Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция-есебін-ұйымдастыру.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

 

Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету. Шаруашылық жүргізуші субъект қаржылық есеп беру барысында өзінің баланстық құнын, ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларын есептен шығарғаннан кейін қайта бағалаудан түскен табысын есеп саясатында ашып көрсетуі қажет.

Сондай-ақ, пайыздар, роялти, дивидендтер және үзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан түсетін табысты да ашып көрсетуі керек: қысқа мерзімді каржылық инвестициялардың есептен шығуынан түскен табыстар мен шығындар және осындай инвестициялардың құнының төмендеуі де ашылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың ағымдағы құны, сондай-ақ инвестицияларды өткізудегі айтарлықтай шектеулердің жайы, алатын табысы; олардың сатылуынан түсетін пайдасы; есеп беру кезеңде қайта бағалаудан түскен соманың қозғалысы және бұл қозғалыстың сипаты; қайта бағалауды есепке алғандағы құнымен есептеген кезіндегі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялары бойынша қайта бағалаудың мерзімділігі, соңғы қайта бағалаудың күні, қайта бағалаудың негізгі есебі ашылуы тиіс.

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қазақстанның экономикалық қатынастардың нарық жүйесіне өтуі көп мәселелердің пайда болуына себеп болды. Сол мәселелердің арасында ең негізгісі- инвестиция мәселесі. Потенциал инвесторлардың Отан экономикасына салулардың көлемдерін кеңейтуінде қызығуларды туғызбай жаңа шаруашылық байланыстардың құру, өндірістің дамуы, азаматтардың әл-ауқаттылығын жоғарылаулары, дүниежүзілік аршада мемлекеттің беделік қайта тууы мәселелері шешілмейді деп есептесең қателеспейміз. Қәзіргі уақытта бірде бір мелекет шетел инвестициясыз өзінің экономикасын дамыта алмайды.

Инвестиция деп өнеркәсіптің, құрылыстың ауыл шаруашылығының және экономиканың басқада салаларының кәсіпорындарында капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвестициялық қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды-өндірістік қорының өсіміңе салынатын қаражаттар.

Қаржылық инвестициялар – бұл бағалы қағаздарға салынатын салымдар.

Шетелдік инвестициялар деп шетелдік инвесторлар, басқа мемлекеттер, шетелдік банктері мен компанияларының капитал салуларын айтамыз.

Өзінің мақсатты бағыттылығы бойынша, халықаралық инвестициялар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Қаржы иелері рынокта капиталды тұтынушыларын делдарларсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы болады. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.

Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі рыноктың кеңею кезіндегі капитал қажеттігі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірістік жанартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді. Инвестор-компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына технологияларды, маманданған кадрларды және рыноктарды беруі мүмкін.

Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі –халықаралық бизнеске қатты әсер етеді.

Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арысында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.

Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

  • өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер рыногына шығудың бастамасы;
  • әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты құру;
  • аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрдері болып:

  • шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді) кәсіпорындар құру;
  • контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
  • табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
  • елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу (захват) болып табылады.

Тікелей инветициялар әлемдік рынокта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізі құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25-нен аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапония статистикасы бойынша, тікелей инветицияларға, акционерлік капиталдың 10 жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П.Х.Линдерт пікірі бойынша, "тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылық ең алдымен бақылау мәселесінде."

Портфельді инвестиция деп шет ел кәсіпорынына бақылау орнатуына мүмкіндік бермейтін акциялар облигациялар және капитал саылмдарының басқадай түрлерні айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

                                                                      “Экономика” кафедрасыныњ

                                        мењгерушісі _____________

 

 Бухгалтерлік есеп  және аудит мамандыѓы бойынша  оќитын  сыртқы бµлімініњ 5- (бітіруші) курстыњ студенті  Әшіралиев Болатбек                                           (аты-жµні)

 

диплом  ж±мысыныњ  тақырыбы: ”Кәсіпорын капиталын ұлғайту үшін инвестицияларды тарту есебі”.

ЖОСПАРЫ

Кіріспе

1- Тарау.Инвестициялардың  есебін ұйымдастыру.

    1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі.
    2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.
    3. Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі.

2- Тарау.Қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді  инвестициялардың есебі.

2.1.  Қаржылық инвестициялардың есебі.

2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың  ағымдағы құнын  және ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициясын қайта  бағалауын анықтау.

2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу.

Ќорытынды

Пайдаланѓан єдебиеттер

Ќосымшалар

Студенттіњ ќолы ___________________

Ѓылыми жетекшініњ ќолы ___________

Жазылѓан уаќыты __________________

     (к‰ні, айы, жылы)

“Сырдария” университеті, «Сырттай оқу » факультеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 5 – курс студенті  Әшіралиев Болатбек ”Кәсіпорын капиталын ұлғайту үшін инвестицияларды тарту есебі”.

 тақырыбына арналған  бітіру жұмысына 

 

 

 

Рецензия

 

Бірінші тарауда жалпы инвестициялардың есебін ұйымдастыру,инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі,бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі,сонымен бірге еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі ұйымдастыру тәртібі қарастырылған..

Ал, екінші тарауды қарастырсақ, мұнда негізінен Қазақстан экономикасындағы  қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі,қаржылық инвестициялардың есебі,қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын  және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау көрсетілген.

      Үшінші тарауды қарастыра келе, инвестициялар есебінің аудиті,ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті және қаржылық инвестициялардың есебінің аудиті қарастырылған.

     Бұл жұмыс кәсіпорын негізінде алынбаған,бірақта аздаған кемшіліктер болса да, «жақсы» деген бағаға әсерін тигізе алмайды.

 

 

 

 Рецензент 

 

 


 



Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі