Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6
1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері...................................................................................................
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................
2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................
Қорытынды............................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту.doc

— 579.00 Кб (Скачать документ)

Шетелдік сөздіктерде «талант» (talanton) туа біткен қасиетті көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың /3, Кеңес энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел сөздерінің түсіндірме сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады. Қабілет туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда адамның аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.

         Қабілет мәселесі туралы С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловтың  еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша «қабілеттілік», «дарындылық» және «талант» ұғымдарын жіктеуге тырысқан. Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік ретінде қарастырылады. Ал «дарындылық» - іс-әрекеттегі нәтижелі болу мүмкіншілігіне байланысты  қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады.  

Қабілеттіліктердің дамуындағы жеке ерекшеліктер (әдетте, дарындылықтың байқалмауы немесе болмауы ретінде қарастырылатын қабілеттіліктер) біздің тұжырымдамалық сұлбамыз бойынша былайша анықталады:

1) қабілеттіліктердің сапалық-сандық  өлшемдерімен;

2) бірлескен іс-әрекетттегі серіктестердің  мазмұндық сипаттамасымен;

3) бірлескен іс-әрекеттің құрылымдық  ерекшеліктерімен анықталады.

Бұл қабілеттіліктер өлшемдері және бірлескен іс-әрекет бойынша көптеген факторларға тәуелді болып келетін және айқындық сипатына ие серіктестер алдын ала берілген жағдайларда қабілеттіліктердің қалыптасуы мен дамуы, соған орай дарындылықтың көрінуі басым дәрежеде бірлескен іс-әрекеттің қызмет үрдісімен және мазмұнымен анықталады. Бірлескен іс-әрекет, өз кезегінде, біз бұрын көрсеткендей, мағыналық құрылымдардың бірлескен іс-әрекет жағдайларында қалыптасатын жалпы қорының даму деңгейіне байланысты. Жалпы мағыналық қор туындаған жағдайда және оны әр серіктес қабылдаған жағдайда ғана бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болады.        Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп есептейді. Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет – нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.        

Қабілеттер сондай-ақ төменде берілген түрлерге де бөлінеді:

1)    реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және іс-әрекетке икемділікті жоғары деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді.

2)    творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені құруды қамтамасыз етеді.       

Бір адамның бойында бірнеше қабілеттің түрлері болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзгешеленеді.       

Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-әрекет барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандай да бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігінен анықталады. Іс-әрекетті меңгеру нәтижесіне әртүрлі жолдармен жетуге болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының жетіспеушілігі, сол іс-әрекетті нәтижелі орындауға байланысты басқа қабілеттің дамуымен компенсациялануы мүмкін...       

Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.     Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері

 

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.

Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:

1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.

Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.

Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.

Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.

Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.

Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.

Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:

1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.

2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.

3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.

4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.

Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:

Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр түрлілігін оңай табады.

Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.

Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға бөлінеді.

Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.

Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.

Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану, бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға сай келетін белгілерін айрықшалау керек.

Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы болып табылады. Олардың формалары да алуан түрлі болып келеді. Осы мәселелерге де тоқтап өтейік.

Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату.

Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Демек, пікірде тек ой, яғни танымдық процесс қана бейнеленбейді.

Пікірден адамның сезімі де, оның ниеті де көрініп отырады. Пікірдің көрінісі және оны сипаттайтын ерекшеліктері де көп.

Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе, тіпті, өзін-өзі нандырғысы келсе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелдеген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.

Пікірдің әр түрін, оның формаларын, ерекшеліктерін логика ғылымы зерттейді. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни, ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайда қарай ойысы тұжырым жасауға да болады. Бұл дедуктивті ой қорытындысы.

Ой әрекетінде ой қорытындысы бұл екі формасы бір-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Олар біртұтас ой процесінің екі жағын немесе екі буын құрай отырып, ажырамас бірлікте болады.

Ой қорытындыларын адам ой әрекеті мен күнделікті практикада пайдаланып отырады. Бірақ ой қорытындысы адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Ең бастысы – бар білім мен ой әрекет тәсілдерін пайдалана отырып, әр нақты жағдайда түрлі операцияларды орынды және тиісті үйлесім, жүйесімен қолдана білу.

Адам әрекет еткенде, мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.

Тәжірибелік немесе практикалық ойлау. Машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін шофер капотты көтереді, мотородың қызуын байқайды, контактілері тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрін практикалық немесе әрекетті деп аталады. Ол міндеттің көрнекі түрде, немесе нақтылы түрде берілуімен сипатталады. Оны шешу тәсілі – практикалық әрекетпен байланысты жүреді. Сонымен қатар практикалық немесе тәжірибелі ойлаудың барлық іс-әрекеттерге негіз болып адамның өміріне қажетті іскерлік пен дағдының негізі болып келеді.

Нақтылы - бейнелі ойлау - мәселені шеше отырып адам өзінде бар көрнекі бейнелерді пайдаланса, нақтылы бейнелік ойлау көрініс береді. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардың әрқайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып, талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы - бейнелік деп аталады да ол заттармен құбылыстар бейнесін дәл қайталауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту