................................................................46
3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде
білімді бағалау жолдары...................................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларын-оқыту-процесінде-бағалауды-психологиялық-ерекшеліктері.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Бітіруші ______________________ дипломдық жобасына (жұмысына)

 

Пікір

 

Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері».

Қазіргі таңда психология ғылымының өзектілігі өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы жазылған диплом жұмысы едәуір құнды материал деп айтуға болады.

__________________________ өзінің диплом жұмысының мақсаты ретінде бастауыш мектеп оқушыларының білімін жетілдіруде бағалаудың психологилық ерекшеліктерін анықтап олардың танымдық іс-әрекетінің деңгейін арнайы қадағалау арқлы адекватты бағалаудың жолын көрсету деп алған зерттеудің объектісі ретінде бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалауларының психологиялық ерекшеліктері деп көрсетілсе, зерттеу және оқыту процесінде оқушының танымдық іс - әрекетін бақылау болып табылады. Зерттеу болжамында бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі білімді танымдық іс -әрекетті дамыту арқылы бағаласа онда білім сапасы артатындығын дәлелдеуге тырысқан. Бұдан келіп шығатын ой студент диплом жұмысының ғылыми аппаратын дұрыс құра алғандығын көруге болады.

__________________________ алдына қойған міндеттерін шеше алған, яғни, біріншіден, педагогикалық психологияда отандық және шетел әдебиеттеріндегі оқытудағы бағаның психологиялық мазмұны мен ерекшеліктеріне теориялық талдау жасаған, екіншіден, оқыту процесіндегі бағалауда оқушылардың танымдық іс - әрекетіне тиімділік әсерін теориялық және эмпирикалық зерттеу арқылы анықтаған, үшіншіден, бастауыш мектеп оқушыларының қзақ тілі пәні бойынша оқыту процесіндегі бағаның ролін психологиялық тұрғыдан дәлелдей алған зертеудің практикалық маңыздылығы зор. Зерттеу жұмыстарының мәліметтерін, эксперименттің нәтижелерін бастауыш мектептегі оқу процесінде тиімді пайдалану үшін, нақвтырақ айтсақ мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында қолдануға болады. диплом жұмысы ұғыныңқы тілге жеңіл, ғылыми тұрғыда дәлелдемелер негізінде жазылған.

 

 

Пікір білдіруші:

 

 

ДИПЛОМ ЖОБА (ЖҰМЫС) ЖЕТЕКШІСІНІҢ

 

ПІКІРІ

 

Студент ________________________ «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалаудың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында жазған диплом жұмысы педагогикалық психологиялық оқу бағдарламаларының тлаптарына, олардың тапсырмаларына сәйкес келуі. Бітірушінің зерттеу жұмсы бойынша алынған теориялық және практикалық нәтижелері қазіргі кездегі педагогикалық - өндірістік тапсырмаларды еңбекті ұйымдастыру мәселелерін шеше алады.

Психодиагностикалық, психокоррекциялар жұмыстарын тиімді қолдана отырып, бітіруші студент жұмысты жауапты, ғылыми тұрғыда дәйекті жазған. Диплом жұмысының мазмұны қарапайым тілде, тыңдаушыға ұғыныңқы, түсінікті жазылған. Зерттеу нәтижелері курстық жұмыстарда, Республикалық онкурстарда, ғылыми конференциялдарда баяндалған.

 

 

 

МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Бастауыш мекггеп оқушыларының білімін бағалаудың теориялық

 негізі........................................................................................................................6

1.1 Оқыту процесіндегі оқу шылардың танымдық әрекеті арқылы білімді

  бағалаудағы теориялық ой-пікірлер....................................................................6

1.2 Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдык іс-әрекет арқылы

  оқытудағы бағалаудың негізі.............................................................................16

1 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................22

 

2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқу шыларының оқыту процесіндегі бағалануларын анықтау................................................24

2.1 Зерттеудің мақсаты, өтілу барысы және бағыттары....................................24

2.2 Анықтаушы эксперимент арқылы бастауыш мектеп оқушыларының

  танымдық іс-әрекеті негізінде оқыту процесін бағалау..................................28

2.3 Мотивацияға байланысты білімді бағалаудың әдістемелері......................33

2 бөлім бойынша тұжырым..................................................................................39

3 Дамытушы эксперименттің оқыту процесіндегі және білімді

 бағалаудағы маңызы........................................................................................40

3.1 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері мен даму

  деңгейлерін анықтайтын білім сапасыы бағалау мәселелері........................40

3.2 І-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті арқылы

  білімді бағалау жолдары...................................................................................46

3.3. ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде

  білімді бағалау жолдары...................................................................................54

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................67

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................72

 
КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі танда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу - біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатын құрайды. Тәжірибелік әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критеррийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен байланысты талап ету мәселесі - педагогикалық психологияның негізін құраушы принцип болып табылады (Д.Б.Эльконин, Н.Ф. Талызина).

Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов зерттеулері дамыта отырып, оқыту қағидаларын ұстанады. Әрі ғылымда берік орын тепкен, өзінің оң нәтижелерін беретін дамыта отырып оқыту мәселесі оқушының ғылыми-теориялық ойлау жүйесін қалыптастыру, танымдық іс-әрекеттерінің үйлесімді дамуын көздей отырып, үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазақстандық психологтар С.М.Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаева, Қ.Б.Жарықбаев, Х.Т.Шерьяздановалар еңбектері де осы оқыту процесінде басшылыққа алатын пікірлерді алға тартады.

Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқу шыларының білімін жетілдіруде бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалануларының психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні. Оқыту процесінде оқушының танымдық іс-әрекеттін бағалау.

Зерттеу болжамы.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі білімді танымдық іс-әрекетті дамыту арқылы бағаласа, онда білім сапасы артады.

Зерттеудің міндеттері:

1.Педагогикалық психологияда отандық  және шетел әдебиеттеріндегі  оқытудағы бағаның психологиялык  мазмұны және ерекшеліктеріне теориялық талдау жасау.

2. Оқыту процесіндегі бағалаудың оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тиімділік әсерін анықтау.

3. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша оқыту процесіндегі бағаның рөлін психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік табиғаты, П.Я.Гальпериннің сатылы оқыту теориясы, Леонтьевтің іс-әрекеттің даму жайлы тұжырымдамасы, Давыдовтың дамыта отырып оқыту теориясы, В.В. Рубцовтың оқу іс-әрекетін ұжымдық тұрғыда бөлуді ұйымдастыруға негізделген теориясы, профессор С.М.Жақыповтың біріккен диалогтық танымдық іс-әрекеті жайлы және белсенді оқыту әдістемесі туралы тұжырымдамасы, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жеке адамның дамуы жайлы еңбектері алынды.

Зерттеу әдістері:

1.Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу.

Бұл бағыттағы әдістемелер: Сөз-мағыналық ойлауды бағалау, рефлексивтік ойлаудың белсенділігін анықтау, А.Р.Лурияның есте сақтауға байланысты "10 сөзді жаттау" әдістемесі, зейіннің таңдамалылығын зерттеу әдістемесі.

2. Бастауыш мектеп оқушыларының  оқу мативациясын қалыптастыруға  байланысты әдістемелер тобы: Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының  бағыттылығын аныктау әдістемесі  және Н.Г.Лусканованың оқу мотивациясының  деңгейлерін анықтау әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін бейімдеп құрастырылған әдістемелер көмегімен анықтау.

2. Білімді жетілдіру — бағаның психологиялық ерекшеліктерін ашуға, оқу іс-әрекет психологиясындағы бағалаудың теориясын кеңейтуге әсер етеді.

3. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білімдерін бағалаудың сапасын көтеру мақсатында бірқатар нұсқау жасалынды.

Зерттеудің теориялық мәні. Білім беруде белсенді оқу әдістерінің көмегімен оқушыда оқуға ынтасын тудыру жолдарын көрсетеді. Білімді танымдық іс-әрекеттер негізінде бағалаудың әдістемесі мектептің бастауыш кезеңіне лайықталып негізделген.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелердің танымдық іс-әрекет негізінде бастауыш мектеп оқушыларының білімдерін орынды бағалауға болатындығын көрсетеді.

Бастауыш мектептің 1-2 сыныптарында қазақ тілі сабағынан білімді тексеру-бақылау мақсатында танымдық-психологиялық жаттығулар, тренингтерден тұратын бағдарламалар жасалынды. Зерттеу жұмыстарының мәліметтерін, эксперименттің нәтижелерін бастауыш мектептегі оқу процесінде тиімді пайдалану үшін, нақтырақ айтсақ, мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында қолдануға болады.

Экспериментте қолданылған психологиялық әдістемелер мемлекеттік тілге аударылып бейімделді.

Зерттеу жұмысының базасы: Шымкент қаласындағы орта мектептер: «Үміт» мектеп интернаты, Н.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп гимназиясының бастауыш сыныптары.

Зерттеу нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін мәселенің терең және жеткілікті көлемде теориялық талдануы, таңдалған эксперименттік психологиялық әдістердің кешені алынғандығы, қажетті дәрежеде зерттелушілердің (сынаушылардың) саны, алынған нәтижелердің сандық және сапалық талдануы, зерттеудің ұзақ мерзімде жүргізілуі дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының құрылымы, көлемі: диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, кестелерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН, БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1 Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті арқылы білімді бағалаудағы теориялық ой-пікірлер

 

Шетелдік психологияда оқыту нәтижесінің бағасы туралы проблема дәстүрлі түрде соған сәйкес диагностикалық құрал-жетістіктер сынағын жасаумен байланысты.

Кеңес психологы және педагогы П.П. Блонский "Егер екі мұғалімнің пәндерінен білімдері, әдістемелері, тәсілдері қолдануы бірдей болса, оңда жақсы мұғалім мен нашар мұғалімнің айырмашылығы неде?- деген сұраққа былай деп жауап береді. "Жақсы мұғалім үшін барлық оқушылар әр түрлі, бірдейі жоқ, ал нашар мұғалім үшін барлық оқушылары бірдей". Мұғалімді тәрбиелей келе: "оқушының әр қайсысының жеке ерекшеліктерін көруге үйрету керек", - дейді.

Батыс психологиясына білімді тексерудің сандық әдісін қолдану тән. Кейбір психологтардың айтуынша, жетістік сынақтарын /қол жеткізген білімдерді сынау мағынасында/ құрастыруда 1-ші орынға оқушылар меңгеретін мәліметтер көлемінің бағасы қойылады да, ал ереже бойынша, шеберлікті меңгеру бағасы екінші орынға түсіп қалады.

Ал, Дж. Коллиз оқыту нәтижесінің сапалы бағасы тапсырманы шешудің құрылымдық күрделі терминдерінде жасалуы мүмкін, - дейді. Сонымен бірге автор бөліп ерекшелеген қиындық деңгейлері Ж.Пиаже бойынша даму кезеңдеріне сәйкес келеді. Бірақтан да, егер де Пиажеде бұл деңгейлер психикалық дамудың жалпы деңгейіне жатады да, ал бұл жағдайда бұл деңгейлер білімнің меңгерілу деңгейін сипаттайды.

Білімді меңгеру процесін арнаулы түрде ұйымдастыруда оқу жұмысының жалпылама тәсілдері қалыптасады, бұл тәсілдерді игеру ақыл-ой дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

Оқытуға жалпы қабілеттілік сияқты оқушылардың ойлау әрекетінің интегративті сипаты ретінде оқыта алушылықтың көрсеткіштері ұсынылады (Б.Г. Ананьев, Н.А. Менчинская, З.И. Калмыкова, С.Ф.Жуков т.б.). Бұл ойлау әрекеті сипатының мазмұны келесі нақты көрсеткіштерде айқындалады.

1. Оқу материалын меңгеру жылдамдығының көрсеткіші (немесе З.И. Калмыкованың терминологиясы бойынша алға жылжу темпі) өз алдынша меңгеру процесінің уақытша сипатын білдіреді.

2. Ойлаудың икемділік көрсеткіші, оның қарама-қарсы полюсі болып ойлаудың стереотиптілігі орын алады. Әрекет тәсілдерінің түрлерін сипаттайды, өзгерген жағдайға байланысты білім мен шеберліктің тез ауысу жылдамдығын, әрекеттің бір тәсілінен екіншісіне ауысу қабілеттілігінің жеңілдігін сипаттайды.

3. Ойлау әрекетіндегі абстрактілі  және нақты құрылымдардың қатыстылық көрсеткіші. Сезімді және абстрактілі білім бөліктері арасында дұрыс қатыстылық, сәйкестілік болмаған жағдайда білімнің вербализмі, яғни жалғандык немесе керісінше, жалпылаудағы "тарлық" және "эмпиризм" байқалады.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері