Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................6
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың теориялық негіздері......................................................................................6
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға педагогикалық-психологиялық сипаттама.....................................................6
1.2. Қабілеттілікке сипаттама...................................................................
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері.....................
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту әдістемесі..........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері...................................................................................................
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар......................................................
2.3. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері..........................
Қорытынды............................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту.doc

— 579.00 Кб (Скачать документ)

Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бейімділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».

Қабілеттің дамып, қалыптасуы

Бұл үрдіс әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.

Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.

Қабілеттілікті жіктеу

1. Адамның кәсіби қызметінің  түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік  қабілеттілік.

2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік.

Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.

Қабілеттің дамуындағы нышандар

Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», - деп тұжырым жасайды.

Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.

Әр ағзаның бір емес, әлде неше белгілерінің болатыны мәлім. Оның үстіне ағзаның әр белгісінің кейде ата-анаға тартатыны ақиқат. Бұл бейімділік белгілері бір жағынан ұштасып байланысады да, екінші жағынан ықтимал теориясы заңына сәйкес айырмашылыққа да ие болып, тұқым қуалаушылық белгілері бір-біріне ұласады, әбден араласып кетеді. Және де тұқым қуалаушылық белгілері әулет өмірінде кейде көрініп, кейде жоғалып, біраздан соң қайтадан пайда болады. Осылайша баланың дене мүшесінің бірі әке-шешесіне, немесе атасына, қабілеттілігі нағашысына әйтпесе аталарының біріне тартып, көрініс береді. Негізінен, тұқым қуалаушылықтың және ортаның өзара әсері-нен адам кемелденеді, қабілеттілігі дамиды. Яғни, әрбір дені сау адамда аз ба, көп пе, әйтеуір, ата-ананың қасиеттері кездеседі. Солардың ішінде жарқырап тұрып көзге түсетіндері де бар. Тек, есте болатын бір жағдай, қазіргі генетиктердің мәлім-деуінше, ата-анасының біреуінің ақыл-ойы кеміс болса, олардан туған баланың да ақыл-есінің 30-35 пайызға кем болуы әбден ықтимал.

    Жасыратыны жоқ, философия тарихында қабілет-тілік жеке адамға туа біткен ерекше күш, адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен беріле-тін ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді. Р.Декарт «ақыл-ой қабілеті іштен туа бітеді», деп есептеді. 17-18 ғасырларда ағылшын философы Дж.Локк, сондай-ақ, француз материалистері бұл пікірмен келіс-кен жоқ. Сөйтіп, олар қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет ретінде қарастырды. Қазір ойшылдар: «Шынды-ғында қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашы-лып, адам баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі арқылы нақты қалыптасып, дамиды»дейді. Ал, В.Обручевтің пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».

Қабілет бейімділіктен басталады.

Әркімнің жастай, ержеткен соң белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұруы, оған ынта-ықыласының артуы – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ол негізінен, бейімділік деп аталады, қай іс те осы бейімділіктен бастау алады. Адам баласы өзінің бойындағы қабілеттілігінің белгілерін тым ерте байқа-са, не нәрсеге бейім еке-нін мезгілінде сезсе, өмір жолы гүлге толар еді. Өкінішке орай, көп адам өз қабілетінің қандай екенін, не нәрсеге бейім екенін іс жүзінде анықтай алмай, немесе оған мән бермей, соның салдарынан көпке дейін өмірден өз орынын таба алмайды.

Өмір қат-қабат жұмбақ сырларға толы. Бір ғажабы, қаршадайынан-ақ өзінің не нәрсеге алабөтен бейім екендігін біліп өсетін де жандар бар. Оларға отбасында да, мектепте де, қоғамымызда да көрсетілетін қошамет, көмек аз емес. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының журналистика тәрізді кейбір факультетіне, музыка, сурет саласындағы институт, училищелерге жастарды қабылдарда олардың сол мамандыққа бейімділігіне айрықша назар аударылады. Яғни, қабілеттілік бейімділіктен бастау алып, қалыптасады.

Әркім қабілетіне қарай

Өмірде адамның ісі, мамандығы қабілетіне сай келсе, өзі оған бейім болса, жолының болғаны. Өйткені, адамды тек қана қалаған қызметі, ықыластана істеген, қолынан келетін (қабілеті жететін) ісі ғана табысқа жеткізіп, өзін рухани жағынан зор қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Ал адамның еңбектен тапқан қуанышы-нан, адал жүріп өмірден өз орынын тапқанынан артық бақыт, байлық жоқ. Әркімнің ісі өзіне сай келсе ғана әрекет-қимылы үйлесім табады. Адам жанын зерттеуші мамандардың бейнелі баяндауымен айтсақ, «мұн-дай адамдар құдды жырлап тұрғандай жеп-жеңіл, еркін, шапшаң қимыл-дайды. Оның қолға алған жұмысының сәті түсе бере

ді. Мұндай жандарды жұмыс үшін жаралған екен, жұмыс істегіш екен дейді».

Әркім қабілетіне сәйкес жұмыс істемей, қаламаған, икемі жоқ қызметті атқар-са, оның танылуы қиын. Біріншіден, жұмысқа ықы-ласы болмайды, шаршай береді, жұмыстың соңына дейін әрбір сағат, минутты санаумен болады, ең соңында қабілетінен айрылады. Екіншіден, осындай жағдайларға байланысты ауыр жүк адамның жүйке жүйесіне түседі, психологиялық енжарлық адамның моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне ықпал етеді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе», - деген. Ол өзінің осынау мақаласында тіпті, былай дейді: «Әлеу-мет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеумет-тің мүшесі, әр адам «Өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайы-мен, еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады, ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз жан болып күнелтеді.

Әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңғай-ына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады...».

Қабілеттіліктің шырқау шыңы

Біз қабілеттің бастау алар қайнары бейімді-лік екенін айттық. Ал қабілеттіліктің ең шырқау шыңы не? Философ, психолог, зерттеуші-лердің пайымдауынша, ол – дарындылық пен данышпандық, кемеңгерлік. Мұндағы дарындылық – іс барысында үлгі боларлық, жетілген, қоғамдық мәні бар нәтиже алуға мүмкін-дік беретін қабілеттілік; данышпандық пен кемеңгерлік – белгілі бір шығар-машылық саласында ай-рықша өзгерістер тудыру.

Ғалым Б.М.Тепловтың түсіндіруінше: «Қабілет-тердің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жыйнағы дарын-дылық деп аталады... Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Белгілі бір қабілеттіліктің дамуына себепші болатын жақсы нышанға тән қасиеттің бір белгісі – ондай қабілеттің арнауы педагогикалық шара қолдануды тілемей-ақ өз бетімен ерте көзге түсуі...

Бірақ әрқашан қабілет пен дарынның ерте дамуын кездестіруге бола бермейлі... кейбір қабілет ерте көзге түспеуіне қарап, қабілеттілікке нышан жоқ деген қорытын-ды жасауға болмайды. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қыйысуын – қызметтің сол саласына талант деп атайды. Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылық тапқыр-лығын үстей береді, сөйтіп, оның еңбегі жігерлі еңбек болады... Талант – «Бұл жұмыс үрдісінің өзін», еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір талант-тылықтың ең басты құрамасы болады. Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек».

Біздің де пікірімізше, еш нәрсеге қабілетсіз адам жоқ. Тек жатып ішер жалқаулар ғана өз қабілетін жарқыратып тұрып көрсете алмайды. Белгілі бір істе адам өз қабілетін таныта алмаса да оны оған мүлдем жарамсыз деп санау – қателік. Адамның бір іске, өнерге деген қабілетінің оянатын, қалыптасып, дамитын, иесін атақ-абырой биігіне көтеретін кезі әрқилы. Тек үмітіңді үзбей, еңбектене біл. Алайда, ойшыл Фалес айтпақшы: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын».

Тұлғаның даму мен белсенділігі оның практикалық іс-әрекеттегі шындықты тану мен қоршаған ортамен эмоциялық байланыс құрумен анықталады. Тұлғаның қабілетін дамыту механизмдері оның  творчествалық мәселесінің ерекше өзектілігін көрсетіп отыр.  Творчествалық қабілеттің  динамикалық тұлғалық сипаттамасы шығармашылықтың және оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді.  Белсенділік тұлғаның иеленген білімі, көзқарасы және түсініктерінің ойлау, эмоция, сөз және т.б. процестер арқылы көріну және өзгеру жүйесі болса, ал творчествалық қабілет ол шығармашылық, әдемілік, көріктілік пен сымбаттылық. Мұның барлығы адамның өмірлік позициясындағы шығармашылық іс-әрекетінен көрінеді. Әр жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып, творчествалық қабілетін арттыру олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік жасау болып табылады.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тәжірибе танымдық іс–әрекеті мен оның жеке даралық қабілетінің негізі болып табылады. Ол тұлғаның интеллектуалды дамуы мен шығармашылық қабілетінен көрінеді. Қазіргі таңда психология ғылымында кеңес психологтары  Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, О.К. Тихомировтың еңбектерінен жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық іс–әрекет, тұлғаның дамуы мен жеке тұлғалық ерекшеліктері туралы Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, В.С. Мерлиннің зерттеулерінен психикалық жаңа білімді қалыптастыру тәсілі  және тұлғаның әлеуметтік әрекеттену факторы екендігін көреміз.  

Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында өз халқының тарихы мен ұлттық құндылықтарды пайдалану (М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, С.Қ. Бердібаева, Л.К. Көмекбаева)  белсенділігі жоғарылап, оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді.

Тұлғаның жеке даралық дамуы мен қалыптасуы туралы мәселені шешкенде, ең алдымен,  баланың ақыл – ойының даму деңгейін ескеру маңызды орын алады. Оның жаңа материалды меңгеруі қандай білім мен іскерліктерді талап ететіндігіне талдау жасау қажет. Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немес іс -әрекет адамның белгілі бір ақыл –ой  белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса, ол іс-әрекеттің себептеріне айналады.

Тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыру оның  қоршаған ортамен қатынасы, әлеуметтенуі мен қарым-қатынасының алатын орнын басқа адамдармен өзара бірлескен іс-әрекеттегі жағдайы арқылы анықталады. Ол қарым-қатынасқа түсуші жақтармен ұйымдастырылатын жұмыстар негізінде жүзеге асырылады. Осындай дамыту іс-шараларына тренингтерді, топтық пікір таластарды, іскерлік ойындарды және т.б. жатқызамыз. Мысалы, топтық пікірталастар түрлі мақсаттарға қол жеткізуде қолданылады: мәселенің түпнұсқалы шешімін табу, оқыту мақсаттарында пікірлерді сәйкестендіру және бірыңғай шешім жасау. Ал белсенділік дегеніміз сол іс-әрекетті орындауға ынталандыру. Ынталандыру мадақтау, жарыстыру, айыптау, яғни ықпалды әрекеттер болып табылады.  

«Қабілет» ұғымымен қатар «тәсілқой» және  «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі.     Қабілетті адам бұл жерде епті адам ретінде түсіндіріледі, ал «епті» ұғымы сөздікте жоқ. Сонымен қабілеттің ұғымы іс-әрекеттегі жетістіктермен арақатынаста анықталады. 

«Талант» ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі. Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.  

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту