Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

2. Миманса – (толғану, ойлау), құрбандық шалу туралы веда мәтелдерiн зерттеу. Миманса мектебi пiкiрiнше Веда мәңгi және өз бетiмен өмiр сүредi, олар кейде адамдарға қолайлы пайғамбарлар арқылы өзiн табуға мүмкiндiк бередi. Миманса – веданың салт-жораларын түсiндiруге тиiстi. Веда iлiмі дхарма-парыз идеясымен толық байланысты, оның парызын орындау барысында қармадан босану, қайта тууды тоқтату, әрі азаптан құтылуға жеткiзедi.

3. Санкхья (санк, бойынша санап шығу) – веданың мәтiндерiн тiкелей қабылдамайды, онда тәуелсiз тәжiрибе және толғану бар. Санкхьяның веданта мен мимансадан айырмашылығы осында. Бүкiл әлем екi субстанцияның – материя, табиғат (пракрти) және пурушидiң өзара әрекетi нәтижесiнде пайда болды. Пракрти – мәңгi және құбылмалы әрекеттегi энергия мен әртүрлi материалдық, объектiнiң бастау көзi болса, Пуруши – таза сананың немесе «менiң», рухтың жеке болмысы. Ол екеуi бiр-бiрiне себепкер және бастама. Осыдан санкхья – индуизм философиясындағы дуалистiк бағыт болып есептеледi.

4. Йога (зорлану, күштену, терең толғану). Негiзiн қалаушы Патаджами (б.з.д. II ғ). Йога – бұл философия және практика. Ол медитациялық сананың әдiсiн жасайды. Йога жүйесiнде құдайға сену - теориялық көзқарастың элемент пен практикалық iс-әрекеттің шарты ретiнде қаралды. Йога – адам миының жасырын мүмкiндiктерi туралы ойды қалыптастырып, экстрасенсорлық қабiлеттiң әдiс жүйесiн ойлап тапты, яғни адамның тынысын, демiн, тамақтануын реттеу ережесiн жасады. Йогамен шұғылданушылар екi түрге бөлiнедi: 1. өмiрден безу; 2. этикалық қатаң тәртiпке жүгiнiп, өзiн қыспақта ұстау. Йоганың этикалық қағидалары жоғарғы өнегелi тұлғаның қалыптасуымен байланысты болды.

5. Вайшешика (саскр. «вишеша» – ерекшелiк). Негiзiн қалаушы Канада (б.з.б VI-V ғ). Алғашқы кезде бұл жүйеде материалистiк сәттер көрiндi. Әлемнiң атомдық құрылымы туралы ойды дамытты. Барлық заттар әрдайым өзгередi, бiрақ оларда тұрақты шар тәрiздi атомдар элементi бар. Атомдар мәңгi, оны ешкiм жаратпаған және көп сапалы (атомның 17 сапасы бар). Олардан әртүрлi жанды және жансыз заттар пайда болады. Әлем тек атомдардан тұрса да, оның дамуындағы қозғаушы күш құдай, ол карма заңына сәйкес әрекет жасайды.

6. Ньяя (ереже, логика) – ойлаудың түрi туралы iлiм. Ақиқатты танудағы шарт пен әдiс, босануға жетудiң құралы логика мен оның заңдарының көмегiмен анықталуы мүмкiн дедi. Ньяя философиясы рационалды таным қағидаларын қалыптастырады. Дәйектi таным көздерi, сезiмнен тыс қабылдау, сөйлемнiң логикалық құрылымы туралы iлiмдi енгiздi. Бұл мектепте дамыған таным теориясы болды. Формальдық логика заңдарына сүйенiп, танымдағы эмпирикалық (түйсiк, қабылдау) пен рационалдықтың (айғақ, теңестiру, дәлелдеу) тепе-теңдiгiн мойындады.

Жаңа көзқарасты жақтаушылар  Веданың беделiне қарсы шықты. Олар: Чарвака (материалистер), жайнизм, буддизм. Олар ортодокстік мектептерге қосылмайды. Чарвака – бұл ежелгi Үндi iлiмi, кейiнгi философиялық концепцияның тектес бiр түрi – Локаята. Сондықтан, бұл мектептi «Чарвака-Локаята» деп атайды.

Чарвака – брахман, атман, сансара және карма концепциясын жоққа шығарады. Барлық тiршiлiктiң негiзi ретiнде материяның алғашқы төрт элементiн – жердi, суды, отты және ауаны алады. Өмiр және сана да алғашқы элементтердiң туындысы ретiнде қаралады. Оның негiзiн салушы – Брихаспати (б.з.д. ҮII-ҮI ғғ.). Оның пiкiрiнше, жан дегенiмiз – саналы дене. Материя ойлай алады. Ажал – сана мен жанның қирауы. Тек осы дүние бар, бұл дүние «Лока», ешқандай о жақтағы дүние жоқ. Құдай да, жан да және карма заңы да жоқ. Танымның негiзi – сезiмдiк қабылдау. Ақиқат тек тiкелей қабылдау арқылы танылады.

 Дiн – орынсыз адасу. Адамның басқа өмiр сүру ортасы бар деуге ешбiр негiз жоқ. Ешқандай басқа әлемнiң бар болуы мүмкiн емес. Құрбандық шалу, ақылға сыймайтын әрекет. Бiздiң жақындарымыз үшiн ешқандай тамақтың қажетi жоқ, өйткенi қайтыс болған соң,  дене құрылымы шiридi. Құдайға және о дүниеге сену, бұл мектеп өкiлдерiнiң пiкiрiнше, ақылдың кемдiгi, әлсiздiгi, жүрексiздiгiнiң белгiсi деп санайды.

Чарвактардың этикалық концепциясының негiзi – гедонизм (hedone – рахаттану). Тiршiлiктiң қызығын көрiп өмiр сүру қажет, ажал қадалып келiп тұрғанда ешкiмнiң одан құтылу мүмкіндігі жоқ, ол бәрiбiр алып тынады. Олар адамның мақсаты – байлық пен рахат өмiр сүру деп санады. Бұл теория, осылайша, адамды эгоизмге баулып, тiршiлiктiң қызығын қалауыңша көр деп насихаттайды.

Олардың iлiмiн бағалауда  олардың дiн мен ескi философияны  сынап, Веданың ақиқатқа сыймайтын қайшылықты iлiмiнiң абыройын төгуде көп еңбек еттi деп айта аламыз. Бұл философияда бiржақты көзқарас болды. Танымда интеллект пен ақыл-ойдың рөлiн жоққа шығарды. Сондықтан, көзқарас тұрғысынан абстракты, жалпы идеяларға сүйенiп, субъективизмдi тудырады. Сезiмдiк мүше әр адамға тән болғандықтан, әр адамның өз ақиқаты болады деп санады. Бұл бiржақтылықтың нәтижесiнде, олар жоғарғы әдептiлiк мақсаты мен құндылықты жоққа шығарады. Кейбiр маңызды кемшiлiктерiне қарамай, бұл бағыт Үндi философиясының ары қарай дамуына мүмкiндiк бердi.

Жайнизм – идеалистiк философия және этикалық iлiм, б. з. б. VI-V ғғ. пайда болды. Оның негiзiн қалаушы Вардхамана, соңынан Махавира (Ұлы батыр) және Джина (жеңiмпаз – қайту туу шеңберiн жеңген). Жайнизм буддизм сияқты жанның ауысуы туралы iлiм, карма заңын, жанның мәңгiлiгiн мойындайды. Нирвана болса болмыс емес, мәңгiлiк шаттық ретiнде көрiнедi. Карма заңынан құтылудың негiзгi құралы – аскетизм. Әлем екi мәңгiлiк негiздiң өзара әркетiнен пайда болды. Жайнизмнiң пiкiрiнше тұлғаның мәнi дуалистiк: рухани (джива) және материалдық (аджива) болады. Джива мен адживаны байланыстыратын Карма. Бiрақ, карманың өзi, упанишадтағыдан ерекше, жұқа материя, ол жазалау заңы емес.

Тiршiлiктiң де, жердiң де жаны бар. Жалпы алғанда тiршiлiк мәңгi, бiрақ ол материалдық көптеген денелi жандарға бөлiнiп кетедi де, бiр денеден екiншi денеге ауысып отырады. Жанның жетiлген жағдайына өтуi үшiн өте қатаң әдептiлiк қағиданы сақтау керек. Меншiктен, кей жағдайда киiмнен безу, сонымен бiрге ахимсаны (жердегi – өмiрдiң барлық түрiнiң бiрлiгi), ұстану – қоршаған ортаға залал жасамау принципi. Құрт-құмырсқаға зияндық жасамау мақсатымен, тiптi жер өңдеуге де болмайды. Монахтар майда тiршiлiк иелерiн өлтiрмеу үшiн жүрген жерлерiн сыпырып жүредi. Олардың апатқа ұшырауынан өз өмiрiн қию артық деп санайды. Бұл аскетизмге, тiршiлiктен безуге алып келедi.

Буддизм – (санскр.– жарықтану, жарық болу). Б.з.б. VI–V ғ дiни iлiм ретiнде дүниеге келдi. Оның негiзiн салған – Сиддхартха Гаутама Будда (б.з.д. 563-483 жж). Гималайдағы Үндi алқабындағы шакья (сак сөзiнен шыққан деген болжам бар) тайпасының патша отбасында дүниеге келген. Буддизм теориялық философиядан гөрi, дiни этикаға негiзделген. Буддизмде қаталдық жоқ, сенгiң келсе сен, сенгiң келмесе сенбе. Буддизм – адам қандай әлеуметтiк сатыда тұрса да аурудан, кәрiлiктен құтыла алмайды. Тiптi құдайға арналған құрбандық та көмектесе алмайды дейдi. Азаптан құтылудың жолы – сансарадан (жанның бiр денеден екiншi денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Будда үшiн философия – Нирванаға жету құралы. Бiрақ, нирванаға жетпей тұрып, адам «төрт игiлiктi ақиқаттың» мәнiн ұғынуы керек:

Адам өмiрi туған күнiнен, аяғына дейiн азапқа толы.

Азаптың себебi бар. Ол – қанағатсыздық, «ұдайы бола берсе» – деген құштарлық, тойымсыз әуестiк.

Азаптан босану, оның себептерiн тоқтату  мүмкiндiгi бар.

Азаптан құтылудың жолыдары: өмiрдi сезiмдiк құмарлыққа арнау ретiнде қабылдамау, нәпсiден,  ынтазарлықтан бас тарту, және өз жанын өзi қинау.

Осымен байланысты буддизмнiң  әдептiлiк концепциясы – төзiмдiлiк пен салыстырмалылық болады. Әрине, бұл алдын ала қойылған әдептiлiктiң жалпы мiндетi емес, соңғысы - қоршаған ортаға зияндық жасамау. Бұл адам мiнез-құлқының басты принципi. Оның негiзiнде iзгiлiк сезiм қанағаттанушылыққа жеткендiк жатыр. Құштарлықтан құтылудың соңғы сатысына, сегiз әдептiлiк қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет: 

Дұрыс  түсiнiк – төрт ақиқатты дұрыс түсiну;

Дұрыс сөз – өтiрiк айтпау, бiреудi басқа бiреуге жамандамау, балағат сөз айтпау;

Дұрыс ойлау – төрт ақиқатқа, өз өмiрiн өзгертуге бағытталған  ерiк-жiгер;

Дұрыс жүрiп-тұру – ешқандай тiршiлiк иесіне жамандық жасамау;

Дұрыс өмiр сүру тәртiбi – адал еңбек етудi әдетке айналдыру;

Дұрыс күш-жiгер – құмарлықпен, жаман оймен күресу;

Дұрыс ой бағыты – бұл  дүниенiң жалған, алдамшы, уақытша  екенiн түсiну;

Дұрыс жинақтала бiлу – өз денеңдi сезiнуден, ойлаудан, түйсiнуден арылу.

Осы жолдың ең соңғы сатысына жеткен адамды архат (қадiрлi, құрметтi, сыйлы адам) деп атайды және ол нирванаға жетуi мүмкiн. Нирвана мокшаның өзгерген түрi, оның мокшадан айырмашылығы– мокша жанды азаптан о дүниеде азат етсе, нирвана – осы дүниеде азат етедi. Нирвана (санскр – дәлме-дәл – суыну, салқындау, сөну) буддизмдегi ең бiр негiзгi түсiнiк - сананың жоғарғы күйiн бiлдiредi (сансараға қарама-қарсы). Тiршiлiк иелерiнен тек адам ғана нирванаға жетiп “Будда” бола алады. Нирвана – құмарлықты басу, сонымен бiрге азаптан құтылу, бұл қайта тууды тоқтату, сансарадан, карма билiгiнен – себептiлiк шеңберiнен шығу. Нирвана – нақты өмiрдiң жоқтығы емес, оның ерекше түрi және адамның өмiр сүру тәсiлi, ол “теңiз секiлдi терең, тау шыңындай биiк, бал секiлдi тәттi, т.б”. Шын мәнiсiнде нирвананың бар екендiгiн адам тек өзiнiң тәжiрибесiнде түсiнедi.

 

Б. з. д. I ғ. буддизм екi ағымға бөлiнiп кеттi:

1. Хинаяна,

2. Махаяна:

Хинаяна – «құтылудың тар жолы» немесе «кiшi шеңбер»- адамның өзiнiң жеке басының құтылуы. Монастырьге кету арқылы немесе дүниеден қайтқан соң Нирванға жетуге болады деп санайтын ағым. Ол алғашқы буддизмге жақынырақ болды.

Махаяна – «құтылудың кең жолы» немесе «үлкен шеңбер». Мүмкiндiгiнше көп адамдардың құтылуы ретiнде, дүниеде бола отырып, дүниеден қайтқан соң мәңгi-бақи, бiрақ сонда да уақытша, Нирванаға жетуге болады деп санайтын ағым. Архаттан гөрi, «бодисатваға» арналған.

Бодисатва – арахатқа жетпеген, бiрақ толық бiлiмге талпынып жүрген адам. Ол бiлгiрлiктен гөрi, уағыздаушыға ұқсайды. Өзiнiң мүмкiндiгiмен тек өзiн ғана емес, өз күшiмен нирванаға жете алмайтындардың бәрiн құтқарады.

Әлем зұлымдыққа толы, бірақ адам одан игілік пен білім арқылы құтылуы – Үнді этикасының формуласы. Мәңгілік туралы ойлау, оның бір бөлігі сенің жаның – Үндінің жалпы философиялық формуласы. Үнділік ойлаудың ұлылығы – адам өмірің қиындығын ең шеткі және терең адалдықпен айту, сонымен бірге оның мүмкіндігінің шексіздігіне сендіреді.

Қытай философиясы б. з. б. VI-III ғғ. мифологияның негiзiнде пайда болды. Кейбiр идеялар мен түсiнiктер мифте пайда болып, олар кейiнiрек философиялық зерттеудiң (ойлаудың) мәселесiне айналды. Бастауы Пань Гу туралы аңызда: Пань Гу (алғашқы адам) пайда болды делiнедi. Оның демiнен – жел, бұлттар, басынан – күн күркiреуi, сол көзiнен – күн, оң көзiнен – ай, денесiнен – дүниенiң төрт бұрышы, қанынан – өзен, су, терiсiнен – жауын, шық, көз жанарынан – найзағай шығады. Ал осылардың бәрiнiң негiзгi – тянь (аспан), бұл бiздiң тәңiр деген ұғымына өте ұқсас. Бұдан көшпендi елдер көзқарасымен олардың тығыз байланыстылығын байқаймыз, соңғылардың жақындылығы, еркіндігі және шығармашылықпен айналысуына жағдайының болуы көп әсерін тигiзедi. Алдымен болмыстың қарама-қарсы күшi – Инь мен Ян (жерлiк және аспандық), яғни әйел мен еркектiк (еркек – жарқын күшке ие, әйел – қараңғы, белсендi емес күш белгiсi) дүние бастамасы болуы туралы түсiнiк туды. Даоны космостық заң, ғаламдық заңдылық немесе әлемдегi заттардың дамуы мен өзгеруi ретiнде түсiну, бес түпкi элемент (от, ауа, су, металл, ағаш) туралы iлiм, кейiн – сәйкестiк туралы: адам-микросома, әлем дүниесi – макросома, т.б. туралы iлiмдер пайда болады.

Алғашқы Қытайдағы философиялық бағыттардың саны көп болды. Ежелдегi қытайлықтардың өздерi де “жүз мектептiң” барлығын мәлiмдеген. Ежелгi кездiң өзiнде бұл мектептердi топтастыруға әрекет жасалды, солардың бiрi ең белгiлi Қытай тарихшысы Сым Цань (б.з.д.II ғ.), ол алты негiзгi бағытты көрсеттi. Инь мен Ян мектебiнiң негiзгi мәселелерi табиғат философиясы (натурфилософия), Инь мен ЯН-ның табиғатта көрiнуi және олардың өзара әркетi. Соңынан ежелгi Қытай философиясының негiзi бағыттары конфуцийлiк және даосизм болды.

Конфуцийлiктiң (confucianism) негiзiн қалаған Конфуций (Кун-Фу-Цзы). Шамамен б.з.д. 551-479 жылдары өмiр сүрген. Ол кiшкене ғана Лу (қазiргi Шаньдун провинциясы) хандығында дүниеге келiп, өмiрiнiң бiршама мерзiмiн осы жерде өткiзген. Ата-анасы кедейленген ақсүйектер болған, ол олардан ерте айырылған, тек 15 жасында ғана бiлiмге ұмытылады, 50 жасында өз мектебiн ашады.

Ол өмiрiнiң соңғы  кезеңдерiңде өзiнiң iлiмiн жасады. Сонымен бiрге, Қытай әдебиетiнiң негiзiн құрайтын мәтіндердi редакциялап, түсiнiктемелер жазумен шұғылданды. Конфуция мектебiнiң негiзгi зерттеу объектiсi “Алты қағида”, яғни, ақсүйектердi оқытудың негiзiн құрайтын алты кiтап, олар кейiннен конфуцийшiлер әдебиетiнiң құрамына кiрдi.

И цзин (өзгерiс кiтабы – жорамал (болжау) кiтабы);

Ши цзинь (өлең кiтабы);

Шу цзин (iс қағазы (құжат) кiтабы);

Ли цзи (салт-жоралар  туралы жазу);

Ю цзин (музыка кiтабы – жеке шығарма ретiнде сақталған);

Чунь-цу (көктем және күз  жылнамасы – Лу патшалығы туралы деректер б.з.д. 722 жылдан басталып, б.з.д. 479 жылы аяқталды, (яғни Конфуцийдiң қайтыс болған жылы).  

Конфуций iлiмiнiң қайнар көзiнiң негiзi – Лунь Юй (әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабы.

Конфуций өзiнiң негiзгi мiндетi – шәкiрттерiне өткен мәдени мұраны жеткiзу деп есептедi. Ол «Мен жасамаймын, тек жеткiзiп беремiн» – дейдi. Дәстүрлi iлiм мен идеяларды жеткiзумен бiрге, ол  көзқарас пен әдептiлiк қағидасын жиi-жиi өзiнше түсiндiрдi. Оның философиясында ескi мен жаңа араласа кездеседi, ескi әдет-ғұрыптарды сақтау, патриархалдық-рулық қоғамды қайтару, жасы үлкендi сыйлау және тыңдауға шақырды.

Есімдерді түзету. Ежелгi Қытай мәдениетiндегі “табиғи тiл” деген теория кең тараған, осыған сәйкес аттарына заттардың идеялық мәнi және құбылыстардың сайма-сай болуы мұқият қаралған. Уақыт өткен сайын надан адамдардың атауларды пайдалануына байланысты, бұл сәйкестiк бұзылады. Бұл атаулардың «бұзылуы» әлемдегi iстердiң нашарлауы. Бұл көзқарасты Конфуций де жақтайды.

Конфуцийдiң пiкiрiнше, әлемдегi тәртiптi қалпына келтiру үшiн, қоғамда да, табиғатта да алдымен атауларды дұрыстау, яғни, заттарды олардың атауына сайма-сай өзгерту керек деп санайды. Бiр князь Конфуцийден: «Қолайлы басқарудың принципi неде?» – деп сұрайды. Ол: «патша-патша, төре-төре, әке-әке, ал бала-бала болып, атауына байланысты ғана емес, шын мәнiсiнде қалулары керек»,– дейдi («Лунь Юй»). Билеушi – патша, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Яғни, «бiлу дегенiмiз – табиғатты емес, адамдарды танып – бiлу» – деп санайды. Мұның мәнi сөз бен шындықты сәйкестендiру, соның арқасында шынайы дүниенi бiртектi тәртiпке келтiруге болады.

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі