Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6
1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері...................................................................................................
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................
2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................
Қорытынды............................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту.doc

— 579.00 Кб (Скачать документ)

    Зерттеу тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту                                                                                                                                                        Зерттеу өзектілігі: Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып  ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы  анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды,  заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеуәдістері арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.

     Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеу әдістерін анықтау.

    Зерттеу міндеті:

1. Ойлау қабілеті туралы  ұғымды анықтап бастауыш сынып  оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің  ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.

2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.

3. Ойлау процесті дамытуға  шығармашылық тигізетін әсерін  көрсету.

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлаудың зерттеу әдістері анықталды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолданылды.Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

      Зерттеу нысаны – бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып  оқушыларының ойлау қабілетін  зерттейтін әдістер айқындалып, іс-жүзінде әдістер тиімді қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілетінің  даму жүйесінің негізі қаланады.

     Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері таным, білім, оқушының және оның ақыл-ой іс-әрекеті, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру теориялары құрайды.

     Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері;

     Зерттеу базасы: Талдықорған қаласы №17 орта мектеп.

Зерттеу құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері

    1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама

 

 

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.

        Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.

        Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып  ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы  анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды,  заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне сүйенеді.Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін зерттеуәдістері арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.

Адамның психикалық ерекшелігі «қабілеттілік» туралы ойлар, сонау антик заманында өмір сүрген грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық тек өнер адамдарда ғана байқалып, жекелеген адамдардың табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген.

  Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін, бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.).

       Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды.

     Қабілеттілік туралы ой–пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан «Исследование способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.

        Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.

        19 ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.

        Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.

Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.

       Б.М. Тепловтың  ғылыми зерттеулерін одан ары  қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде  және дарын-дылықта ең алдымен  жеке даралық айырмашылықтарға  назар аудару керек деді.

       Адам қабілетінің  әртүрлі болуын ұлы физиолог  И.П. Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын, болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

       Б.Г. Ананьев еңбектерінде  қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды.

Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген-ді. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.

Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-дылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды» сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады.

       В.А. Крутецкий, өзінің  көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең  ойлау қабілеті бар, оның келешекте  мамандық таңдауына көп көмектесетінін  айтқан. Сонымен бірге В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды.

Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір бірімен тығыз байла-ныстағы туыс ұғымдар. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бір нәрсеге бейімділігіне орай қалыптасады.

       Бейімділік адамның  белгілі бір әрекетпен айналысуға  деген құлшынысы оянып келе  жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

С.А. Изюмова мнемикалық қабілет-терді және оның табиғи алғы шарттарын комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі нәтижелілігімен салыстыру мәселесін көрсетті.

Э.А. Голубеваның зерттеулері көрсеткеніндей таным функцияларының жеке даралық типтік ерекшеліктерінде өте айқын көрінетін дихотомия – вербалды және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі психологиялық сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық деңгейде түсін-діріледі: олардың қалыптасуының «релевантты» табиғи негізі болып жоғары жүйке әрекеттерінің арнайы адамға тән типі болып табылады.

М.А. Матова, З.Г. Гуровская зерттеулері көрсеткендей, 9-10 жасар балалардағы таным қабілеттерінің сипаттамасы да вербальды емес функцияның басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы мен эмоционалдылығымен, сөйлеудің локализациясының оң жарты шарлар типіне тән етуге қарағанда көру латерализациясының күштілігімен байла-нысты.

     Е.П. Гусеваның зерттеулері  көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген  зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде  және үйренудің нәтижесінде көрінетін  жалпы қабілеттің компоненті  ретінде естің мәні туралы  айтады. Мәліметті мағыналы көшірумен байланысты мнемикалық қабілеттер барлық мектеп пәндерін меңгеруде көрінеді.

    Танымдық қабілетті зерттеуде  балалардың дамуындағы жас ерек-шеліктерге  көп көңіл бөлінді. Н.С. Лейтес, жеке  балалар жас ерекшеліктеріне  тән қабілеттердің дамуының алғы шарттары – жеке даралық қабілеттердің дамып өсуінің негізі, - деп жан – жақты негізделген тезис жасайды. Бұл ереже Е.П. Гусеваның зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін салыстыруға байланысты жүргізілген экспериментпен дәлелдене түсті.

     Барлық қабілеттің  түрлерінің дамуын қамтамасыз  ететін ең негізгі фактор –  іс әрекет, олай болса балалардың  негізгі іс - әрекеті ойын әрекетін  белсендіре отырып, шығармашылық  қабілетті дамытуға болатындығы  дәлелдене түседі. Онымен байланысты дарындылық факторы ретінде еңбек қабілеттілігі жатады.

     Жалпы және еңбек  психологиясындағы білімдарлық - қабілеттілікті  анықтаудың бірден бір параметрі  Н.А. Мечинскаяның пайымдауынша, білімді  игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі.

Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – бұл іс - әрекет барысында оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез–келген іс- әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту