PowerPoint терезесінің элементтері

Реферат, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады. Бейнебетте қимылдану мүмкіндігін пайдаланып мәтін мен көрнекі суреттерді қимылдатуға және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді қосуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айзат реферат.docx

— 204.28 Кб (Скачать документ)
  1. адамның омыртқа жотасында ерекше иілімдер -лордоз,кифоз болады.
  2. адамның көкірегі жануарларға қарағанда кеңейген,
  3. адамның жамбасы жануарларға қарағанда жалпайған,
  4. адамның жануарлардыкіндей тұмсығы болмайды.

Қаңқа- скелет ( грекше skeleton- кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі бір пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды.

Қаңқа — тірек – қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады.

Сіңірлер мен буындар  қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып,буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды және қозғалуға икемді етеді. Бұлшық еттер буындарды айнала шандып, жалғасатын 2-3 сүйекті бір-бірімен байланыстырады және жиырылған кезде сүйектерді біріне-бірін бірде жақындатып, бірде алшақтатады. Бұлшық еттердің бұл қызметін динамикалық қызмет деп атайды.

Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Оның 85-сі жұптасқан және 80-ні тақ сүйектер. Сүйек-мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Сүйек қабығында қан тамырлары, нерв ұштары болады. ол екі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады.

Сүйек екі қабаттан құралады. Сыртқы қабаты тығыз заттан астыңғы  қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің қатты заттарының үш қабаты бар. Сыртқы қабаты бір-бірімен өзара қабаттасып сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Ішкі қабат жіліншіктің майын қаптай орналасады.

Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты, әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат остеондар. Сондықтанда сүйектің құрылым бірлігіне остеон жатады.

Сүйек органикалық және минерал  заттардан тұрады. Са тұздары, Р қышқылы, Mg, C қышқылы, NaCl минералды заттарды құрайды. Ал органикалық бөлігін негізінен оссеин деп аталатын заттан тұрады.

Қыштан 30 есе, гранит 2,5 есе  мықты тек темір берік.

Сүйектің берік болуы  минералды заттарға байланысты. Серпімді болуы оссеинді заттарға байланысты. Біршама сүйектердің 1/3 бөлігі минералды затының 2/3 бөлігі органикалық заттардан құралатыны да мәлім.

Сүйектерді жіктеу.

Пішіні мен көлеміне байланысты және атқаратын қызметіне қарай сүйек ұзын, қысқа (кемікті), жалпақ және аралас сүйек болып бөлінеді.

А) Ұзын сүйек немесе тіліктің екі ұшы жуандау, ортаңғы бөлігі жіңішке, іші қуыс келеді. Жуантық  екі ұшы жіліктің басы немесе эпифизі, ал ортаңғы бөлігі жіліктің денесі немесе диафизі деп аталады. Жіліктің екі басындағы буын беті жылтыр шеміршекпен қапталады. Диафиз бен эпифиз аралығы метафиз деп аталады. Эпифизде сүйектің қызыл майы диафизде сары майы болады.

Сүйектің дамуы:

Сүйек ұрық жапырақшасының мезодермалық бөлігінен қалыптасады. Сүйек затын жасайтын жас жасушалар остеобластар, ал сүйек затын бұзып, жоятын заттар остеокластар деп аталады. Остеобластар остеоциттерге айналған кезде аралық заттың түзілуі тоқталады. Дәнекер ұлпасы мен шеміршек ұлпасының сүйектенуі остеогенез деп аталады. Ол төрт жолмен жүреді.

А) Дәнекердің ішінен сүйектену

Б) Шеміршек қабығынан сүйектену

В) Сүйек қабынан сүйектену

Г) Шеміршектің ішінен сүйектену.

Адамның қаңқасы мынадай түрде бөлінеді.

  1. Тұлға сүйектері омыртқалар, қабырғалар, төс.
  2. Бассүйек қаңқасы, ми сауыты, бет сүйегі.
  3. Қол-аяқ қаңқасы.

Тұлға қаңқасы.

Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.

Омыртқа жотасы атқаратын  қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.

Кез келген омыртқа денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесіктері бір-бірімен жалғасып омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасында жоталық өсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсінділері орналасады.

Мойын омыртқалар. Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады. Пішіндері де бір-біріне ұқсас майда болады. Олардың көлденең өсінділері көлденең қабыртқалық өсінді деп аталады. Омыртқа артериясы өтетін көлденең тесігі ,VІ мойын омыртқаның қабырғалық өсіндісінің алдыңғы жағында ұйқы төмпешігі бар.

1-ші мойын омыртқа -ауыз омыртқа немесе атлант деп аталады.

2-ші мойын омыртқа аксис  немесе эпистрофейдің денесі  тіс тәрізді өсіндісімен бірігіп тұтасып кеткен .

7-ші мойын омыртқасының  жоталық өсіндісі өте ұзын  болғандықтан оны шығыңқы омыртқа  деп атайды.

Арқа (кеуде) омыртқалары. Бұлар  мойын омыртқалардан ірі және олардың көлденең орналасқан жоталық өсінділері жақсы жетілген. Арқа (кеуде) омыртқаларының саны 12. Оларға 12 жұп қабыртқа буындасады.1-ші,11-ші,12-ші қабыртқалар қабыртқалық ойысқа бекінеді.2-10-шы омыртқаларға қабыртқалар үстіңгі және астыңғы жиектегі жартылай буын ойыстарына жалғасады.

Бел омыртқалардың саны 5-еу. Денесі өте үлкен және буын беті жазық. Көлденең өсінділері жалпақ әрі жазық болады. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері маңдай жазықтықта ,ал буындық өсінділері жебе жазықтықта жатады

Сегізкөз омыртқалары 10-22 жаста жеке-жеке болады .25-30 жаста  тұтасып сегізкөз сүйегіне айналады. Сегізкөз -үш бұрыш пішінді сүйек,оның негізі және ұшы болады. Бүйірінде жамбас сүйектерімен жалғасатын құлақ тәрізді буын беті болады.Сыртқы бетінде орталық қыр 2 бүйір қырлары,2 аралық қырлары болады. Сегізкөздің жұлын ұңғылы саңылауға айналады Оның 2 жағында 2 ашасы бар.

Құйымшақ омыртқалар 4-5 омыртқалардың  бірігуінен пайда болады, омыртқалардың тек денесі бар. Құйымшақ қалдық мүше.

Кеуде немесе көкірек алдыңғы жағынан төс сүйегі 12 жұп қабыртқалар ,сырт жағынан омыртқалардан құралады. Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталады .Онда жүрек ,өкпе, жұтқыншақ ,кеңірдек т.б. мүшелер орналасқан.

Қабыртқалар қалақ тәрізді  ұзын имек сүйектер.Олар12 жұптан тұрады. Қабыртқаның ортасы денесі алды мен арты ұштары деп аталады.Артқы ұшы қабыртқа басы деп аталады, қабыртқаның мойны және буын дөңестері болады. Қабыртқаның алдыңғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар.Жеті қабыртқа ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйегіне тікелей бірігеді,бұлар нағыз қабыртқалар. 8,9,10-шы қабыртқалар жалған қабыртқалар төспен тікелей жалғаспай шеміршекпен ғана бірігеді .11-12-ші қабыртқалар бос, жетім қабыртқалар.

Төс сүйек –бұл қанжар тәрізді сүйек, 3 бөліктен тұрады: төс тұтқасы., төс денесі және семсер тәрізді өсінді.Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады. Осы жерде мойындырық ойысы болады.

Лекция № 3.

Тақырыбы: Қол сүйектері. Аяқ сүйектері.

Жоспар:

  1. Қол- аяқ сүйектеріне жалпы шолу.
  2. Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері.
  3. Аяқ сүйектері, құрылысы, ерекшеліктері.

Қол және аяқ қаңқасы сүйектері  сырттай ұқсас көрінгенімен атқаратын қызметіне қарай, пішіні және мөлшері жағынан айырмашылықтары болады. Қолдың сүйектері аяқ сүйектеріне қарағанда жіңішке, әрі жеңіл және бір-бірімен өте қимылдағыш буындар арқылы байланысқан болып келеді. Себебі қол эволюция барысында нағыз еңбек құралына айналған. Ал аяқ сүйектері – дененің тірегі, соған орай аяқ сүйектері салмақтырақ, жуан және буындары орнықты болады.

Қолдың қаңқасы атқаратын қызметіне қарай иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын қаңқасы болып екіге бөлінеді. Ал, аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады.

Иық белдеуіне екі бұғана және екі жауырын сүйектері жатады. Бұғана немесе көтеге сүйек дене мен  ішкі төстік және сыртқы торшалық ұштан тұрады.

Бұл сүйектің үсті тегіс, ал астыңғы жағы бұлшық еттер мен сіңірлер бекінетін болғандықтан бұдырлы болып келеді. Сүйектің пішіні S әріпі сияқты иілген болады. Бұғана иық белдеуін көтеріп қолдың еркін қимылдауына жағдай жасайды.

Жауырын кеуденің сыртын ала  ІІ-ІІІ қабыртқалар тұсында орналасқан жалпақ үш бұрышты жұп сүйек. Қабыртқаның беті ойыстау, арқа беті дөңестеу келеді.

Жауырынның ортаңғы, артқы, үстіңгі төстері, төменгі –жоғарғы, сыртқы қалың бұрыштары болады. Сыртқы бұрышында бұрыш ойығы орналасады. Ол ойық жауырынның мойны арқылы жауырынның басқа бөліктеріне бөлініп тұрады. Жауырынның үстіңгі жағы мен жауырын мойны мен ойығы арасында құс тұмсық өсінді болады.

Арқалық бетінде өте жақсы  дамыған жауырын қыры бар. Ол жауырынды  жауырын жотасының астыңғы және үстіңгі шұңқырларына бөледі. Жауырын қырының қалыңдау ұшы торша өсінді немесе акромион деп аталады.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.

Қары бөлігі. Тоқпан жілік – іші қуыс, ұзын жілік сүйегі жіліктің ортаңғы бөлігі денесі немесе диафиз, проксимальды және дистальды бастары болады. Жіліктің жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы. Проксимальды эпифизі торша шар тәрізді жұмыр. Оны жіліктің басы деп атайды. Жіліктің басындағы үлкен және кіші төмпешіктердің алдыңғы жағында анатомиялық мойны болады. Бұл төмпешіктердің әрқайсысынан төмен қарай үлкенқыр және кішкене қыр созылып шығады. Екі төмпешіктердің ортасына төмпешік аралық теріге орналасады. Сүйектің эпифизінен диафизіне өтетін жіңішкелеу жері хирургиялық мойны деп аталады.

Тоқпан жіліктің төменгі  ұшы жалпайыңқырап имектеу келген айдаршаға айналады. Оның ортасында шынтақ сүйегі шығыр тәрізді буын беті болады. Оның үстінде тән ойығы, ал артында үлкен шынтақ ойығы орналасады.

Шар тәрізді буын беттің үстінде шыбық ойығы жатады. Сонымен бірге дистальды басында ортаңғы және сыртқы айдаршаүсті төмпешіктері болады.

Білек сүйектеріне шынтақ пен шыбық сүйектері жатады. Шыбық сүйектің жоғарғы басы цилиндр тәрізді. Ол тоқпан жіліктің буын бетімен буын ойығы арқылы беттескен. Шеңбер тәрізді буын беті шынтақ сүйегімен буындасады.

Бастан сәл төмен жілік мойны болады. Төменгі ұшы жалпақ шынтақ сүйекпен буындасатын ойығы, ал сырт жағында біз тәрізді өсіндісі болады.

Шынтақ сүйектің басында  жарты ай секілді үлкен шығыр ойығы болады. Ол тоқпан жіліктің шығыр тәрізді буын бетімен буындасады. Ойықтың жоғарғы жағы шынтақ өсіндісі, ал төменгі жағы тәж өсіндісі деп аталады. Сүйектің униталды басы жұмыр болып келеді. Оның шыбық сүйекпен байланысқан жері шеңберлі буын бетінен, ал ортаңғы бөлігі біз тәрізді өсіндіден тұрады.

Қолбасының сүйектері  үш бөлімнен білезік сүйектері, алақан сүйектері және саусақ сүйектерінен тұрады.

Білезік сүйектері екі  қатар болып орналасқан қысқа кемікті сегіз сүйектен құралады. Бірінші қатарда қайың тәрізді, жарты ай тәрізді, үш қырлы, бұршақ тәрізді сүйектерден құралады. Екінші қатарда трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, томпақ және иілген тәрізді сүйектер болады.

Алақан сүйектері түтік тәрізді бес сүйектен құралады. Олардың денесі, негізі және басы болады. Саусақ сүйектері басбармақтан басқа үш бақайшақтан,ал басбармақ екі бақайшақтан тұрады.

Аяқ қаңқасы жамбас белдеуі және аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып олда екі бөлімнен тұрады. Жамбас белдеуі бір бірімен бітісіп кеткен екі оң және сол жамбас сүйектері мен сегізкөз сүйегінен тұрып,құрайды.Бұл қуыс қорғаныстық қызмет атқарады,мұнда зәр шығару мен жыныс мүшелері орналасқан.Жамбас сүйектері мықын,шонданай және қасаға бөлімдерден тұрады.Осы үш сүйектің біріккен жерінде ортан жіліктің басы кіріп тұратын жамбастың ұршық ұясы болады.Ұяның түбінде жарты ай тәрізді буын беті болады.Жамбастың төменгі жағындағы қасаға және шонданай сүйектерінің арасында үлкен тесік жамбас ұңғылы деп аталатын тесік орналасады.Жамбас сүйектерінің ең үлкені -мықын сүйегі.Ол үлкен денеден және жұқа қанаттардан тұрады.Оның қанатының сыртқы,ішкі ернеулеріжәне аралық сызығы болады.Мықын сүйегінің жоғары мен төменгі алдыңғы мүйістері, жоғары мен төменгі артыңғы мүйістері бар. Шонданай мен қасаға сүйектерінің денесі және екі бұтақтары болады.

Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы  сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.

Информация о работе PowerPoint терезесінің элементтері