Гендерлік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 12:22, реферат

Краткое описание

Күнделікті өмірде қолданылатын «жыныс» деген термин еркек пен әйелдің сексуалды белсенділігінен биологиялық және анотомиялық айырымдар деп бөлу керек.
«Жыныс» деген ұғым әйел мен еркектің физикалық айырмашылықтарын берсе, ал «гендер» деген түсінік олардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктерін қозғайды. Жыныс (гендер) – еркек пен әйелдің арасындағы әлеуметтік қатынастар моделі.
Гендер тәуелділігін (идентификация) гендерден бастау алады. Гендер айырымдары адам қарым-қатынасы процесінде әрдайым пайда болып, әлеуметтің өмірдің негізін құрап, бастау алады. Гендер санасы және мінез-құлық көрінісі тіршілікке еніп кеткені соншалық, біз оларды байқамаймыз, мән бермейміз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гендер саясат.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Мемлекеттік  Қыздар Педагогика Университеті

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Гендерлік  саясат.

 

  

 

 

Орындаған: 6М050100-әлеуметтану  мамандығының 1курс магистранты Жексенбекова А.С.

Қабылдаған:ф. ғ. д., профессор Аташ Б.М.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013 жыл

  Күнделікті өмірде қолданылатын «жыныс» деген термин еркек пен әйелдің сексуалды белсенділігінен биологиялық және анотомиялық айырымдар деп бөлу керек. 
   «Жыныс» деген ұғым әйел мен еркектің физикалық айырмашылықтарын берсе, ал «гендер» деген түсінік олардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктерін қозғайды. Жыныс (гендер) – еркек пен әйелдің арасындағы әлеуметтік қатынастар моделі. 
Гендер тәуелділігін (идентификация) гендерден бастау алады. Гендер айырымдары адам қарым-қатынасы процесінде әрдайым пайда болып, әлеуметтің өмірдің негізін құрап, бастау алады. Гендер санасы және мінез-құлық көрінісі тіршілікке еніп кеткені соншалық, біз оларды байқамаймыз, мән бермейміз. Алайда, біз адамды кездестірсек, оның мінез-құлқынан жынысын ажырата алсақ, өзімізді біртүрлі сезінеміз. Алғаш жынысы анықталып, тек сосын жас, ұлт, нәсіл, мамандық, дінін білеміз. «Жынысты» алып жүріп, еркек басқарушы, әйел – бағынушы деп есептеген Уэст Циммерман. 
Дін, тіл, білім және мәдениет еркек пен әйелді қоғамдағы белгілі құндылықтарды қабылдауға дайындайды, оны қандай да бір гендер айырымдарына негізделген нормалар арқылы күшейтеді. Компетенттілік, көшбасшылық, билікперспективалары көшбасшылыққа претендент еркек пен әйел ме, жынысқа байланысты бағаланып оытрады. Жұмыс және отбасы – негізгі әлеуметтік институттар – гендер айырымдарын толықтай сіңген әлеуметтік негізгі институттар. Барлық жерлерде қоғамдық істердің көбінде теңсіздік орнаған, әйелдерге жекеменшік, биліктің аз бөлігі ғана тиесілі болған. 
Гендер тәуелділігі жеке адам қатынасын, жұмыс түрлерін, отбасы және басқа әлеуметтік институттар, өмірлік құнды ресурстардың бөлінуін, өмірлік мүмкіндіктердің құрылымын реттейді.

Ағылшын тілінен  аударғанда гендер «тек» деген мағынаны ( ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі.  Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.

Яғни, гендер тап  ішіндегі бір нысанға не индивидке  сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз- әлеуметтік  қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарасы.

Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді. Соған сәйкес, гендер әлеуметтендіру өнімі, сонымен бірге биологиялық жыныс дегеніміз – даму нәтижесі. Жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымы ретінде бұл термин  әйелдер (феминистік) зерттеулерінде қолданыла бастады. Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының «төбесі мен қабырғасы» шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.

Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/ гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.

Атап айтқанда, «жыныстың  стратегиялық жүйесін» біздің кім әйел ме немесе еркек пе, қыз ба немесе ұл ма болуымызды –гендер нұсқап көрсетеді. Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдер енжар, ал еркектер белсенді рольдерге бөлінген күрделі жүйеге тап болады. Сонымен сатылық қатынас негізінде белсендінің (еркек) мәні әрқашан енжаржан (әйел) жоғары тұрады (С.Де Бовуар). Социумде еркектің әлемі – бар әлем, әйелдің әлемі – үй деген мағынадағы, патриархаттық парадигма қалыптасқан (грек. Paradeigma – мысал, үлгі, модель). әйел мен еркектің әлеуметтік  қажеттілік рольдері өздеріне сәйкес белгіленіп қойған (гендерлік рольдері).

Гендерлік роль – қызметтің, статустың, құқықтың дифференциациясы және олардық жыныстық айырмашылықтарына  байланысты индивидтердің міндеттері. Гендерлік рольдер - әлеуметтік ролдердің  түрлері, олар қалыпты, нақты әлеуметтік экспектацияларда және іс-әрекеттерінде көрінеді. Гендерлік рольдер нақты қалыпты жүйемен байланысты.

Зерттеушілер, гендер – қатысушысы әйелдер мен  еркектер болып табылатын, тұрақты  даму үстінде болатын қарым-қатынас  жүйесі деп тұжырым жасайды. Сонымен  олардың іс-әрекеттері қоғамдағы мәдени, психология, педагогика, этнодіни қағидаларының әсерімен қалыптасады.

 

 

         Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен  айналысатыны белгілі. Өзінің атауы  айтып отырғандай, сыртқы саясат шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процессінен қалмай  алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым  көп айтылып жүр.

2000 жылғы қыркүйекте өткен  Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң  көптеген елдерiнiң лидерлepi Бiрiккен  Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын  қабылдады, оның сегiз мақсатының  бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған.

Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" атты 23-ші  арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген «Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.     

 Гендерлiк саясаттың  негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының  Конституциясымен  кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.  
      Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.  
         Сонымен, гендер – дегенміз  - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат  - қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік  жылдары гендерлік саясатты дамытуға үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан  Республикасының Президентi жанындағы  Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия  құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңгыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті.  Сондай- ақ Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздік жылдарында ондаған әйелдер министрлер және мемлекеттік оргнадардың басшылары болып тағайындалды. Жүздеген әйелдер Парламент пен мәслихат депататтары болып сайланды.

Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік  теңдік стратегиясында мемлекеттік  басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру  міндеті қойылған. 2010  жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы  әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі  үлесінің өте аз екендігін тілге тиек етті. Бүгінде Үкімет құрамында 3 министр әйел болса, бірде -бір облыс әкімі жоқ. Облыс әкімдерінің 5 орынбасары және 3 аудан әкімі ғана әйелдер. Осы мәселелерді шеуге Президент Үкіметке, Президент әкімшілігімен, Ұлттық комиссиямен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту жөнінен 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырды.    

 Гендерлік саясат қайдан  шықты? Батыста ХІХ ғасырдың  орта шеніне дейін әйелді адам  құрлы көрмеген. Өйткені, өз діндеріндегі сенім бойынша Адам атаға тыйым салған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Олардың жер бетіндегі барша күнәларына себепкер Хауа ана болғандықтан батыстағылар әйелдерін лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы қорлыққа намыстанғандықтан, еркектердің алдында тұқырмаудың жолын қарастырды. Содан кейін барып «феминизм», «гендерлік саясат» деген ұғымдарды шығарған. Ал, бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр. «Менің еркектен қай жерім кем, өзімді-өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген әйелдер де кездеседі. Мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып, үйдің тірлігінен қол үзеді. Ондай отбасылар көбіне ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, ал  еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек немесе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмақ емес.

Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреу мақтап, біреу даттап жатады дегендей. Екі тараптыңда сөзіне құлақ  түрсең, айтылған ойлары қамшының өріміндей бірі мен бірі үйлесім тауып жарасымды жұп құрап, алды артыңды матап тастайды. Дегенмен батысқа қарап көш түзеуге қарсымын. Жаһандану деп жарияға жар салып жүргендергеде айтарым бар. Гендерлік саясат сөз болғалы ұлттық менталитет, әдет-ғұрып қыр астында қалды. Оны қолдайтындар осы жайлы тіс жармайды. Сондықтан дауға басымды шатпас бұрын шариғатқа жүгінбекпін. Себебі қазақтың имандылығы исламнан бастау алады. Шариғат бойынша отбасының тізгіні еркекке жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы.

Енді ата-баба ұстанған салт-дәстүрге үңіліп көрелік. Мұнда да әйелдерге  деген ұстаным шариғаттан алшақ  жатқан жоқ. Кемсітушілік, қорлау, мүсіркеуден  ада. Қызын еркелетіп әлпештеп өсірген  халық, Айғаным, Зере Ұлпан секілді  аналарында көкке көтерген. Билігіне бағынып, бітіміне көнген. Бірақ осы аналарымыз тайраңдап төске өрлемеген. Ер азаматтарды бағалап, қадіріне жете білген. Өкінішке орай, біз тамырымыздан ажырап барамыз. Ол жайлы төменде сөз етемін.

Менің өзім де анамын. Сан жылдық педогогикалық тәжірибем де жетерлік. Гендерлік саясаттың жақсы жақтары бар екенін жоққа шығармаймын. Не нәрсеге де бір жақты қарауға болмайды. Алайда, ұлтымыздың менталитетіне қайшы келетін тұстарының көп екенін айтпай кету арға сын. Сондықтан қолыма қалам алып отырмын.

«Қыз өссе елдің көркі» деп бабаларымыз  айтып кеткендей, аялап өсірген  қыз баланың бірінші міндеті  теңін тауып отау құру. Кім бұған  дау айтады. Екінші, шаңырақтың ұйтқысы  болу. Дүниеге сәби әкеліп, демографиялық  дүмпуге үлес қосу. Ерінің қас-қабағына қарап, ас-мәзірін дайындап, балаларының күлкісіне шомылып отыру. Бұлда болса әйел затына- табиғаттың берген ерекше сыйы, тартуы. Шындығына келгенде әйел затына бұдан асқан бақыттың керегі бар ма? Әрине жоқ.

Гендерлік саясатқа басқа  қырынан қарасақ елімізде әйел адамдардың бәрінің бірдей өз құқығын біліп, қорғай білмейтіні рас. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқандар да мол дейтін мамандар пікірімен келіспеуге болмас. Алайда, «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербететін» нәзік жандылар гендерлік жолмен «ұшпаққа» шығады деу орынсыз. Кейде маған осы гендерлік саясатты дамыту айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп еліртуге бастайтындай көрінеді. Себебі, биліктің дәмін татып қалған әйел затының, от басы ошақ қасында үстемдік етпесіне кім кепілдік береді. Ер азаматты төрге шығаратында, көрге сүйрейтінде әйел. Билік баспалдағына көтерілген төмен етектілердің бәрі болмасада көбінің күйеулерімен "тең" дәрежеде сөйлесетінін көріп жүрміз. Тіпті ұятты жағдайға барып жүргендеріде бар.

Гендерлік саясаттың біздің ұлтымызға тағы бір бергені, қырыққа келгенше кареьера қуып "кемпір" болғанын білмей қалған қыздар көбейді.Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің айтуына қарағанда елімізде 300 мыңнан аса кәрі қыз бар екен. Келешекте олардың саны өседі деп күтілуде. Себебі бүгінгі саясат соларға жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі кәрі қыздардың көбі қызметтің «құлына» айналғандар. Осыдан келіп ұлттың демографиясы құлдырауда. Қазақтың өсуіне қауіп төніп тұр. Мына дерекке көз салыңыз. Тәуелсіздік алғалы туу көрсеткіші 1989 жылғы деңгейге жетпеген. Мұны қалай түсінуге болады. «Гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс» дейтіндер қара көрсетіп жүр. Оларға айтарым, еркек түздің адамы. Онымен қосылып әйелі шапқыласа не болғаны. Үйдегі бала тәрбиесіне зардабы тигенімен қоймай, "байтал шауып бәйге алмайтынын" ескеруі керек қой. Мен негізінен, гендерлік саясатқа, ол демографиялық құндылықтармен қатар жүрсе ғана қарсы емеспін. Тек он әйелдің министр, жиырма әйелдің депутат болғаны үшін ғана аталған саясатты қолдауға болмайды ғой. Теңдік деп жүрген, бизнеспен айналысып жүрген қыздарымыздың көбінің, жасыратыны жоқ, толыққанды отбасылары жоқ. Әрқайсысында бір-бір ғана баладан, кейбіреуінде бір бала да жоқ. Бұл саясат өркендеп-өсе беретін болса, еліміздің демографиясына үлкен қауіп туғызуы мүмкін.

Информация о работе Гендерлік саясат