Гендерлік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 12:22, реферат

Краткое описание

Күнделікті өмірде қолданылатын «жыныс» деген термин еркек пен әйелдің сексуалды белсенділігінен биологиялық және анотомиялық айырымдар деп бөлу керек.
«Жыныс» деген ұғым әйел мен еркектің физикалық айырмашылықтарын берсе, ал «гендер» деген түсінік олардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктерін қозғайды. Жыныс (гендер) – еркек пен әйелдің арасындағы әлеуметтік қатынастар моделі.
Гендер тәуелділігін (идентификация) гендерден бастау алады. Гендер айырымдары адам қарым-қатынасы процесінде әрдайым пайда болып, әлеуметтің өмірдің негізін құрап, бастау алады. Гендер санасы және мінез-құлық көрінісі тіршілікке еніп кеткені соншалық, біз оларды байқамаймыз, мән бермейміз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гендер саясат.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Кейде Қазақстан расымен гендерлік  саясатқа мәжбүр ел ме деп ойлаймын. Қарап отырсам оған негіз жоқ. Батыстың саясатын басым бағыт етіп алуымызға не себеп? Оныңда өзімше жауабын іздеп көрдім. Нәтижесінде көптеген қызықты жайттарға тап болып, басқасын қайдам, дәл бізде жүзеге асып жатқан гендерлік саясаттың қаншалықты соқыр екендігіне көз жеткіздім. Енді осы мәселені өзімше бағамдап көрейін.

Сөзімді бастамас бұрын көптің көңілін  күпті қылып жүрген саясаттың  анықтамасымен таныстырайын. Гендерлік  саясатты алақайлап қолдайтындар: «Гендерлік саясат дегеніміз – өмір құн-дылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер» – деп ережесін түзіпті. Демек, гендерлік саясат бізге ер мен әйел арасындағы теңдік үшін қажет екендігі көрініп тұр. Сонда елімізде тап сондай қажеттілік туындап отыр ма? Біз ислам дініндегі елміз. Хадисте "жұмақ ананың аяғының астында" деп жазылған. Батыс таңсық көріп көтеріп жатқан мәселені ислам әлемі баяғыда реттеп қойған. Осы жерде қажетіме жарар деп қойын дәптеріме түртіп жүрген қызық оқиғаны баяндай кетейін. Бірде, бір британиялық азамат Ислам ғалымдарының бірінен: «Неге Исламда еркектерге әйелдермен қол алып амандасуға болмайды?», – деп сұрапты. Сонда әлгі шейх: «Сіздер, өздеріңіздің патшайымдарыңыз Елизаветамен дәл солай амандаса аласыздар ма?», – деп қайыра сұрақ қояды. «Әрине, жоқ. Оның қолын алуға тек ең таңдаулылар ғана құқылы», – деген британиялыққа шейх: «Ендеше, біздің әйелдердің барлығы патшайым. Олардың қолын алу мүмкіндігіне, тек, таңдаулылар ғана ие болады», – деп жауап берген екен. Осы диологтың өзінде қаншама астар жатыр.

Жалпы гендерлік саясаттың шығу төркіні батыс екені белгілі. XIX ғасырға дейін ол жақта әйелді адам құрлы көрмей, «адамзаттың жұмақтан қуылуына себеп болдың» деп кез келген салада құқығын шектеп қойғаны да тарихтан мәлім. Бұндай бассыздыққа шыдамаған батыс әйелдері бас көтеріп, нәтижесінде «гендерлік саясат», «феминизм» деген терминдер пайда болды. Содан бері бұл сөздердің айдарынан жел есіп, аясы кеңейіп сала берді.

Мүмкін, батысқа бұл саясат керек  те шығар. Өйткені батыстың болмысы  бөлек, қалыбы бөтен. Ал бізге, тіпті  қазақы болмысымызға жат.

Ал енді батыс қажет еткен  осындай соқыр саясатқа қазақтың оң қарауы көңілге қаяу түсіреді. Себебі бізде «еркек пен әйел тең болсын»  дейтіндей теңсіздікке жол беріле қойған жоқ әлі. Дін мен діл  аман тұрғанда ол болмайды да. Одан кейін  «әйел теңдігі» деп ұлардай шулап, ұлттық мәселеге айналдырудың да қажеті шамалы. Өйткені біздің елде нәзікжандылар ерлер тарапынан ешқандай қысымшылық көріп жатпағаны баршаға мәлім. Керек десеңіз, бізде министр, депутат, вице-министр сынды лауазымды қызметтердің тізгінін ұстап жүрген әйелдер жетерлік. Және ондай әйелдер бізге гендерлік саясат жетпей тұрып орын алған болатын.

Біз гендерлік саясат келмей тұрып  әйелдің орнын айқындап, қамқорлықтың сан қилы стратегиясын жасап қойған халықпыз. Егер қазіргі жүргізіліп жатқан гендерлік саясат ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылса құптарлық.

Әйтпесе баласын Америка, Еуропа секілді  құрлықтарға барып туып жүрген әйелдердің "еркелігі" гендерлік саясаттың жемісі һам жеңісі секілді көрінеді. Осы жерде дана қазақтың "кіндік қаны тамған жер" деген тәмсіліне назар аударған жөн. Сонда Кіндік қаны Шет жерде тамған баланың толыққанды қазақ болып дүниеге келмесі анық. Осыған ұқсас, ұлттық мүддеге қайшы қылықтарды жіпке тізе беруге болады. Ұлтқа пайдасынан зияны көп гендерлік саясат туралы менің түсінігім осындай.

Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар. Мәселен, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыс ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық —тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Жауға қарсы шауып, елді қорғау секілді ауыр жұмыстарды ер кісіге жүктеледі. Әлемдегі екі жүз мемлекет болса, солардың ішіндегі Германия, Үндістан және Қырғызстан елін әйел қалғандарын ер кісілер басқарады. Осының өзі табиғи көрсеткіш. Гендерлік саясат пен әйел теңдігін желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастыруда. 
Батыста XIX ғасырдың өзінде әйелді адам құрлы санамай, қоғамда өз орнын таба алмай қорланып жүргендіктен, XX ғасырдың екінші жартысына қарай теңдікке ұмтылыса бастады, бұл салада бізден үйренері көп. Оған Джек Лондонның «Әйелдердің ерлігі» мен Г. Флобердің «Бовари ханшайым» атты кітабін оқысаңыз көз жеткізесіз. Қазақ ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамаған. Мұны өткен тарихымызды мұқият оқып шыққан адам ғана түсіне алады, олардың басты мақсаты-сүйікті қыз, адал жар, аяулы ана, асыл әже атану ғой. 
Әйел қауымы бірінші кезекте өмірге ұрпақ әкеліп, оны жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, қоғамға қосар болса, еліміздің қарыштап дамуына одан артық қосатын үлкен үлес жоқ. Ұлт мәселесін былай қойғанда, әйелдің өмірдегі ең зор бақыты да байлығы да бала болса, ондай бақыттан қашу ақылға сыйымсыз.

 

Ал, гендерлік саясаттың мақсаты, меніңше қоғамның дамуын кері тартатын жаңа типтегі әйелдер қауымын тәрбиелеу. Анаған-мынаған еліктеуді қойып, ер-азаматқа арқа сүйеп, алтын басын бағалап, өз орнын біліп отырған әйелдің екі дүниеде де бағы жанады. Әйелдің бағы— ерімен бірге. Еркегі жоқ, отбасы жоқ әйел қашан бақытты болып еді? Жападан жалғыз қашан бақытқа жетіп еді? Ендеше, әйелге қандай теңдік керек? Еркек жеткен биікке өзім-ақ жетем деген әйел бар әйелдік қасиетінен айырылады. 
«Менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған қазіргі заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген кәрі қыздардың саны бес жүз мыңға жетіпті. 
Сан алуан қасқыр еркектің алдынан өткен әйелдердің билікке қалай жететінін қазір жас балада біледі. Ақша молырақ тапқан әйел күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Мысалы Астана қаласының бір Сарыарқа ауданы сотына 2011 жылы төрт ай қорытындысы бойынша, 350 отбасы ажырасуға ниет білдіріпті, соның тең жартысы ажырасып кетіпті. Мұның бәрі бірін-бірі сыйламағандықтан, отбасылық ауыртпалықтарға шыдас бере алмағандықтың айғағы. 
Қарап отырсаңыз, жыл сайын мыңдаған отбасының шаңырағы шайқалып, дәм-тұзы жараспай оты сөніп жатыр. Бұл ажырасулар абырой әпермейді. Әкем Кеңестің анасы Қызболған әжемнің салт-дәстүрге, ынта-ықыласпен қарайтын, діндарлығы да бар еді. Әжем « Бір отбасы ажырасса, ғарыштағы жұлдыздардан бастап, барлық қоршаған орта қаһарланады. Бір адамның берекесі кетсе, кесірі отбасыға тиеді, берекесіз отбасы қоғам, ұлт, мемлекеттің де мазасын кетіреді»,— деп айтып отырушы еді. Бұрын «Бәленшенің баласы ажырасыпты» деген сөз бүкіл бір ауылдың, ру, жүздің арына түскен дақ болатын. Оның себебі, генетик ғалымдардың айтуынша, әрбір тұлға түбі жоқ шексіз ақпаратты сақтайтын сиқырлы сандық іспеттес. Мінез-құлқымыз бұзылып, арсыздыққа ұрынсақ, ата-бабадан келе жатқан ақпараттық қорды бүлдіріп аламыз. Жамандық өзімізбен кетпей, ұрпақтан ұрпаққа қан жаңарғанша сақталып отырады-мыс. 
Жанұяның ыдырауы баланың жетім өсуіне алып келеді. Әкесіз бала бос, жігерсіз келеді, психологикалық соққы өз алдына үлкен әңгіме, бір үйге бір еркектің кіріп-шығуы айбат, ғанибет, көзге көріне бермейтін күш-қуат энергиясы болады, ажырасудың тағы бір себебі, жанұяда бала санының аздығы. Бұрындары тоғыз он баламен ажыраса алмайтын, қазір бір асып кетсе, екі баламен қиналмай ажыраса беретін болды. «Ананың тілі атаның күшінде» деген. Атаның күші деген-саясат, бизнес, экономика, жігер, керек десең, көк көрпенің астындағы әрекет, ғылым, білім. Ана қанша мәрте айтқанымен атаның қабағына жетпейтіні рас. 
Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. 
Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз өз хадисінде қатаң сөккен. Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі жүргізуші болмайтыны секілді кіші мемлекет отбасында да бір ғана басшы болуға тиіс. Әйтпегенде, үйдің берекесі қашады. Әкесін құрмет тұтатын қыз бала әр адамның бетіне бажырамақ түгілі, алдын кес-кестеп өтпейді. Кезінде Төле би бабамыз алдын кес-кестеп өтпеген Сұлушаш атты қызды тұңғыш ұлына әпергенін тарихтан білеміз. 
Өкінішке орай, соңғы жылдары тәрбиенің жоқтығынан жетімханада қаракөздердің, кесапат келіндердің кесірінен қарттар үйінде қариялардың көбейгенін қалай жоққа шығарамыз? Шетелге сатылған сәбилердің нақты санын ешкім білмейді. Аштан өліп, көштен қалып жатқан кім бар? Бұның бағасы арсыздық қана. Ар-намыстан жұрдай болған елдің тірлігі. Гендер деп шапқылап жүрген көсем ханымдардың ойында шын халқына қызмет ету болса, ең болмаса қыздарды тәрбиелеудің заманауи бағдарламасын жасап Үкіметке ұсынар еді-ау. Осындай қаны тамып, зар жылап тұрған мәселені көрмей, сонымен айналысудың орнына, «гендерлік саясат» деп шапқылап жүрген ханымдардың бар ойы— билікке жету. Үкіметтің беретін тегін ақшасына рахаттанып өмір сүру, киіну, ішіп-жеу, одан басқа түк те емес. Халық ақымақ емес, кімнің кім екенін көріп отыр. 
Ірі ойшыл философ Бенедикт Спинозаның «Билік басындағы әйел— бүкіл әлемге қатерлі» дегені қаны тамып тұрған шындық. Қазақстандағы «көсемсымақ», ақшаның буына мас болған шошақай ханымдардың қайдағы біреудің айтқанына еріп, шапқылап жүр. Әйелде мейірім болмаған жағдайда өмірдегі тепе-теңдік бұзылады. «Әйел—үйдегі, еркек—түздегі шаруаны реттеп, өз ұрпағының қамын ойлап, тәлім-тәрбие беріп отырса, бұл дүниенің қызығынан құр қалмас еді-ау» деп ойлаймын. 
Әу баста қазақтар қыз бала туылса, үйден алысқа кетпесін деп, кіндігін ошақты астындағы күлге көметін болған. Ұл бала туылғанда киіз үйден шығып, қырық қадамнан соң, кіндігін лақтырып ұл түздікі деген ұрым қалған. Әйел міндеті-шағын мемлекет құру, еркек міндеті-үлкен мемлекет құру. « Ұяны ұрғашы құс салады» деген мақал осыдан шыққан. Қазақ «Байтал шауып бәйге алмас», «Қатын басқарған ел қараң қалады», «Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа», «Қызды қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деп бекер айтпаса керек. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылыптының» кері болып жүрмесін. Еуропаны қол астына ұстаған Бонапарт Наполеон да, орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да, АҚШ президенті Авраам Линкольнда әйелдерінің құрбаны болғаны секілді. Әйтеуір «Гендерлік саясат», «Әйел теңдігі» деп жүріп, қазақ үшін өлімге әкелмесіне кім кепіл? «Маңғыт, ауыңа саңғыт» болып жүрмесін.


Информация о работе Гендерлік саясат