Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6
1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері...................................................................................................
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................
2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................
Қорытынды............................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту.doc

— 579.00 Кб (Скачать документ)

Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.

Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.

Бірнеше мысалдар келтірейік.

Жабық астында жарты күлше. (Ай).

Отқа жанбас, суға батпас (Мұз).

Басына үлпілдетіп таққан шашақ,

Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).

Қар астында қыстады,

Жасылмен бөрік тыстады. (Бәйшешек).

Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.

Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

Тиімді тәсіл.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытыға көп көңіл бөлінеді. Осы орайда математика 1-сыныпта заттық орнын сан қатарымен белгілеу тақырыбы бойынша дамыту процесін, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін психокоррекция элементтерін қолданып жүргізген машықта (сабақтан тыс, баланың бос уақытында өткізген сабақтарды Т.Р.Нұрмұхамбетованың ұсынысы бойынша машық деп атағанды дұрыс көріп жүрміз) қалай өткізгенімізді көрсетіп жіберу үшін бірнешеуінің үлгі жоспарын көрсетіп жібергенді дұрыс көрдік.

Бұл машықта заттың орнынан дұрыс белгілеу және оларды бір-бірінен ажыратуға, 1-ден 5-ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру негізгі мақсат деп анықтап алдық. Машық ойын түріне және сұрақ-жауап әдістерін қолдану арқылы құрылады. Көрнекіліктерден түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстық (үйрек, қаз, тауық, қораз, күркетауық) үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар, магнитофон қолданылады.

Машық барысы: Өтілетін тақырыпты тақтаға жазып, оның неізгі мазмұнын түсіндірдім. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген суреттерді және диагностикалық альбомда жинақталған материалдарды қолдана отырып кіріспе әңгіме жүргіздім. Одан әрі тақырыппен байланысты отырып, магнитофоннан құстын дауысын тыңдап, әр құстың дауысын ажыраттым. Одан кейін оқушылар үйдегі құстар туралы әнгімелеп берді. Олардың санын айтты. Машықты одан әрі сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, балалардың нені түсініп, ал нені түсінбей қалғанын анықтап алып, олармен дамыту жұмысын жалғастырдым. Балаларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.

- Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

- Құстарды.

- Кәне, бұл суреттегі құстардың  аттарын атаңдаршы.

- Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық.

Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары туралы түсініктеме бердім.

- Балалар, мына суреттегі құстар  нешеу?

- Барлығы бесеу.

- Қазір біздер «Орынды тап»  ойынды ойнаймыз. Осы суреттегі  құстардың орнын енді санмен сұрап, тиісті орындарын белгілейміз.

- Үйрек нешінші орында?

- Бірінші.

- Тауық ше?

- Екінші.

- Қораз ше?

- Үшінші.

- Қаз ше?

- Төртінші.

- Күркетауық ше?

- Бесінші.

Балалар олардың орындарын цифрмен белгілейді. Одан кейін қалташаға «Құстарды» ретпен өзінің орнына орналастыруға көмектесіп балалар ойынын одан әрі жалғастырған жөн. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізіледі. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстың орнын ауыстырып қойды. «Күн» дегенде оқушылар басын көтеріп, көзін ашты. Оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстарды өз орнына дұрыс қоя білуі тиіс. Қалған оқушылар құстардың орнын дұрыс тапқанын бақылап отырды.

«Орынды тап» бұл ойынды заттарды, құстарды сөреге, немесе сатыға қою тәртібімен де алмастыруға болады. Ойын тәртібі жоғары ойынға ұқсас. Сөредегі құстың орнын ауыстырып қоямын, оқушы өз орнына дұрыс қоюы керек. «Баспалдақ» ойыны да осылайша жүргізіледі. Бұл арада да құстың орнын ауыстыр, оқушы оларды өз орнына қояды. Бұл ойынды оқушының өзінің қалауынша ойнайды. Ойын тәртібін былай жасадым. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын партаға отырған оқушыларға үлестіру керек. Тақтадағы қалташаларда құстың орындары өзгертіліп ретсіз қойылған. Оқушылар өздеріде цифрлары бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орнына тұра қояды. Ойын тез әрі шапшаң ұйымдастырылады. Сабақты түрлендіру мақсатын көздеп, оқып бердім.

Қораз

Ақ қораз-ау, ақ қораз,

Сауысқандай сақ қораз,

Таң атқанша шақыр да:

Тауықтарды бақ қораз.

Оқушылар өлеңде «Қораз» деген сөз неше рет, ал «тауық» деген сөз неше рет айтылғанын санап отырады. Кейін оқушылар «қораз» сөзі 4 рет, «тауық» сөзі 1 рет (барлығы 5 рет) айтылатынын айтты. Сергіту жаттығуын да сабақтағы құстардық сәйкестігін талдадым.

Қаңқ-қаңқ қаздарым,

Тізені сәл бүгіндер.

Қолды артқа ұстаңдар.

Қазға кәне, ұқсаңдар.

Алға мойын созыңдар,

Сол қалыппен жүріңдер

Ілгеріліп озыңдар,

Солай етіп байқа да:

Он шақты рет қайтала.

Қант жая жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де, қол созам:

Аяғымның ұшына.

Сабақты одан әрі «Тез табамыз», «Кім тез» ойындарын жалғастырған. Ойын тәртібі бойынша оқушылар партаға басын қойып жатады. Өзім көрсеткіш таяқпен партаға құстардық орнына сәйкес сан қанша болса сонша рет тықылдатамын. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай (1, 2, 3) деп санды айтады. Кейін сол санмен құстық орнын белгілеп, оның атын айтады. Мысалы: 3-рет соғылды. Ол – қораз. 4 саны – ол қаз және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Педагогикалық эксперимент  және оның нәтижелері

 

Эксперимент Алматы облысы, Талдықорған қаласы, 14 орта мектеп гимназиясында жүргізілді

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол – зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.

Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.

Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.

Орындау ережесі:

1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек.

Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1 санынан бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.

Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай, өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет. Балаларға тапсырманы үндемей отырып орындау керек екені ескертіледі, ал шешу жолдарын қадағалау үшін психолог әр баланың жұмысын орындау парағына қарап, тапқан логикасының дұрыстығын өзі белгілеп отырады.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында оның шешімін табудың көптеген варианттарын жасап көрді. Олар ортадағы шеңберге бір санын қоюдан бастады. Бір-екі вариантты жасап көргеннен соң мәселені дұрыс шешу үшін ортадағы санды табу керек екенін түсінгендер дұрыс орындап, басқа оқушыларға көмек көрсете бастады. Бұл жерде баланың логикалық ойына үлкен әсерін тигізетін нәрсе – олардың ортадағы санды табу қажет екеніне түсінгені. Орындау барысында тапқырлық, шығармашылық көрсеткен балалардың саны 4 болды. Жүргізілген зерттеу нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.

4-а сыныбы оқушыларының логикалық ойлауды өлшеу тапсырмаларын орындауы

 

Қатысқан оқушылар

Бірден тапқан

Екінші реттен

Үшінші реттен

Таппаған

1.

Алпысбай Ұлжан

   

1

 

2.

Абылхан Гүлім

     

1

3.

Алдаберген Қанат

     

1

4.

Батырхан Тоғжан

 

1

   

5.

Садыкова Алима

       

6.

Төленбай Айсезім

   

1

 

7.

Жеңісқызы Перизат

   

1

1

8.

Шанырақ Әнел

     

1

9.

Батырхан Бақжол

 

1

   

10.

Елеусизова Диана

     

1

11.

Смагулова Аружан

1

     

12.

Шұғай Жұлдыз

     

1


 

Кестеде көрсетілгендей шешу жолын бірден тапқан балалар саны 8 пайыздан аспады, ал екінші және үшінші санды қойып барып тапқандар саны 42 пайызға жақындады.

Осы тапсырманы 6-б сынып оқушыларымен жүргізгенде олардың көрсеткіштері 4-ші сынып оқушыларының көрсеткіштерінен төмен болды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып балаларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға ерте баулымаса олардың логикалық ойлауының дамуына мүмкіндік болмай қалады деген тұжырымдама жасадық. Келесі кезеңде балаларға зак ұсынған логикалық ойды дамыту тестерін орындаттық.

А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.

Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.

Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.

Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады.

Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.

Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Орындауға 10 минут уақыт беріледі.

Тапсырмалар.

Анаграммалар:     Дұрыс жауаптары:

1. СЕПЕ      1. ЕСЕП

2. ДӘМЕІ      2. ӘДЕМІ

3. РАМНА      3. АРМАН

4. АЖДҒАЙА     4. ЖАҒДАЙ

6. РОНЫДҚЫ     6. ОРЫНДЫҚ

5. ИҒАМРТА     5. ҒИМАРАТ

7. АБЫТРЛҚЫ     7. БАТЫРЛЫҚ

8. ЕШЕШДНКІ     8. ШЕШЕНДІК

9. АТСПРЫАМ     9. ТАПСЫРМА

 

Бұл тапсырманы бұрынғы шығармашалаық тапсырмаларды орындауға қатысқан балалар жеңіл шешіп, жоғары көрсеткішке ие болды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту