Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 21:00, курсовая работа
Краткое описание
Pascal тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған ALGOL, FORTRAN, BASIC тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Pascal тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралады. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады.
Содержание
І.Кіріспе........................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім...............................................................................
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері....................................
1.2 Turbo Pascal –ды іске қосу.Компиляциялау..............................
1.3 Программа құрылымы. Қарапайым программа.........................
1.4 READLN, WRITELN операторлары.........................................
1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт........................
1.6 Есептер шығаруда қолданылуы...............................................
1.7 Массивтер............................................................................
1.8 Жазбалар..............................................................................
1.9 Жиындар..............................................................................
1.10 Файлдар..............................................................................
ІІІ.Қорытынды ..............................................................................
Әдебиеттер.................................................................................
Прикрепленные файлы: 1 файл
Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері .docx
— 71.74 Кб (Скачать документ)
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері
І.Кіріспе.....................
ІІ.Негізгі бөлім.........................
1.1 Turbo Pascal тілінің
негізгі элементтері...................
1.2 Turbo Pascal –ды іске
қосу.Компиляциялау............
1.3 Программа құрылымы.
Қарапайым программа...........
1.4 READLN, WRITELN операторлары..................
1.5 Тармақталу. Циклдер.
Жай шарт. Құрама шарт...................
1.6 Есептер шығаруда
қолданылуы....................
1.7 Массивтер.....................
1.8 Жазбалар......................
1.9 Жиындар.......................
1.10 Файлдар.......................
ІІІ.Қорытынды ..............................
Әдебиеттер....................
Кіріспе
Pascal тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған ALGOL, FORTRAN, BASIC тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Pascal тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралады. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Pascal тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді. Қазіргі кезде Pascal кез – келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
ХХІ ғасырдың 20 жылдарында Ч. Бэббидж (автоматты) цифрлық есептегіш машиналардың автоматты түрде есептеу, яғни программалау үлкен өзгеріс әкелген идея болды. Бэббидждің программаларды Жозеф Мари Жаккардың ойлап шығарған тігін станоктары қызметін басқаратын перфокарталарға жазуды қолданған әдісі техникалық жағынан қазіргі ЭЕМ-дегі программаларды сақтаумен еш қатысы болмаса да осы кезеңнен программалаудың дамуы басталды. Ч. Бэббидждің замандасы болған Аду Лавлейс аналетикалық машинаны дұрыс бағалап дүние жүзіндегі бірінші программист атанған. А. Лавлейс есептеудің әрі қарай жалғасуын басқарудың кейбір тәсілдерінің жолдарын теориялық негіздерін жасаған. Бұл программалау тілі, яғни цикл (айналым) кең қолданылып келеді.
Программалау тілдерінің даму тарихында Пенсильваний университетінің қызметкері Джон Маучли ұсынған машиналық командаларды арнайы символдар көмегімен кодтау жүйесі үлкен жаңалық әкелді.
3
1958 жылы FLOW-Matic құрастырушы пайда болды. Фортран тілінен басқа ғылыми ұсыныстар үшін FLOW-MATIC коммерциялық деректерді өңдеу есептері үшін бірінші тіл болған. Осы бағытты жұмыс жасау КОБОЛ тілінің пайда болуына әкелді.(COBOL – Common Business Oriented Language). Осы тілді құру кезінде бірден – бір консультант Грейс Мюррей Хоппер болды.
50 жылдың ортасы программалау
аймағында талпынған прогресс
болып сипатталады. Машиналық командада
программаның рөлі төмендей
Көптеген кең тарағандардың біріншісі және алғашқысы Фортран болып табылады. 1954 жылы ІВМ фирмасындағы программистер тобымен жасалынған.
Fortran (Фортран). Бұл бірінші компиляцияланатын тіл, 50 жылдары Джим Бэкус құрған. Ассемблерде құрылған программаларды программистер жоғары өнімді тілдіңжоғары деңгейде пайда болу мүмкіндігіне көптеген сенімсіздіктер білдірді, сондықтан Фортран компиляторын құруда негізгі критерий – орындалған кодтың тиімділігі болып табылады. Фортранда программалау тілінің маңызды түсінік қатары жүзеге асырылғанымен, программалаудың құрытуының жайлылығы, машиналық кодтың тиімділігін алу мүмкіндігі өмірін қиюға әкеліп соқты. Бірақ бұл тіл үшін кітапхананың үлкен санын құруға әкеледі, статистикалық комплекстен бастап спутникті басқару пакетінен аяқтайды, сондықтан Фортран көптеген мекемелерде қолданылуы жалғасуда, ал қазір 2000 жылда жарыққа шығатын Фортран F2k стандартты түрі жұмыс жасалуда. Фортран HPF стандартты версиясы параллелді суперкомпьютер үшін жасалынған.
Cobol (Кобол). Бұл компиляцияланатын тіл, экономикалық аймақта қолдану үшін және бизнес есептерді шешуге арналған. Коболда үлкен көлемді деректермен жұмыс жасайтын өте мықты құрылымдар жүзеге асырылған, яғни әртүрлі ішкі тасымалдағыштар сақталады. Бұл тілде қазіргі таңда толық қолданылатын өте көп қосымшалар құрылған.
Algol (Алгол). Компиляцияланатын тіл 1960 жылы құрылған. Ол Фортранды ауыстыру үшін шақырылған, бірақ өте қиын құрылым әсерінен кеңінен тарай алмады. 1968 жылы Алгол 68 версиясы құрылды.
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Pascal тілінде программа жеке – жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдыңғы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір – бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, оны түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Pascal тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез – келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктен тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс – әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке – жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Turbo Pascal тіліндегі программа құрылымы
Program BASTAU |
Сипаттау бөлімі |
begin |
Операторлар бөлімі |
end |
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.
- Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар тағы басқа осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
- Дерек енгізу – бастапқы
деректердіпернетақтадан, дискіден
немесе енгізу – шығару
Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
Көмекші программа – алдын ала қандайда бір атаумен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдары саңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркестері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.
1.2 Turbo Pascal –ды іске қосу.Компиляциялау
Өрнектерді өңдеуде дәстүрлі Pascal, Basic программалау тілдері жиі пайдаланылады. Программалау тілдері сияқты, Pascal – дың өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы бар. Алфавит – программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис – машинаның іс – әрекетін анықтайтын нұсқауларды (командаларды, операторларды), деректер мен өрнектерді жазу ережелері. Олар машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер. Pascal алфавитінің символдары:
1. Латын алфавитінің бас және кіші әріптері
2. Араб цифрлары
3. Өрнек таңбалары: + - * /
4. Қатынас таңбалары: = - < > <> <= >=
5. Арнайы символдар: : ; ' (Бос орын – бір позициялық ашық жер) 0 , ! ? #
Синтаксис бойынша санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлетін үтірдің орнына нүкте қойылады.
Pascal – да меншіктеу белгісі := түрінде жазылады.
Санды дәрежелеу белгісі жоқ. Дәрежелеу снды өзіне өзін көбейту арқылы беріледі.
Мәтіндер мен символдар Basic тілінде пайдаланылатын тырнақшалардың орнына дейекшелерге (« ») алынып жазылады.
Қызметші сөздер, операторлар және функцияларды жазуда пайдаланылатын латын алфавитінің әріптері. Оларды бас немесе кіші әріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.
Turbo Pascal – ға мынадай жай және күрделі типті айнымалылар енгізілген:
1.Жай типтер: скалярлық (стандартты скалярлық, санақты), шектеулі.
2.Күрделі типтер: жиым (регулярлық тип), жол (стринг), жазба (жазу), файл, жиын.
3.Сілтеме (көрсеткіш).
Типтер жүйесіндегі негізгі тип – жай типтер. Басқа типтер осы типтерден белгілі ереже бойынша құралады. Стандартты скалярлық типке жататын айнымалылар бүтін, нақты, символдық және бульдік болатын төрт топтан тұрады. Оларды сипаттауда пайдаланылатын стндартты атаулар:
INTEGER, REAL, CHAR, BOOLEAN
(integer – бүтін, real – нақты, character – символ, Boolean – бульдік)
INTEGER - [ -32768; 32767 ] аралығында бүтін сандық мәндерді қабылдайтын айнымалының типі. Оның [0; 255] аралығынан алынған бүтін мәндерді қабылдайтын дербес түрін BYTE (байт) типті деп атайды. BYTE тек машина жадын үнемдеу үшін қажет, себебі INTEGER типі арқылы сипатталған айнымалыға жадтан 2 байт бөлінсе, BYTE арқылы сипатталған айнымалыға 1 байт ғана бөлінеді.
Бүтін типке мәндері [0....65535]
аралығында жататын WORD типті және мәндері
[-2147483648..........
LEAR типті айнымалының мәндері [2.9 Е -39, 1.7 Е +38] аралығында жатуы мүмкін нақты сандар.
CHAR – мәні символ айнымалы болатын типі.
BOOLEAN – нәтижесі ақиқат не жалған болатын кез – келген логикалық (бульдік) өрнектің типі. Мысалы: шарттың сақталуын тексеру нәтижесінің (=,<>,<=,>=, And (және), or (немесе) not (емес) xor ( екі айнымалының мәндері тең емес жағдайда ғана ақиқат болатыны шарт) екі ғана мәні бар: True не False (ақиқат не жалған).
Кейбір нұсқалар мен әрекеттердің IBM Basic – те ( GWBasic, Qbasic – те) және Turbo Pascal – да жазылу түрлері 1 – кестеде көрсетілу (кейбір операторлар басқа үлгіде жазылуы да мүмкін, олар сәйкес тақырыптарда көрсетілген).