Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

С.Т. Әденов, А.Х. Хожамқұл, Ғ.К. Котошева, А.Н. Кудерина


Философия


 

 

Мазмұны

 

Кіріспе: Философия пәні мен қызметі .................................................

3

І тарау. Философия тарихының  дамуы................................................

20

1.1.   Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................

22

1.2.  Антикалық  философия ..........................................................

41

1.3.  Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................

57

1.4.  Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................

70

1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................

84

1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................

98

       ХХ  ғасыр философиясы.................................................................

108

1.7.  Орыс философиясы.................................................................

123

1. 8. Отандық философия................................................................

136

ІІ тарау. Теориялық  философия ............................................................

158

2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................

158

2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................

177

2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................

186

2.4. Таным теориясы........................................................................

197

ІІІ тарау.  Адам және қоғам философиясы 

210

3.1. Философиядағы адам мәселесі................................................

210

3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................

218

3.3. Аксиология. ҒТП және экология ...........................................

229

      Қосымшалар.

 

Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама  сұрақтар...................................................................................................

 

237

Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар

тізімі  ........................................................................................................

 

241

Сөздік........................................................................................................

246

Әдебиеттер  тізімі...................................................................................

257

   

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе
Философия пәні мен оның қызметі

 

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.

Философия деген не? Дүниеде  ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті. Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас,  тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы да пайда болатыны білімге байланысты.

Білім дегеніміз – объективті, біздің санамызға, іс-әрекетімізге тәуелсіз өтіп жатқан заттар мен құбылыстардың, қатынастардың құрылымы мен заңдылықтары, басқалармен байланысы туралы деректер жиынтығы саналса, құндылық адамдардың, олардың әртүрлі дәрежедегі топтардың (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғындар қауымы, ұлт, халық, адамзат, т. б.) тарихи даму сұранысына сай сол заттар мен құбылыстарды бағалауы, өз іс-әрекеттеріне қатыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дүниеге көзқарас әрқашан объективтік білім мен субъективтік құндылықтың бірлігі болып табылады. Олар бір-бірімен қайшылыққа келіп, бірін-бірі жетелеп, дүниеге көзқарасты тереңдете түседі, оның ғылыми объективті бастауын кеңейтіп отырады. Сондықтан білім деңгейіне байланыстырып, дүниеге деген көзқарастың дәрежелерін ажыратуға болады.

 Астрономияда – аспан әлеміндегі денелердің құрылымы мен қозғалысы зерттелсе, – математика, есептеу саласы, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде үшбұрыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия – табиғатты зерттеу ілімі ретінде теориялық көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, әдептілік, саяси, экономикалық, т.б. көзқарастар ажыратылады.

Саналы адам шамамен 50 мың жыл бұрын пайда болды  деп есептеледі. Олай болса адамдар көзқарасы осыдан бастап, әрқилы қалыптаса бастады.

Көзқарастың түрлері:

  1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған білім мен құндылықтар жиынтығы.
  2. Теориялық көзқарас – белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге салынған көзқарас.
  3. Ғылыми-теориялық көзқарас; дін – теориялық, бірақ ғылыми емес.

Философияны ғылым ретінде  қарағанда, одан дүниетанымдық, теориялық, әдістемелік (жалпы ғылым әдісі немесе жеке ғылымдардың әдісі туралы) мазмұндарды ажыратуға болады. Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып, бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашып, объективтік шындық жөнінде негізгі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды жаңаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады.

 Көзқарас – әр түрде әр адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда, (прогрессивтік, реакциондық кертартпалық), консервативтік, интернационалдық, патриоттық, гуманистік (адамгершілік), ғылыми-сипаттарда көрініс береді.

Көзқарас – дегеніміз – дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана, ал оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді. Көзқарас – негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.

  1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қуантады, әдемі әсер береді, ойды билейді, ал кей қайғылы әуендер – адамды қайғыртады.
  2. Ұғым – жеке қабылдау бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау, қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.
  3. Ұғыну – ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды тудырады.
  4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол ешнәрсенің себебін ашпайды. Наным, сенім – көзқарастың өзегі.
  5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса, көзқарастың мәні болмайды. Дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, әуестік, көңілкүйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.

Ғалым, ақын, артист болу үшін де адамның эмоциясы (ішкі дүниесі, сезімі) бай болуы керек. «Көз – адамның ішкі дүниесінің айнасы». Тұрақты көзқарастың екінші бір негізі теория болуы шарт.

Көзқарастың тарихи түрлері: миф, дін, философия. Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі – миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр. mythos – аңыз, logos – ілім)  қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі – біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф – қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф – мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б.

Мифтің ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп, адам қатарына қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың  өзара қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы (рефлексия – сананың өз-өзіне бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі шаруашылықты практикалық бағытта дамытып, апаттан қорғауға арналады. Бұл мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым, яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады.

 Әрбір жеке адам  өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа түрде қайталайтынын В. И. Ленин айтқандай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен теңестіруге болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншықтармен сөйлесіп, ұрысып, әке-шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен  оларды өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасы да синкретикалық сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен сезім деңгейлері ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде өтеді. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» деген қазақ халқының мақалы да осыдан туған болар. Бала тек өсе келе, шындықты жасырмай айтып, таяқ жегеннен кейін ғана өтірік айтуға, кейбір ойын, іс-әрекетін жасырып қалуға, яғни ақыл мен сезімде берілгенді тежеп ұстауға үйренеді. Мифологиялық сана арқылы ғана адамдар алғашқы қауымға бірігіп, адамдық қатынастарды дамытып, жетілдіре алады. Ұрпақ жалғастырудың не себепті өтетінін білмеуге байланысты ру мүшелерін бір тотемнің (көбіне жануарлардың бір түрі) тұқымдары деп санап, өзара бауырластық, теңдік, көмектесу талаптарын, кейін сүйіспеншілік, борышты болу қасиеттерін дамытты. Биологияның «тіршіліктің басқа түрлерімен және өзара мәңгі күресу» заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға бағынуға үлкен қадам жасады. Өздерінің рухани, жандық сипатын (санадағы бейне, түсініктерге сүйеніп, жоспарлы түрде іс-әрекет жасау) жетілдіре түсті.

 Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі – жазба мәдениетінің пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді.

 Дін – көзқарастың бір түрі. Дін – табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік – эмоционалдық түрде қабылдауды сипаттайды.

Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизм және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын – халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің  кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласы да жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.

Діни сенім заңды, тарихи түрде қалыптасады. Тотемдік сенімнен табиғаттан тыс күшке (құдай, сайтанға) сенудің арасында табиғаттың дүлей күштеріне (найзағай, теңіз, ай, күн) сену жатыр - оны пұтқа (заттық формадағы нәрсеге: икона, сурет, мүсіндерге) илану деп санайды. Шынайы дін жеке заттан бүкіл аспанға, әлемдік ғарышқа табыну (тәңірге сену, конфуциялық ілім), абстрактылық күштер күресі (зооастризмдегі жарық пен түнектің мәңгі  шайқасы, кезектеле жеңіске жетуі) идеялары арқылы  жетіліп, қазіргі әлемдік діндерде қалыптасты. Бұл негізінен сананың жетілуі, абстракциялық ойлаудың, жақсы мен жамандық идеялдарын құрастыра білу мүмкіндігінің пайда болу жемісі. Идеалдар да жоқтан алынған жоқ, ол реалдық адам болмысының қарама-қарсы бастауларын жинақтаудың нәтижесі. Жамандық – адам бойындағы биологиялық заңдылықтар (тек өз қамын ойлау, жануарлық инстинктіге  бағыну, ұмтылыстарына жету үшін күшке, алдауға сүйену, т. б.), жақсылық – тәрбиеден алынған әлеуметтік заңдылықтарды пір тұтып дамыту. Адам бойындағы реалды қасиеттер топтастырылып, бірі – сайтан жолы, екіншісі – құдай, имандылық жолы аталып, олардың мәңгілік күресі мойындалды. Тек қоғамда ғана адам болып туып, өмір сүре алатындығы ескеріліп, оның тұрақтылығын, бейбіт дамуын қалайды. Бірақ, үстемдік етуші әулеттер, тап пен ұлттар, елдің көңілін ішкі теріс шешімдегі мәселелерден басқаға аудару үшін, діндердің әртүрлі көзқарастарды ұстанатынын, бұқара халықтың ғылыми білімнен алшақтығын пайдаланып, өздерінің саяси-экономикалық тартыстарын діни соғыстарға аударуға тырысатындығы да тарихта жиі кездеседі.

Діни көзқарас, сана мен сенім – қарапайым халықтың философиясы деуге де болады, яғни оның қоғамға қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Егер рационалдық ғылыми білімнің әрқашан бүгінде шешімі жоқ бір нәрселерге тап болып отыратындығын, ал сенім – тек тұтастық ретіндегі көзқарастың жемісі болғандықтан, жетіспеген білімді адамдар мифологиямен толықтыратынын пайымдасақ, дінді мәңгі қоғамдық құбылыс деу орынды. Оның тәрбиелік мәні өте зор, себебі әрбір жаңа ұрпақ биологиялық заңдылықтардан тек өз күшімен, ақылымен арылуы қиын, ал мемлекет тарапынан күш көрсету – көбіне кері нәтижелер әкеледі. Сондықтан, оның мифологиялық бастамаларын символдар ретінде қарап, біртіндеп рационалдық күйге көшіріп, әлемдік діндердің алшақтаған идеологиясынан құтылып, діни сенімді адам көзқарасының қажетті бастауларының бірі санауға ұмтылған жөн. Діннің үш элементі  бар: діни түсініктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдет-ғұрып жоралары. Олар әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып келеді. Дін дүниені екіге бөледі: о дүние және бұл дүние. Дін өз нұсқауларын құдай атымен мәңгі-бақи бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік идеологияның формасы болып табылады, яғни оны реформалау асығыстықты қаламайды.

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі