Философия пәні мен оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:19, реферат

Краткое описание

Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философия деген не? Дүниеде ол қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Содержание

І тарау. Философия тарихының дамуы................................................ 20
1.1. Ежелгі Шығыс философиясы ...............................................
22
1.2. Антикалық философия ..........................................................
41
1.3. Орта ғасыр философиясы ........... ...........................................
57
1.4. Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы .......................
70
1.5. Немістің классикалық философиясы .....................................
84
1.6. ХІХ ғасыр философиясы .........................................................
98
ХХ ғасыр философиясы................................................................. 108
1.7. Орыс философиясы.................................................................
123
1. 8. Отандық философия................................................................
136
ІІ тарау. Теориялық философия ............................................................ 158
2.1. Онтология: ұғымдары мен қағидалары ..................................
158
2.2. Даму-диалектика ілімі .............................................................
177
2.3. Адамның рухани әлемі. Сана...................................................
186
2.4. Таным теориясы........................................................................
197
ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 210
3.1. Философиядағы адам мәселесі..............................................210
3.2. Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ...............................218
3.3. Аксиология. ҒТП және экология ........................................229
Қосымшалар.
Философия пәнінен сынаққа арналған бағдарлама сұрақтар................................................................................................237
Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар
тізімі ......................................................................................................241
Сөздік........................................................................................................ 246
Әдебиеттер тізімі................................................................................... 257

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЛОСОФИЯ.doc

— 1.67 Мб (Скачать документ)

Енді патристиканың iрi өкiлiнiң бiрiне тоқталайық. Августин (Блаженный) – 354-430, Христиан теологі, епископ, Гиппон қаласында (солтүстік Африка, Рим империясы) Христиан дініндегі католицизм ағымының негізін салды. Негізгі шығармасы «Құдай қаласы туралы». Бұл еңбек  жүздеген жылдар бойы діни ілімді таратуда, зерттеуде және оны оқуда басты құрал болып саналды.

 

Ондағы құдай туралы ойлары:

  1. Құдайдың өмір сүру белгісі – барлық заттарға қатысты құдіреттілігі мен жетілгендігі.
  2. Барлық  материя, жан, кеңістік және уақыт, құдайдың әрекетінен жаралған.
  3. Құдай тек қана жаратып қойған жоқ, жаратуын жалғастырып жатыр, келешекте де солай бола бермек.
  4. Білім (сезім, ой, тәжірибе) шындық және жетілікті, бірақ ең басты ақиқат – дәлелді білім, тек Құдайды танудың арқасында туады.

Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы» туралы еңбегінде ол өз ойын «түсіну үшін сенемін, сену үшін түсінемін» («credo ut untelliyam intellido ut credam») деп негіздейді. Оның философиясы: «Сенімсіз – білімде ақиқат жоқ» деген принципке бағынады. Ол тарихты, адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсінетін діни концепцияны ұсынды. Оның христиан дінiнің кейінгі дамуына ықпалы зор болды. Протестант және католик дінбасшылары оны кеңінен  пайдаланды. Православие шіркеуінде оның еңбектері рационалдық құрлымдық ілім ретінде көп тараған. Оның негізгі қағидалары:

        1. Тарихтың барысы, қоғам өмірі – екі қарама-қарсы патшалықтың күресі –  жерлік және құдайлық.
        2. Жер бетіндегі патшалық мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады.
        3. Құдайшылық жолда ─ діни қызметкерлер, олар берекелі және құдайға жақын, шіркеуде біріккен адамдар.
        4. Жер патшалығы күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны құдай бәрібір бір кезде жеңеді.
        5. Көптеген адамдар күнәлі және құдайдан алыс. Сондықтан ақсүйектер өкіметі ары қарай өмір сүре беруі керек, бірақ олар Рухани өкіметке бағынуы тиiс.
        6. Корольдер мен императорлар христиан шіркеуінің ырқын (еркін) білдірумен бірге, тікелей Рим Папасына бағынады. Шіркеу –әлемді біріктіретін қабілетті күш, оған философиямен жету мақсатын қою керек.

«Схоластика» кезеңі – философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды.

Орта ғасырлық схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды. Диалектиканы  діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма, т.б. секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды.

Схоластар білімді екіге  бөлді:

  1. Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары);
  2. Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді).

Схоластика ─ шіркеулік көзқараста «шіркеу әкейлерінің» ілімдеріне қарағанда, қасиетті жазуға көп көңіл бөлді. Бұл кезде Платон философиясының беделі түсіп, Аристотельдің анық айтылған философиялық «реализм» концепциясы мен формальдық логикасы кең дамыды.Сөйтіп, схоластикалық тәсіл қалыптасты.

Орта ғасырлық схоластикадағы әмбебаптылық (Универсалии лат. ─ niversalis-жалпы). Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселе төңірегіндегі дау-жанжал кең орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс, номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың  үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.

Номинализм (лат. Nomina – есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана,  шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу-ызасын тудырды.

Реализм (лат realis ─ шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы, жаратушы құдайға байланысты.

Орта ғасырдағы әмбебаптық түсінік Платонның «идея» туралы ілімнің негізінде пайда болды. Ол нақты заттардың табиғатын анықтап, олардың идеалдық моделі болады. Сонымен бірге заттардың себебі мен мақсаты да, яғни, бұл ілім Аристотельдің форма туралы іліміне жақын болды. Антикада әмбебаптылық мәселесі алғашқы рет Порфирийдің еңбегінде қойылды, бірақ орта ғасырлық схоластикаға Боэций арқылы енді және ол Порфирий еңбектеріне берген түсініктемелеріне байланысты болды.

Порфирий үш сұрақ  қойды:

  1. Әмбебаптылық деген бар ма ( жануар, адам атаулары, т.б.) және өз бетімен (яғни, нақты заттардан тыс) өмір сүре ме?
  2. Егер бар болса, онда олар денелік  пе немесе денесіз бе?
  3. Егер олар денесіз болса, онда  олар сезімдік заттармен қалай табиғи бiрлiкте болады?

Порфирий бұл сұрақтарға ешқандай жауап берген  жоқ, бірақ  бұл үш сұрақ, әсіресе біріншісі ─ орта ғасыр дәуірінiң алғашқы кезеңiнде өте қатты пікір таласын тудырды.

Ақиқаты: әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды екшелеп, адам санасы арқылы пайда болған жалпылық ұғым, «Жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне, ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ қасиеттердi жинақтайтын ұғым.

Фома Аквинский – ірі орта ғасырлық философ, схоластикалық жүйені жөнге келтіруші. Католик шіркеуінде үстемдік ететін томизм бағытының негізін салушы. Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы», «Пұтқа сенушілерге қарсы сумма». Ол Құдайдың өмір сүруінің бес дәлелін айтады:

  1. Қозғалыс: Барлық  қозғалысқа дем беретін, яғни қозғаушы алғашқы күш - Құдай.
  2. Себеп: Барлық өмір сүретін тіршіліктің себебі, барлығының бастама себебі – Құдай.
  3. Кездейсоқтық және қажеттілік. Кездейсоқтық, қажеттілік мүмкіндік пен шындықтан туады, олай болса, алғашқы шындық –Құдай.
  4. Сапалық дәрежесі: Барлық тіршіліктің алуан түрлі сапалық дәрежесі (жақсы, жаман, көп, аз) бар, олай болса, кемеліне жеткен тіршілік те бар – ол Құдай. Әлемдегі барлық заттар бірімен-бірі сәйкестеніп, қиылысып байланысқан, оны жасайтын Құдай.
  5. Мақсат: Қоршаған ортада қандай болса да мақсат бар, бәрі де мақсатқа бағытталады, әрі мәні бар. Олай болса, әлдеқандай ақыл-ойға сиятын бастама бар. Яғни, бәрін мақсатқа бағыттап, бәріне мән беретін – Құдай.

Аквинский Аристотель ілімінің материалистік идеяларын алып, оның идеалистік элементтерін күшейту бағытында қызмет етеді.

Ол әмбебаптылықтың (универсалий ) үш түрін мойындады:

  1. Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреттi санасында).
  2. Заттардың өздеріндегі (жердегі, жекедегі жалпылық).
  3. Заттардан кейінгі түрде (адам санасында танылған).

Аквинскийдің негізгі  қағидасы – сенім мен сананың үйлесімдігі. Ақыл-ой құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы  пікірді қабылдамайды. Аквинскийдің пікірінше, барлық өмір сүретін заттар ─ құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.

Араб  философиясы. Батыста философия, өнер және ғылымның дамуы орта ғасырда біршама тоқтап қалды, ал Шығыста араб ойшылдарының арқасында ерекше дами бастады. Арабтардың ұлттық сана-сезімiнің оянуы, мәдениетінің кең өріс жаюы, VII ғасырда Араб жерінде жаңа, ислам діннің пайда болуымен тікелей байланысты.

Ислам Шығыстық дәстүрді сақтап, Құдайды табиғаттың объективтік заңдарын орындаушы, оларды адамдарға жеткізуші құдіретті күш ретінде таныды. Ал адамды – көп тіршілік иелерінің тең бірі деп санап, қанағатшылды, руханилыққа шақырды. Иудаизм діні Құдайдың Жерді адам үшін жасағаны, адамды өзіне ұқсас етіп жасауы сияқты, т.б. идеяларын қабылдаған және «адам-құдай» ілімімен оны тереңдете түскен христиан дініндей, Ислам табиғатқа немқұрайлы  қарамайды. Оны бар күнәнің көзі демей, керісінше, дәріптеп пір тұтады. Бұл табиғатпен, байлық үшін басқалармен соғысудан құтқарады, табиғаттану ғылымдарынан гөрі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың көп жетілуіне жол ашады. Исламда «пантеистік» (табиғаттың өзін құдай деп тану) сарын басым (Ибн Сина, Ибн Рушд ілімдерінде) болғандықтан, Крест жорықтарының нәтижесінде фундаменталдық күйге түскен кезге дейін, «құдайды тану – табиғатты оқу» қағидасына сүйеніп, араб тілді елдерде барлық ғылым салалары, мәдениетте ерекше дамыды. Орта ғасырдағы Шығыс ─ дін мен ғылымның үйлескен кезеңі, әрі ғылымның қайта жаңғыруының негізгі себебіне айналды.

Орта ғасырда Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платон, Аристотель, Гипократ, Гален, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Х ғасырдың екінші жартысында олар Испанияға, орталық Пиреней түбегіндегі Кордово қаласына ойысты. Араб әлемінде танымал болған шығармалар, бұл жерде латын тіліне аударылып, батысеуропалық ғылым дамуының қайнар көзі болды. ІХ-ХIІ ғасырда мәдени даму ─ өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Осы кезде Аристотель ағымның ықпалы өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінің (гр. Peripatetikos – серуен кезінде бiлiм алу) негізі қаланды. Ол негізінен екі ағымға бөлінген.

  1. Шығыстық Аристотелизм: әль-Кинди, әл-Фараби және Ибн-Сина (Авиценна).
  2. Испан Аристотелизмі: Ибн Рушд (Аверроэс) және Ибн Туфайль.

Осылар арқылы мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды. Мұсылмандық шығыс перипатеизмнің алғашқы өкілі Әль-Кинди (шамамен 800-870 ж) «араб философы» деген құрметті  атаққа ие болды. Ол астролог, математик әрі дәрігер, сонымен қатар Аристотель шығармаларына түсініктемелер берді. «Органон» және «Метафизика» еңбектеріндегі мәселелер бойынша бірқатар трактаттар жазды. Ол өзінің дүниетанымына негіз етіп, жалпыға ортақ себепттік байланыс идеясын алды. Бұл идея ─  «егер кезкелген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болсақ, онда бүкіл ғаламдық нәрсені айнадағыдай тануға мүмкіндік туады» ─ дейді. Ол ғылыми танудың үш сатысын көрсетіп, бірте-бірте керек жағдайда білімнің ақиқатына жетуге болатынын айтты.

  1. Логикалық-математикалық сатыда.
  2. Ғылыми жараты<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size: 10pt;

Информация о работе Философия пәні мен оның қызметі