Мемлекеттік саясат

Реферат, 04 Декабря 2013, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Мемлекеттік саясат –қоғамдық мәселелерді шешуде, қоғамның немесе оның жекеленген салаларының дамуын жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдарының мақсатты бағытталған қызметі. Мемлекеттік саясат мемлекеттің құзырындағы ресурстарына сүйене құқықтық, экономикалық, әкімшіліктік арасалу әдісін пайдалана отырып, мемлекетке белгілі салада белгілі мақсатқа жету құралы болып табылады. Саясат ашық, бәсекеге қабілетті және нәтижелікке бағытталған болуы тиіс.

Содержание


I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
а) Мемлекеттік басқару саясатының теориялық астары;
б) Мемлекеттік басқару саясатының әдістемелік негізі;
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саясаттану.doc

— 54.50 Кб (Скачать документ)

                                     Жоспар:

 

 

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім:

а) Мемлекеттік басқару саясатының теориялық астары;

б) Мемлекеттік басқару  саясатының әдістемелік негізі;

 

    1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

 

     

        Мемлекеттік саясат –қоғамдық мәселелерді шешуде, қоғамның немесе оның жекеленген салаларының дамуын жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдарының мақсатты бағытталған қызметі. Мемлекеттік саясат мемлекеттің құзырындағы ресурстарына сүйене  құқықтық, экономикалық, әкімшіліктік арасалу әдісін пайдалана отырып, мемлекетке белгілі салада белгілі мақсатқа жету құралы болып табылады. Саясат ашық, бәсекеге қабілетті және нәтижелікке бағытталған болуы тиіс.

        Мемлекеттік саясат қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарынан импульс алады,  ал бұл топтардың әрқайсысы өз алдында өз мақсат мүдделеріне жету үшін басқа бір әлеуметтік топтың  мақсат-мүддесіне әсер етіп, талас-тартыстарды және шиеленістерді реттеуде мемлекетті дәнекер ретінде пайдаланады. Сол себепті мемлекеттік саясатты қоғамдық маңызды мүдделерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті пайдалану, өз қолында ұстап қалу немесе билік үшін күресу арқылы топтардың өзара мақсатты әрекеттестігі нәтижесінде жинақталған қатынастар деп анықтасақ болады.

     

        Қазіргі кезде мемлекеттік саясаттың  мәні мен мағынасын түсіндіруге  көп көңіл бөлінуде, бұл саясаттың  қоғамдық өмірге араласуынан  ғана емес, сонымен қатар, экономикалық  және әлеуметтік үрдістерді басқаруда  шешуші фактор болып есептелінуінде.Мемлекеттік саясатты жетілдіріп және жүзеге асыратын институттар – президент, Үкімет, және т.б.

 

 

 

 

 

        

           Мемлекеттік басқару саясатының теориялық астары

 

       Мемлекет  қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан  барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы  мемлекеттік басқару  мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда  мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.

       Соның  ішінде саясаттану мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын көрсету тұрғысынан қарастырады.

       Сонымен, мемлекеттік  басқару теориясының мазмұнына- қоғамды басқару институты ретінде мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын  оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі  мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

      Мемлекеттік басқару  теориясының пәні- қоғамды басқарудың  саяси- құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқықтық , әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар; мемлекеттік басқару, басқарусубьектісі ретіндегі мемлекет; мемлекеттік басқару обьектісі; мемлекеттік билік; басқарушылық қызмет; басқарудағы қатынастар.

 

 

 

 

 

  • атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару заңдылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі.
  • басқару процесінің негізгі элементтері мен кезеңдерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
  • басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар; ұлттық- мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
  • тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік( үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру және орталықсыздандыру және басқару.
  • мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси,құқықтық, экономикалық  және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.

 

     Мемлекеттік басқарудың  өзіне ғана тән ерекшеліктері  оны басқа басқару түрлерінен ерешелеп тұрады. Ондай ерекшеліктер үшеу. Мемлекеттік басқаруда, осы аталған басқару түрін жүзеге асыратын оның субъектісі- мемлекет. Мемлекет  анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырынан көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші ғалымдар  бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы М.Вебер:

«Мемлекет дегеніміз  адамдардың легитимді күш қолдану  арқылы екінші бір адамдарға үстемдік етуі»- деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік құрылым туралы пікір қалыптасты. Қазіргі заманғы философиялық энциклопедияда мемлекет «адамдардың  біріккен іс- әрекеттерінің нәтижесінде, үкімет қызметінің нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын, қандай да бір салада қоғамдық істерді тәртіпке келтіретін  үстемдік ету құрылымы ретінде түсіндіріледі». Осыдан мемлекеттің мемлекет болып табылатындығы да, оның қоғамдық құрылымдардан айырмашылығы да сол, онда адамдарға қатысты мемлекеттік билік шоғырланған және ол қоғамда жүзеге асырылады. Ал билік өзара байланысты білдіреді, оның процесі кезінде адамдар материалдық, ақпараттық     және  басқа себептермен өз еріктерімен немесе күш қолдану арқылы  басқалардың үстемдігін, сондай-ақ мақсатты, нормативті нұсқауларды мойындайды, солардың талаптарына сай іс-әрекеттер жасайды, өз өмірлерін құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік    басқару саясатының әдістемелік  негізі

 

         Мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеуде мақсаттармен қатар саяси-басқару принциптері де болады. Егерде мақсатты тұжырымдау басқарушылық шешімдердің жасалуына және қабылдануына тікелей қатысты болатын болса, принциптер, әдістер және технологиялар қойылған мақсаттардың орындалуы мен әлеуметтік салаға, экономикаға және мемлекеттік саясаттың басқа да объектілеріне әсер етуін  ұйымдастыру және реттеу болатын толық басқарушылық циклдың тәжірибелік сатысымен байланысты. Мемлекеттік  саясаттың принциптері 2-ге бөлінеді: жалпы(әмбебап) және салалы (арнайы).

  • 1-шісі мемлекет саясатының барлық түрлерінде және жалпы, әмбебап сипатта болады. Мемлекеттік  саясаттың әмбебап принциптері :

- объективтілігі –  қоғамның дамуындағы қоғамдық  қатынастардың заңдылықтарын ескере  отырып мемлекеттік басқаруды  анықтау;

- нақтылық – Мыс.: сол салаға бөлінетін қаржының жоспарлануы т.б.

- тиімділік;

- заңдылық;

- кері айналым;

- негізгі буын –  инновациялы үдемелі индустриялық  даму арқылы қоғамды алға жылжытуға  болады.

  • 2-шісіне қоғамның жеке салаларында басқарушылық ететін  немесе тек мемлекеттік саясатта, саяси партьиялардың саясатында және саяси-қоғамдық ұйымдарда қолданылатын принциптерді жатқызуға болады.

      Принциптерді  талдауда тағы бір көзқарасты  көрсетуге болады. Ол демократия  құндылықтарына негізделеді, олар: үкіметтің конституциялығы, халық өкіметі, есеп берушілік, тиімділік, ашықтық, қабілеттілік, іс жүргізу формасына сәйкестік, өкімет билігінің бөлінуі.  Аталған принциптерді ұстануда шешім қабылдауға қол жеткізу, шешім қабылдау жолдары және демократия сапасы мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге қатысты маңызды теориялық және тәжірибелік сұрақтарды шешуге болады.

 

       Тиімді  мемлекеттік саясатты жүзеге  асыруда принциптермен қатар басқару әдістері маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік субъекттер мен саяси институттардың басқарылатын объектілерге әсер етуін ұйымдастыратын және реттейтін тәсілдерді, олардың оңтайлы қызмет етуі мен даму шарттарын анықтайды. Мемлекеттік саясаттың әдістері де принциптеріндей жалпы және арнайы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысына әкімшіліктік-ұйымдастырушылық (нұсқаулықты), экономикалық әдістер және моральді ынталандырудың әлеуметтік-психологиялық әдістері жатады. Нұсқаулықты әдіс мемлекеттік-құқықтық мәжбүрлеуді, ал экономикалық әдіс – материалдық ынталандыруды қолдануды қарастырады. Мемлекеттік саясат жүйесінде қолданылатын арнайы әдістердің ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті ерекше атап кетсек болады. Бұл әдіс нүктелі өзекті экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешу үшін қаржылық,   материалды, ұйымдастырушылық ресурстар мен құралдарды бірыңғай кешенге біріктіре алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қорытынды

 

 Мемлекеттік  саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.Мемлекеттік саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.

Қоғам өміріндегі саяси  саланың мәртебесі. Саяси саланың  басқа салалардан айырмашылығы мынада солсөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді,жарлықтарды, нұсқауларды барлық басқа да қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі және күрделі кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салаларымен тығыз байланыста, соларға тәуелді болады.

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер

Әбсаттаров Р.Б. Саясатану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001

Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәселеге жалпы көзқарас // Хабаршы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002.

Қазбеков Н.А. Саяси  процесстер: Оқу құралы – Қарағанды: Болащақ Баспа, 2004.

Саясатты талдау әдістері мен тәсілдері / Ағылшын тілінен  аударған Б.Қ. Сәркеев. – Алматы, 2002.

 

 

 

 

        

 




Информация о работе Мемлекеттік саясат