PowerPoint терезесінің элементтері
Реферат, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады. Бейнебетте қимылдану мүмкіндігін пайдаланып мәтін мен көрнекі суреттерді қимылдатуға және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді қосуға болады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Айзат реферат.docx
— 204.28 Кб (Скачать документ)
Адам канкасы
Адам қаңқасы Тірек-қимыл
мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл
мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер
жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар
(шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан
сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа
ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты
қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер
жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін)
сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас
белдеулері). Қаңқа мидан бастап,
барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін
атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік
байланысқан ми сауытын құрайтын
сүйектердің ішінде жатады. Жүрек
пен өкпені кеуде қуысы сүйектері
қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді
– жамбас белдеулері сүйектері корғайды.
Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның
қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің
бір белгісі – қимыл (қозғалу).
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер
мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста
(жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері
сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек
кемігінде қан жасушалары түзіледі.
Сүйектің құрамында минералды тұздар
мен микроэлементтер
Канка туралы
2 БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ
2.1 КІРІСПЕ
Мақсаты:
Анатомия ғылымының пәні, ғылымдар арасындағы
орнын зерттеу әдістері туралы мәлімет
беру. Анатомия ғылымының дене шынықтыру
және спорт мамандыңының студенттері
үшін маңызын түсіндіру.
Сұрақтар:
1. Анатомия ғылымының зерттеу пәні.
2. Анатомиядағы зерттеу әдістері.
3. Организм және оның құрамдық компоненттері.
Анатомия – ғылым, әрі оқыту пәні. Анатомияның
мазмұны және оның биология ғылымдарының
ішінде алатын орны. Анатомияның міндеттері
және медициналық-биологиялық, спорттық-педагогикалық
пәндермен байланысы. Анатомияның әдістемелік
негіздері.
Адам организмінің қалыптасуындағы әлеуметтік-биологиялық
факторлардың маңызы. Анатомиядағы зерттеу
әдістері.
Адамның дене құрылысындағы симметриялық
бірліктердің мәні, жазықтары.
Организм және оның құрамдық компоненттері.
Мүше, мүшелер аппаратының немесе жүйелерінің
компоненттері. Мүшелер аппараты мен жүйелерінің
компоненттері. Мүшелер аппараты мен жүйелердің
таратудың негізгі принциптері. Қозғалыстарды
атқару, реттеу және қастамассыз ету мүшелері,
аппараттары және жүйелері.
Бақылау сұрақтары:
1.Анатомия ғлымының мақсаты мен міндеттері
қандай?
2.Анатомияның қандай зерттеу әдістерін
білесіз?
3.Организмді құрайтын құрамдас бөліктерді
атаңыз.
2.2 ОРГАНИЗМ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖАСУШАЛЫҚ ЖӘНЕ
ҰЛПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Мақсаты:
Организмнің жасушалық және ұлпалық деңгейлерімен
таныстыру.
Сұрақтар:
1.Жасуша.Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні
және мөлшері. Органоидтар.
2.Ұлпа. Ұлпалардың жалпы сипаттамасы,
топтастырылуы.
3.Эпителий ұлпасы.
4.Дәнекер ұлпасы.
5.Бұлшық ет ұлпасы.
6.Жүйке ұлпасы.
Жасуша – организмнің өмір сүру, әрі даму
құрылысындағы негізгі атқаратын бір
бөлшегі. Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні
және мөлшері. Жалпы және арнаулы мәндегі
органеллалар, жасуша қосылыстары. Органоидтардың
жасушаның пластикалық және энергетикалық
процестерге қатысуы. Ядро және оның құрылымдық
компоненттері. Ядроның құрылысы мен пішіні.
Хромосома. ДНК. Ядроның атқаратын қызметінің
мәні. Жасушаның өмір сүру циклы. Жасушаның
бөлінуі.
Ұлпа. Ұлпалардың жалпы сипаттамасы, топтастырылуы.
Эпителий ұлпасы. Атқаратын қызметі, шығу
тегі мен құрылымдық ерекшеліктері. Жасушаның
өз пішініне, қабатының қанша екендігіне
қарай, атқаратын қызметіне байланысты
талдау.
Қабықты, ауыспалы. Бездер эпителийі. Бездердің
түрлері, пішіндері мен құрылымы. Сыртқы
және ішкі секрециялық бездер туралы түсінік.
Эпиелий ұлпасының регенерациясы.
Дәнекер ұлпасы. Құрамы, қызметі, топтастырылуы.
Қан және сарысу. Қан плазмасы мен формалық
элементтер (олардың сипаттамасы, сандық
құрамы).
Біріктіруші ұлпа: жеке дара біріктіретін
ұлпаларды топтастыру. Бытраңқы (қалыптасқан,
қалыптаспаған) біріктіру ұлпалары, оның
жасушалық элементтері (фиброциттер, фибробластар,
гистоциттер). Жасуша аралық заттар (эластикалық
және коллагендік талшықтар). Тығыз талшықты
біріктіру ұлпалары. Шеміршекті ұлпа,
оның түрлері, құрылысы. Атқаратын қызметі.
Пластикалық сүйек ұлпасы. Сүйектің микроскопиялық
құрылысы. Сүйек пластинкалары, құрылысы,
орналасуы.
Остеон – құбыр тәріздес сүйектегі нығыздалған
заттардың құрамдық бөлшегі. Қатты талшықты
сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасының регенерациясы.
Біріктіруші ұлпалардың сан алуан түрлерінің
механиалық қасиеттерін қосқан кездегі
беріктігі, созылу, ажырау, айналып кету.
Бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық еттің өзіндік
қасиеттері, түрлері: бірыңғай салалы,
көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары,
жүректің бұлшық ет ұлпасы.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы, орналасуы,
атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктері.
Бірыңғай салалы бұлшық ет жасушалары,
миофибриллдер, протофибриллдер.
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық
ет талшығы (мион) – қаңқа бұлшық ет ұлпасының
негізгі элементі: пішіні мен мөлшері.
Бұлшық ет талшығының біріктіруші (миофибрилл
жүйесі), трофикалық (ядро-саркоплазмалық
құрылымының тұтастығы), мембраналық (Т-жүйесі),
тірек (бұлшық ет талшығының қабықшасы)
және М-жолақтар, жүйке (сезім элементтері)
аппараты.
Саркомер. Протофибриллдер, олардың құрамы
мен алуан түрлілігі. Бұлшық ет талшықтарының
құрылымдық қысқаруы. Бұлшық ет талшықтарының
түрлері: қызыл, ақ, ауыспалы. Олардың құрылымы
мен атқаратын қызметінің сипаттамасы,
спорт тәжірибесіндегі мәні. Қозғалатын
бөлшектер (үлкен, кіші) және олардың атқаратын
қызметтері. Бұлшық ет көлемінің өздігінен
жаңаруы және өсуі.
Жүректің бұлшық ет ұлпасы, оның қаңқа
бұлшық еттерінен айырмашылығы. Кардиомиоцит,
оның құрылымдық компоненттері. Жүректің
ерекше бұлшық етінің сипаттамасы.
Жүйке ұлпасы. Нейрон – жүйке ұлпасының
негізгі құрылымдық-қызметтік бірлігі.
Жүйке ұлпасының тіректік және трфикалық
элементтері. Макро- және микроглия. Нейронның
құрылысы, пішіні және көлемі. Нейрон өсінділерінің
қабыршақтары. Аксондар мен дендриттер.
Синапстар, олардың нерв импульстерін
берулегі мәні. Рецепторлар. Нейронның
түрлері. Жүйкелік тіндер, жүйке өскіндері,
олардың қабықша құрамының өзгермелілігі.
Жүйке ұлпасы элементтерінің регенерациясы.
Бақылау сұрақтары:
1.Дәнекер ұлпасының қандай түрлерін білесіз?
2.Бұлшық ет ұлпасының түрлерін атаңыз.
3.Жүйке ұлпасының жасушалық элементтерін
атаңыз.
2.3 ОРГАНИЗМНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Мақсаты:
Организмнің өсу және даму заңдылықтарымен
таныстыру.
Сұрақтар:
1. Ұрықтану.
2. Эмбриогенез сатылары.
3. Гистогенез.
4. Мүшелердің дамуы.
5.Организмнің құрсақтан тыс даму кезеңдері.
Организмнің дамуы оның жүретін ортасына
байланысты. Жеке дамуы бір-бірінен туатын
екі үлкен кезеңге бөлінеді:
1.Құрсақ ішілік, пренаталдық кезең.
2.Құрсақтан тыс немесе постнаталдық кезең.
Құрсақішілік кезең екі фазадан тұрады:
1.эмбриондық фаза;
2.феталды фаза.
Адам ұрығының жұмыртқалық жолы мен жатырда
дамуы шартты түрде бес кезеңге бөлінеді:
1.Ұрықтану, зиготаның түзілуі.
2.Бөлшектену.
3.Гаструлалану.
4.Ұрық денесінің оқшаулануы.
5.Гистогенез бен органогенез.
Нәрестенің туылуын, оның дамуындағы диалектикалық
секіріс деп қрастыруға болады, ол ананың
құрсағына тән тұрақты жағдайлары бар
бір ортадан сыртқы дүние факторлары ұдайы
өзгеріп отыратын басқа ортаға тап болады.
Зат алмасудың сапасы да, оны іск асыратын
мүшелері де өзгереді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ішкі ұрық қабаты қалай аталады?
2.Гаструлалану процесінің соңғы нәтижесі
қандай?
2.4 ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Мақсаты: адам қаңқасы, сүйектің құрылысы,
олардың байланыстары туралы түсінік
беру.
Сұрақтар:
1 Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік.
2 Сүйек.
3 Дене қаңқасы.
4 Омыртқа жотасы.
5 Кеуде қуысы. Бас қаңқасы.
6 Ми және бет сүйектері.
7 Қол қаңқасы.
8 Аяқтың қаңқасы.
Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік.
Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек
құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз
әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас,
тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері.
Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің
мәні. Сүйектің пішіні және оның атқаратын
қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық
құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне
байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық
құрамы. Сүйектің эндесмальді, энхондральді,
перихондральді түрлері туралы түсінік.
Сүйектің ұзындығы мен қалыңдығы жағынан
өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы
ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық
салмақтың сүйектің интенсивті дамуына
ықпал ету.
Сүйектердің байланыстары туралы ілім.
Сүйектердің байланыстардың топтастыруы:
фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық
жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі),
шеміршекті (синхондроздәр, симфиздер).
Буындар. Буынның негізгі элементтері.
Қосымша пайда болған буындар. Буындарды
топтастыру: байланысқан сүйектердің
санына қарай, қызметтік таралу біліктердің
санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы,
аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен
айналысатын біліктері, пішіндері. Буын
пішіндері арасындағы қызметке қатысты
тәуелділік. Қозғалыстың ауқымы мен буынның
үстіңгі бетімен арақатынасы. Буындағы
қозғалысты тежеу, әрі шектеу.
Дене қаңқасы. Омыртқа жотасы. Оның негізгі
бөліктері. Омыртқа құрылысының жалпы
көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының
құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз
бен қүймышақтың құрылысы. Омыртқалардың
байланысы: омыртқалардың денелері арасында,
доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы
байланыстар. Омыртқа аралық дискілер
және олардың құрылысы. Омыртқааралық
буындар. Омыртқа жотаның байланыс аппараты.
Омыртқа жотаның бас сүйектермен байланысуы.
Сегізкөзбен қүймышақтың бірігуі. Омыртқа
жотаның тұтастығы. Оның тіректік және
серпімділік қасиеті. Омыртқа жотаның
физиологиялық түрғыда иілуі және оның
қызметтік мәні. Омыртқа жотаның қозғалысы.
Қозғалыс барысындағы омыртқа жотаның
иілуіндегі өзгерістер. Адам денесінің
сыртқы қабатында омыртқа жотаның құрылыстардың
проекциясы.
Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік
негіздері. Төс сүйек пен қабырғалардың
құрылысы. Қабырғалардың қозғалыстары.
Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары,
төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы,
пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы
және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері.
Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде
сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде
сүйектердің қозғалысын көрсету.
Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы.
Ми және бет сүйектері. Ми сауыты сүйектер.
Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері.
Ми сауытының сыңар сүйектері: шүйде, сына
тәрізді, маңдай және торлы сүйектер. Ми
сауытының жұп сүйектері: төбе және самай.
Бас сүйектің бет жағындағы бөліктеріндегі
сүйектер: жұптасқан - жоғарғы жақ, әлпет,
таңдай, мұрын, жақ сүйектері: төменгі
жақ, кеңсірік, құрмау сүйек. Бас сүйектердің
тұтастығы.
Бас қаңқа сүйектердің байланысы: тігістері,
самай-астыңғы жақ сүйек буындары оның
құрылысы және қозғалысы. Бас сүйектердің
төбесі, сыртқы және ішкі негіздері. Көз
шарасы оның қабырғалары мен хабар алу
жолдары. Мұрын қуысы, оның қабырғалары,
ауа өткізетін кеңсіріктері. Ауыздың сүйектері.
Бас сүйектерінің рентгентәнтануы. Бас
қаңқасының жас шамасы, жыныстық және
жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.
Қол қаңқасы. Қол сүйектерінің иық белдеуі
және еркін қозғалатын бөлімдері. Жауырын
мен бұғана. Тоқпан жілік, шынтақ және
шыбық сүйектері, білезік сүйектер, алақан
және қол бастың саусақтары, олардың құрылысы
мен орналасу жағдайы. Қол сүйектердің
байланыстары. Кежеге (төс-бұғана) және
топша (акромион-бұғана) буындар, олардың
пішіндері, айналу біліктері және қозғалыстары
шектетін байламдары. Иық, шынтақ, проксимальді
және дистальді шыбық- шынтақ буындар,
қоспа (шыбық- білезік) буын, олардың құрылыстары
мен пішіндері, буын қабы, буын қуыстары,
байламдары, айналу біліктері мен қозғалыстары.
Қол бас буындардың және байланыс аппаратының
ерекшеліктері. Білезік-аралық буын. Қол
бастың үлкен саусақтың білезік- алақан
буыны және 2-5 саусақтардың буындары. Алақан
— саусақ және бақайшық аралық буындары.
Қол сүйектердің рентгентәнтануы. Адам
денесінің сыртқы қабатындағы қолдың,
қаңқасының пайда болуы және жобалануы.
Қол сүйектердің қозғалыстарын көрсету.
Аяқтың қаңқасы. Аяқ сүйектерінің мықын
белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері.
Қасаға (екі шат сүйегінің бірігуі). Жамбас
сүйек, оның үш сүйегі: мықын, отырғыш және
шат. Ортан жілік, тізе тобығы, үлкен және
кіші жіліншіктер, аяқ басының сүйектері:
тілерсек, табан және бақай сүйектері,
олардың құрылыстары мен орналасу жағдайы.
Аяқ қаңқасының байланысуы.
Сегізкөз - мықын буын құрылысы мен қозғалысы.
Қасаға екі шат сүйегінің бірігуі. Жамбастың
тұтастығы. Жамбастың үлкен және кіші
астаулары. Жамбастың жас шамасына, жынысқа,
жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.
Жамбас-сан (ұршық) және тізе буындары,
балтыр сүйектерінің байланысулары. Балтыр-табан
(тілерсек) буыны, оның құрылысы, пішіні,
буынның қабы, қуысы, байлам аппараты,
қосымша құрылыстары, айналу біліктері
мен қозғалыстары. Аяқ бастың буындары
мен байлам аппаратының ерекшеліктері:
топай асты буын, топай-өкше-қайық буындары,
өкше-текше, тілерсек- табан, табан-бақай
және башпай-аралық буындары. Аяқ бастың
қозғалыстары. Аяқ бастың тұтастығы. Аяқ
бастың ұзыннан және көлденең орналасқан
күмбездер. Аяқ бас күмбездерінің белсенді
және сылбыр тартылғыштары. Жалпақ, табан
туралы түсінік.
Аяқ сүйектері мен буындардың рентгентәнтануы.
Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ
қаңқалық құрылымының жобалануы. Аяқ буындары
қозғалыстарының көрінісі.
Бақылау сұрақтары:
1.Сүйектің құрылысын сипаттаңыз.
2.Қандай сүйек байланыстарын білесіз.
2.5 ҚАҢҚА БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ
Мақсаты:
Қаңқа бұлшық еттері туралы мәлімет беру.
Сұрақтар:
1 Бұлшық еттің қызметі. Оның пішіндері.
2 Бұлшық еттердің құрылысы.
3 Бұлшық еттің қосымша аппараты және оның
қызметтік мәні.
4 Бұлшық еттің қамтамасыз етілуі және
жүйкеленуі.
5 Дене бұлшық еттері: омыртқа жотасын
қозғалтатын бұлшық еттер. Мойын бұлшық
еттері. Бас қозғалысына қатысатын бұлшық
еттер. Құрсақ бұлшық еттері. Бас бұлшық
еттері. Қол бұлшық еттері. Аяқ бұлшық
еттері
Бұлшық еттің қызметі. Оның пішіндері:
ұзын, қысқа, кең, ұршықты және шеңберлі
бұлшық еттер. Күшті және епті бұлшық еттер.
Бұлшық еттің атқаратын қызметі мен байланысы.
Бұлшық еттердің құрылысы. Бұлшық еттің
дәнекер ұлпа шандыр қабығы (фасция), эндомизий
және перемизиясы. Бұлшық еттің шектен
тыс әрекеті. Бұлшық еттің қосымша аппараты
және оның қызметтік мәні. Бұлшық еттің
қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі. Одақ
және қарама- қарсы бұлшық еттер. Бұлшық
ет жұмысына сипаттама: бұлшық еттің күйі,
қалпы. Бұлшық еттердің шексіз (басым),
шартты және аудару, салу күштері. Бұлшық
еттің тарту күшінің жолы. Бір, екі және
көп буынды бұлшық еттер. Бұлшық еттердің
шектен тыс әрекеті. Бұлшық ет жұмысына
сипаттама. Бұлшық еттердің жеңу, беру,
ұстап қалу және баллистикалық жұмыстары.
Бұлшық ет топтары мен бұлшық ет күштерінін,
тепе-теңдігі туралы түсінік. Бұлшық ет
күштерінің сәті. Бұлшық еттердің күштерін
қосу және алу. Күш паралеллограммасы.
Екі күштің әрекеті. Бұлшық ет жұмысы мен
бастырық (рычаг) заңы. Бұлшық еттердің
бөліктері. Адамның қозғалыс аппаратындағы
I, II, III түрі бастырықтардың сипаты.
Дене мен мойынның бұлшық еттері. Дене
бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Омыртқа
жотаны қозғалтатын бұлшық еттер. Омыртқа
бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне
қатысатын бұлшық еттер. Омыртқа жотасын
жазатын бұлшық еттер, олардың орналасуы,
басталатын және бекитін орындары, адам
денесінің жоғары қабатыңдағы жобалануы.
Әртүрлі тірек қалпында арқа бұлшық еттердің
қызметтері. Омыртқа жотасын мойын бөлігін
бүгетін бұлшық еттер. Мойын бұлшық еттері:
үстіңгі, күрмау сүйегіне бекитін бұлшық
еттер. Бас қозғалысына қатысатын бұлшық
еттер. Құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек
қалпында құрсақ бұлшық еттердің қызметтері,
құрсақ қуысының сығымдалуы және оның
спортшылар үшін атқаратын қызметі. Ұйқы
және жақасты үшбүрыштары- мойынның топографиялық
құрастырлары. Мойынның шандыр қабыктары.
Омыртқа бағанының бел бөлігін бүгетін
бұлшық еттер.
Тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер.
Демді ішке алдыратын бұлшық еттер: жәрдемдесу,
кеуде қуысқа дәлелді әрекет ету. Көкет,
оның орналасуы, құрылысы мен атқаратын
қызметі. Қабырғааралық бұлшық еттер (сыртқы
және ішкі). Демді шығаратын құрсак бұлшық
еттері, қабырға асты, кеуде қуысының көлденең
бұлшық еті. Тыныс алудың түрлері.
Бас бұлшық еттері. Шайнау бұлшық еттері.
Бас бұлшық етерінің қызметі, құрылысы
сипаттамасы. Төменгі жақ сүйектің қозғалысына
катысатын бұлшық еттердің топтары: көтерілу,
төмен түсу, алға және артқа қозғалу және
бір жағына жылжу. Ымдау және шайнау бұлшық
еттері. Бастың шандыр қабықтары.
Қолдың бұлшық еттері. Кежеге (төс-бұғана)
буында иық белдеу сүйектерді қозғалтатын
бұлшық еттер: алға, артқа, жоғары, төмен
және сагитальді біліктің айналасында
жауырынның төменгі бүрышын ішке және
сыртқа бүру. Қолдың иық белдеу сүйетерінің
қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Бұлшық
еттердің басталатын жері және бекітуі,
буындардағы білектердің (остредің) айналуына
қатысты орналасуы.
Иық буынындағы бұлшық еттердің қызметтері:
бугу, жазу, алшақтату, жақындату, пронация,
супинация. Бұлшық еттердің бастау жері
және бекуі.
Білек сүйектердің қозғалысына қатысатын
бұлшық еттердің қызметтік топтары: бүгу,
жазу, пронация, супинация, олардың басталатын
жері мен бекуі. Қол басының және саусақтардың
қозғалысына катысатын бұлшық еттердің
қызметтік топтары: бүгу, жазу, алыстату,
жақындату. Қолдың шандыр кдбықтары. Проксимальдық,
дистальдық тіректердің барысында қолдың
бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам
денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың
бұлшық еттерінің атқаратын қызметі. Адам
денесінің жоғарғы қабатындағы қолдың
бұлшық еттерінің пайда болуы, жобалануы.
Аяқтың бұлшық еттері. Ұршық (жамбас-сан)
буынындағы санның қозғалысына қатысатын
бұлшық еттердің қызметтік топтары: бүгу,
жазу, алшақтату, жақындату, пронация мен
супинация. Тізе буынында балтыр сүйектердің
балтырды қозғалтатын бұлшық еттердің
топтары: бүгуші, жазушы, пронациялық,
супинациялық. Тілерсек буынындағы аяқ
басының қатысатын бұлшық еттердің қызметтік
топтары: бүгу, жазу, алыстату, жақындату,
пронация, супинация.
Аяқ бастың бақайлардың қозғалысқа келтіретін
бұлшық еттер. Аяқтың шандыр қабықтары.
Аяқ басының күмбездерін ұстаушы бұлшық
еттер, олардың басталатын жері мен бекуі.
Аяқтың топографиялық құрылымы және оның
атқаратын қызметі. Аяқ пен қолдың бұлшық
еттерінің салыстырмалы сипаты. Адам денесінің
жоғарғы қабатында аяқтың бұлшық еттерінің
жобалануы.
Бақылау сұрақтары:
1.Бұлшық еттер қандай қызмет атқарады?
2.Тыныс алу процесіне қатысатын бұлшық
еттерді атаңыз.
3.Бас қозғалысына қатысатын бұлшық еттерді
атаңыз.
2.6. ЖАЛПЫ ДИНАМИКАЛЫҚ МОРФОЛОГИЯ
Мақсаты:
Динамикалық морфология, оның аралас ғылымдармен
байланысын (жастық және конституциональдық
морфологиямен), динамикалық морфологияның
және жеке бөлімдерінің негізгі міндеттері
туралы мәлімет беріп, қозғалыс туралы
анатомиялық негізгі ілім дамуының қысқаша
тарихын баяндау.
Сұрақтар:
1. Қозғалыс туралы анатомиялық ілім - динамикалық
морфологияның негізгі міндеттері.
2.Қозғалыс туралы анатомиялық негізгі
ілім дамуының қысқаша тарихы.
3.Динамикалық морфологияның зерттеу әдістері.
4. Қолдың морфокинезиялық талдауы.
5.Аяқтың морфокинезиялық талдауы.
6.Дененің әртүрлі жағдайындагы ішкі мүшелердің,
(көк еттің) және ішкі мүшелердің араласуы.
Динамикалық морфологияны анықтау және
оның аралас ғылымдармен байланысын (жастық
және конституциональдық морфологиямен)
жыныстық диморфизммен, биомеханикамен,
спорттық морфологиямен т.б. Динамикалық
морфологияны топтастыру. Динамикалық
морфологияның және жеке бөлімдерінің
негізгі міндеттері. Қозғалыс туралы анатомиялық
негізгі ілім дамуының қысқаша тарихы.
М.Ф.Иваницкийдің үлесі және динамикалық
морфологияның дамуындағы оның мектебі.
Адамның қалыпты жағдайлары мен қозғалыстардың
анатомиялық анализдерін алғастыруы.
Зерттеудің жаттығулардың немесе қозғалыстардың
морфологиясы. Механика заңдары позициясынан
жаттығулардың немесе қозғалыстардың
мінездемесі. Әрекеттегі күштері. Кеңістіктегі
адам денесінің қозғалысы мен қалыпты
жағдайын шарттастыратын сыртқы және
ішкі күіптер туралы түсінік. Адам денесінің
жалпы ауырлық орталығы (ЖАО) немесе жалпы
салмақ орталығы мен жеке дене бөлшектерінің
ауырлық орталықтары. Дененің жалпы ауырлық
орталықтарын анықтау әдістері. Адам денесінің
жастык, жыныстық жеке айырмашылықтарына
қарай ЖАО-ның орналасуы. Адам дене көлемінің
орталығы және оның мөлшері, салмағы туралы
түсінік. Тірек алаңы. Дененің тепе-теңдігін
сақтайтын шарттар (тізбектердің қалпылары
және олардың адам денесінің тепе- теңдігіне
әсер етуі). Тұрақты бүрыш. Қозғалыс аппараты
элементтердің озарлығы және олардың
сыртқы дем алу сақтайтын бағыттау жұмысы.
Жеке жаттығуларды орындау кезінде қамтамасыз
ету жүйелерінің (ішкі мүшелердің, жүрек-кан
тамырларыдың) қалыптары. Дене қозғалысының
немесе қалыпты жағдайдың организмге
әсері.
Қолдың морфокинезиялық талдауы. Дене
тәрбиесі сабақтарында және спортпен
айналысқанда орындалатын қолдын негізгі
қимылдары. Затгы денеге жақындатканда,
денеден итергенде, қолмен соққы бергенде,
бұлғау қозғалыстарда, қолмен тірену кездерінде
және локомоторлық функцияларын орындағанда
қозғалыс аппараттың жұмыстары.
Қол бұлшық еттердің орналасуы және олардың
спецификалық ерекше дамуы. Адамның қалыптасу
процесіндегі еңбек мүшесі ретіндегі
қолдың маңызы.
Аяқтың морфокинезиялық талдауы. Дене
тәрбиесі сабақтарында және спортпен
айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі
қимылдары. Аяқпен локомоторлық функциясын,
рессорлық және тіректік қозғалыстарын
жүргізгенде қозғалыс аппаратының жұмысы.
Дененің ерекше қалыптарында (аяқтың үшымен
көтерілгенде, отырғанда және т.б.) секіргенде,
аяқпен сокқы бергенде тірек- қимыл аппаратының
қызметтік сипаггамасы.
Дененің әртүрлі жағдайындагы ішкі мүшелердің,
(көк еттің) және ішкі мүшелердің араласуы.
Оны зерттеу әдістері. Кейбір гимнастикалық
жаттығулар негізінде (буынға түру) көк
еттің араласуы. Көкеттің араласуының
спортшы квалификациясына қатысты болуы.
Кеңістіктегі дене жағдайының өзгеруіне
байланысты спортшы жатгығуларды орындағанда
асқазанның, тоқ Ішектің, бауырдың, өттің,
бүйректердің, бүйрек тостағаншықтардьщ,
несепағарлардың, жатырдың және жатыр
түтікшелерінін араласулары. Адам қозғалысы
негізіндегі ішкі мүшелердің араласуының
жалпы заңдылықтары.
Бақылау сұрақтары:
1.Дененің тепе-теңдігін сақтайтын шарттар
қандай?
2.Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен
айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі
қимылдарын атаңыз
3.Адамның қалыптасу процесіндегі еңбек
мүшесі ретіндегі қолдың маңызы қандай?
4.Адам қозғалысы негізіндегі ішкі мүшелердің
араласуының жалпы заңдылықтарын атаңыз.
2.7 ЖЕКЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ТӘНТАНУ
Мақсаты:
Спорттағы дене қалыптарының тәнтануын
түсіндіру.
Сұрақтар:
1.Дене қалыптары мен тұрмыстық тәнтанудың
сипаттамасы.
2.Дене қалыптарының классификациясы.
3.Дененің үдемелі қозғалыстардагы тәнтанулық
сипаты.
4.Жүрудің алуан түрлері: аяқты бүгіп жүгіру,
спорттық жүру, қарсылықты жеңіп жүру,
сәтімен жоғары және төмен жүру, аяқтың
ұшымен жүру.
5.Түрған орыннан секіру.
6.Айналдыру қозғалысының тәнтанулық сипаттамасы.
7.Артқа шыр айналу (сальто)- еркін білік
(ось) маңындағы дене қозғалысы.
Дене қалыптары мен тұрмыстық тәнтанудың
сипаттамасы. Дене қалыптарының классификациясы.
Адам денесінің жоғарғы және төменгі қалыптағы
кезіндегі сыртқы күштердің әсері. Дене
қалыптары: тұру, буынға тұру, тік колмен
асылу, бүгілген колмен асылу, шалқая асылу,
аяқ басымен асылу, бүгілген аяқпен асылу,
қоссырықка тірену, гимнастикалық көпір.
Дененің үдемелі қозғалыстардагы тәнтанулық
сипаты. Қозғалыстардың классификациясы
және жалпы сипаттамасы. Жүріс - дененің
тірек ауданының серпілген күрделі, локомоторлық,
үдемелі циклдық қозғалысы. Тірек болмаған
кездегі бұлшық еттер жұмыстарының ерекшеліктері.
Жүру кезіндегі қол мен аяқтардың үйлестіру
қиысқан козғалыстары.
Жүрудің алуан түрлері: аяқты бүгіп жүгіру,
спорттық жүру, қарсылықты жеңіп жүру,
сәтімен жоғары және төмен жүру, аяқтың
ұшымен жүру. Журудің фазалары, кезеңдері,
дәуірі. Жай, бір және екі қадам. Жүру кезінде
адам денесіне әсер ететін сыртқы және
ішкі күштер. Жүру кезінде дененің жалпы
ауырлық орталығының орын ауыстыруы. Жүрудің
әр кезеңіндегі тірек- қимыл аппаратының
жұмысы.
Жүгіру мен жүрудің ара қашықтықтары.
Жүгірудің фазалары. Жүгірудің жеке фазалары
мен кезеңдерінде дене түрақтылығының
сипаты.
Түрған орыннан секіру. Секіру кезіндегі
қозғалыстың негізгі фазалары. Секірудің
әрбір кезеңдерінде организмге әрекет
етуінің сыртқы және ішкі күштердің сипаттамасы.
Секірудің дененің жалпы ауырлық орталығының
орналасқан жері және оның орын ауыстыру
қисығы. Секірудің әрбір кезеңдерінде
тірек-қимыл аппаратының жұмысы және дененің
жеке бөлшектерінің қалыптары. Ұзындыққа
секіру кезіндегі тыныс алу. Секіру кезіндегі
қозғалыстарда кимыл аппаратқа, ішкі мүшелерге
қимыл үйлесіміне әрекет ету.
Айналдыру қозғалысының тәнтанулық сипаттамасы.
Айналдыру козғалысының жалпы сипаттамасы
және оларды топтастыру. Сыртқы және ішкі
күштердің өзара әрекетінің ерекшеліктері.
Айналдыру қозғалысы кезіндегі адам денесінің
инерциялық сәтін өзгерту.
Артқа шыр айналу (сальто)- еркін білік
(ось) маңындағы дене қозғалысы. Артқа
шыр айналу кезіндегі қимылдың кезеңі
мен сатысы. Әр кезеңдегі және сатысындағы
организмнің ішкі күштері мен ауырлық
күшінің сипаттамалары. Дененің жалпы
ауырлық орталығы және оның орын ауыстыруы.
Әр қозғалыс қалыпта дене бөлшектерінің
қалыптары мен қозғалыс аппаратының жұмысы.
Артқа шыр айналу негізіндегі тыныс алу.
Айналдыру қозғалыстарының организмге
ықпалы.
Бақылау сұрақтары:
1.Жүру мен жүгірудің айырмашылықтары
қандай?
2. Артқа шыр айналу кезіндегі қимылдың
кезеңі мен сатысы.
3.Айналдыру қозғалыстарының организмге
ықпалы қандай?
2.8 ІШКІ МҮШЕЛЕР
Мақсаты:
Ішкі мүшелерді анатомиясымен таныстыру.
Сұрақтар:
1.Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы, олардың
атқаратын қызметтері. Ішкі мүшелердің
топтастырылуы.
2.Ас қорыту жүйесі.
3.Тыныс алу жүйесі.
4. Зәр шығару жүйесі.
5. Жыныс мүшелері.
Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы, олардың
атқаратын қызметтері. Ішкі мүшелердің
топтастырылуы. Түтікті мүшелердің қабырғаларының
жалпы құрылыстары: кілегейлі, бұлшық
етті, сірі және адвентициялық қабаттары.
Клегейлі қабатындағы лимфалық құрылыстары
және олардың маңызы. Бұлшық етті қабаттары.
Перистальтиканың механизмі. Сірі қабатының
висцеральдік және париетальдік жапырақтары.
Паренхиматоздық мүшелердің Құрылысы,
олардың сегменттерге және бөлшектерге
бөлінуі. Паренхиматоздық және түтіісгі
мүшелердің қанмен қамтамасыз ету және
жүйкелендірілуі. Ішкі мүшелердің дамуы.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің
жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметі.
Ішкі мүшелердің топтастырылуы. Құрылысы
және түтікті мүшелердің қабырғалардың
құрылысы: кілегейлі, бұлшық етті, сірі
немесе адвентициялық қабаттары. Кілегейлі
қабатының лимфойдтық (сарысу) құрылыстары
және олардың маңызы. Бұлшық ет қабатының
талшықтары перистальтиканың механизмі.
Сірі қабатының висцералдік және париетальдік
жапырақтары. Паренхиматоздық мүшелердің
құрылыстары, олардың сегменттерге және
кіші бөлшектерге бөлінуі. Түтікті және
паренхиматоздық мүшелердің қанмен қамтамасыз
етуі және жүйкеленуі. Ішкі мүшелердін
дамуы.
Ауыз қуысы. Ауыздың кіреберіс куысы: ауыз
саңсауы, кіреберіс бөлігінің кабырғасы.
Тістер. Сүтті және түрақты тістер, олардың
құрылысы, негізгі ауыз қуысы, оның кдбырғалары.
Тіл. Жүмсақ тандай. Сілекей бездері.
Жұтқыншақ оның құрылысы, орналасуы. Жұтқыншақ
бөлшектерінін, атқараты қызметтері. Жұтқыншақтың
лимфойдық сақинасы, оның бездерінің атқаратын
қызметі. Жұту қызметінің механизмі. Жұтқыншақ
бұлшық еттері. Өңеш. Оның бөлшектері.
Орналасуы, құрылысы. Асқазан, пішіні,
орналасуы. Асқазанның бездері, асқазан
қабырғасының құрылысы.
Жіңішке ішектер, бөліктері, орналасу
жағдайы, қатпарлары, бүрлері, ішек бездері.
Жіңішке ішектегі заттарды соратын механизмдер.
Тоқ ішек. Оның бөліктері орналасу жағдайы.
Тоқ ішектің қабырғасының құрылысы. Тоқ
ішегің жіңішке ішектен морфологиялық
айырмашылығы. Тік ішек құрылысының ерекшеліктері.
Бауыр. Орналасуы және адам денесінің
сыртқы қабатында жобалануы. Бауырдың
сыртқы құрылысы: сыртқы қабаты, шеттері,
бөліктері, қақпасы мен байламдары. Бауырдың
ішкі құрлысы. Бауырдың қан айналымының
ерекшеліктері. Бауырдың сегменттері.
Бауырдың негізгі бөлшегі. Өт қабы, оның
құрылысы, орналасу жағдайы мен атқаратын
кызметі.
Ұйқы безі. орналасуы, құрылысы мен атқаратын
қызметі. Бездің ішкі секреторлық бөлігі.
Ішперде. Ішперденің париетальдық. және
висцеральдық жапырақшалары. Құрсақ қуысы.
Ішкі мүшелердің ішпердеге қатысы. Ішперденін
құрылыстары: шажырқайы, байламдары, шарбылары,
ішперденің атқаратын қызметінің мәні.
Спортшы әйелдердің құрсақ қуысының ерекшеліктерін
ескере отырып, оларға берілетін дене
жаттығуларын дүрыс мөлшерлеу.
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мүшелердің
жалпы сипаттамасы. өкпе және тыныс жолдары.
Мұрын қуысы. Мұрын жолдары, оның құрылысы,
атқаратын қызметінің мәні. Жұтқыншақ
ауа өткізетін жол.
Көмекей. Оның орналасуы мен атқаратын
қызметі. Көмекейдің қаңқасы шеміршектер
және олардың байланыстары. Көмекейдің
байламдары. Дауыс саңылауы. Көмекей қуыстары,
кілегейлі қабықшаның құрылысындағы ерекшеліктер.
Көмекейдің бұлшық еггері: комекей саңылауын
кеңейтуі, көмекей саңылауын тарылтуы
және дауыс байланыстарының өзгеруі. Дауыс
құрылымының механизмдері.
Кеңірдек. Оның қабырғалырының құрылысы
мен орналасуы.
Бронхылар оның құрылысы мен бұтақтану
сипаты. Бронхиальдік ағашы.
Өкпе. Орналасуы, пішіні, жоғарғы қабаты,
шеттері, бөлімдері және атқаратын қызметі.
Өкпенің қақпасы және тамыры. Өкпенің
газ алмасу механизмдері. Өкпенің сегменттері.
Өкпенің бөлшегі Ацинус пен альвеолдық
құрылысы. Өкпенің газ алмасу механизмдері.
Плевра. Оның париетальдық және висцеральдық
жапырақшалары. Өкпс және плевра шекарасының
адам денесінің жоғарғы қабатына жобалануы.
Плевра қуысы, синустар. Кәкірек қуысы.
Бөлімдері, бөлімдеріндегі мүшелер.
Көкірек қуысы. Оның бөлімдері және әр
бөлігінде орналасқан мүшелер.
Несеп шығару мүшелері. Жалпы көрінісі.
Бүйректер, олардың орналасуы, пішіні,
құрылысы, атқаратын қызметі. Бүйректің
қақпасы, бүйректің үлкен және кіші табақтары,
бүйректің бекіту аппараты. Бүйректің
ішкі құрылысы: қыртыс және милы заттар.
Бүйретің сегменттері. Нефрон құрьшысы.
Бүйрек қан айналысының ерекшелігі.
Несепағар, орналасуы, қабырғаларының
құрылысы, атқаратын қызметі.
Үрпі каналы. Құрылысы, атқаратын қызметі
және жыныстық ерекшелігі. Несеп шығару
мүшелердің адам денесінің жоғарғы қабатына
жобалануы.
Ер адамның жыныстық мүшелері. Жалпы көрінісі.
Ен (аталық үрық безі) оның ішкі, сыртқы
құрылысы. Еннің қосалқысы, шәуһат өзегі,
шәуһат көпіршігі, олардың қызметі мен
құрылысы, орналасу жағдайы. Бөліп шығару
өзек, қуық түбі безі, шөуһат шығарғыш
өзек жолы бульбоуретралық бездер, олардың
орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметтері.
Сыртқы ер жыныс мүшелер. Ер шаты. Несеп
жыныс диафрагмасы.
Әйел адамдардың жыныстық мүшелері. Жалпы
көрінісі. Аналық безі оның орналасуы,
құрылысы мен атқаратын қызметі. Жатыр
түтіктері олардың құрылысы, орналасу
жағдайы, атқаратын қызметі. Жатыр, оның
қабырғасының құрылысы мен атқаратын
қызметі. Жатыр қуысы. Жатыр байламдары.
Овариоменстральдік кезеңі. Қынап, сыртқы
жыныс мүшелері. Әйел шаты. Сүт бездері.
Бақылау сұрақтары:
1.Ішкі мүшелердің атқаратын қызметі қандай?
2.Зәр шығару мүшелерін атап, олрдың құрылысын
сипаттаңыз.
3.Бүйректегі қан айналымның ерекшелігі
қандай?
2.9 ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ
Мақсаты:
Қан айналу жүйесінің анатомиясымен таныстыру.
Сұрақтар:
1.Қан айналу жүйесінің маңызы, жалпы көрінісі.
2.Қан тамырларының топтастырылуы.
3.Қан тамырлар қабырғаларының құрылысы.
4.Жүректің құрылысы.
5.Үлкен қан айналым шеңбері.
6.Кіші қан айналым шеңбері
7.Иммуногенез мүшелері мен лимфа жүйесі.
Қан айналу жүйесінің жалпы көрінісі.
Қан өткізу жүйесінің қызметі. Тамырлардың
топтастырылуы. Қан тамырлар қабырғаларының
құрылысы. Артерия мен вена тамырларының
айырмашылығы. Бұлшық етті және эластикалық
артериялар. Мүшелердің сыртындағы және
ішіндегі тамырлар.
Капиллярлар. Қан микроциркуляторлық
жолдары: артериялар, капиллярлар, соңғы
капиллярлар және венулалар. Қан айналым
шеңберлері: үлкен, кіші және жүректің.
Мүшелердің ішкі қан айналымы. Веноздық
қойнаулар (синустар). Анастомоз және коллатераль
қан айналымы туралы түсініктер.
Жүрек. Пішіні, орналасу жағдайы, жоғарғы
қабаты, шеттері, шекарасы. Жүректің фиброздық
құрамы. Жүректің құрылысы: эндокард, миокард,
әпикард, перикард. Жүрек бөліктері: жүрекшелер,
қарыншалар, олардың құрылысы мен атқаратын
қызметі. Оң жақ және сол жақ жүрекше-қарынша
саңылаулары. Жүректің қақпақшалары, олардың
құрылысы, орналасуы және атқаратын қызметі.
Жүректің емізік бұлшық еттері мен сіңірлі
шектері. Жүректен қанды алып шығатын
тамырлар (қолқа, өкпе тамыр), жүрекке қан
алып келетін тамырлар (жоғарғы және төменгі
қуысты веналар). Жүректің қанмен қамтамасыз
етілуі және жүйкелендірілуі. Жүректің
өткізу жүйесі және атқаратын қызметінің
мәні.
Үлкен қан айналымдағы тамырлар. Қолқа.
Оның бөліктері мен орналасу жағдайы.
Қолқаның өрлеу бөлімінің тарамдары. Қолқа
доғасының бұтақтары: иық-бас күретамыры,
жалпы оң және сол жақ жалпы ұйқы артериялар,
олардың жолдары. Сыртқы ұйқы артериясы
және оның негізгі тарамдары. Ішкі ұйқы
артерия оның орналасуы, жолы негізгі
тарамдары, қамтамасыз ету аймақтары.
Үлкен ми негізіндегі қан айналымы. Бұғана
асты артерия, оның орналасу жағдайы, тарамдары,
қамтамасыз ету орындары. Қолдағы артериялар:
қолтық асты, кар, шынтақ, шыбық, қол бас,
олардың жолдары және олардың қамтамасулары.
Төмеңдеген қолқаның бөліктері: кеуде
қолқа және құрсақ қолқа. Қолқаның кеуде
бөлігі, оның париетальді және висцеральді
тарамдары. Қолканың құрсақ бөлігі, оның
париетальді және висцеральді тарамдары.
Жалпы мықын артериялар, олардың ішкі
және сыртқы тамырларға белінуі. Ішкі
мықын артерияның қамтамасыз ету аймақтары.
Сыртқы мықын артерияның бүтақтары, аяқты
қамтамасыз етуі.
Аяқтағы артериялар: сан, тізе асты (тақым)
артериялар, үлкен жіліншіктің артқы және
алдыңғы артериялар,аяқ басының артериялары.
Веналар. Жоғарғы қуысты вена,орналасуы
мен ағысы. Мойын мен бас вена тамырлары.
Бұғана асты вена. Қолдың сыртқы және терең
веналары. Теменгі куысты вена, орналасуы
мен ағысы. Қақпа венасы. Терең және сыртқы
аяқ веналары.
Кіші кан айналымдағы өкпе тамырлар. Өкпе
діңі, өкпенің артериялары мен өкпе веналары.
Иммуногенез мүшелер мен лимфатикалық
жүйе. Лимфатикалық жүйе және оның жалпы
көрінісі. Лимфа капиллярлар, тамырлар,
лимфа сабак және лимфа өзегі, олардың
күрьшысы, ерекшеліктері және атқаратын
қызметтері. Лимфаның құрамы. Шеткі, аралық
және орталық лимфалар. Массаждың теориясы
мен тәжірибесі үшін лимфалық жүйе бойынша
білімнің маңызы.
Иммуногенез мүшелері. Айырықша безі,
оның орналасуы, құрылысы, атқаратын қызметі.
Қызыл сүйекті ми. Талақ, оның орналасуы.
Сыртқы және ішкі құрылысы. Қанмен қамтамасыз
етілуі және оның қызметі. Бадамша бездері,
топтастырған және жеке лимфалық түйіндері,
олардың орналасқан жерлері, құрылысы
мен атқаратын қызметі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қан айналу жүйесіне жататын мүшелерді
атаңыз.
2. Қан тамырлар қандай белгілер бойынша
топтастырылып, бөлінеді?
3. Жүректің өткізгіш жүйесін сипаттаңыз.
4.Лимфа жүйесіне сипаттама беріңіз.
2.10. ІШКІ СЕКРЕЦИЯЛЫҚ МҮШЕЛЕР
Мақсаты:
Организмнің гуморальдық реттелуін қамтамасыз
ететін эндокриндік жүйенің анатомиясымен
таныстыру.
Сұрақтар:
1.Эндокриндік жүйенің маңызы, жалпы көрінісі.
2.Эндокриндің жүйенің мүшелері.
3.Гормондар.
5.Эндокриндік жүйенің реттелуі.
Ішкі секрециялық мүшелердің жалпы көрінісі
және жіктелуі, қан және жүйке жүйелерімен
қызметтік байланысы. Гормондар, олардың
адам организміне әсері. Эпифиз, гипофиз,
қалқанша безі, қалқанша маңы бездері,
ұйқы безінің эндокриндік бөлігі, бүйрек
үсті бездері, олардың орналасуы, құрылысы
және атқаратын кызметі. Хромаффиндік
жүйе.
Жыныс бездерінің ішкі секреторлық бөлігі.
Аталық безі және аналық бездерінің ішкі
секрециялық маңызы. Организмнің жалпы
қызметін реттеуде ішкі секрециялық бездердің
мәні. Тура және кері байланыстары.
Бақылау сұрақтары:
1.Эндокриндің жүйеге жататын мүшелерді
атаңыз.
2.Гормон дегеніміз не?
2.11 ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Мақсаты:
Жүйке жүйесінің маңызымен және анатомиясымен
таныстыру.
Сұрақтар:
1.Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі.
2.Жұлын.
3.Ми.
4.Орталық жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары
және олардың рефлекторлық доға құрауына
қатынасуы.
5.Шеткі жүйке жүйесі.
6.Вегетативтік жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі. Организмнің
өмір сүру әрекетіндегі жүйке жүйесінің
атқаратын маңызы. Рефлекторлық доға -
рефлекстің материалдық негізі. Оның анатомиялық
құрамы. Жүйке жүйесін талдау. Орталық,
шеткі, соматикалық және вегетативтік
(автономдық) жүйке жүйесі құрамы. Жүйке
жүйесінің дамуы.
Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Орналасуы,
пішіні, құрылысы. Жұлынның сегменті және
оның құрамдық элементері: түбірлер, түйіндері,
Жұлын тармақтары. Жұлын тармақтары, жуандаулары,
салалары, Жұлынның ақ затының бауы. Жұлындағы
сұр зат, оның ядролары, олардың жергіліктері
қызметтері. Орталық канал. Жұлынның түйіндері
және жұлынның тармақтары. Жұлынның қабыршықтары:
қатты, тор, тамырлы. Қабыршық арасындағы
кеңістіктер және олардың сипаттамасы.
Жұлынды байлаттыру аппараттары.
Ми. Мидың жалпы көрінісі. Ми бөліктері.
Ми діні. Сопақша ми. Оның орналасуы, ақ
және сұр заттардың құрылыстары. Ромб
тәрізді шұңқыр. Сопақша мидың негізгі
ядролары, олардың жергіліктері және атқаратын
қызметтері.
Артқы ми. Оның бөліктері. Ми көпірі, оның
құрылысы, орналасуы, атқаратын қызметі.
Ми көпірінің ядролары. Мишық, оның орналасуы,
құрылысы және басқа жүйке жүйенің бөлімдерімен
анатомиялық байланысы. Мишықтың ядролары
және олардың қызметтік маңызы. Мидың
төртінші қарыншасы.
Ортаңғы ми. Оның, бөлімдері, олардың орналасуы,
құрылысы, байланыстары. Ортаңғы мидың
төбесі және оның қызметінің мәні. Ми сабақтардың
ядролары және олардың қызметтері. Мидың
суағары.
Аралық ми. Оның бөлімдері. Таламус, эпиталамус,
метаталамус және гипоталамус, олардың
орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметінің
мәні. Мидың үшінші карыншасы және оның
қатынастары. Ми діні мен жұлынның ретикулярлы
формациясы туралы түсінік. Оның қызметтік
мәні.
Шеткі ми. Үлкен мидың жарты шарлары, олардың
қабығы. Мидың иіс сезу бөлігі. Жарты шарлардың
сыртқы беттерінің көрінісі: бөлімдері,
салалары, қатпарлары. Жарты шарлардың
сұр және ақ заттары. Жарты шарлардың кыртысы
және құрылысы. Ми қыртысындағы анализаторлардың
қыртыстық шеттердің жинақты орындары
және олардың қызметтік мәні. Ми негізінің
базальдік ядролары, олардың орналасуы
және қызметтік мәні. Мидың бүйір қарыншалары,
олардың қатынасулары. Қарыншалардың
тамырлы өрімдері. Жұлын-ми сұйықтығы.
Сүйелді дене.
Ми қабықтары: қатты, торлы, тамырлы. Бас
мидың қатты қабы. Мидың қатты қабының
тамырлары. Торасты кеңістіктер, цистерналары.
Жұлын-ми сұйықтығының айналмалуы.
Орталық жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары
және олардың рефлекторлық доға құрауына
қатынасуы. Өткізгіш жолдардың топтастырылуы.
Ассоциативтік, комиссуральдік және жобалық
жолдар. Қысқа және ұзын жобалық өткізгіш
жолдары. Өрлеу жолдары, латеральды жұлын-таламус
жолы, жіңішке және сыңарлы бұталары, артқы
және алдыңғы жолдар. Төмендеген жолдары:
латеральды және алдыңғы қыртыс-жұлын
(пирамидалық) жолдары. Нейрондық құрамы,
ядролардың жинақтығы (нейрондардың денелері)
және олардың қызметтік маңызы. Экстрапирамидалық
жүйе. Қызыл ядро. Жұлын-ми жолы, оның нейрондық
құрамы ядролардын жинақтығы және қызметтің
маңызы.
Шеткі жүйке жүйесі. Бас мидың тармақтары
(қиян жүикелері). Бас сүйек жүйкелерінің
сипаттамасы. Жұлын мен бас сүйек жүйкелерінің
ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Сезім
мүшелерінің дамуындағы ерекше сезімталдығы
қиян жүйкелерінің иіс сезу (1), көз көру
(11) және кіреберіс - құрыш (VIII) ерекшелік
құрылыстары. Қозғалтқыш бас сүйек қиян
жүйкелердің: кез қимыл (111), блок тәрізді
(1V), әкеткіш (VI), бет (VII), қосымша (XI) және
тіласты (XII) құрылыстардың ерекшеліктері.
Ядролардың орналасуы, мидың негізінен,
бас сүйек қысымынан шығу орындары және
жүйкелендіру орындары және жүйкелендіру
орындары. Аралас қиян жүйкелер: үшкіл
(V), тіл-жұткыншақ (IX), кезбе (X), олардың
сипаттамасы, ядролары, жүйкелендіру орындары.
Жұлынның жүйкелері. Олардың құрылуы,
орналасу жағдайы, жүйке талшықтары мен
тармактарының құрамы. Жұлын жүйкелерінің
артқы тармақтары, олардың жолдары және
жүйкелендіретін орындары. Жұлын жүйкелерінің
алдыңғы тармақтары. Жүйке өрімдері.
Мойынның жүйке өрімі, құрылуы, орналасу
жағдайы, негізгі тармақтары мен жүйкелендіру
аймақтары. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы
мойын өрімдері тармақтарының жобалануы.
Иық жүйке өрімі. Оның құрылуы, бөлікгері
мен орналасу жағдайы. Бұғана үстіңгі
бөліктің тармақтары және олардын жүйкелендіру
аймақтары. Бұғана асты бөліктің тармақтары:
қолтык, асты, ортаңғы, шыбық , шынтақ, тері-
бұлшық ет жүйкелері, олардың жолдары
және жүйкелендіру аймақтары. Қолдың бұлшық
ет жеке топтарының және аймақтарының
жүйкелері. Қол жүйкелерінің адам денесінң
жоғарғы қабатына жобалануы.
Кеудедегі жұлын жүйкелерінің алдыңғы
тармақтары (қабырғааралық жүйкелері)
олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.
Белдің жүйке өрімі. Оның құрылуы, орналасу
жағадайы, негізгі тармақтары (мықын-құрсақ
асты, мықын-шат, сан-жыныс, сан, жапқыш,
санның сыртқы терлік жуйкесі), олардың
жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.
Сегізкөз жүйке өрімі. Оның құрылуы, орналасу
жағдайы, тармақтары (бөксе, жыныстық,
санның артқы терілік, отырғыш), олардың
жолдары және жүйкелендіру аймактары.
Отырғыш жүйкенің бұтақтары: үлкен жілінішктердегі,
кіші жіліншік және жалпы беттегі, олардың
жолдары мен жүйкелендіру аймактары. Қүймышақ
жүйке өрімі. Аяқ бұлшық ет жеке топтарының
және тері аймақтарының жүйкелендірілуі.
Аяқ жүйкелерінің адам денесінің жоғарғы
қабатына жобалануы.
Рефлекторлық доға - рецепторлар, өткізгіш
жолдары, дененің жеке бөлімдерінің проприорецептивтік
анализаторлар. Афферентік, орталық (қыртыс
асты,қыртыс) эфференттік бөлмдері.
Вегетативтік жүйке жүйесі. Вегетативті
жүйке жүйенің жалпы сипаттамасы, оның
бөліктері. Вегетативті жүйке жүйенің
(симпатикалық, парасимпатикалық) соматикалықтан
құрылыс-қызыметінің айырмашылығы. Вегетативті
жүйкесінің жоғарғы бөліктері. Вегетативті
жүйке жүйенің бас мида және жұлында шеткі
орталықтары. Вегетативтік жүйке жүйенің
омыртқа аралықтағы мен мүшелердің ішіндегі
(интрамуральды) түйіндері.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық
бөлігі. Симпатикалық жүйке жүйесінің
орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық
дін, оның орналасуы, құрылысы, түйіндері
және бөлімдері. Ішкі ұйкы, жүрек және
ішкі мүшелердің жүйкелері. Симпатикалық
жүйке жүйенің құрсақ (сәулелі) қолқа,
жамбас және тағы басқа өрімдері, жоғарғы
және төменгі шажырқай түйіндері. Симпатика
жүйесігің рефлекторлық доғасы.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық
бөлігі. Вегетативті жүйке жүйенің парасимпатикалық
бөлігінін ортаңғы-ми және сопақша ми
бөліктері бас ми діні бөліктің вегетативтік
ядролары және жұлындағы ядросы, олардың
жинақты орындары және кызметтері. Парасимпатикалық
жүйке жүйенің шеткі бөлігі. Парасимпатикалық
талшықтары: көз қозғалтқыш, бет, тіл-жұтқыншақ,
кезбе және жамбас жүйелер, олардын жұптасқан
орны және қызметтік маңызы. Вегетативті
жүке жүйенің бейімделу - трофикалық қызметі,
оның спортшыларға тиісті маңызы.
Бақылау сұрақтары:
1.Вегетативтік жүйке жүйесі қандай бөлімдерден
тұрады?
2.Ортаңғы ми бөлімдерін атаңыз.
3.Ми негізінің базальды ядроларының орналасу
сызбанұсқасын сызыңыз.
2.12. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
Мақсаты:
Талдағыштар туралы морфологиялық біліммен
таныстыру.
Сұрақтар:
1.Сезім мүшелерінің қызметтік сипаты.
Талдағыштар құрылысының схемасы.
2.Көз мүшесі.
3.Есту мүшесі.
4.Иіс сезу мүшесі.
5.Дәм сезу мушесі.
6. Тері, оның құрылысы, атқаратын қызметі.
Сезім мүшелерінің көп қызметтік сипаты.
Талдағыштар туралы морфологиялық білімді
дамыту туралы Павлов ілімінің мәні. Талдағыштар
құрылысының схемасы (сенсорлық схемасы).
Көз мүшесі. Анализаторлардың шеткі өткізгіш
және қыртыс бөлімдері, олардың қызметтік
бірлігі. Көз жанары және олардың қабықшалары:
фиброздық (талшықты), тамыры және торлы,
олардың құрылысы және атқаратын қызметінің
мәні. Торкөз қабықшаның рецептолық аппараты.
Көз алмасының камералары. Көздің мөлдір
орталықтары: сулы, ылғал, әйнек дене. Көздің
аккомодациялық аппараты. Көздің қосымша
аппараттары: бұлшық еттер, кірпіктер,
коньюктива және көз жас безі аппараты.
Көз жанарының тамырларымен жүйкесі. Көз
аппаратының жолдары.
Кіреберіс-құрыш мүшесі. Сыртқы қүлақ.
Құлақ қалқаны, сырткы дыбыс жолы, дабыл
жарғағы. Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, дыбыс
сүйектері, дыбыс түтігі, емізік сүйектің
ұялары. Ішкі қүлақ: сүйек және жарғақ
иірімдері. Вестибулярлы аппарат, вестибуляр
анализатордың рецепторлары, өткізгіш
жолдары және орталықтары. Спортшылардың
қозғалысына вестибуляр аппаратының тигізетін
маңызы. Дыбыс өткізетін және дыбыс қабылдайтын
аппараттар. Спиральді мүшелер. Дыбыс
қабылдау механизмі. Естілетін аппарат
жолдары: рецепторлары, өткізгіш жолдары,
қыртыс және қыртыс асты есту анализаторлардың
орталықтары.
Иіс сезу мүшесі. Мұрын құрылыстарының
тыныс алу және иіс бөлімдері. Иіс сезу
жүйке және оның шеткі аппараты. Иіс сезу
рецепторлары, өткізгіш жолдары, қыртыс
асты және қыртыс орталықтары.
Дәм сезу мушесі. Тілдің шығыршықты қабықшасы
тілдің дәм сезу бүрлері, олардың орналасулары.
Дәм сезу анализаторлардың рецепторлары,
өткізгіш жолдары және орталығы.
Дененің жалпы сыртқы қабаты. Тері оның
құрылысы, атқаратын қызметі. Эпидермис,
нағыз тері (дерма). Тері астырғы қабаты.
Терінің қосымшалары: шаш, тырнақ және
май шығару бездері. Терінің қан тамырлары.
Тері рецепторлары, олардың қыртыс асты
және қыртыс орталықтары.
Бақылау сұрақтары:
1.Анализаторлар өандай бөлімдерден тұрады?
2.Қандай сезім мүшелерін білесіз?
3.Дыбысты қабылдау механизмін сипаттаңыз.
2.13 ЖАС ШАМАСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ
Мақсаты:
Сұрақтар:
1.Жас шамасы морфологиясының міндеттері.
Зерттеу әдістері. Жас шамасы морфологиясын
топтастыру.
2.Организмнің өсуі мен дамуының негізгі
заңцылықтары.
3. Биологиялық жастың жеке көрсеткіштері.
Жас шамасы морфологиясын анықтау. Жас
шамасы морфологиясының педагогикамен,
теория және дене тәрбиесімен, медицинамен,
антропогенетика, эология және басқа ғылымдармен
тығыз байланысы.
Жас шамасы морфологиясының міндеттері.
Зерттеу әдістері. Материалдардың бірінші
статикалық баптау. Жас шамасы морфологияны
топтастыру. Онтогенездік негізгі кезеңдері
және оның морфологиялық сипатгамасы.
Организмнің өсуі мен дамуының негізгі
заңцылықтары: эндогендік, кезеңді біртіндеп
қайталаушылық. Жас шамасын дәуірлеу.
Биологиялық жас шамасы туралы түсінік.
Биологиялық жас шамасының бағалық көрсеткіштері
мен нормативті таблицалар. Жыныстық жағынан
жетілу және оның көп қызметтік сипаттамасы.
Тіс жасы. Сүйек жасы. Дене өлшемдерінің
жас өзгерістері. Жыныстық пісіп жетілу
және оның морфофункционалды сипаты. Ұл
мен қыздың жыныстық жағынан жетілу ерекшеліктері.
Организмнің даму, өсу, акцелерация және
онтогенез факторлары. Биологиялық жастың
жеке (локальды) көрсеткіштері. Тірек-қимыл
аппаратының: сүйек жүйесінің, сүйектер
байланыстарының және бұлшық ет жүйесінің
жас шамасы ерекшеліктері. Ішкі мүшелердің,
жүрек-тамырлардың және жүйке жүйесінің
жас шамасы ерекшеліктері. Ішкі секрециялық
бездердің жас шамасы ерекшеліктері. Биологиялық
жас шамасы, қозғалыстағы жас шамасы және
дене құрылысы қасиеттері. Жыныс жағынан
жетілу мерзімін бақылау, дене мөлшері
және қозғалу сапаларының дамуы.
Бақылау сұрақтары:
1.Организмнің жалпы өсу және даму заңдылықтарын
атаңыз.
2.Биологиялық жастың қандай көрсеткіштерін
білесіз?
3.Жастық морфологияның зерттеу әдістерін
атаңыз.
2.14 КОНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ЖЫНЫСТЫҚ ДЕФОРМИЗМ
Мақсаты:
конституционалдық морфология мен жыныстық
деморфизм туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1.Конституционалдық морфология және оның
жалпы сипатгамасы.
2.Адам конституциясының негізгі компоненттері:
дене мөлшері, дене бітімі, үйлесімділігі,
дене салмақ құрылысы, дененің этнотерриториялдықк,
вариативтілік мөлшері. Дененің жалпы
және жеке бітімдері.
3.Дене бітімінің үйлесімділік нұсқалардың,
жеңілдік схемалар.
4.Жыныстық диморфизм.
Конституционалдық морфология және оның
жалпы сипаттамасы. Соматотип туралы түсінік.
Адам дене дамуы оқуының конституциональдық
морфологиямен байланысы. Адам конституциясының
негізгі компоненттері: дене мөлшері,
дене бітімі, үйлесімділігі, дене салмақ
құрылысы, дененің этнотерриториялдықк,
вариативтілік мөлшері. Дененің жалпы
және жеке бітімдері. Адам конституциясын
оқып үйренудегі антропоскопия мен антропометрияның
әдістері. Антропометриялық аспаптары.
Антропометрия мен антропоскопия өткізу
ережелері. Тексеру материалдарын бірінші
өңдеу. В.Бунактың дене бітімдердің үйлесімділік
түрлері. Дене бітімінің үйлесімділік
нұсқалардың, жеңілдік схемалар. Адам
денесінің даму және өсу кезеңіндегі дене
бітімі үйлесімдерінің өзгерістері. Дене
салмағының құрамдары, оның компоненттері
және оларды анықтау әдістері. Май компонентін
жас шамасы сипаттамасы. Сомототиптердің
топтастыруы және олардың сипаттамасы.
И.В. Черноруцкийдің, В.Г. Штефко, А.Д.Островскийдің
П.В.Бунактың, И.Г.Галант, В.П.Чтецовтардын
схемалары және олардың топ қызметтік
сипаттамасы. Дененің мөлшері мен салмақтың
мөлшерін бағалауы. „Арманды" дене
салмағы. Д.А. Ждановтың „дене салмағын"
жасандыру принципі. Дене сымбаты және
оның анатомиялық негізі. Дене сымбатын
топтастыру. Дене сымбатының жас шамасы
өзгерістері. Адам дене сымбатын анықтау
әдістері.
Жыныстық диморфизм. Жыныстың пайда болуы.
Ерлер мен әйелдердің морфологиялық айырмашылығы
(дене өлшемдері, дене салмақ компоненттердің
үйлесімділігі, жеке мүшелердің және жүйелердің
дамуы). Генетиктер, жыныстың генетикалық
және соматикалық айырмашылығы. Олардың
онтогенездік айырмашылығы.
Бақылау сұрақтары:
1. Дене бітімінің қандай үйлесімділік
нұсқалары мен жеңілдік схемаларын білесіз?
2.Дене сымбатын анықтау әдістерін атаңыз.
3. Ерлер мен әйелдер организміндегі морфологиялық
айырмашылықтар қандай?
2.15 СПОРТТЫҚ МОРФОЛОГИЯ
Мақсаты:
спорттық морфологияның мазмұнымен таныстыру.
Сұрақтар:
1.Спорттық морфологияның пәні, мазмұны
мен зерттеу әдістері, мақсат-міндеттері.
2.Адаптация теориясы.
3.Дене жүктемелеріне бейімделу.
4.Спортқа іріктеу кезіндегі морфофункциональдық
көрсеткшітердің мәні.
Спорттық морфологияның мазмұны мен әдісі.
Медициналық-биологиялық пән және спорттық
морфологияның байланысы. Спорттық морфологияның
міндеттері.
Спорттық морфологияның әдістері: антропометриялық
(дене салмақтың компонентерін анықтау,
плантография және педометрия, динамометрия,
гониометрия дене түрлерін анықтау), антропоскопиялық,
рентгенологиялық, ультардыбыстық эхолокация,
микроскопиялық зерттеу, педагогикалық
тәжірибе, жануарлармен эксперименттер.
Спорттық морфологияны топтастыру. П.Ф.
Лесгафт- қызметтік және теориялық анатомияның
негізін қалаушы. Спорттық морфология
негізінің қалыптастырудағы М.Ф.Иваницкий
еңбегінің мәні.
