PowerPoint терезесінің элементтері

Реферат, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады. Бейнебетте қимылдану мүмкіндігін пайдаланып мәтін мен көрнекі суреттерді қимылдатуға және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді қосуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айзат реферат.docx

— 204.28 Кб (Скачать документ)

Бұлшық ет жиырылған кезде  бір ұшы тұрақты қалады, оны бұлшық еттің басы дейді, ал қозғалатын ұшын құйрығы не ұшы дейді.

Пішіні: Бұлшық еттердің пішіні мен көлемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Сол себептен пішіні әр түрлі. Оларды жай , күрделі және қауырсынды бұлшық еттер деп 3 топқа бөлуге болады.

Жай бұлшық еттерге ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді, дөңгелек бұлшық еттер жатады. Ұзын бұлшық еттер қол-аяқта кездеседі. Олардың орталығы жуан болып қарынға, ал екі ұшы жіңішкеріп тарамысқа немесе сіңірге айналады. Оның дистальді ұшын басы, ал прокисамальды ұшын құйрығы дейді.

Қысқа бұлшық еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында.

терең орналасқан Жалпақ бұлшық еттерге көбіне тұлға бұлшық еттері жатады. Мысалы: құрсақ, арқа, көкірек бұлшық еттері жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жалпақ болып бірігеді. Оларды апоневроз дейді.

Сақина тәрізді бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасқан. Мысалы: ауыз, көз, қуық, тік ішектің сыртқы тесігіндегі дөңгелек бұлшық еттер өздерінің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде оларды тарылтады. Сондықтанда оларды қысушы бұлшық еттер деп атайды.

Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары бұтақталып бірнеше сүйектерге барып бекитін бұлшық еттер жатады. Мысалы: тоқпан жіліктің екі, үш басты бұлшық еттері көп басты.

Егер бұлшық ет талшықтары сіңірлі жиегіне қиғаш орналасса, оны жарты қауырсынды бұлшық ет, ал талшықтар сіңірлі өзекке екі  жағына бірдей қиғашталып орналасса  бүтін қауырсынды бұлшық ет дейді. Мысалы: иық дельта тәрізді бұлшық етінде осы екеуі де кездесе- ді. Көп басты бұлшық еттердің басталуы бір сүйектің екі, үш, төрт жерінен басталып (жалпы бір қарынға бірігіп) бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді.

Кей бұлшық еттің қарыны тарамыс арқылы екіге немесе бірнеше  көлденең сіңірлі жолақ қынаптарға бөлінеді. Мысалы: құрсақтың тік бұлшық еттері.

Бұлшық еттердің қосымша  мүшелері. Олар бұлшық еттің жұмысына жәрдем береді. Оларға: шандыр қабық (фасция) , шырышты қалталары, сары сулы қынап, сесам сүйектері, блоктар жатады.

Фасциялар еттің дәнекер  теріден құралған қабаты беткі, терең  және мүшелер шандырлары деп бөлінеді. Беткі шандырлар терінің астында орналасқан, тері асты клетчаткасының тығыздалған түрі болып табылады.

Тұлғаның бұлшық еттері арқа ,көкірек және құрсақ еттері болып бөлінеді.Көкіректің бұлшық еттері беткі және тереңде жатқан бұлшық еттер болып жіктеледі.Беткей еттерге көкіректің үлкен және кіші бұлшық еттері,бұғанаасты және алдыңғы тісті еттер жатады. Көкіректің тереңде жатқан бұлшық еттеріне сыртқы және ішкі қабыртқа аралық еттер,көкіректің көлденең еті,диафрагма(көкет) еттері жатады.

Құрсақ бұлшық еттері топографиялық  жағынан бүйір,алдыңғы және артқы  қабырғалық еттерге бөлінеді.Бүйір  еттерге құрсақтың сыртқы,ішкі және төстің семсер өсіндісі қиғаш еттері жатады.Артқы қабырғалық еттерге белдің артқы шаршы еттері,ал алдыңғы еттерге құрсақтың тік еті және пирамидалық ет жатады.

Арқаның бұлшық еттері беткі  және тереңде жатқан бұлшық еттер  болып жіктеледі.Беткей еттерге  трапеция тәрізді ,арқаның жалпақ еті,жауырын  көтеретін ет,ромба тәрізді ет,артқы  жоғарғы және артқы төменгі тісті  бұлшық еттер жатады.Арқаның терең сүйеккке таяу жатқан еттеріне бас мойын белдеу еті,жотаны жазушы ет,сегізкөз артқы өсінділер еті,арқаның ұзын бұлшық еті,көлденең өсінділер аралық еттер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек-қимыл мүшелер  жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқағабұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Адам қаңқасының бөлімдері[өңдеу]

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты  құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің  жілік майы толтырып тұратын ортаңғы  бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақомыртқалар.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқадоғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Аломыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.

 
Омыртқа жотасының  бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

  • орындықта түзу отырмау;
  • жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;
  • көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
  • сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.

Кеуде қуысының қанқасы - кеуде  торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11,12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі - бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.[1]

 

 


Информация о работе PowerPoint терезесінің элементтері