PowerPoint терезесінің элементтері

Реферат, 03 Ноября 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады. Бейнебетте қимылдану мүмкіндігін пайдаланып мәтін мен көрнекі суреттерді қимылдатуға және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді қосуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Айзат реферат.docx

— 204.28 Кб (Скачать документ)

«Даналық» колледжі

Реферат

 

 

Тақырыбы:        PowerPoint терезесінің

    элементтері

 

 

 

 

                                                            тексерген:                             _                                          

                                                           орындаған: Жұмабайқызы.А

 

 

 

2013 жыл 

PowerPoint дегеніміз жобалаушыны  пайдаланып ұсынылатын материалдарды  жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық  жасақтама. Осы материалдарды пайдаланып есеп не ұсынысты жариялау көрме деп аталады.

PowerPoint бағдарламасын пайдалану  арқылы түрлі түсті мәтін мен  суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді  нәтижелі үндестіретін және бірінен  екіншісіне слайд көрсетілімі  сияқты өтілетін бейнебеттер  жасауға болады. Бейнебетте қимылдану  мүмкіндігін пайдаланып мәтін  мен көрнекі суреттерді қимылдатуға  және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді  қосуға болады.     

Сонымен қатар, көрмені жасап  жатқанда материалдарды тарату үшін басып шығаруға да болады.

PowerPoint бағдарламасы —  құжаттар, электрондық кестелер  мен көрмелер жасауға және  электрондық поштаны басқаруға  арналған бағдарламаның бірнеше  түрлерін біріктіретін өнімдердің  бумасы болып табылатын «Office»  бумасының бір бөлігі.

Offiсе барлық қосымшаларының  күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын  интерфейсті біркелкі көрсетуінде,  сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы  операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады. РоwerРoint мына әдістердің  бірімен іске қосуға болады:

Меню арқылы: Пуск – Программы  — Місrosoft РоwerРoint .

Қолданушы тышқанның оң батырмасын басып:

Создать – Презентация  Місrosoft РоwerРoint-ты таңдайды.

Қосу барысында диалогты терезесі бар Роwer Рoint терезесі шығады, ол түрлі әдіспен презентацияны  дайындауды ұсынады. Стандартты баптау кезінде Місrosoft РоwerРoint терезесі келесі элементтерден тұрады:

Терезе тақырыбы (Заголовок окна) – Windows терезесі үшін – стандартты.

Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.

Құралдар панелі (Панели инструментов) – үнсіз келісім бойынша Стандартная жәнеФорматирование панелдері көрсетіледі.

Жұмыс аумағы (Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.

Жағдай жолы (Строка состояния) – көру режимі және презентация жайлы әр түрлі ақпарат : слайдтар саны, тіл, слайдты көркемдеу параметрлері және т.с.с. көрсетілетін ақпараттық жол.

Меню жолы келесі элементтерден  тұрады.

1. Файл. МS Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, презентацияны WORD-қа жөнелту/;

2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау, және объектіні редакциялау;

3. Көрініс. Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту командалары;

4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т.б.);

5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т.б.өзгерту командалары;

6. Сервис. МS Offiсе әдеттегі инструменттері және де РоwerРoint ерекше командалары;

7. Слайдтарды  көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар мастерін пайдалануды қоса);

8. Тезере. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді;

9. Анықтама. Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен қатар Көмекшіні шақыру мүмкін болады.

РоwerРoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан  негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс  үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері. Төрт негізгі бейнелену режимі қарастырылған:

1. Әдеттегі.

2. Құрылымдық.

3. Слайдтар.

4. Слайдтарды сорттаушы.

Слайдтарды сорттаушы  режимінде кадрлар бүкіл жұмыс  үстелін алатын эскиз түрінде  көрінеді, олардың әрқайсысының астында  слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын  көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері  пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контесттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету  режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық-экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып  әр уақытта аяқтауға болады.

PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші  рет ашқан кезде пайдаланушылық  тілдесудің өзгергенін көресіз.  Терезенің жоғарғы бөлігінде  PowerPoint пәрмендеріне арналған жаңа  құрылым орналасқан. Бұл құрылым  қажетті мүмкіндіктерді табуға  және пайдалануға, сонымен қатар,  өте тартымды көрмелер жасауға  көмектеседі. 
           PowerPoint терезесінің жоғары жағы елеулі өзгерістерге ең көп ұшыраған аймақ болып табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер мен құралдар тақталарының орына бұл жерде топтарға реттелген көптеген өте көрнекі пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады. 
Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді жасауға арналған басқару орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды алып, құлымдарының толық мәліметтерін қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай болады. 

PowerPoint бағдарламасын пайдаланатын  адамдар нақты бір пәрмендерді  ұнатып, сол пәрмендерді қайта  қайта пайдаланады. 
Осыны сипаттап, қолдау үшін, біз сол пәрмендерді барынша танымал, ең бірінші көрінетін етіп жасадық. Мақсатымыз оларды көрсетілмейтін мәзірлерден немесе құралдар тақталарынан іздеп жүрмеу үшін көрнекі етіп жасау және сақтау болып табылады.

Таспаның бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп пайдаланылатын пәрмендер жинағы және Басты қойынды  деп аталады. Түймешіктер түрінде  көрсетілетін осы пәрмендер ең жиі  қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді  пішімдеу мен орналастыру және мәтінді  табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды  қолдайды.

Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың әрқайсысы көрмені  жасау барысында орындалатын  жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы  түймешіктер логикалық топтарға бөлінген. Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер өлшемдері бойынша  ең үлкендері болады. Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда сұралған, бірақ  табылмаған жаңа пәрмендер енді көзге  көрінетіндей етіп жасалған.

Таспа бірнеше қойындылардан  жасалады. Басты қойындылары:

«Кірістіру» қойындысы    Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық элементтер — кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме бар.

«Жасақтау» қойындысы    Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді теңшеңіз.

«Қимылдану» қойындысы    Барлық қимылдану әсерлері осы жерде жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу енді әлдеқайда оңай.

«Слайдтарды көрсету» қойындысы    Бастау үшін түсті қарындашты немесе нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай дайындық элементтері.

«Сараптау» қойындысы    Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында кіріңіз.

«Көрініс» қойындысы    Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды, тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде үйлестіріңіз. 
Қажет етілетін қойындылар.

Таспада жұмыс істегенде  пайда болып және жасырылып отыратын бірегей түсті қойындыларға назар  аударыңыз. Олардың қатарына суреттер мен сызбалар сияқты элементтерге арналған арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік  қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша  мәліметтер кейінірек беріледі. 
 1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі таспада көрсетілген. 
 2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша түймешігін басыңыз. 
 3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген. Слайдта алдын ала қарап алу үшін меңзерді кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану үшін нұқыңыз.

PowerPoint бағдарламасында кескіндер  мәнерлері немесе WordArt түрлері немесе  қимылдану әсерлері сияқты кез  келген элементің көптеген таңдауы  болса, таңдаудың бірнешеуі таспада  көрсетіледі. Таңдаулардың толық  жиынтығын көру үшін, суретте  көрсетілгендей 

Қосымша көрсеткісін нұқыңыз. 
Алдын ала қарап шығуды көрсету    Тінтуір меңзерін жиынтықтағы нобайға апарғанда (көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану әсері қолданылғанда қандай көрініске ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз, болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті басқа нобайға апарып, қолданғыңыз келетіннің бірін нұқыңыз. 
1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз, мысалы, осы жерде суреттелген Қаріп тобын, бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз. 
2. Таңдауға болатын көптеген параметрлері бар тілқатысу терезесі ашылады.

Бұл жерде топқа сыйғызуға  болатын қосымша пәрмендер мен  параметрлер әлде қайда көп болатындығы  анық. Тек ең көп пайдаланылатын пәрмендер ғана көрсетілген. Егер сирек  қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз  келсе, топтың төменгі бұрышында  көрсетілетін қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша параметрлерді ашып береді. 
Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында қаріп түрлері мен өлшемдері, қалыңдығы, көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі пішімдеу түймешіктерін табуға болады. 
Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет етілсе, мысалы, жол үстілік, Қаріп тілқатысу терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні нұқыңыз. 
Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды қажет ететін слайдпен жұмыс істегенде көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін толтырғышын нұқығаныңызда көрсетті. Басты қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге қатысты пәрмендері бар әр топта шығарылады.

Кеңес: Таспаны кішірейту    Егер терезеде қосымша жұмыс кеңістігі қажет етілсе, таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен оған қол жеткізуге болады. Бұны жаттығу сеансында орындап көре аласыз.

Көрмемен жұмыс істеп  отырғанда негізгі немесе қайталанбалы болып табылатын кейбір әрекеттер  орындалады және бұл кезде үрдістің жеке бөлігінде файлды сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті болдырмау  сияқты әрекеттерді орындау қажет  етілмейді.

Бұндай жағдайларда жылдам қатынау тақтасын пайдаланыңыз. Ол таспаның жоғарғы жағындағы сол  жақтағы түймешіктердің шағын жинағы болып табылады. Онда Сақтау, Болдырмау  және Қайталау немесе Қайтару пәрмендері қамтылады. 
1. Түймешіктердің көрінісі бұрынғыдай. Олардың терезедегі орналастырылуы ғана өзгертілген. 
2. Слайдтың көрінісін ұлғайту немесе кішірейту үшін ұлғайту жүгірткісін апарыңыз. Алу таңбасы (-) және қосу таңбасы (+) түймешіктерін нұқу да ұқсас нәтиже береді. 
3. Осы түймешікті слайдты ұлғайтқаннан кейін терезеге қайта сыйғызу үшін нұқыңыз.

Көп жағдайларда PowerPoint бағдарламасындағы  көріністі өзгертіп отыруды қажет  етесіз және оны әрқашан түймешіктерді  пайдалана отырып оңай орындайтынсыз. Бұл қасиет өзгертілмеді. Қалыпты, слайдты  сұрыптауыш пен слайдтарды көрсету  көрінісі түймешіктері сол қалыптарында қалды  — олар тек терезенің төменгі сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына ауыстырылды. 
Ол ұлғайту жүгірткісін және слайдты ұлғайтқаннан кейін немесе кішірейткеннен кейін қайтадан терезеге сыйғызу түймешігін қамтитын жаңа құралдар тақтасының құрамдасы болып табылады.

Есте сақтаңыз    Бұнда да Көрініс қойындысы бар және онда көріністердің толық жинақтамасы  — Ескерімдер бетінің көрінісі, Басты көрініс, басқа ашық көрмелердің тізімі және тағы басқалар болады.

Егер PowerPoint бағдарламасында  жұмыс істегеніңізде тінтуірге  қарағанда пернетақтаға көбірек  сенетін болсаңыз, пернелер тіркесімдері туралы толығырақ білгіңіз келетін  болады. 
Таспа жасақтамасы жаңа пернелер тіркесімдерімен жабдықтала жеткізіледі. Бұның ең басты екі артықшылығы енді әр жеке перненің тіркесімінің болуы (ол бұрынғы нұсқалардағы мәзір пәрмендерінде болмаған) және әдетте бірнеше пернені қатар басуды қажет ететін тіркесімдер болып табылады.

Енді ол тіркесімдерді  қалай пайдалану туралы қосымша  ақпарат.

1. Алдымен, ALT пернесін басыңыз. 

2. Пернелер бойынша көмектер  деп аталатын әріптер мен сандар  сәйкес перне тіркесімдері түрінде  таспаның түрлі бөліктерінде  шағын ақ шаршы ішінде шығарылады. Олар әріптер түрінде бүкіл  таспа қойындылары бойынша және Microsoft Office түймешігінде көрсетіледі.  Олар жылдам қатынау тақтасындағы  сандар. Пернелер бойынша көмектері  бар шағын ақ шаршы белгілер  деп аталады. Қосымша пәрмендер немесе түймешіктерге қол жеткізу үшін тағайындалған пернелердің бірін басыңыз. Мысалы, Басты қойындысындағы барлық пернелер бойынша көмектерді көру үшін H пернесін басыңыз.

Информация о работе PowerPoint терезесінің элементтері