Коммерциялық банктердің несиелік саясаты
Дипломная работа, 17 Июня 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасында банктердің атқаратын рөлі өте маңызды қаржылық институт болып табылады. Банктер миллиондаған жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға кредит рәсімдеп қана қоймай,олардың қажетінше көптеген банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен осы қаржылық иституттың елімізге,еліміздің экономикасына маңыздылығына байланысты банк түсінігін дұрыс түсінуімізге себеп туады. Банк-әртүрлі банкттік операциялар ұсынатын,сонын ішінде, депозиттік, төлем, жинақ операцяларын және кредит рәсімдеуді ұсынатын маңызды қаржылық институт болып табылады.Осы банкттердің көп қызмет түрлерін корсетуіне байланысты оларды «қаржылық әмбебап» деп те аталған.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом.docx
— 1.14 Мб (Скачать документ)
2.2 Банктің 2011-2012 жж. активті операцияларына талдау жасау
Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің
құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс
нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың
түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің
көлеміне, толық құны жоқ активтердің
көлеміне және активтердің өзгеріске
ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
1) касса және оған теңесетін акшалай қаражаттар;
2) несиелер;
3) бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4) банктің ғимараты мен жабдыктары ;
Тап осы бағытта «Сбербанк» әр түрлі несие бағдарламасын ұсынады, шағын орта бизнес кәсіпкерлігінің барлық субьект категорияларына есептеп арналған.ЕБРР- дің шағын орта бизнеске арналған несиелерінің әр бір төртінші несиесі біздің банк арқылы берілген болатын. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы» ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі жәнс олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді. Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ак, баска банктерге байланысты банктің талаптары жатады. Аталған ережеге сәйкес активтер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді. Жіктелінген активтерге жатпайтын активтер стандартты болып есептеледі. Жіктелінген активтер күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді. Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозитттер, бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздары жатады. Осы топтамаларды пайдалана отырып банктің активті операцияларының құрылымын келесі кестеде қарастырайық.
13-кесте
«Банк Центр Кредит» АҚ –активті операциялары
Активтер |
01.01.2011 жыл |
01.01.2012 жыл |
Ауытқуы | |||
Сомасы, млн тг |
Үлес салмағы, % |
Сомасы, млн тг |
Үлес салмағы,% |
Абсолютті |
Салыс тырмалы, % | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қаржы және қаржы эквиваленттері |
42273 |
14,9 |
80030 |
36,4 |
-37757 |
-47,2 |
Бағалы қағаздар |
62018 |
21,9 |
38273 |
17,4 |
62,0 |
23745 |
Басқа банкттердегі қаражаттар,шоттар |
744 |
0,3 |
1496 |
0,7 |
-50,2 |
-752 |
Негізгі құралдар |
6977 |
2,5 |
4862 |
2,2 |
43,5 |
2116 |
Материалды емес активтер |
393 |
0,1 |
218 |
0,1 |
79,9 |
174 |
Несие,аванстар,нетто |
168289 |
59,4 |
91788 |
41,8 |
83,3 |
76501 |
Басқа да активтер |
1176 |
0,4 |
1700 |
0,8 |
-30,8 |
-524 |
Сатуға арналған активтер |
1352 |
0,5 |
1246 |
0,6 |
8,5 |
106 |
Активтердің жиыны |
28322 |
100 |
219612 |
100 |
29 |
63610 |
Осы кесте мәліметтерін талдай келе активтің жалпы мөлшері баланс 219612 млн теңгеге, яғни 7,75 есе артып отыр. Бұл өзгеріс негізінен банк активтерінің ішінде бірнеше активті операциялардың көлемінің артуымен байланысты. Оның ішінде банктің сатуға арналған бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа банктердегі салымдар мен корр. счеттар, клиенттерге берілген заимдар, бағалы қағаздарға салымдар , капиталға инвестиция, негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, дебиторлық қарыздардың көлемінің артуы әсерін тигізіп отыр.
«Банк Центр Кредит» АҚ 01.01.2011-01.01.2012 ж.ж активті операцияларының жиыны
Сонымен қатар банктің өтімділігі де артып отыр, яғни банктің жоғары өтімді қаражаттарының бірі басқа банктердегі корреспонденттік счеттардағы ақшаларының өсу қарқыны 49,7 пайызға артып, оның соммасы 1496 млн теңге құрап отыр. Бұл банктің корреспонденттерінің артуына байланысты болып отыр. Осы активтердің құрылымында банктің өтімділігі жоғары активтері, яғни касса, ҚРҰБ-гі және басқа банктердегі корреспонденттік счеттардағы қаражаттарының жиынтық үлес салмағы жеткілікті деңгейде екендігін байқауға болады. Ал тәуекелді , дегенмен жұмыс істейтін активтердің үлесі де жеткілікті деңгейде. Мұнда банктің басқа тұлғаларға берген барлық қарыз активтерінің үлесі максималды 85 пайыздан аспаған
Көріп отырғанымыздай,банк
активтері 2012 жылы 2011 жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда немесе 7,75 есе өскен.Алайда
активтер құрамындағы қаржы және
қаржы эквиваленттері 2011 жылғыдан
қарағанда 1,89 есе өскен. Банктердің
актив бөлігінің ең көп пайда
әкелетін бөлігі тұтынушыларға
берілген займдар,яғни 2011 жылғы көрсеткішке
қарағанда 2012 жылғы көрсеткіш 18,2 пайызға
өскендігін көріп отырмыз.
2.3 «Банк Центр Кредит» АҚ – ның соңғы екі жылдағы пассивті операцияларына талдау
Банк пассивін екі топқа бөлуге болады:
1) жеке
капитал, ол қорлардың өсу немесе
қалыптастыруына алып баратын
коммерциялық банктің құнды қағаздар
эмиссиясынан пайда болады.
2)банктің
депозиттік операцияларынан және
басқа заңды тұлғалардың несиелерінен
алынатын тартылған және қарыз
қаражаттар.
Пассивті операциялардың құрылымын үйрену үшін шығарылған жеке және тартылған қаражаттардан, сонымен қатар баланстың жалпы соммасын қалыптастыруда олардың бөлігін анықтаудан бастау керек. Банктің жеке капиталы – бұл банк ісін ұйымдастыру үшін негізгі нүкте болып табылады. Тартылған қаражаттар клиенттердің депозиттерінен, тартылған арнайы қорлардан, есеп айрысу операциялар бойынша уақытша босатылған қаражаттардан және клиенттердің несиелік қарыздарынан тұрады.
14-кесте «Банк Центр Кредит» АҚ – ның 2011-2012 жж пассивті операциялары
Активтер |
01.01.2011 жыл |
01.01.2012 жыл |
Ауытқуы |
01.01.2011 жыл |
01.01.2012 жыл | |
Сомасы, млн тг |
Үлес салмағы, % |
Сомасы, млн тг |
Сомасы, млн тг |
Үлес салмағы, % | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 | |
Заңды тұлғалардың жедел салымдары |
-2640 |
60,2 |
-2533 |
-5173 |
46,66 | |
Жеке тұлғалардың жедел салымдары |
-1245 |
17,8 |
-287 |
-1531 |
22,0 | |
Заңды және жеке тұлғалардың қаржылары банктiк счеттары |
-692 |
8,1 |
-249 |
-443 |
7,8 | |
Несиелік мекемелердің қаражаттары |
-740 |
8,3 |
26 |
-714 |
13,11 | |
Шығарылған қарыздық құнды қағаздар |
-597 |
5,6 |
113 |
-484 |
10,5 | |
Жалпы соммасы |
-5664 |
100 |
-2930 |
-8594 |
100 | |
Субординацияланған қарыз |
597 |
113 |
484 |
8,6 | ||
| ||||||
Жұмыскерлерге кеткен шығыстар |
3537 |
933 |
4470 |
|||
Салық,табыс салығынан басқа |
149 |
125 |
274 |
|||
Басқару-шаруашылық шығыстар |
2253 |
375 |
2628 |
|||
Негізгі құралдардың амортизациясы |
291 |
139 |
430 |
|||
Депозиттарды гарантиялық сақтандыруға кеткен шығыстар |
157 |
120 |
||||
Жалпы соммасы |
6387 |
1535 |
7922 |
|||
Банктің 01.01.2011-01.01.2012 жылдары көрсеткен қызметтер мен операцилар көлеміне баға беру,яғни пайыздық табыстар
Табыс табу және өтімділік қамтамасыз ету мақсатында банктің шұғылдандырылған ресурстарын орналастыру оның активтері мынадай төрт категориядан құралады:
Кассадағы қолма-қол ақшалар;
Құнды қағаздар инвесторы;
Ссудалар;
Ғимараттар мен құрылыстар.
Бухгалтерлік
баланс қаржылық есептің басты
нысаны болып табылады:ол есепті
күндегі банктің қаржылық жағдайы
туралы ақпаратты ұсынады. Баланс
қорытынды айналдырады және қаржылық
есептіліктің жиынтық балансын
ескере отырып құрылады.Банк мындай
жіктеулерді өзінің активтер
мен пассивтері үшін таңдап
алуына болады.Алынуға тиіс және
төленуге тиісті сомалар «12 ай
ішіндегі»және «12 айдан кейінгі»болып
бөлінеді.12 ай ішіндегі алынбайтын
активтер ұзақ мерзімді,ал алынатындары
ағымдағы деп аталады.Банк өзінің
активтері мен міндеттемелер
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
деп бөлуге болады.Ал ол жасалынбаса
активтер мен міндеттемелер олардың
өтімділік тәртібі бойынша ұсынылады.Сол
сияқты 12 ай ішінде және одан
да көп мерзімде реттелінетін
немесе өтелетін сомаларды бөлу
қажет.
«Банк Центр Кредит» АҚ – ның 01.01.2011 - 01.01.2012 ж.ж міндеттемелерінің жиыны.
«Банк Центр Кредит» АҚ – ның соңғы екі жылдағы капитал жиыны
2.4 «Банк Центр Кредит» АҚ – ның 2011-2012 жж қаржылық нәтижелеріне талдау жүргізу
Коммерциялық банктердің қаржы нәтижелері деген түсінік – бұл коммерциялық және банктердің барлық сфераларындағы оның ішіндегі шаруашылық - қаржылық қызметтің жиынтық қорытындысын қамтып көрсетеді.Қаржы нәтижелері жағымды және теріс болуы мүмкін. Яғни банк есеп беру мерзімінде өз қызметін сауатты ұйымдастыратын болса, онда ол жағымды нәтижеге ие болады.Ол дегеніміз өз шығындарының орнын толтырады және артық пайда табаыды. Сонымен қатар керісінше жағдайлар да орын алып тұрады. Кейбір банктер өз қызметі нәтижесінде зиян шегуі де мүмкін. Мұнда банк шығындары банк табыстарынан асып кетеді. Дегенмен де егер банк табысты болса, онда осы банктің табыстары есебінен оның барлық операциялық, әкімшілік басқару қоса алғандағы шығындары жабылады,банктің пайдасы құрылады, пассивті және активті операциялардың дамуы мен меншік қаражаттарының көбеюі, өлшемдер, яғни дивиденттер деңгейін анықтайды. Банк табыстылығы осы бағыттағы банк персоналдары қызметіндегі бағыттың мақсаттылығы, актив бөліміндегі де, пассив бөліміндегі де, баланстың құрылымдағы үйлесімді қорытынды болып табылады. Активті және пассивті операциялар бойынша пайыздардың деңгейін болжау үшін, пайыздық маржаларды есептеу және ссудалық операциялар табыстылығындағы тенденцияларды анықтауда, шығындар мен табыстардың құрылымын ұтымды пайдалану банк табыстылығын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады. Банк тәуекелділігін басқару, өтімділікті қолдау, олардың минималдылығы сөзсіз банк табыстылығының шарты болып табылады. Жалпы банктің қаржы нәтижелері туралы мәлімет банктің бухгалтерлік балансына тіркеме ретінде жүретін «Банктің қаржы нәтижелері туралы есеп беруі» атты құжатында көрсетіледі. Бұл құжат банк балансымен бірге үнемі баспада жарияланады.
Банктердің оңтайлы қаржылық нәтижелерге жету дәрежесі оларға әсер ететін әртүрлі ішкі және сыртқы мынадай факторларға байланысты: банктің географиялық мекен-жайы, оның қызмет көрсету зоналары, клиенттік базасының жеткіліктігі, бәсеке деңгейі, қаржылық нарығының даму деңгейі, аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, мемлекеттік қолдау мен басқа да факторлардың болуы. Тағы бір көрсеткіш, ол меншікті капитал деңгейі, қаражаттарды тарту мен орналастыру көлемі, жалпы банктік шығын деңгейі мен кіріс әкелетін және кіріс әкелмейтін активтер. Шығындар мен жоғалтулар, прогрессивті технологияларды қолдану масштабтары, филиалдар жүйесі мен туынды құрылымдар кірістері, бұлар – банктің өз қызметіне және оның басқару сапасына қатысты факторлар. Банктің персоналдар басқармасының барлық позитивті және негативті сомалары банктің қызмет етуінің қаржылық нәтижесі – пайда. Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі.
Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру флрмалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.
Бүгінде қазақстандық коммерциялық банктермен қаржылық есеп берудың екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады. Қаржылық есеп берудың негізгі түрі – ол дәстүрлі бухгалтерлік есеп беру, оған бухгалтерлік баланс пен кіріс және шығыс туралы есеп беру жатады.
2012 жыл,млн
Есеп-қисап операциялары |
2062 |
Кассалық операциялары |
841 |
Валюталық операция |
841 |
Төлем карточка операциялары |
397 |
Гарантиялық сақтандыру |
265 |
Инкассация |
148 |
Басқа да операциялар |
31 |