Дене шынықтыру, оқытушыларға, жатгығушыларға
оқу-жаттығу процестерді (спорт жаттығуларды)
ғылым арқылы құрау үшін, жекелендіру
мен спорттық нәтижесін прогноздану үшін
спорттық морфологияның маңызы.
Бейімделудің жалпы теориялық негізі. Бейімделу
мен қайта бейімделу туралы түсінік. Қозғалыстың
көп қызметгік жүйесі және оның компоненттері.
Бейімделу реакцияларын анықтайтын факторлар:
мөлшердің әсер етуі, бір мерзімді, көп
мерзімді әрекеттері, организмнің реакциясы.
Организмнің реакция шамасы туралы түсінік
(оның реактивтілігі). Реакция шамасын
анықтайтын факторлар: түқым қуалаушылық,
физиологиялық жағдайы, жынысы, жас шамасы,
денсаулығы, алғашқы тәжірибе, дене құрылысы
(конституциясы) және тағы баскалар. Стресс
- морфофункциональдық бейімделудің механизмі.
Бейімделудің кезеңдері және оның морфологиялық
сипаттамалары.
Организмді дене күші жүктемелеріне үйрету
жолдары. Спорттық әрекет жағдайына бейімделудегі
регенерацияның, атрофияның, гипертрофияның
мәндері. Регенерация түрлері. Бейімделудің
компенсаторлық жән деструкгивтік өзгерістері.
Спортгық әрекет жағдайына организмнін
рационалдық және рационалдық емес бейімделу
критерийлері. Сүйектер остеондарының
структуралық өзгерістері. Сүйектердің
тығыз және кеуекті заттардың өзгеруі.
Бейімделуді басқару және оның морфологиялық
бақылау.
Күшті жүктемелерге бейімделу. Сүйек жүйесі.
Сүйектің өсуінің қызметтік ерекшеліктері.
Сүйектің құрылысы мен қызметтік шарттасқандығының
негізгі заңцылықтары. Спортшыларды сүйекті
бейімдеудегі нормалардың мәні. Сүйектің
химиялық құрамының өзгеруі. Спортшылардың
денесіңдегі (омыртқа жотасы мен қабырғалар),
аяқ - қолдарындағы, бас сүйегіңдегі бейімделу
өзгерістері.
Сүйектердің байланыстары. Байланыстардың
синовиальдік, фиброздық және шеміршекті
өзгерістері. Спортшылардың буындарындағы
компоненттердің өзгеруі (сүйектердің
бір-бірімен түйісіп жанасатын буын беттері,
буын қабы, буын саңылауы). Спортшылардың
буындарындағы қозғалыстардың топографиясы.
Бұлшық ет жүйесі. Микро және ультрамикроскопиялық
деңгейдегі бұлшық ет талшықтарының морфофункциональдық
өзгерістері. Бұлшық ет тамырлардың және
жүйкелердің өзгерістері. Бұлшық еттердің
сыртқы пішіндердің өзгерістері: көлемі,
ұзыңдығы, талшықты және сіңірлі бөліктердің
сәйкестігі. Бұлшық еттің ішкі өзгерісі:
ет талшықтарының бағыттары мен орналасу
жағдайын өзгерту, эндомизийдің және перимизийдің
құрылыстарын. Спортшылардың бұлшық етіндегі
күштің топографиясы.
Ішкі мүшелер, жүрек-тамырлар, жүйке жүйесі
және эндокринді аппарат. Асқазанның бейімделуі,
оның қабырғаларының құрылымы және қызметі
(эвакуаторлық, секреторлық және экскреторлық);
бауырдың, оның мөлшері және ішкі құрылысы;
бүйректердің салмағы, мөлшері, нефронның
компоненттері; жүрек, оның салмағы, мөлшері,
қуысы, миокарды, перифериялық тамырлары,
қанның микроциркуляторлық жолы, қан тарату
жүйесі, оның үлгі элементтері, жүйке жүйенің
қыртыс және қыртыс асты структуралары,
перифериялық жүйке тармақтары және оның
шеткі аппараттары,гипофиздің және бүйрек
үсті бездердің.
Спортқа іріктеу кезіндегі морфофункциональдық
көрсеткшітердің мәні. Спорттағы іріктеудің
формасы мен әдісі. Спорттық іріктеудегі
морфологиялық үлгі мен өнеге. Спорттық
іріктеудің анатомоантропологиялық өлшемдері.
Спорттық іріктеу кезінде қолданылатын
морфологиялық көрсеткіштерге әулеттік
және шеттік орталық әсердің салыстырмалы
мәні.
Бақылау сұрақтары:
1.Адаптация ұғымына анықтама беріңіз.
2.Спорттық морфологияның мақсат-міндеттері
қандай?
3. Жүйелі түрде әсер ететін дене жүктемесі
әсерінен спортшылардың буындарында қандай
өзгерістер жүреді?
Адам анатомиясы
Тақырыбы: Кіріспе. Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері.
Жоспар:
1. Адам анатомиясы пәні . Анатомия ғылымының салалары.
2. Анатомия ғылымының зерттеу әдістері
3. Адам анатомиясының тарихы, адамның табиғаттағы орны.
4. Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза ұғымдары.
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын тіршілігі мен тарихи даму қызметіне байланысты тексереді. Өйткені, адамның әрбір мүшесінің құрылысы оның қызметіне тығыз байланысты. Адамдардың пайда болуы туралы идеалистер діни былай дейді – адам құдай құдіреті мен жаратылған, ал материалистер – ғылыми деректерге сүйеніп, адам тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуынан пайда болған деп дәлелдейді.
Анатомия гректің —
“anatome” – кесемін деген
- Жүйелік немесе жалпы анатомия – ағзаның тірек –қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек- тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
- Топографиялық анатомия – адам денесіндегі мүшелерінің өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
3. Мүсіндік анатомия – адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын үйретеді
Бұл аталған анатомия салаларының практикалық маңызына келетін болсақ, егер жүйелік анатомия элементтері жалпы физиология ілімін меңгеруге негіз салса, топографиялық анатомия медициналық ілімге негіз қалайды,ал мүсіндік анатомия суретшілер,скульпторлар үшін міндетті қажетті пән болып табылады.
Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірідей тексеретін саласын – функционалдық әдіс деп атауға болады.
Морфологиялық немесе құрылымдық әдістерге мыналар жатады:
А) осып-кесу әдісі-ең кең таралған әдіс
Ә)борсыту әдісі
Б)лықыту әдісі
В)ағарту әдісі
Г)бүлдіру әдісі
Ғ)микроскоптық әдіс
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге мыналар жатады:
Д) рентгеноскопиялық әдіс
Е) рентгенографиялық әдіс
Ж) ауторадиографиялық әдіс
З) сынама-тәжірибелік әдіс
Бұлардан басқа
Анатомия көптеген ғылымдармен байланысты және оның өзі де бірнеше салаға бөлінеді. Мысалы адамның дене құрылысын зерттегенде, жай көзбен көріп, оның бейнесін, пішінін сипаттауда қалыпты анатомия деп, дене құрылысын микроскоппен зерттейтін ғылымды микроскоптық анатомия деп атайды. Ағзаның қызмет атқару жүйелеріне сәйкес, қалыпты анатомияның өзі бірнеше тарауға бөлінеді :
- Остеология – сүйектер және олардың байланыстары туралы ілім;
- Синдесмология – сүйектің, буын байланыстары туралы ілім;
- Миология – бұлшық еттер туралы ілім;
- Спланхнология – ішкі органдар туралы;
- Ангиология – қан тамыр, жүрек туралы;
- Неврология – ми, жұлын, жүйке жүйесі туралы;
- Эстезиология – сезім мүшелері туралы;
- Эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім.
Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу — Әли – Ибн-Сина. Мысалы ол “ Дәрігерлік ғылымның канондары” деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.
Анатомияның негізін салушы
– Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол
ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын
зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес
болар деп жобалаған.Галеннің көп қателерін
араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,
Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды.Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді.Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді.Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалымЛеонардо да Винчи суретші, математик,инженер,ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған.Мальпиги мен Шумлянскийкапилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді.Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.
Орыс ғалымдары арасынанН.И.
Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға ,хордалылар типіне,сүт қоректілер класына,приматтар отрядына,адам тәрізді приматтар отряд тармағына ,адамдар туысына,оның ішінде саналы адам түріне жатады.
Анатомия пәнін оқығанда жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет.
Жасуша –деп тіршілік жүйесі бар , цитоплазма,ядро,органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының , дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз.
Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.
Адам мен жануарларда ұлпаның 4 түрі белгілі:
1.Эпителий ұлпасы
2.Дәнекер ұлпасы
3.Бұлшық ет ұлпасы
4.Жүйке ұлпасы
Мүше –деп бірнеше ұлпалардан түзіліп, белгілі бір қызмет атқаруға, эволюцилық дамуда бейімделген , белгілі бір пішіні, құрылысы бар дененің бір бөлігін айтамыз. Мысалы құлақ,сүйек т.б.
Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары үұсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз.Мысалы ас қорыту,тыныс алу т.б.
Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. .Мысалы тірек-қимыл аппараты,несеп-жыныс аппараты.
Ағза-барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.
Лекция 2 .
Тақырыбы: Адамның және жануарлардың тірек қимыл аппаратының ерекше қасиеттері. Тұлға сүйектері
Жоспар:
- Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне жалпы сипаттама.
- Сүйектер туралы ілім – остеология.
- Сүйектің құрылысы, химиялық құрамы.
- Тұлға қаңқасы.
- Омыртқа жотасы, омыртқалар.
Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне қаңқа, сіңір, буын және бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы жануарлар қаңқасына ұқсас.Одан айырмашылығы: