Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6
1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері...................................................................................................
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................
2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................
Қорытынды............................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту.doc

— 579.00 Кб (Скачать документ)

                                                                                                               

 

 

                     Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Мазмұны

 

Кіріспе....................................................................................................6

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6

 1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6

1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................

2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................

 2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері................................................................................................... 

2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................

2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................

Қорытынды............................................................................................

Әдебиеттер тізімі......................................................................................

 

Кіріспе

     Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр болашақ мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.

    Зерттеудің  көкейтестілігі. Қазіргі замандағы білім беру тұжырымдамасының бағыты – ізгілік және тұлғаны қалыптастыру. ҚР «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет - әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту - сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі [1]. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бет бұрыс жасауда.    Өйткені, ҚР Білім туралы Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Білім беру проблемаларына байланысты мектептердің оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп  әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ерекше мән беретін білім ордалары. Мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін  түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымыздың да ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектепте өркен жаяды.

Қабілетті адамның жетістігі оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

        Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға болады.

Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

       Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.

    Адамның психикалық ерекшеліктері  жөніндегі идеялар, оның ішінде  қабі-леттілік туралы ойлар сонау  ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтардың еңбектерінен бастау алады.

      Философияда “қабілеттілік” тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын көрсетеді.

      Қабілет және дарындылық теориясының негіздерінің қалыптасуына белсене атсалысқан кеңес психологтары Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, Н. Лейтес, Л.И. Кузьмина еңбектеріндегі психологиялық тұжы-рымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

     Шетел психологиясында жалпы және арнаулы қабілеттіліктердің бөлінуі факторлық талдаудың көмегімен алынған әртүрлі факторларға негізделді. Бұл зерттеулерді Ч. Спирмен, Дж. Гилфорд, Л. Терстоун, Э.П. Торренс, Р.Б. Кэттел т.б. жүргізіп, эксперимент нәтижесінен алынған мәліметтермен дәлелдеді.

     Ал қазақ топырағында  жеке тұлғаның қабілетін дамыту  мәселелерін 19 ғасырда өмір сүрген  қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов шығармалаларынан  көруге болады. Абай атамыз адамды  қоршаған орта – табиғаттың  бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Адамның ойы мен санасы еңбек іс әрекеті нәтижесінде қалыптасып, дамиды деп тұжырымдайды.

Ш. Уалиханов жеке тұлға тәрбиесінде білім мен тәрбие шешуші рөл атқарады, адам қабілетінің дамуына бейімділігінің, ынтасының маңыздылығы зор екенін айтады.

     20 ғ. алғашқы ширегіндегі  қазақ ғұламалары мен қоғам  қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың педаго-гикалық  мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж. Аймауытұлы «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде белгілі ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, мамандықты адекватты таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынды. Оның пікірінше, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді. 19 ғасырда ол Бостон қаласында кәсіби бағдар беру ұйымы құрылғанын, мұның жұмысына мектеп басшылары, мұғалімдерімен қатар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне мүдделі әр түрлі қоғам өкілдері қатысып отырғанын, алынған мағұлматтарды бір бірімен салыстырып, математикалық өңдеуден өткізген соң, зерттеуші әр баланың жеке қасиеттері қай кәсіпке сай екенін айқындағанына тоқталады. Демек, бұл жағдай әр шәкірттің, оның ата-анасының да мамандық таңдау мәсе-лесіндегі жағдайын жеңілдетіп, болашақта өз қабілетіне лайық қандай мамандықты таңдап алуға болатынын анықтауға көмектеседі деген.

      Ж. Аймауытұлы әр  адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тұрмысынан бірілетін ерек-шеліктерін, іс-әрекеттің қандай түріне бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне қажетті мамандықты дұрыс таңдай алады.

Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, жеке тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.

Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында қабілеттің дамуында биологиялық фактор мен тіршілік ортасының, әсіресе әлеуметтік ортаның қатынасы мен ықпалы жайында пікір айтыстары болып келгені мәлім. Дегенмен, мұндай пікірталастар белгілі бір тұрақты қорытынды шешімге келе алған жоқ.

      Кез келген адамзат  бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге  жетуді армандайды. Кейбіреулерінде ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады (би билейді, сурет салады, , өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады), ал басқа біреулерінде қандай да бір әрекетке бейімділігі байқалмай қалады. Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бас-тайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.

Қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған анықтамалар төмен-дегідей:

    1) Қабілет – бір адамды  екіншісінен ерекшелендіретін дара  психологиялық ерекшелік;

    2) Қабілет барша тұлғаға  тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандайда  бір не бірнеше іс-әрекетті  табысты орындауға жарайтын өзара  ептілік;

    3) Қабілет - нақты адамда  топталған білім, ептілік және  дағдылардан оқшау қажет әрекетті  игеру желісінде ғана көрінеді.

Сонымен жоғарыдағы анықтамаларға негізделіп, мынандай қорытынды жасауға болады, яғни, қабілеттер – іс - әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңіл-дігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады.

Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата – аналар, мұғалімдер дер кезінде балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтап және оны дамытса, оның негізінде олардың болашағына бағыт берсе – бүкіл дүние жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан – жақты дамыған дарынды тұлға болып қалыптасуына көп ықпалын тигізері хақ. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның қабілеттілігін дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Олай болса, қабілет өніп, өркендеуі үшін қолайлы жағдай мен сыртқы ортаның қажетті факторларын талап етеді.                                                                                                                   Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.

Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.

Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:

1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.

2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.

3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.

Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.

Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.

Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту