Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 21:00, курсовая работа

Краткое описание


Pascal тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандартты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған ALGOL, FORTRAN, BASIC тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Pascal тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралады. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады.

Содержание


І.Кіріспе........................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім...............................................................................
1.1 Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері....................................
1.2 Turbo Pascal –ды іске қосу.Компиляциялау..............................
1.3 Программа құрылымы. Қарапайым программа.........................
1.4 READLN, WRITELN операторлары.........................................
1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт........................
1.6 Есептер шығаруда қолданылуы...............................................
1.7 Массивтер............................................................................
1.8 Жазбалар..............................................................................
1.9 Жиындар..............................................................................
1.10 Файлдар..............................................................................
ІІІ.Қорытынды ..............................................................................
Әдебиеттер.................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері .docx

— 71.74 Кб (Скачать документ)

                                  

                                              7

                                      1 – кесте

 

      Нұсқау, әрекет

    IBM Basic – те

   Turbo Pascal – да

Экранды тазалау

Енгізу

Шығару

Қағазға басу

Программа соңы

Шартты өту

Және, не, емес

Таңдау

«Әзірше» циклі

«Дейін» циклі

«Үшін» циклі

Көмекші програм

Көмекші пр- ф

CLS

INPUT

PRINT

LPRINT X

END

IF THEN ELSE IF THEN

AND, OR, NOT

ON GOTO

WHILE WEND

DO LOOP UNTIL

FOR NEXT

GOSUB RETURN

DEF FN

CLRSCR

READ

WRITE

WRITE ( LST, X)

END

IF THEN ELSE IF THEN

AND, OR, NOT

CASE END

WHILE P DO

REPEAT UNTIL

FOR TO DO

FOR DOWNTO DO

PROCEDURE FUNCTION


 

Жиі пайдаланылатын стандартты скалярлық функциялар 2 – кестеде көрсетілген.

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             8

 

                                      2 – кесте

 

Функция, әрекет

    Pascal – да

Берілетін не қабылдайтын мән

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Sinx

Cosx

Arctgx

Lnx

e ˣ

x ²

x

absx

3.78  4

3.78  3

3.78  3

3.78  0.78

Pi=3.1415..

Sin(x)

Cos(x)

Arctan(x)

Ln(x)

Exp(x)

Sqr(x)

Sqrt(x)

Abs(x)

Round(x)

Trunk(x)

Int(x)

Frac(x)

PI

х – радиан

ч – радиан

х >0

е – нің х дәрежесі

е=2,718

х – кез – келген сан

х>0

х – тің абс шамасы

санды бүтінге дейін дәлдіктеу

санның бүтін бөлігі

санның бүтін бөлігі

санның бөлшек бөлігі

рі санының мәнін қайтарып беру


 

 

       Өрнек – тұжырымдалған жазу. Егер ол сандық (арифметикалық) өрнек болса, деректермен әрекет жүргізіліп, мән өндіріледі. Арифметикалық өрнектің жазылу ережесі Basic – тегі сияқты өрнек бір жолда жазылады.

 

                                            

Мысалы:

      Арифметикалық өрнегінің  Pascal – да жазылу түрі: у:=4/(3*х+1) [Basic – те ол у:=4 / (3*х+1) түрінде жазылады.]

Оның орындалуы үшін Pascal – да сипатталған айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.

Әдетте Turbo Pascal Norton Commander жүйесінің С: түбірлік каталогына енгізіліп қойылады. Turbo Pascal – ды іске қосу және программамен жұмыс істеу жолы.

1) ТР (TURBO) каталогын іске қосу.

2) ТР – ның құрамындағы  turbo.exe файлын іске қосу. Экран дайын болады.

3) F3 пернесін басу. Машина  файл атын сұрайды.

4) Файл атын өзгерту.

 

                                                8

         Машина атау берілген файлды дискіден іздейді де, табылса оны жадқа енгізіп, экран тазаланып, жоғарғы жағында жаңа файл аты жазылып қойылады;

5) Жаңа программа теру. Теруді аяқтаған соң Alt + F9 пернелерін басу ол программаны компиляциялау командасы). Құрылған программада синтаксистік қате кеткен болса, компилятор экранның жоғарғы жолында қате көрсетіп, қате кеткен жердің оң жағына курсорды орналастырып қояды. Программа дұрысталған кезде экранға шығатын хабар – Press any Key (кез-келген пернені басу);

6) F2 пернесін басу(программаны  дискіге жүктеу(SAVE) командасы);

7) CTRL+F9 пернелерін басу ( программаны іске қосу (RUN-RUNNING) командасы). Бұл кезде компьютер программаны орындап, программа мазмұнын қайта шығарады.

8)  ALT + F5 пернелерін басу. Бұл жазылатын терезені жазылатын терезені экранға шығарып көрсету командасы. Осыдан соң программа мазмұны жазылған экранды қайта шығару үшін кез-келген басса болғаны.

      Келесі программамен жұмыс істеуге көшу үшін жоғарыда аталған әрекеттерді 3-пункттен бастап қайталау жеткілікті не Файл-Жаңа (File New) командасын беру керек.

 

         1.3 Программа құрылымы. Қарапайым  программа

 

         Turbo Pascal – да программаның жалпы түрде жазылуы мынадай түрлі бөлімдерден тұрады.

Program  <атау> (input, output); Таңбалар бөлімі (label);

Тұрақтылар бөлімі (const); Типтер бөлімі (type);

Айнымалылар бөлімі (var);

Процедурада және функция бөлімі (procedure, function)

Операторлар бөлімі.

     Мұндағы Program ( программа) қызметші сөзінен басталған бірінші жолды программа тақырыбы деп атайды. Ол программаның келесі бөлімдерінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Атау- программа  аты. Атау (идентификатор) үшін сөздігіне жатпайтын          кез-келген латын әрпін не символдар тізбегін алуға болады. Оны PROGRAM сөзінен соң ашық жер қалдырып жазу керек.

Программа тақырыбынан соң жазылатын міндетті бөлім- операторлар бөлімі. Ол программа денесі делінеді. Программаға айнымалылар және операторлар бөлімдерінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Ол қажеттілігіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбы программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады. Егер программаға айнымалылар енгізілетін болса ғана, VAR бөлімі оларды сипаттау үшін қажет.

 

                                                9

 

       Операторлар бөлімі-программаның орындалу бөлімі. Ол BEGIN-нен басталып, END-пен аяқталады да, олардың аралығына нүктелі үтір арқылы ажыратылған орындалушы операторларжазылады. (Нүктелі үтір-әр операторды аяқтау және операторларды бір-бірінен ажырату блгісі) END-тің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. BEGIN (басы), END (соңы)-ашу, жабу жақшаларының рөлін орындайтын қызметші сөздер. Егер тармақталу, таңдау не циклдік командалар блогы екіден кем емес командалардан тұрса, олар құрама оператор деп аталады, мұндай операторлар да міндетті түрде begin-end операторларына алынып жазылады да, end операторының соңына әдеттегідей нүктелі үтір қойылады ( жалпы, begin-end операторлары математикада пайдаланатын ашу, жабу жақшаларының рөлін атқарады).

Жадқа х айнымалысының мәнін енгізу Read (х) операторы арқылы, ал жадтан мәнді монитор экранына шығару Write (х) операторы арқылы орындалады (read-оқу, write-жазу). Мұндағы ескеретін жайт read (x) операторын оқып шығып, жүйе аргумент мәнін енгізуді күтіп, тоқтап қалады. Программаның одан кейінгі операторлары мәнді пернетақтадан енгізіп, Esc пернесін басқан соң ғана орындалады. Ал х,у сияқты айнымалылар мәндерін экранға шығару операторлары–write (x,y). Мұндағы айнымалыларды Write операторының параметрлері не аргументтері деп те атайды. Параметрлер үтір арқылы бөлініп, жай жақшалар ішінде жазылады.

Программада Write операторлары түрлі түрде жазылуы мүмкін, мысалы:

1) write (x);

2) write  (x, '',y);

3) write (3*x+5, '' y+2);

4) write (x: n: m);

5) write ('<символдар тізбегі>');

6) write (Ist,x)

                                   

       Жалпы программаның орындалу барысында Read операторы кездессе, машина айнымалылар мәндерін жадқа ендіруді күтіп, тоқтап қалады. Мәндер пернетақтадан аралықтарына бос орын қалдырып енгізіледі, енгізу аяқталған соң Енг пернесінің басылуы тиіс. Осыдан соң программаның орындалуы одан әрі жалғасады.

Мысалы:  read ( a,b,h)    ? 6.5  3.9  4.7  Енг

Сонымен, программа денесін мына түрде жазуға да болады:

 

 

                                        

                                              10

 

begin

         read (a,b,h);  s:=(a+b)*h/2

         write (‘s=’,s : 5 : 2); readln

end.

Есепті шешу алгоритмі сызызқтық алгоритм болатын және жай типті айнымалыларды пайдаланып құрылған программаны қарапайым программа деп те атайды.

                 1.4 READLN, WRITELN операторлары

 

Pascal-да енгізу операторының жалпы түрде жазылуы:

R E A D ( X1, X2,…..XN).

Мұндағы хᵏ (k=1,2,.....n) енгізілетін мәндерді сәйкес түрде қабылдайтын айнымалылар.

 Read операторының алдында мәндері жадқа енгізілуі тиіс айнымалыларды Write операторы арқылы экранда көрсетіп қойған жөн.

Мысалы:  (1b) программаның операторлар бөлімін былайша жазу ыңғайлы:

begin write (‘ a, b, h=?’); readln (a, b, h);

             s:= ( a+b ) * h/2 ; write  (‘s=’,s : 5 : 2); readln

end.

 

       Кейде Write, Read операторларының соңына LN жалғауын қосып, Writeln, Readln түрінде жазу қажет. Мысалы: readln (a, b, h); writeln (х:6:2). Жүйе мұндай операторларға енгізілген LN жалғауын оқып шығып, курсорды экранда өзінің тұрған орнынан келесі жолдың басына ауыстырады да, кезекті оператордың орындалуы осы жерден бастап көріне бастайды. Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету қажет болса, программаға соңғы орындалатын  LN жалғаулы оператордан соң параметрсіз Writeln операторын енгізсе болғаны.

1-мысал: х=31, у=26 үшін х+у  мәнін экранға шығару программасын  құру керек.

Program f; Uses crt;

var x,y,s: integer;

begin clrscr;

        write (‘x,y=?’); readln (x,y); writeln;

        writeln (‘s=’,x+y); delay (5000)

end.

   Программаның орындалуы экранда мынадай түрде көрінеді:

 

  

 

                                            11

 

 

 

х,у=? 31 26          Енг

S=57

      Мұндағы clrscr, delay (n) стандартты функциялар (clear screen-экранды тазалау, delay-кідіріс). Олар Turbo Pascal – да пайдаланылатын экранды тазалау және экрандағы кіріністі n миллисекундұстап тұратын нұсқаулар (милли=1/1000 сек). Енг – соңғы мән (26) теріліп Енг пернесін басу керек.

 Uses crt – CRT модулін пайдалану нұсқауы. (Turbo Pascal программасының сегіз кітапханалық модулі бар, олардың CRT атаулы бөлімінде clrscr, delay, readk (пернеден оқу), keypressed (пернені басу) сияқты экранды, пернетақтаны басқару функциялары жазылып қойылған. Uses нұсқауы жазылғанда ғана операторлар бөлімінде енгізу мүмкін ( use – пайдалану). Көп жағдайда программаға Delay орнына Readkey не параметрсіз Readln операторын енгізу ыңғайлы.

     Осы сияқты, мәтінді принтерде басып шығару үшін программа басына Uses printer нұсқауын енгізу керек. Ол программалар жүйесінен PRINTER модулін ашып, LST файлдық айнымалысын LPT1 логикалық құрылғысымен байланыстырады. Writeln (Ist, x) операторы программаға осы нұсқау енгізілген соң ғана орындалады.

Түсініп оқуға жеңіл болу үшін күрделі программаның әр жеріне не блоктар басына түсініктемелер енгізіп қойған жөн. Олар Pascal – да {} не (**) символдарының аралықтарына орналастырылады.

Мысалы  { Трапецияның ауданы}

                     {* Кулон заңы*}

       Компьютер түсініктемелер оқымай тастап кетеді, түсініктеме тек программаны оқуды оңайлату үшін ғана қажет.

2-мысал: Экранға мынадай  бір шумақ өлең шығару керек 

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

                                                                    Абай 

Программа:

Program  Abay; Uses crt;

{бір шумақ өлең}

Begin clrscr

Writeln (‘Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы’);

Writeln (‘Қиыннан қиыстырар ер данасы’);

Writeln (‘Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп’);

Writeln (‘Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы’);

 

 

                                              12

Writeln; write (‘Абай’); Readkey

End.

 

                                            

       Программаның орындалу бөліміне айнымалылар енбегендіктен, Var бөлімінің қажеті болған жоқ. Программаны практикадан терген кезде writeln операторының параметрі болатын мәтінді бір жолға енгізу керек.

                    

         1.5 Тармақталу. Циклдер. Жай шарт. Құрама шарт

 

      Pascal – да шартты өту операторы Basic тілінде сияқты ІF операторы арқылы беріледі: IF – THEN – ELSE (толық түрі); IF – THEN (қысқартылған түр);

Жазылу үлгілері:

а) IF <шарт> THEN <оператор 1> ELSE <оператор 2>;

б) IF <шарт> THEN <оператор >;

ELSE сөзінің алдыңғы оператордың соңына нүктелі үтір қойылмайды.

1 мысал:   у=                    функцияның мәнін есептеу керек.

Program man;

(*функция мәнін есептеу*)

Var x,y: real;

Begin write (‘x=?’) readln (x);

If x<1then y:=2*x+3 else y:=x*x-4;

Информация о работе Turbo Pascal тілінің негізгі элементтері