Бастауыш сыныптарда математиканы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 06:45, реферат

Краткое описание

Математиканы оқыту мәселесінің тарихына шолу
"Алғашқы философиялық ұғымдар мен білімдер осыдан 3000 жылдай бұрын Үнді, Қытай елдерінде пайда болса, 2600 жылдай бұрын грек елінде пайда болған. Бұл кездері, егер Ф.Энгельс пікіріне сүйенсек, үш қана білім саласы болыпты. Олар математика, астрономия, механика" (21). Демек, өз бастауын адамзат баласының "неге бұлай?" деп қоршаған ортаға сергек қарай бастаған кезінен алатын математика ғылымынын бұл күнде колданылмайтын саласы жоқ деуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

 

Р/н

Оқудық авторы

Оқулыктын. аты

Шықкан

жылы

1.

М. Дулатов

Есеп құралы

1914

2.

Түркістан  АКЕР Халык  Ағарту Комиссариатының кабинеті

Математикалык жинак

1919

5.

С.Терешкович

Аударған Б. Сәреенов

Арифметикалық есеп құралы

1922

4.

К.П.Аржекиков

Аударған

Б Сәреенов

Метрлік өлшемдер

1922

5.

А.Е.Васильев

Аударған Б.Сәреенов

Бвлагек сандардьң

арифметикасы

1922

6.

А.Н.Киселев

Аударған Б.Сәреенов

Қыскаша арифметика

1922

7.

М Дулатов

Есеп құралы. I және II бөлім

1919

8.

К.Жәленов.

Ташкент

Есеп тану. 5 сыныпкн арналған

1923

9.

С.Қожаыоі»

Арнфметика.    1-бөлім

1924

10.

Н.Цвстков.

Сырдария губерниясы ауылшаруашылык техникумынын. оқытушысы. Аүдарған А.Беғаднев

Арифметикалык есеп    кұралы.    I оқу жылы

1928

11.

Касьшов Әлмағанбст              4-оку жылына арналған

Есеп құралы

1928

12.

Ж.Баженов.

аударма

Геометрия

1928

13.

Е.Омаров

Пішіндгме

1928

14.

А.В.Латеов.

Аударған Ә.Сытдықов, А.Беғалиев

Математикадан

жұмысшы

кітабы

1928

15.

М.Ф.Берег, М.А.Знаменекий. 
Аударған Ә.Сытдыков пен 
А.Беғалиев                        

Математика окулыгы. 

I,    II кітап

1930.

I кітабы

1931

II кітабы

16.

Т.Құралов

Математикалык

Жұмысшы кітабы

1932


 

Осындай жұмыстардың негізінде жиырмасыншы ғасыдарда әртүрлі (ол кезде мектептің түрлері, оқу бөлімдері, оқу жоспарлары, т.б. әртүрлі болғаны белгілі) Тұңғыш қазақ мектептерінде математика пәнін оқыту қандай да дәрежеде жүйеге келді деп қорытындылауға болады. Тіпті, қазақ авторлары дайындаған оқу құралдары кырғыз тіліне аударьиіды және туысқан Қырғызстан мектептерінде пайдаланылды" (24) Демек, сөз болып отырған кезеңде қазақ бастауыш мектебіндегі математиканың мазмұны және оны оқытудың  Қазақстанның аймақтық және ұлтгық ерекшеліктері негізінде құрылды. Атап айтқанда, математиканың мазмұны мүмкіндігінше Қазақстанның географиялық ерекшеліктерінен, өсімдік және жан-жануарлар дүниесінен, тарихы мен мәдениетінен мәлімет беру, және де математикалық ұғымдарды қарастыру барысында қазақ сан есімдердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін ескеру басты қағидаға айналды, қазақ тілінде математикалық терминдер қалыптаса бастады.

Алайда, қарқынды дамып келе жатқан осы бір игі іс 1930 жылдардың басынан бастап елдегі қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайға байланысты кілт тоқтады. Атап айтқанда, 1917 жылғы төңкерістен бастап 1930 жыддарға дейінгй капитализм мен социализмнің арасындағы күрес социализмнің пайдасына шешілді. Сол жылдары жүргізілген үйлесімді саясаттың негізінде ел экономикасы көтеріле бастады және де ол өз кезегінде бір идеологияның болуын талап етті.

Осындай жағдайларға байланысты 1930-жылдардың басынан жалпы идеологияға, оның ішіңде ұрпақ тәрбиесі мпселесіне мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінді. Мектсп жұмысын реттеуге байланысты бірнеше қаулылар: (ККІІ(б) Орталық Комитетінің 1931 жьшғы 5 қыркүйектегі бастауыш және орта мектеп туралы" қаулысы; ВКП(б) (1932 жылғы 25 тамыздағы "Бастауыш және орта мектептегі оқу программалары және жұмыс тәртібі туралы қаулысы; КЕРО Халық Коммиссарлар Кеңесі 'ВКП(б) Орталық Комитетінің 1935 жьлғы қыркүйектегі "Бастауыш, орталау және орта мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру және ішкі тәртіп туралы" қаулысы, т.б.) жарық көрді.

Әрине, қаулылар негізінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша мектептің құрылымы, оқу мерзімдері, оқу құралдары, мектептің жұмыс жасау тәртібі, т.б. мәселелер ретке келді, жетілдірідді.

Қазақ және Қазақстандағы орыс, өзбек, үйғыр тіліндегі мектептер үшін оқу құралдарын дайындау меселесі бүдан кейін жүйелі түрде тек қана 1992 жылдан бастап қолға алына бастады.

 

 

1.2 Жаңа буын оқулықтары  мен оқу-әдістемелік кешсиі

 

Республика мектептерінің тол оқулықтар мен жоне оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілу моселесі тек қана соңғы оншақты жылда ғана көтеріліи отырған жоқ. Бұл әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауын қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатын, біржарым ғасырға жуық уақыт бойы күнтәртібінен түспсген маңызды шаруалардың бірі. "Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын - "Қазақ хрестоматиясын" /1889/ және "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын" /1889/ жазып, бұларды орыс-қазақ мектептеріне толтума оқулық ретінде ұсынды" (1). Сол сияқты "Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын тандап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу құралдарының ең жақсыларын енгізуге тырысты" (2). XX ғасырдың басында қазақ халқының аспанында жарық жүлдызындай болған М.Әуезов, "Қазақтың рухани көсемі" деп бағаланған А.Байтұреынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңасатыға көтерді. Басқасалалардың мамаңдары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ тек қазақ тілі пәнінен ғана емес, жаратылыстану-математика пәндеріненде төл оқулықтар қазақ балаларының қолына тие бастады. А.Байтұреаынұлы Қазақстандағы халыққа білім беру мәселесін басқарған 1920 жылдары бұл іс жандана түсті.

Еліміздің Тәуелеіздік жолындагы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай қайта қарауға мүмкіндік бсрді. Соның арқасында жоис мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтьш азаматтардың жігерлі қимылының негізінде бұл күнге дейін республиканың үштілдегі бастауыш мектептерінің алғашқы 4 сыныбы жаңа буын оқулықтары мен жопс оқу-әдістемелік кешендерімен толық қамтамасыз етілді.

Республика мектептері 1992-93 оқу жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге көше бастады. Алайда, алғашқы кезде дайындалған оқу құралдарының сапасы ойдагыдай болды деуге болмайды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарап отыреақ, оның да өз себептері, зандылықтары бар сияқты. Яғни, алғаш оқу құралдарын жазған авторлардың бәрі демесек те көбінің автор ретінде тәжірибесі жеткілікті болды деп айта алмаймыз. Мысалы, 1-сынып математика оқулығы авторларының ішінде Т.Қ.Оспановтан басқалары бұрын оқулық жазуға қатынаспаған еді. Сол сияқты, жалпы оқу құралдарының бәрінің, оның ішінде, әсіресе, оқулықтың сапасына елеулі ықпал жасайтын редакторлардың, суретшілердің, техникалық редакторлардың да тол құралдар жасау жайлы іс-тәжірибесі жеткілікті болған жоқ. Олар да ондаған жылдар бойы тек қана аударылған материалдарды Ресей оқулықтары үлгісі негізіңде орналастырумен шектеліп келген еді. Ал оқулық суреттерін салу, оларды мотінге сәйкес үйлесімді орналастыру, мәтіннің кейбір бөліктерін (мысалы, зандарды, анықтамаларды т.б.) ерекшеліктерін көреету сияқты оқулықты эстетикалық тұрғыдан жандандыратын іс-әрекеттер жайлы бізде мол тәжірибе жоқ болатын. Оның үстіне, бұрын оқулық дайындауға үш-төрт қызметкер атсалысса, төл құралдар дайындауға, жұмыс бірнеше есе көбсйгенімен не баяғы сол үш-төрт қызметкер, не тіпті, олар қысқарып, екі-үш қызметкер ғана айналысатын болып қалды. Осындай жағдайларға байланысты біраз кемшіліктері болған оқу құралдарына мүғалім қауымы сын-ескертпелерін айтқанымен, жалпы жылы қабылдады.

Қалай десек те, салыстырмалы түрде тез арада бастауыш сыныптар мен оқу-әдістемелік кешендердің жарық көруі республикада мамандардың бар екендігін және олардың қандай жүкті болса да мойнына ала-алатындыгын көреетті

Дегенмен, 1990 жылдардың алғашқы бвлігіндегі шапшаң болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мектепті оқу құралдарымен қамтамасыэ ету мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ. Қайта оны сараптау, жүйелеу, бүкіл республика бойынша тәртіпке келтіру мәселесі қолға алынды. Соның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 маусымдағы 1173 қаулысына сәйкес республика мектептерін төл оқулықтармен және оқу-өдістемелік кешеңдермен қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасы қабылданды.

Осы уақыттан бастап педагогика саласындағы бұрыннан пайдаланылып келе жатқан "төл оқулық", "төл оқу-әдістемелік кешен" деген ұғымдармен қатар "Жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендер" ұғымы да еркін қолданысқа түсті.

Ал, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дегеніміз "...Қазақстан деген дербес мемлекеттің төл болмысымен үндес төлтума білім жүйесі..." (11) үшін "қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесі мен ғылыми-педагогикалық төл ізденістері" негізінде жазылған оқу құралдарының жиынтығы.

Бұл күнге дейін бастауыш мектепті жаңа буын оқулықтары және оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз ету жайы мынандай:

  1. - сынып бойынша 12 оқулық, 98 оқу-әдістемелік кешен.
  2. - сынып бойынша 14 оқулық, 58 оқу-әдістемелік кешен.

3 - сынып бойынша 16 окулық, 48 оқу-әдістемелік кешен баспадан шықса,

4 - сынып бойынша 16 оқулық, 42 оқу-одістемелік  кешен "Атамұра" баспасынан шығарылды.

Сол сияқты, соңғы жылдары қалыптасқан тағы бір жақсы дәстүр - алдымен шектеулі таралыммен (1000 дана) байқау оқулықтарын шығару мәселесі. Биыл осы мақсатта 4-сынып байқау оқулықтары жарық корді. Олар, негізінеп, республиканын әр тарабында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының 42 тірек мектептерінде тәжірибеден өтуде, сол сияқты бұл оқулықтар республикадағы 16 облыстық, қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру инетитуттарына, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне, Қыздар университеті, тағы басқа облыс орталықтарындағы педагогикалық бағыттағы университеттердің сәйкес кафедра ғалымдарына, педагогикалық колледждің оқьпушыларына таратылды.

Мұндағы ой - оқулықтың сапасын көп болып жетілдіру. Яғни, жоғарыдағы тірек мектептеріндегі тәжірибе жүргізген практик мұғалімдердің, ғалымдардың пікірлері бойынша авторлар оқулықтарды тағы бір сараптан өткізбек. Тек содан кейін ғана, оқулықтар қажетті таралыммен басу үшін баспаға жіберіледі.

Демек, республика бастауыш мектептерін жаңа буын оқулықтары жоне оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жүйеге түсті деуге болады. Алайда, бүдан орта мектептің бастапқы буынында ешбір проблема жоқ деп қорытындылауға болмайды. Төменде сондай проблемаларға тоқталып көрейік:

а) 1 сыныпқа келген балалардың оқуға дайындықсыз келуі. Мәліметтерге сүйенеек, 1976 жылы бірінші кластарға келген 295,5 мың баланың 34,9% балабақшадағы даярлық тобын, 9,8% мектептегі даярлық кластардан келген. Ал, 1984 жылы бұл көрееткіш 83% көтерілген. Бұл жағдайды еліміздің Тәуелеіздік алу кезеңімен салыстыреақ, онда мынандай көріністі байқауға болады: 1992 жылы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің саны 2237, ондағы тәрбиеленушілердің саны 182478, 1994 жылы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің саны 2147, ондағы тәрбиеленушілердің саны 155709, 1996 жылы мектепке дейінгі мекемелердің саны 1081, ондағы тәрбиеленушілердің саны 72924, 1998 жылы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің саны 395, оңдағы тәрбиеленушілердің саны 30042.

Демек, мектепке дейінгі төрбие мекемелерінің саны 1992-1998 жыл аралығында шамамен бес жарым есе, ал ондағы тәрбиеленушілердің саны алты еседен аса кеміген

Әрине, бұл жағдайды еліміздіц экономикалық қиындықтарды бастан кешіріп отыруымеп түсіндіруге болады. Дегенмен, қазіргі кезде бұл моселе бүдан ары қүлдырап кетебермейтініне мол сенім бар. Япіи, 1999жылы мектепалды тәрбие мәселесіне Үкімет, министрлік деңгейінде көңіл аударыла бастады. Соның негізінде қазір мектепалды тәрбиенің мазмұны құрылыи, формасы жайлы әр түрлі бағытта экеперименттер жүргізілуде, бағдарламалар дайындалуда.

Сол сияқты, 1999 жылы 21-22 желтоқсанда откен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқасының қаулысында да "мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жаңдандыру қажеттігі" атап кореетілген. Бұл жағдайлар аталған мәселенің болашағына үмітпен қарау қажеттігін негіздеп отыр.

ә) Бөтен елдердің оқулықтарын республика мектептерінде пайдалану мөселесі.

Қазіргі кезде бастауыш математиканы оқыту үшін мынадай құралдар жарық көрді (1-3 сыныптар) немесе жуық арада баспадан шықпақшы (4 - сыныпқа арналған құралдар)

  1. Бағдарлама (1-4 - сыныптар)
  2. Оқулық (1-4 - сыныптар)
  3. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4 -сыныптар)
  4. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған құрал), (1-4 - сыныптар)
  5. Математика дәптері №1 және №2 (1-сынып үшін)
  6. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 - сыныптар үшін)

Бұл құралдар Қазақстан Республикасы бастауыш білім мемлекеттік стандартының негізінде дайындалған бағдарламаға сәйкес жазылды. Сондықтан, бұлар қазіргі кезде негізгі құралдар болып саналады.

Стандарттың талаптары:

1) оқу бағдарламаларын, оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендерді  әзірлеуде және олардың сапасын сараптауда; 

2) білім беру деңгейлері арасындағы  сабақтастықты қамтамасыз етуде; 

3) білім беру процесін жүзеге  асыруда; 

4) жалпы білім беру ұйымының  қызметі нәтижесін бағалау жүйесін  әзірлеуде және білім алушылардың  дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың бақылау-өлшеу материалдарын дайындауда; 

5) педагог кадрларды даярлау, қайта  даярлау және біліктілігін арттыру  бағдарламаларын даярлауда міндетті  болып табылады.

Бастауыш білім берудің мазмұны оқушылардың белсенді, креативті, сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруді; өздігінен білім алу және оны практикалық әрекетінде пайдалану, өз ойын ашық, еркін жеткізу және дәлелдеу білігін дамытуды; әлеуметтік, оқу-танымдық, коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыруды; адамгершілік, патриоттық, еңбексүйгіштік, эстетикалық, экологиялық тәрбие беруді, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа, салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулуды қамтамасыз етуі тиіс.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда математиканы