Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Синоптан шыққан кинизмнің ең әйгiлi өкiлi Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-әрекетiнде қолданды. Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей, демалып жатқан Диогенге: “Не сұраймын десең өз еркiң”- дейдi. Ол оған: “Маған күндi көлеңкелемей, әрi тұр”- деп жауап береді. Бұған «патша егер мен Александр болмасам, Диоген болар едiм»,- дейдi. Ол тал түсте тобыр арасында қолына шам ұстап “адам iздеп жүрмiн” деген тезисiмен, ешқандай өркениеттi мойындамай, бөшке iшiнде өмiр сүруiмен белгiлi.

Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау  емес, қоғамға жат құбылыс –  жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия  арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм стоиктердiң этикасына, материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады. Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүру негiзiнде қалыптасты.

Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан – көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан – бiртұтас.

Ақыл уақыттан тыс  өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны – идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өз кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы – ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрi мен мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi – болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғары шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.

Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға әсерінің нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық орта ғасырдағы дiннiң бастамасы болды.

 

Семинар сабағының жоспары

 

Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.

Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық  бағыттары  мен  мектептері.

Ежелгі Грек философиясының  классикалық кезеңі.

Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.  

 

 

Әдістемелік ұсыныстар

 

Антикалық философия  көбінесе космоцентризмге негізделген. Оның алғашқы көзқарастары материалистік және идеалистік болып бөлініп, милет пен элеат мектебін құрды. Бұл Сократқа дейінгі  кезең, ал Сократтан кейінгі кезеңге – Аристотель, Платон, т. б. жатады. 

 

Бақылау сұрақтары

 

 1. Көне Грек философиясы: ойшылдары мен негізгі мектептері.

 2. Философияның тарихи түрлері, олардың әлеуметтік

    жағдайлары мен  байланысы.

 3. Көне Грек материалистері.

 4. Көне Грециядағы идеалистік философияның өкілдері.

 5. Аристотель қай ілімнің негізгі заңдарын жасады?

 6. Ежелгі Грециядағы диалектикалық ілімнің қалыптасуы

    (Гераклит, Элей мектебі,  софистер).

7. Ежелгі Рим философиясы: дәстүрі және жаңа идеялардың

   мектептері мен ойшылдары.

 

 

 

Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы

 

 1. Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм және оның

     бағыттары.

2. Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі. Эллиндік-

    римдік философияның негізгі мектептері.

3. Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі. Ежелгі Грек

     философиясының   негізгі бағыттары мен мектептері.

4. Антика философиясы. Негізг идеялар мен мектептер

     (Гераклит, Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель,т. б.).

 5. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

 6. Аристотель – антикалық философияны жүйеге келтіруші.

 7. Зенон апориясы және қозғалысты тану мәселесі.

 8. Платон еңбегінің философияны  зерттеушілер үшін мәні.

 9. Ежелдгі грек философиясындағы  болмыс мәселесінің

    шешілуі (Пифагор, Парменид, Демокрит, Аристотель).

 

 

 

 

Философиялық мәтіндермен  жұмыс істеу

 

1. Антология мировой философии. М.: 1969.

2. Материалисты  Древней Греции: Сборник текстов Гераклита,

   Демокрита и     Эпикура. М.: 1955.

3. Мир философии. Хрестоматия в 2 х   частях. М.: 1991. ч. 1,

   раздел 1.

4. Платон. Избранные диалоги. (Пир, Федон, Апология Сократа).

   Пер. с греч. М.: худ. Лит., 1965.

5. Платон. Государство. Закон (Платон соч.  втрех томах). 1971-

    1972. т. 3. ч. С. 1-2.

6. Таранов П. С. Антология мудрости. 120 филоосфов. Жизнь,

   судьба и учение. Реноме, г. Семферополь, 1997.

7. Фрагменты ранних греческих философов. М.: 1989 /Под ред.

    Лебедьева А.В./.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абдильдин Ж. М. Избранные соч.в 5-т. Алматы, 2001.

2. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы.

    – Алматы, 2000.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Х, т. б. Философия және мәдениеттану.

    – Алматы, 1998.

4. Асмус В. В. Античня философия.  М.: 1998.

5. Әбішев Қ. Философия. – Алматы, 2001.

6. Бейсенов Қ. Философия тарихы. – Алматы, 1992.

7. Богомолов А. С. Античная философия. Изд. МГУ. 1985.

8. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. – Алматы, 2003.  

9. Қасабек А. Тарихи философиялық таным. Оқу құралы.

    – Алматы, 2002.

10. Лосев А. Ф. Словарь античной философии. М.: 1995.

11. Мәдени философиялық энциклопедиялық  сөздік /құр.

       Т. Х. Ғабитов, А. Т.

 12. Құлсариева. – Алматы: Раритет, 2004.

13. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

14 .Нысанбав Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. Алматы, 1999.

15. Сыбанбаев Қ., Затов Қ. Философия. Алматы, 2000.

16. Философия (құр. Т. Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2005).

17. Философия: Электрондық оқулық (құр. Т. Х. Ғабитов.

      – Алматы: Горлит, 2004).

18. Философский энциклопедический словарь. М.: 1994.

1. 3. Орта ғасыр философиясы

 

«Орта ғасыр»  термині түсіндірілуді  керек  етеді. Бұл ұғым еуропа түсiнiгi бойынша дiннiң үстемдiгi, ғылым үшiн қаратүнек заман орнады дегенмен тең - шын мәнiсiнде шығыс елдерiнде бұл ғылым мен дiннiң үйлесiмдi даму кезеңi болды. Оны араб елдерiнiң тарихынан айқын көремiз. Материалистiк көзқарас, нақты ғылымдар зерттеулерi Үндi, Қытай елдерiнде де дәстүрлi еркiн жолмен дами бердi.

Еуропалық  философияда бұл термин христиан дінімен  байланысты. Христиан діні біздің жыл санауымыз бойынша І-ІІ ғғ., құл иленуші қоғамның күйреуі, Рим империясының құлау кезеңінде пайда болды. Еуропалық христиан немесе орта ғасыр философиясы І-ХV ғ. аралығын алып жатыр. Христиан дінінің тарай бастауына байланысты, оның догматтарын рационалдық (ақыл-ой) тұрғыда көрсету мәселесі қойылды. Сонымен бірге, антикалық философтардың еңбегін пайдалану мақсаты үстем болды. Орта ғасырлық ойлау мен пайымдауда екі түрлі дәстүр анықталды: а) христиан дінінің негізін түсіндіру;. ә) антикалық философияның  идеалистік жағын қолдану.

Орта ғасыр философиясы негізінен шіркеу догматымен есептесе отырып дамыды. Сол кездегі философияның өмір сүруі ─ шiркеу билiгiнiң ыңғайына, тарихи жағдайға байланысты болды. Шіркеу мен дін, қоғамдағы әлеуметтік өмірдің табиғи көрінісі болды. Олардың абсолюттік үстемдігi философияның және бүкіл мәдениеттің ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызбады. Ойшылдар шіркеу мектептерінде және діни қызмет атқару арқылы ғана философиямен  шұғылдануға мүмкіндік алды. Философия білім саласында өзіндік ерекшелігінен айырылды. Дін түріне айналып, дінінің қызметін атқарушы «малайы» болып шыға келді. Философия негізінен дінге қағидалардың қасиетті мәтіндерін түсіндірумен шұғылданды. Сонымен бірге, философия мәселелерінің де ерекше түрі болды. Мысалы, әлемді құдай жаратқан ба, әлде өзінше өмір сүре ме? Адамның ерік-бостандығы мен құдайдың қажеттілігі қалай үйлеседі? – деген сұрақтар туындайды.

Орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселелер: Онтология, антропология, гносеология.

Онтология (болмыс) – барлық тіршіліктің алғашқы себебі ─ Құдай. Құдай құдіреті тіршілік иесі ретінде дүниені, адамды жаратқан және оны басқарып, әркімнің өмірін болжап отырады. Бұл философияның жүйесінде антикалық философияның дәстүрі секілді, болмыс мәселесі тұрды. Айырмашылығы – орта ғасыр философиясы теоцентрлік, яғни шындық ─ табиғат емес, шексіз құдіретті Құдай саналады. Теоцентрлік (тео-құдай орталықта) ойлауда адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – Құдай, ол барлық әлемдi, тіршілікті жаратушы. «Құдай дүниені жоқтан жаратты» ─ делінген көзқарасты креационализм (лат.creatio-жасау) дейді. Ол әлемдегі тірі және өлі табиғаттың бәрi бірегей шығармашылық актіде жасалғандығы туралы  идеалистік ілім.

Құдай және оның жаратқан дүниесі екі нақты әртүрлі  онтологиялық (болмыстық) жағдайларда  көрінеді, олар бір-біріне ауыспайды. Құдай мәңгі, өзгермейді, бәрінен де тәуелсіз, ол барлық тіршіліктің көзі, әрі оны тану мүмкін емес. Құдай ең жоғарғы игілік. Ал, дүние болса керісінше, құбылмалы, тұрақсыз, ауыспалы және жақсы жетілмеген. Басқа сөзбен айтқанда, адам үшін  барлық дүниедегі зұлымдық – беиболмыс, өйткені құдай зұлымдықты  жек көреді, игілікті құптайды. Зұлымдықтың өмір сүруін орта ғасырдағы қоғамдық сана: зұлымдық-ақиқаттық болмысты бүркеніп, игіліктің арқасында өмір сүреді деп түсіндірді.

Орта ғасыр адамы әлемнің тұрғылықтығына таңғалумен болды. Табиғат әлемінің табиғилығымен қатар, оның заңдарымен таңғаларлық әлемнің өмір сүруі ─ оны құдайдың жаратқанын мойындатады. Сонымен бірге тіршілік дүниесі мен о дүние (өлгендер әлемі) интенсивті (қарқынды) және драмалық қатынаста болады. Әрине, философтар осыдан пайда болатын сұрақтарға жауап іздеді. Осы екі дүниені тануға бола ма, болса ең алдымен қандай деңгейде іске асады?

Антропология – ол адам туралы ілім. Осы ілімде адамды құдай жаратқан және өзіне ұқсас етiп жасаған. Бірақ, адам табиғаты екіжақты. Яғни, жан мен тән. Жан ─ рухани ғана емес, құдай берген игілік, дене ─ шайтан қонысы. Адам өз күнәсі мен шайтанның арам пиғылынан құтылу үшін, туған күнінен өлгенше шіркеу мен діннің қолдауына зәру болуы керек. Орта ғасыр философиясы өзінің онтология мен антропологиясын ақыл-оймен негіздеу қиын болғандықтан, өзіне тән гносеологиясын жасады.

Гносеология ─ тану мәселесі, діни философияда ақиқатты мойындау ақыл-ойға сүйенбейді, ол тек ішкі қайғы-қасіретке, тілекке ешуақытта ойланбай-ақ,  сай болуы керек дейді. «Тіпті ақыл-ойға сай емес сандырақ болса да сенемін» – бұл діни гносеологиялық қағида. Танымның ерекшелігі ─ әлдебір тілекке, сенуге негізделуіне байланысты ақыл-ой, логика, жүйелi дәлелдеу, өзінің мәнін жоғалтты деу қате қорытынды болған болар еді. Рационализм элементтері, iнжiлдегi қасиетті қағидаларды талдауда, іздеуде екінші сатыдағы логикалық құрал ретінде сақталды. Рационалдық философия библиядағы бейнелерін, символдарын логикалық тілге аударуда өте үлкен рөл атқарды.

 Батыстық орта ғасыр философиясы екі кезеңнен тұрады:       

Патристика (Pater-әке, шіркеу әкейлерінің діни философиясы).

Схолостика (латын    тілінде «мектеп» деп аталады ). Қазір схоластика  деген    ұғым ─ өмірден алшақ, практикалық жағынан пайдасыз сөзге  үйір дегеннің синонимі.

Философия тарихы Патристика кезеңін І – VІ ғ. болды деп анықтайды. Христиан дінінің догмасын (қағидасын) жасаушылар ─ Тертуллиан Карфагенский (160-220 жж.) Климент Александрийский (150-215 жж.)  Аврелий Августин  (Блаженный) (354-430 жж.), Ориген (185-253 жж.), Боэций (480-526 жж.) болды.

Патристика – христан-дiни ойшыларының ең басты мақсаты ─ дiни-теориялық iлiмiнiң жиынтығы мен дiн теориясын негiздеу және қорғау. Осыған орай «патристика» – қасиеттi аңыздарының негiзiн салған бiрнеше аралықты көрсетуге болады:

  1. Апостолдық патристика кезеңі (б.д II ғ. ортасына дейiн). Апологеттер II-III ғғ. Христан дiнiн оның көптеген жауларынан - Рим мемлекетiнен, пұтқа табынушылар философиясынан қорғап, христиан-дiни көзқарасын түсiндiру арқылы қалыптастырды. Негiзгi мәселе, пұтқа табынушылардың философиясы мен мәдениетiне байланысты, Тертуллиан, т. б. оларды шайтан жаратқан  десе, Ориген және басқалар пұтқа табынушылардың данышпандығы (гректер мен римдiктер) мен христан дiнiнiң бiрлiгiн көрсетуге тырысты.
  2. Классикалық патристика, IV–V ғғ. ортасы – христиандық дiни ойлаудағы көзқараста теологиялық догматтардың үлгiсi қалыптасты. Негiзгi мәселе: құдайдың мәнi мен  оның үш жақтылығы: Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және қасиеттi Рухтың арақатынасы туралы болды. Христостың табиғаты ─ құдайлық, адамдық немесе құдай-адамдығы (христология), Құдай берген игiлiк, адамның күнәға батуы, одан оны құтқару және күнәдан арылу мәселесi. Бұл мәселелер жаңа христиан мәдениетiнiң рухани негiзiн iздеу, әрi қалыптастыру болды.
  3. Ең соңғы кезең (VI–VIII ғғ.) – теологиялық мәндегi энциклопедиялық жүйелердi жинақтау, догматтарды қалыпқа келтiру.

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі