Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Платон Демокриттің  өлшемі, тек ауырлығы бар және ақылда ғана берілетін идея-атом түсінігінің қайшылығын жойды. Ол идеяны сезімдік қасиеттерден арылтты, ал сезімдік дүниені, мәңгі қалыптасу жолында болғандықтан, шынайы болмысы жоқ деп мойындады.

Платонға «идеялар әлемінің» қажеті мынада: біріншіден, «бәрі ағады және бәрі өзгереді» яғни, дүниедегі заттарды тану мүмкіндігін негіздеу үшін; екіншіден, Сократтың барлық адамдар бір ойға келеді деген сенімін түсіндіру үшін – идеялар шын мәнісінде бәріміз үшін бірдей, яғни бір аймақта орналасқан, адамдар оларды содан алады; үшіншіден, оның ілімі сезімнен жоғарғы идеялдық, дүниеге көкейтесті талпынысымен (платоникалық махаббат) және шындықта мүмкіндігінше идеялдың толық бейнесін жасау ұмтылысымен сипатталады.

Платонның ойынша нағыз  шын бiлiм – сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi туралы бiлiм. Оны табудың жолы – адамның мәңгiлiк жанының өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi «Өмiрiн еске түсiруi». Жалпы ұғымдардың жаратылысын зерттей отырып, ол сезiм арқылы танып-бiлудiң, бақылаудың, тәжірибенiң рөлiн кемсiтуге тырысты, олар бiзге ақиқатты бере алмайды деп мәлiмдедi. Сонымен, танымның нақты процесi Платонда бұрмаланған түрде болып шықты. Бiрақ «идеялардың» бағыныштылық байланысын, бiр-бiрiне өтiп отыруын зерттеп ол диалектиканы, ғылыми теорияны дамытуға өте үлкен үлес қосты.

Платон болмыс деп – идеяны, ал материяны – биболмыс деп, диалектик ретiнде ешқандай абсолют қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын көрсетеді. Сондықтан, болмыс биболмыспен толтырылады.   Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-қарсы қойылады.

Платон “Тимей” диалогында ғарыш теориясын дамытты. Физикалық  әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш  әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлемі), көшiрме (физикалық  әлем) және Жаратушы (Демиург). Ғарышты Демиург жасайды. Ол-үлгіге сәйкес көшірменің авторы. Демиург әлемдік жанды жасайды, ғарышқа тiршiлiктiң ерекше-нысанын бередi. Ғарыш құрылымында құдiреттi ақыл-ойды, әлемдiк жан мен әлемдiк дененi қамтитын тiрi, жарасымды дүние ретiнде көрiнедi.

Платон әлеуметтiк  философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды  үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi – оны данышпандар билегенде көрiнедi, әскерлер оны қорғайды, ал басқалары материалдық игiлiктi жасаумен шұғылдануы керек. Мемлекеттiң негiзiнде – әдiлдiк жатыр. Әдiлдiк дегенiмiз – әрбiр адамның заңды түрде өз мiндетiн тыңғылықты орындауы

Платон ашқан алғашқы философия мектебі мың жылдай өмір сүрді. Оны Академия деп атады. Оның негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист», т. б.

Аристотель (б.з.д. 384–322 жж.) Стагирда туған. Афинада «Лицей» (перипатетикалық ) мектебін (б.д.д. 335-322 ж.) ашты, ол бір мезгілде оқу мекемесі әрі ғылыми одақ болды. Аристотельдің шығармашылығы жан-жақты. Ол табиғаттану ғылымымен, поэтикамен, мемлекет құру мәселелерімен айналысты, логика мен психологияның негізін жасады. Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi.

Аристотельдiң философияға  кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлау  заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi енгiздi. Ол бiлiм деректерiн жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.

Барлық ғылымды мына топтарға бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Теориялық ғылымдарда таным тек танымның өзі үшін жүргізіледі, оған «алғашқы философия» (метафизика), математика, физика жатады. «Алғашқы философия» болмыс мәселелерін, барлық өмір сүрудің пайда болуын, әртүрлі құбылыстырдың себептерін анықтайды. Математика – реалдық  заттардың абстракті қасиеттерін зеттейді.

Практикалық этика ғылымы - адамның тәртібі, саясат – мемлекет құрылымына арналған басқарушы идеяларды береді.

Шығармашылық ғылымдар  жаңашыл іс-әрекеттермен байланысты: поэтика – өлең шығару теориясы, риторика – шешендік өнер және мамандық өнер теориясы. Мұнда танымнан пайда табу және сұлулықты жасау мақсаты жүргізіледі.

Аристотель өзінің таным туралы ілімінде Платонның генетика тұрғысында заттардан бұрын туатын «мәңгі идея» концепсиясына үзілді-кесілді қарсы шықты. Танымның реалды жолы түйсіктен (сезінуден) басталады, одан кейін есте сақтаумен күшейтілген елестету, тәжірибе, өнер мен ғылым жүреді. Ғылыми таным (эпистема), Аристотель түсінігінше, таным процесінің шыңы болып есептеледі.

Материалистік және идеалистік көзқарастардың қақтығысы, оның себептілік концепциясында да көрінеді. Ол себептіліктің төрт негізгі түрлерге ажыратады: материалдық, формальдық, белсенді және соңғы (мақсаттылық). Материалдық себеп ─ ең алғашқы сипатында берілген, осы ретте ол потенциялды (мүмкіндгі бар) себепке ұқсас. Формальдық себеп – материядан «ақиқат реалдықты» жасайтын белсенді принцип «түрмен» байланысты. Белсенді себеп қозғалыстың бастауы және мүмкіндіктің шындыққа өту процесімен де байланысты. Жоғарғы деңгейге ол мақсаттылық (соңғы) себепті қояды, ол қозғалыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді. Өмір сүруді түсіну және түсіндіру үшін барлық себеп түрлерін тану керек. Бірақ олардың маңызы бірдей  емес. Формальдық себептер түсінігі, материалдық себепті танудан қажеттірек – мұндай қорытынды Аристотельдің пассивті материя және белсенді форма ілімінен шығады. Мақсаттылық (соңғы) себепке берілген орын – оның теологияға ауысуы. Бұл дамудың аяқталу, мақсаттың орындалуының тану мүмкіндігін көрсетеді, оны Аристотель энтелехия ұғымымен белгілейді.

Болмыс іліміне Аристотельдің  қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты форма, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді әрі қалыптасады. Аристотель Платонның: «жан өлмейді» идеясына қарсы болды және барлық табиғаттың (материалдық дүниенің) жаны бар дегенді жоққа шығарды. Ол жан тек тірі дүниеге тән деп санады.

«Өсімдік жаны» ─ өсу, тамақтану және өну себеперіне жауап береді, «сезімдік (жануар) жан» тамақтану, өну, сезіну және қажет ету қызметтеріне жауапты, «ақылды (адам) жан» аталған қызметтерге қоса таным және ойлану қызметтерін орындайды. Жанның тәнге қатынасы – орманың материяға қатынасына сәйкес келеді» ─ деді, ол.

Аристотель «Категориялар» трактатында алғашқы болып философияның категориялық аппаратын жүйеге келтірді. Олардың өзара байланысын, диалектикалық қатынасын табуға ұмтылды. Мұнда ол мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, келпі, иемдену, әрекет, күйзелу категорияларын зерттейді. Негізгі логикалық заңдарды құрастырды: қарсылыққа түспеу, тепе-теңділік, үшінші ойдан қашу».  Қозғалыстың әртүрлi алты сапалық сипатын көрсетті: 1) пайда болу; 2) жоғалу; 3) бiр күйден екiншi күйге ауысу; 4) үлкею; 5) кiшiрею; 6) орнын ауыстыру. Сөйтiп, қозғалыстың мазмұнын зерттеуде алға қадам жасалды. Алғашқы болып категориялар (жалпы ұғымдар) жүйесiн жасады. Ол енді Коперникке дейiн үстем болған геоцентристiк iлiмдi жасады.

Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Метафизика», «Категориялар».

Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ. аяғы – б. з. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), басқалармен салыстырғанда өте жоғары саналатын грек мәдениетінiң элементтерi, Рим жаулаған тайпалар мен халықтардың тұрмысына және әдет-ғұрпына белсендi түрде ене бастауы. Римнiң өзi де эллиндiкке айнала бастады. Оның себебi, грек пен латын мифологиясы мен дiнiнiң ұқсастығы зор едi. Жаңа эллиндiк дүниеде жүздеген алуан түрлi тайпалар мен халықтардың дәстүрi, дiнi, наным, табыну салты, көптеген тiлдер араласып кеттi, осының салдарынан ежелгi грек тәртiбi өзiнiң ерекшiлiгiн жоғалтып, көлеңкеде қалды.

Бұл кезеңнiң негiзгi тақырыбы – ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк; бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам мен әлемнiң мистикалық әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, ал философияның орталық мәселесi ─ этика болды. Философияның мақсаты ─ көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiндірілді. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер сондықтан, табиғат iлiмiмен байланысты талданылады.

Эллинизм дәуiрiнде  философиялық ойлар негiзiнде көп  мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:

Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар);

Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий);

Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик);

Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет);

Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл);

Эпикуризмнiң негiзiн салушы ─ Эпикур (б.з.д 341-270 жж.) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттің атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi ─ Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.), римдiк философ, әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттап, эпикуризмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады.

Эпикур б.з.д. 306 ж. Афинде “Эпикур бақшасы” деген атпен белгiлi мектеп ашты. Оның философиясы сол кездегi философияның барлық бөлiгiн қамтыды. Оның ұраны: ”Көзге көрiнбей өмiр сүр” болды. Онтологияда атом туралы iлiмдi ары қарай дамытты. Атомның саны шексiз, ал олардың түрiнiң саны шектi, дегенмен көз жетпес болады. Атом тек түрiмен, көлемiмен, орнымен ғана емес, салмағымен де өзгеше болады. Төмен әртүрлi жылдамдықпен құлдырап, бiр-бiрiне соғысып, түзу жолдан ауытқиды. Содан өмiрге жаңа заттар келедi деп, ол Демокритiң қатаң детерминистiк (себептiк) iлiмiнен, тағдырға мойынсұнудан құтылады. Дүниеде өмiр сүретiн заттар пайда болады және қирайды, бiрақ атомдар мәңгi, әрi өзгермейдi.

Эпикур таным туралы iлiмiнде сенсуалистiк көзқараста болды. Ол сенсуалистiк көзқарасқа, сондай-ақ дәйiктi атеизмге сүйене отырып, өзiнiң этикасын жасады. Оның аты этика iлiмiн жасаумен шықты. Оның ойынша философияның мақсаты ─ адам бақыты. Адамның мiнез-құлқы жөнiндегi қағидалар, оның өмiрден ләззат алуға деген табиғи шабытының негiзi болуға тиiс. Бұл рухтың тәуелсiздiгi мен тыныштығын қажет етедi, өлiм қорқынышы мен құдайдың күшiн жеңудің шарты. Таным процесiнде адам қорқыныштан құтылып ләззатқа, бақытқа жетедi. Философияның мәнi ─ табиғатты, қоғамды адам дүниедегі заңдылықты ақыл арқылы түсіну. Ақылға сай өмiр сүру дегенiмiз ─ әдептiлiк пен әдiлдiк. Басты мәселе, қайғыдан құтылу. Дене ләззатына шексiз берiлу, ауру мен азапқа алып келедi. Өмiрдiң мақсаты ─ рухтың алаңсыздығы, дененiң саулығы, сондықтан рахатқа бату бiрқалыпты болу керек. Әлемдi ақылмен тану – бақыт көзi, оның басты мәселесi – адам өзiн, өзiнiң жанын белгiлi бiр принциптермен қайта құруы.

Стоицизм – өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа – гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Стоиктердiң арасында Рим қоғамының әртүрлi тобының өкiлдерi болды. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.

Сенека, император Неронның тәрбиешiсi. Ол адамгершiлiктi насихаттайды. Қоғамдық өмiрде қайыспауды, тек өзiңнiң рухани күйiне көңiл аударуға шақырады. Өмiр сүрудiң мәнi ─ тыныштық пен пайымдау арқылы пайда болатынын көрсетедi. Адамзаттың дамуының шексiз мүмкiндiгiне сенедi. Ол мәдениет пен техниканың даму барысын болжай бiлдi. Алдымен iзгiлiктi, дiни көзқарастарды паш етiп, адамның осалдықтарына iлтипатпен және төзiмдiлiкпен қарауға шақырды. Стоиктердiң идеалы: адамның өмiрi және iшкi жан-күйi сыртқы жағдайларға байланысты болмауы керек, яғни тағдырға сенiп, адамгершiлiк пен әдiлеттiкке жеткен данышпан болу. Мысалы, Сократтың өмiрi.

Стоиктер танымның көзi – түйсiк дейдi. Олар бiздiң жадымызда жиналады. Түйсiк пен қабылдау да, оларды салыстыра отырып, объектiлердiң айырмашылығының белгiлерiн бөлемiз, одан түсiнiк құрастырылады. Сондықтан түсiнiк жалпы өзiнше ақылдан тыс өмiр сүрмейдi, тек жеке заттарда өмiр сүредi. Стоицизм эллиндiк кезеңдегi философияның дамуында өте зор рөл атқарды. Оның кейбiр идеялары неоплатонизмге ендi, стоицизм христиан философиясына, соңынан орта ғасырлық мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еттi. Жаңа дәуiр философтары: Декарт, Спиноза және ХХ ғасыр өкiлi ─ Делез олардың iлiмiне көп көңiл аударды.

Скептицизм ─ Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi.

Пиррон өзiнен бұрынғы  данышпандардың көзқарастарын талдай келiп,  дүниенiң пайда болуы мен мәнiн әртүрлi түсiндiредi. Олай болса, олардың бiреуiн жақтау қиын. Қандай да зат “осы” болса, “осы еместен” артық болмайды. Сондықтан Пиррон: «дүние туралы ешбiр пiкiр айтпауымыз керек» – дейдi. Толық сабырлылық, қызықпаушылық, алаңсыздықты (атараксия) сақтап, бақытты болуға шақырады. Пиррон ең соңында: “Сен, Пиррон өлдiң бе?”– деген сауалға “Бiлмеймiн” деп жауап бередi. Секст Эмпириктiң пiкiрiнше: скептицизмнiң идеалы ─ теориялық пiкiрден бас тарту, ал практикада мүмкiндiгiнше ақыл-ой мен әдеп-ғұрыпқа сүйенiп iс-әрекет жасау.

Скептицизм орта ғасырлық кезде ұмытылып, тек ХVI-ХVII ғасырларда еуропалық философияда “жаңа пирронизм” ретiнде қайта туды. Схоластикалық және догматикалық әдiстердi сынауда ерекше мәнге ие болды, соңынан скептицизм Юм философиясының негiзiне айналып, Кант агностицизмi мен позитивизмге әсер еттi.

Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi  патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі