Коммерциялық банктердің несиелік саясаты
Дипломная работа, 17 Июня 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасында банктердің атқаратын рөлі өте маңызды қаржылық институт болып табылады. Банктер миллиондаған жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға кредит рәсімдеп қана қоймай,олардың қажетінше көптеген банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен осы қаржылық иституттың елімізге,еліміздің экономикасына маңыздылығына байланысты банк түсінігін дұрыс түсінуімізге себеп туады. Банк-әртүрлі банкттік операциялар ұсынатын,сонын ішінде, депозиттік, төлем, жинақ операцяларын және кредит рәсімдеуді ұсынатын маңызды қаржылық институт болып табылады.Осы банкттердің көп қызмет түрлерін корсетуіне байланысты оларды «қаржылық әмбебап» деп те аталған.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом.docx
— 1.14 Мб (Скачать документ)Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасында банктердің атқаратын рөлі өте маңызды қаржылық институт болып табылады. Банктер миллиондаған жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға кредит рәсімдеп қана қоймай,олардың қажетінше көптеген банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен осы қаржылық иституттың елімізге,еліміздің экономикасына маңыздылығына байланысты банк түсінігін дұрыс түсінуімізге себеп туады. Банк-әртүрлі банкттік операциялар ұсынатын,сонын ішінде, депозиттік, төлем, жинақ операцяларын және кредит рәсімдеуді ұсынатын маңызды қаржылық институт болып табылады.Осы банкттердің көп қызмет түрлерін корсетуіне байланысты оларды «қаржылық әмбебап» деп те аталған.
Нарықтық экономикада жеке банктермен коммерциялық банктердің бәсекелестіктеріне байланысты банктік бизнесте саланы , әлемдік тәжірибелерді зерттеп, білу өте маңызды болып табылады. Коммерциялық банктің қызметін активті турде несие операциялары құрайды. Оның қаншалықты құрайтының мынадан көреміз:
біріншіден, ойдағыдай жузуге асырылуы негізгі табыс көзін алуға әкеледі және ол банктің тұрақтылығын және сенімділігін көтеруге әрекеттенеді, ал несиелендірудегі жол болмаушылық оның банкротқа ұшырауына алып келеді;
екіншіден, ел экономикасын дамыту инвестициясын несиелендіру үшін банк мекемесі меншікті және жұмылдырылған ресурстарды шоғырландыру қажет;
үшіншіден, бұл қызмет өзін ойдағыдай жүзеге асырғанда ғана өзінің барлық қатысушыларына, яғни несие мекелемелеріне, қарыз алушыларға және барлығына пайда әкеледі.
Банк — бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіпорындар сияқты банктың өзінің басқару аппараты бар. Банктерде де, басқа кәсіпорындар сияқты өздерінің Басқармасы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімдері болады. Дегенмен банк — бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан және оның тауары ретінде немесе өндіргіш өнімі ретінде, оның ерекше өнімі несие, депозит және басқа да көрсететін қызметтері көрінеді. Сонымен қатар банк ақша несие институты болғандықтан, оның басқару аппараты атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Тағы сол сияқты банктің тиімді қызметі банктік менеджменттің сапасына тәуелді, ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу құрылымымен тығыз байланысты болады.
Әлемдік тәжірибеде дәл осы несиелендірумен байланысты банктің
пайдасының едәуір басты бөлігі құрайды.
Осымен қатар, қазіргі уақыттағы несиелендіру процесі тәуекелді активті операциялардың бірі болып саналады және ол қисынсыз жағдайда банкротқа әкеліп соғуы мүмкін.
Несие портфелін тиімді басқару үшін жалпы алғанда банк бойынша, сондай-ақ банктің құрылымды бөлімшелері бойынша оның салалық және сандық сипаттамалары жөнінде талдауы қажет.
Несиелік операциялар коммерциялық банктің әдеттегі негізгі активті қызметі болып табылады. Несиелерді ұсыну банктің негізгі экономикалық операциясы болып табылады. Ол операциялар негізінен жеке меншіктегі фирмалардың, компаниялардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыруға бағытталған. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қазақстандық банктермен берілетін несиелер негізінен қысқа мерзімді болады, яғни 1 жыл көлемі мерзімінде беріледі.
Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі.
Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру флрмалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.
Бүгінде қазақстандық коммерциялық банктермен қаржылық есеп берудың екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады.
Сонымен банктердің көптеген дамушы елдердің ішінде,сонын ішінде, Қазақстан Республикасының экономикасынының дасмуында басты звено болғандықтан, мен өз өндірістік тәжірибемді банкте,яғни «Банк Центр Кредит » АҚ – Орал қалалық филиалында өтуімді таңдадым.
Негізгі мақсатым:
- Банктік саланы толық түсніп,білу.
- Маңыздылығын анықтау.
- Негізгі міндетім:
- Банктің ұйымдық-құрылымдық басқарушылық деңгейімен таңысу.
- Банктік қағаздармен таңысып, үйрену.
- Банктік операциялармен таңысып, үйрену.
1. «Банк Центр Кредит» АҚ – ның филиалының ұйымдық-құрылымдық және экономикалық жағдайының сипаттамасы
1.1 «Банк Центр Кредит» АҚ ұйымдық сипаттамасы
«Банк ЦентрКредит» АҚ - ғы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылды және де ол Қазақстандағы ең бірінші коммерциялық банктердің бірі болып табылады.
1988 жылы негізі салынған біздің банк – активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк. Біздің мақсатымыз – шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.
Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Біздің банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында – "BCC Invest" АҚ, лизинг саласында – "Центр Лизинг" ЖШС және зейнетақы қызметі саласында – "Капитал" ЖЗҚ" АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі – "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.
Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.
Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап біздің банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдымыздан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Біз өз клиенттеріміздің бізге артқан сенімін жоғары бағалаймыз және құрмет тұтамыз, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарымызға қол жеткізуімізге ықпал етеді.
«Банк Центр Кредит» АҚ – Орал қалалық филиалының ұйымды басқарудың әдістері мен тәсілдері
Филиалыдың менеджменті өз маман иеларінен тұратын ұйымшыл топтан кұралған. Клиенттермен жұмыс жасау ыңғайлы болуы үшін Банкте әр түрлі қызметтерді атқаратын арнайы бөлімдер қарастырылған:
Несиелік бөлім;
Операциялық бөлім;
Валюталық бөлім;
Пластикалық карта бөлімі;
Жинақтау бөлімі;
Касса және т.б.
Әр жұмыскердің пікірін негізге алу ұжымды басқарудағы негізгі бағыт болып келеді.
Жұмыскерлердің көп саны бас банк ұйымдастырған әр түрлі курстар арқылы жетілдіре түсті. Алынған білімдерін өндіріс процесінде қолданып, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру барысында кеңінен қолдануда.
Тұрғындардың ақша қаражаттарын депозиттерге, салымдарға тарту мақсатында және де Банк қызметтері көлемін өсіру мақсатында 2010 жылы кассалық есеп айырысу бөлімдерін көбейту саясаты жалғастырылды.
Банк басқармасы Банк алдындағы тұрған міндеттерді тиімді шешу – жоғары білікті мамандар және дағдыланған менеджмент негізінде жүзеге асырылады деп есептеледі.
БанкЦентрКредит» АҚ ның ұйымдастырушылық құрылымы.
1 сызба
АКЦИОНЕРЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ
2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйібойынша
орналастырылған жай акциялардың
саны 162 456 800 дананы,жай акцияларға
айырбасталатын
артықшылықты акциялардың саны 39 249 255 дананы құрады, жарғылық капитал 69 751 млн теңге сомасында төленді.
ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АКЦИЯЛАРДЫҢ 5 ЖӘНЕ
ОДАН КӨП ПАЙЫЗЫН ИЕЛЕНЕТІН АКЦИОНЕРЛЕР:
1 сурет
АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДАҒЫ ҮЛЕСІ, %
2013 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАР
БАЙСЕЙIТОВ Б.Р.
37% |
63% |
||
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР | |||
2013 жылғы 1 қаңтарда Банктің меншікті капиталы 137 398 млн теңгені құрады.
1-кесте
МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЛН. ТЕҢГE | ||
жарғылық капитал |
69 751 |
51% |
реттелген борыш |
45 494 |
33% |
мерзімсіз еурооблигациялар |
12 187 |
9% |
резервтер және өткен жылдардағы кіріс |
9 966 |
7% |