Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды – «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Philo – сүйемін, sophia – даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады.

Философ – алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан бұларды «натурфилософтар» деп атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз – өмірлік тәжірибеде адам сезімінің, идеалдық үміт пен әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу нәтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болғаннан бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ. ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, ал б.з.д. ІІ ғ. математика (Евклид геометриясы және арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология, т.б. бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу) басталады.

Әр дәуірде философиялық  ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі көзқарас болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы – логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді де қосады), физика – оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика – адамның мiнез-құлқы, тәртібі туралы ғылым, ол философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт пен керекті тәртіпке жол көрсетеді деп саналды.

Орта ғасырда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі және жоғарғы принципі туралы ғылым ретінде түсіне бастады, сонымен бірге ол «діни ілімнің құлы» болып саналды. Қайта Өрлеу дәуірі философиясының ерекше сапалы бөлігі - натурфилософия (табиғат философиясы). Жаңа Заман философиясында жаратылыс ғылымдарының кешені қалыптасты (физика, химия, биология, т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін болды және  гуманитарлық ғылымдар (тарих, лингвистика, өнертану, т.б.) бөлінді.

Философия барлық ғылымдардың әдістемелік рөлін сақтап қалды. ХІХ-ХХ ғ. марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пәні туралы төмендегі түсінік қалыптасты.

Философия дегеніміз – табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.  Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.

Философияның  негізгі бөлімдері (тараулары):

  1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) –  болмыс туралы ілім.
  2. Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сөз) туралы ілім.
  3. Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.

Философияның  пәндері:

  1. Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).
  2. Антропология философиясы - адам болмысы.
  3. Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.
  4. Тарих философиясы.
  5. Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.
  6. Дін философиясы.

Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones – біреу, жалғыз) – дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық бағыт, идеалистік ілімдерде – рух, материалистік ұғымда – материя. Монистер  деп – барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті идеалистерді (Августин, Фома  Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo – екеу)  (И. Кант, Р. Декарт) – дүниенің негізі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais – көптік) – дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден тұрады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т.б.) нәрселер бар деп санайды.

Дүние негізінің сапасына сай, философия – материализм және идеализм болып бөлінеді.

Материализм – бұл философиядағы  ағым, дүниенің негізі ретінде материяны (табиғатты) мойындайды. Үнді философиясында материализм ежелгі Чарвака – Локаята мектебінде, Грек философиясында – Милет мектебінде, Гераклит, Демокрит, жаңа кезеңдерде – Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский және Ленин, француз ағартушыларының ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды, жойылмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді.

Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан  өтті:

  1. Стихиялық материалистер – ертедегі Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болды. Фалес – суды, Анаксимен – ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит – отты, Ксенофан – топырақты дүниенің негізі деп ойлаған.
  2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ. жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан, бұл материализм механистік деп аталған. Оның  өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б.
  3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сүйеніп, қоғамдық құбылыстарды да қамтиды.

Антропологиялық материализм. Адам психофизиологиялық тірі организм ретінде рух пен материяны біріктіреді. Бірақ, адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі  – қоғамдық – тарихи практика екенін мойындамайды. Өкілдері: Фейербах, Чернышевский.

Материализмде ерекше бөлінетін  бағыт – тұрпайы (вульгарный) материализм. Олар ойлауды, сананы, психиканы материямен теңестірді, бауырдың – өтті, бүйректің – сұйық дәрет шығаратыны секілді, ойда «мидан шығады-мыс» деп ұйғарады. Сондықтан ойлау осы мағынасында материалдық  болып  табылады.  Бұл  – өрескел қате. Өкілдері: К. Фогт, Я. Молешотт, Л. Бюхнер (ХІХ ғғ.).

Материализмнің әлсіз  жағы – сананың белсенді мәнін  түсіндірмеуі, толық дәлелдей алмауы. Материализм философиядағы үстемдік етуші ағым ретінде демократиялық – грекияда,  XVII ғ. – ағылшында, XVIII ғ. – францияда және ХХ ғ. – СССР мен социалистік мемлекеттерде өмір сүрді.

Идея (гр. түр, көрік). Идеализм – бұл философиядағы бағытта дүниенің,  болмыстың негізі ретінде бір идеалдық мән мойындалады. Яғни, рух пен субъектіні негіз, ал материя мен табиғатты – туынды деп санайды. Олардың пікірінше, ғылым ашқан табиғат пен қоғам заңдары, құбылыстар мен процестердің себептері тек санамызда орын алған жүйені білдіреді. Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм:

Субъективтік  идеализм – дүниенің, болмыстың негізі ретінде адамның санасы, адамның «менін» мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің түйсіктеріміздің жиынтығы деп санайды. Олар: Беркли, Мах, Авенариус, Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм және феноменология жақтастары. «Мен ғана өмір сүремін, мен бар болсам барлығы да бар, мен жоқ болсам – барлығы да жоқ болады» деген субъективтік идеализмнің бір түрі солипсизм деп аталады. Идеялар адамның ақыл-ойында өмір сүреді, материалдық заттардың бейнесі  де (идеясы) тек адамның ақыл-ойы, сезімдік түйсіктері арқылы өмір сүреді.

Объективтік идеализм – бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт, әрі тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т. б.) саналады. Объективтік идеализм ежелгі әлемдегі көптеген мектептерде пайда болып, дамыды. Үндіде (барлық ортодоксальдық мектептерде), Қытайда (Конфуцийшілдік, даосизм), Грекия мен Римде (Пифагор, Платон, неоплатонизм,т. б.), соңынан Орта ғасырда, Қайта өрлеу мен Жаңа заманда жетілді. Өзінің дәйекті және аяқталған түрін немістің классикалық философиясында Гегель тапты.

 Негізгі материализм мен  идеализм бағыттарымен бірге  аралық, келісімдік ағымдар – пантеизм, деизм, гилозоизм бар:

Гилозоизм – (гр. Hylo және zoe – зат және өмір) материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. Бүл ілім түсіну және ойлау қабілетін материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығында түйсік – жоғарғы дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет. Ол Грецияда Фалес пен Гераклит ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі болды.

Пантеизм – (гр. Pan – бәрі және tcheos – құдай). Құдайды және әлемді біртұтас деп таниды, яғни құдай (идеалдық бастама) және табиғат (материалдық бастама) теңестіріледі. Табиғаттан тыс құдай жоқ, сонымен бірге Құдайдан тыс табиғат та жоқ.

Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде  пайда болды. Бұл идеяны дамытқандар: Николай Кузанский, Джордано Бруно, ал Жаңа Заманда пантеизм идеясы Шеллинг, Гегель, Соловьевтарда кездеседі.

Деизм – бұл философия ағымы, ол Құдайдың бар екенін  мойындайды. Әлемді Құдай жаратқан, бірақ одан соң оның адам мен қоғам өміріне әсері де, ықпалы да, қатысы да жоқ дейді. Ол тек өнегелік символ болып қызмет атқарады. Деизм – объективтік идеализмнің ерекше түрі, сонымен бірге объективтік идеализмнің материализмге өтуі жолындағы кезең болады. Деизм XVII ғ. пайда болып, ағартушылық дәуірде өте кең тарады. Оның негізін салғандар: Декарт, Ньютон, Локк, белгілі деистердің қатарына - Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов және Абайды  қосуға болады.

Философияның негізгі  мәселесінің екінші сұрағы, адам санасының дүниені тану мүмкіндігіне арналған. Осыған сәйкес агностизм және гносеология пайда болды. Гносеология – (гр. gnosis таным туралы ілім ретінде әлемді тануға болатындығына күмән келтірмейді. Агностицизм («а» жоқ, «гносис» – білім деген сөзден шыққан) – объект, дүниені тану мүмкіншілігін толық немесе iшiнара бекерге шығаратын философия ілімі. Дүниенің бастамасы туралы мәселеде дүниені тану немесе болмыс пен ойлаудың сәйкестігі қаралады. Кейбір ойшылдар ақиқатты аяғына дейін тануға болмайды деп есептейді. Олар агностицизм ағымына жатады. Олар: Протогор, Кант, Беркли, Юм. Ежелгі заманда агностицизм түріне: софистика, скептицизм және релятивизм жатады.

Софизм – ақиқат білімнің барына сенбей, елді өзіне қарату үшін мәселені әдейі шатастырып, жалған қағиданы дәлелдеу мақсатымен құрылған ой қорытындылары.

Скептицизм – объективтік дүниені танып-білу мүмкіндігіне сенбей, күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон).

Релятивизм (лат relativus – относительно, салыстырмалы) – объективтік болмысты білу мүмкін емес, әрі барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық ілім. Релятивизм негізін салушылар негізінен софистер мен скептиктер, ал Жаңа заманда ол позитивизмде дамыды. Олар барлық білімді салыстырмалы принципте түсіндіреді, яғни оның толық еместігін, шарттылығын көп айтады да, осының негізінде қандай да болса объективтік шындықты жоққа шығарды.

Философия ғылымының таным теориясында  өзіндік төмендегідей ерекше ағымдар пайда болды.

  1. Эмпиризм – танымның негізінде тек тәжірибе және сезімдік түйсіктер жатыр деп санайды. Оның негізін салған Ф.Бэкон: «білімнің қайнар көзі – тәжірибе», – деді.
  2. Рационализм – (лат. Ratio– ақыл) танымның негізі ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі – ақыл. Рационализмнің негізі – антикалық философияда (Парменид, Платон, т. б. жасалады, ал философиялық бағыт ретінде ол Жаңа Заманда қалыптасты. Оның өкілдері – Декарт, Спиноза, Лейбниц. Рационализмге иррационализм  де, сенсуализм де (эмпиризмде) қарсы тұрады.
  3. Сенсуализм (лат sensus- сезім) – танымның көзі сезім (түйсік), ол  ақиқаттың өлшемі деп санайды. Сенсуализмнің  негізі антикада (Демокрит, Эпикур) ерекше бағыт ретінде Жаңа Заман философиясында қалыптасты (материалистік сенсуализм – Гоббс, Локк, Дидро, т. б.) идеалистік сенсуализм – Беркли, Юм, т.б. Ағартушылық дәуірде рационализм мен сенсуализм философияда өте маңызды рөл атқарады.
  4. Иррационализм (лат. irrationalis – ақылсыз, санасыз, ақыл жетпейтін) – философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтіндігін уағыздайды. Иррационализмге субъективтік-идеалистік ілім жатады, М: Өмір философиясы (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Шпенглер), экзистенциализм (Сартр, Камю, Хайдеггер) және басқалар.

Диалектика  және метафизика. Болмыстың мәні өзгермейтін, тұрақты, қозғалмайтын немесе құбылмалы әрі жылжымалы бола ма? –деген сұрақтарды шешу негізінде ол метафизика мен диалектикаға бөлінеді. Бірақ бұл терминді қолдану біршама қиын, өйткені олардың әрқайсының қалай болғанда да екі – ежелгі грек және қазіргі замандағы – мәні бар. Сондықтан оларды қолданған кезде қай мәнде екенін ескерген жөн.

Диалектика – ежелгі грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда – «пікір таласы, әңгіме жүргізу өнері». Бұл термин осы мәнінде ежелгі кезден Жаңа Заманға дейін қолданылды. Термин немістің классикалық философиясында, әсіресе марксизм философиясында екінші мәнге ие болды. Атап айтқанда: болмыстың ең жалпылама заңдылықтары мен байланысы туралы iлiмге айналды. Диалектиканың екі орталық идеясы бар: барлық құбылыстардың өзара байланысы және шексіз болмыстың өзіне тән қайшлықтары әсерінен үздіксіз дамуы.

Бұл мәнінде диалектика метафизикаға қарама-қарсы. Оның өте ірі өкілдері: Шеллинг, Гегель, Маркс, Ленин, Бергсон. Бірақ дамудың өзі әртүрлі түсіндірілуі мүмкін: «Тұйықталған шеңбер бойынша» даму (Шеллинг, Гегель) және шексіз үдемелі қозғалыс ретіндегі даму (Маркс, Бергсон). Диалектиканың тарихи формалары: стихиялық, идеалистік және материалистік. Стихиялық диалектика күнделікті сезімдік тәжірибеден туындайды, дүниенің мәңгі өзгерісіне, қайтып оралуына сүйенеді. Ол  әсіресе Гераклиттің “бәрі ағады, бәрі өзгереді” деген қағидасында анық берілген. Күнделікті өмірде барлық адам осы пікірді ұстанады. 

Идеалистік диалектика біріншіден, жеке адамдар пікірлерінің (ойының) арасындағы қайшылықты мойындаса, екіншіден, ұрпақтар пікірлерінің қайшылығы, тарихи дамуын анықтайды (Гегель). Оның негізгі кемшілігі – дамуды сана деңгейімен шектеуі. Материалистік диалектика дамуды бар болмыстың қасиеті деп санап, әмбебаптың деңгейге көтереді  әрі объективтік диалектиканы (дүниенің дамуы) субъективтік диалектиканың (сананың дамуы) негізі деп қарастырады.

Метафизика грек тілінен  сөзбе-сөз аударғанда – «физикадан кейін» деген ұғым. Бастапқыда метафизика деп – Аристотельдің философиясын, ал орта ғасырдан бастап, жалпы философияны атады. Осы мәнінде бұл термин қазіргі кезде де жиі қолданылады, яғни: “Метафизика” дегеніміз – философия. Жаңа заманда «метафизика» термині қосымша философиялық ілім мәніне ие болды, шексіз әлемнің өзгеруін өзіндік даму ретінде мойындамады яғни, диалектикаға қарама-қарсы ілім болды. Сондықтан, метафизиканы – антидиалектика дейміз.

Егер бұл мәндердің  арасын айырмаса, көп түсінбестік болуы мүмкін. М: Парменид пен Зенонды қазіргі заманда сөздің екінші мәнінде, метафизиканың негізін қалаушы деп атауға болады (өйткені, олар шын болмыс қозғалмайды және өзгеріссіз болады деп алғаш рет айтты), бірақ оларды ежелгі грек сөзінің мәнінде диалектиканың негізін қалаушылар деп те атауға болады. Олар алғашқы болып философиялық идеяларды негіздеп, дәлелдей бастады. Қазіргі заман түсінігінде метафизиктер деп – ХХ ғ. философтарының көбін айтуға болады.

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі