Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық,  әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.

Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.

Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің  ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.

Философияның теориялық  ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия  тарихын зерттеудегі даналыққа  байланысты.

Философияның сыни-талап қызметі – қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа  пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды.

Философияның аксиологиялық  қызметі (гр. axios – құндылық) – бізді қоршаған әлемді, заттар мен құбылыстарды әртүрлі құндылықтар – әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, т. б. тұрғысынан бағалау.

Философияның аксиологиялық қызметі, әсіресе тарихтағы ұлы өзгеріс кезінде, орта ғасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін құндылықты жаңа діннен іздеу, қайта өрлеудегі реформация, капитализм дамуының дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ.), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ.) байланысты ерекше күшейеді. Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді.

Философияның әлеуметтік қызметі – қоғамның пайда болу себебін, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін, қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және дамуды жеңілдету жолдарын көрсетеді..

Философияның гуманитарлық қызметі – гуманистік құндылықтар мен идеяларды адамға және қоғамға енгізеді, моральдің ықпалын нығайтады, адамның қоршаған ортаға бейімденуін, өз өмірінің мәнін табуды қарастырады.    

Философияның болжаушылық  қызметі – дүние мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғаттың және қоғам даму тенденциясының жетістіктерін анықтап, болжайды. Философияның қызметтері бір-бірімен диалектикалық өзара қарым- қатынаста болады. Олардың тұтастық бірлігі – философиялық білімнің спецификасы мен мәнін көрсетеді.

 Философия дүниеге  көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан барлық ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен заңдылықтарын ашуға ұмтылады. Заң дегеніміз – заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттерінің қайталана беретін тұрақты байланысы, ал философия - дүниенің ең түпкі заңдарын ашуды міндет тұтса, ең түпкі қасиеттерді анықтап, солардың тұрақты байланысын табуға тырысуы керек. Ондай қасиеттерге дүние болмысының зат және идея түрінде берілетіні жатқандықтан, материя мен идея, болмыс пен сана, объект пен субъект қатынастары философияның негізгі мәселесі деп, алғаш Ф. Энгельс айтқан. Бұл өз мәнісін әлі күнге дейін жойған жоқ, материалистік және идеалистік көзқарасты ұстанушылар әлі де тиянақты бір пікірге келе алмай отыр. Сана мен материя қатынасы мәселесі әсіресе адам болмысын анықтауда ерекше анық көрінеді: бірі адамды рухани десе, бірі – материалдық жан деп өзара қатаң айтысқа түседі, саясатта қолданып іс-әрекеттерін, таптар, ұлттар, мемлекеттердің өзара соғыстарын ақтауға тырысады.

Адам болмысының ерекшелігі – руханилығында, яғни ол көрінген ісін алдымен басында, санасында идеалдық түрде, ойша істеп кейін реалдыққа көшіреді. Бірақ, ол руханилыққа ерекше биологиялық жан ретінде және руханилықтың көзі – қоғамдық өмір арқылы ғана келе алады. Екіншіден, қандай істі басында жоспарласа да, ол қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның біздің санамыздан тәуелсіз заңдылықтарына, тарихи даму деңгейіне сәйкес келгенде ғана реалдыққа айналады. Адам туа бітісімен, ісінің қорытындысымен материалдықпен шектеліп отырса да, рухани жандылығын жоғалтпайды. Сондықтан оған ешқашан қайталанбайтын, шексіз құндылық ретінде қарау қажет, көбінесе материалдық байлық мәселесі төңірегінен аса алмайтын саясаттың құлы етпеу керек.

Философия және ғылым мәселесінде философия ғылымы заңдарының ерекшелігін де ескеріп отыру керек, онда дүниеге көзқарассыз мазмұн болмай, оның мәселелері нақты ғылымдағыдай есеп-қисапқа келтіріле бермейді. Сондықтан философияның заңдары жалпы бағыттылық, тенденциялық сипатта орындалады. Ал, дүниенің көрінген құбылысы өздігінен, ішкі қайшылықтардың қарама-қарсылығынан дамитындығын ескеріп, философия өз мәселесін қосалқы ұғымдар, категориялар байланысы, олардың бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі өтуі арқылы шешуге тырысады. Мұны нақты ғылымдар ұстанатын формальдық, математикалық логика орындай алмайтындықтан, марксизмде диалектикалық логика ілімі пайда болды. Оның тарихи, ғылыми мәнін соңғы кезде біз еліктей бастаған позитивтік ағымдар әлі де толық түсіне қойған жоқ. Сондықтан саясаттың өткіншілігін, ғылымның мәңгілігін ескеріп марксизмнің саяси-экономикалық, идеологиялық ілімін ғылыми-философиялық жетістіктерімен шатастырмай, терең оқып-білуге ұмтылу керек.

    

Семинар сұрақтары

 

1. Көзқарас, оның қоғамдық-тарихи сипаты.

2. Мифологиялық және діни көзқарас философияның алғышарты.

3. Философиялық көзқарастың мәні. Философияның пәні.

4. Философияның негізгі қызметі. Қазіргі замандағы философияның рөлі.

      Философия және ғылым. 

Әдістемелік ұсыныстар

Философия, оның ғылыми білім  жүйесіндегі орны  мен қоғамдағы рөлі. Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаты. Дүниетанымның тарихи типтері: миф, дін, философия. Мифтік дүниетанымның ерекшеліктері. Діни дүниетанымның негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Діннің функциялары. Философиялық дүниетаным. Философияның негізгі мәселесі. Философиялық проблемалардың мәні. Философия, оның функциялары. Философия және  ғылым. Философия, саясат, қазіргі заман.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Философияның пәні мен қызметі,  оның қоғамдағы рөлін

     көрсетіңіз?

2. Филосфияның негізгі мәселесі. Материализм және идеализм –

   филосфияның негізгі  бағыттары. Философияның мағынасы

    және  тарихы.

3. Дүниеге көзқарас ұғымы. Дүниеге көзқарастың тарихи

    типтері: миф, дін, философия, оның ерекшеліктері неде?

4. Мифологиялық және діни көзқарас, философияның алғышарты

    қандай?

5 . Философиялық көзқарастың мәні.

6.  Философия, мәдениет пен ғылым әлеміндегі қызметі.

7 . Философия, саясат, қазіргі заман.  

 

Баяндама мен рефераттар тақырыбы

 

1. Философиялық мәселелердің табиғаты. Философия - көзқарас

    ретінде.

2 .Көзқарастың тарихи типтері,  оның ерекшеліктері.

3. Философия, мәдениет пен ғылым әлемінде.

4. Филосфиялық білімнің мәні, жүйесі,  құндылығы. 

 

Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу

 

1. Антология мировой философии в 4-х т. М.: 1969-1972 гг

    (Платон, Аристотель, Р. Декарт, Гегель еңбектерінің

     үзінділерімен жұмыс істеу).

2. Лосев А. Ф. Философия. Мифология. Культура. М.: 1991.

3. Мир философии: книга для чтения (П. С. Гурьевич,

     В. И. Столяров).

4. Рысқалиев Т. Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия

   тарихына шолу). Алматы, 1999.

5. Таранов П.С. 120 философов. Жизнь. Судьба. Учение. Т 1-2,

   Реноме, г. Симферополь, 1997.

6. Философиялық сөздік.– Алматы, 1996.

7. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? (пер. С. исп. М.: 1991). 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы.

    – Алматы, 2000.

2. Абай. Шығ. жинағы. – Алматы, 1995.

3. Әбішев Қ. Философия. Ақыл кітабы. – Алматы, 2001.

4. Введение в филосфию. Учеб для вузов 2-е изд. М.: 1997.

5. Әлемдік философиялық мұра. 1-20 тт -т.1 – Алматы: Мектеп,

     2005-2007.

6. Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының

   философиялық мұрасы. 1-20 тт.-Т (ред. Ә. Нысанбаев. –

   Астана:   Аударма, 2005-2007).

7. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы.– Алматы: Раритет 2004.

8. Ильенков Э. В. Философия и культура. М.:1991.

9. Канке В. А. Философия: исторический и систематический

     курс. Учеб. для вузов. М.: 2000.

10. Кессиди К. Х. От мифа к логосу. М.: – 1972.

11. Кішібеков Д. К.,Сыдықов Ұ. Е. Философия. – Алматы, 2000.

12.Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқулық құралы.

      Алматы: КазГЗУ. 2002.

13. Лосев А. Ф. Дерзание духа. М.; 1988.

14. Мамардашвили М. К. Как я понимаю философию. 2-е изд.

      М.: 1992.

15. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік.

                 (Т. Х. Ғабитов, А.Т.  Құлсариева. – Алматы: 2004).

16. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

17. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. 1999.

18. Радугин А. А. Философия. Курс лекций. 2-е изд. М.: 1997.

19. Турғанбаев Ә. Х. Философия. – Алматы. Білім, 2001.

20. Философская энциклопедия 6-е изд./ Под. ред. И. Т.Фролова.

                М.: 1991.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау

Философия тарихының дамуы

 

Философия ғылыми көзқарастың  бастауы ретiнде б.з.д. ҮШ-Ү ғ. қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Әлемнiң рационалды түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар, дүние құрылымы туралы ерекше iлiмдi тудырды. Ежелгi Үндi астрономдары жердiң шар тәрiздi екендiгiн, оның өз-өзiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктер санаудың мәндi жүйесiн, цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.

Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде философия мифологияға байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға, екiншi жағынан ғылымға қатысты дамыды.

Философия өзiнiң зерттейтiн  объектiсiн ерекше қарастырды, яғни математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып зарттейтiн болса, философтар болмысты солай талдайтын болды. Өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс деген не, деген сияқты сұрақтарды талдады. Философия пайда болған кезден бастап-ақ, дүниеге көзқарас та қалыптасты, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.

1. Шығыс философиясы – сыни көзқарас ретiнде б.з.д. 4 мыңжылдықтың соңында Египет, Вавилонда б.з.д. VIII-VI ғ. Үндi, Қытайда қалыптасты. Дүниетанымда қоғам дамуы нәтижесiнде прогрессивтiк, атеистiк, консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.

2. Антикалық философия – мифология және жаңадан дамып келе жатқан ғылыми болжамдарға негiзделдi.

3. Орта ғасыр. Дiнге байланысты болды, оны ақыл-оймен дәлелдеуге тырысты.

4. Қайта өрлеу дәуiрi – ХIҮ ғасырдың ортасы – ХVII ғасырдың. басы. Ғылыми түсiнiктер  мен эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.

5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация) – жаратылыстану ғылымына сүйенiп адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.

6. Философия барлық ғылымдардың әдiстемесі  ретіндегі рөлiн сақтап қалды. Гегель философиясының негiзiнде, ХIХ-ХХ ғғ. марксизмде философия пәнi туралы төмендегi түсiнiк қалыптасты. Философия дегенiмiз– табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық сананың бiр түрi, көзқарастық теорияның негiзi, философиялық пәндер жүйесi, адамның рухани дүниесiнiң қалыптасуына ықпал жасайтын iлiм. Философия пәнiнің осылай түсiндірілуімен бiрге ХХ ғасырда әртүрлi философиялық iлiмнiң негiзгi мәселесiнiң әртүрлi болуына байланысты, бұл сұрақты шешу жолдары анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 1. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ

 

«Ежелгi шығыс» деген не? Географиялық жағынан «Ежелгi Шығыс» –

Таяу шығыс – Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;

Орта шығыс – Үндi, Иран, Ауғанстан;

Қиыр шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Жапония.

Ежелгi шығыс – күрделi өркениет типi, оның жалпы белгiлерiнiң сипаты:

– өркениетiнiң негiзi егiн шаруашылығы, жер өңдеу – бұл жағдайда жер мен су мемлекеттiң меншiгiнде болды;

            – мемлекеттiң құрылысында орталыққа шоғырланған бюрократтық (төрешiл, кеңсешiл) өкiметi болды;

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі