Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция-есебін-ұйымдастыру.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Нарықтағы  айналыс  ерекшелктеріне байланысты  бағалы қағаздарды  нарықтық (айналыстағы)  және нарықтық  емес (айналыстағы  емес)  етіп бөлу   мүмкін.

Нарықта  болатын бағалы қағаздар  биржалық  немесе биржалық  емес   айналым   шеңберінде   нарықта  екінші  рет  еркін   сатылуы   және сатып  алынуы  мүмкін.  Олар  сатылғаннан  кейін эмитентке  мерзімінен  бұрын  ұсынылмайды.

Нарықтық   емес  бағалы қағаздар    бір қолдан екінші  қолға еркін  көше  алмайды, яғни  екінші рет айналысқа  түспейді. Бұндай  бағалы  қағаздар  қатарына  оларды  шығару   кезінде  сатылмайды  деген шарт   қойылса, онда  оларды тек   эмитенттің  өзі  ғана  сатып  алады. Сондай-ақ  айналысы  шектеулі  бағалы  қағаздар да бөлініп  көрсетіліуі  мүмкін. Мысалға,  жабық АҚ  акциялары   сатып алу  және сату  мәміле   юойынша   шектелген   акциялардың  қатарына жатады.

Бағалы  қағаздар  әрекет  ететін  орыны бойынша  ақша нарығының   бағалы  қағаздары   және  капиталдық бағалы  қағаздары  болып  бөлінеді.

Ақша   нарығы дегеніміз -  қысқа   мерзімді    бағалы қағаздардың   алынуы   мен  сатылуын  көрсетеді  және  ол қаржылық   нарықтың  бір бөлігі. Қысқа   мерзімді   бағалы  қағаздардың  әреет  ету  мерзімі  бір  күннен  бастап  бір жылға дейін  болуы  мүмкін.  Айналыстағы    бағалы қағаздар,   әдетте   төменгі  төлем  тәуекелімен   қатар жүреді, өйткені  қарыз  берушілердің   төлем  қабілеттілігі   жоғары  болса  ғана  шығарылады.   Ақша  нарығының  бағалы қағаздарына:  қазыналық   векселдер, депозиттік    сертификаттар,  коммерциялық қағаздар  жатады.

Бағалы  қағаздардың  нарықтық  капиталдар  ретінде  бір жылдан  астам  мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік,  сондай-ақ  инвестициялық   бағалы қағаздар  боуы   мүмкін. [5,12 бет]

Бағалы  қағаздардың   атқаратын ролі  бойынша: негізгі  (акциялар мен   облигациялар),   көмекші  (чектер,  векселдер,  сертификаттар  т.б.) және негізгі  бағалы  қағаздардың    алыну   мен  сатылу  құқығын   куәландыратын  шатты бағалы  қағаздар  болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,  сатып  алу құқығының   артықшылығы).

Бағалы  қағаздарды  өздерінің   алдына қойған   міндеті   мен  мақсатына   сәйкес   басқа да  белгілері  бойынша  (құжатты  және құжатсыз,  кері  қайтарылатын  және   қайтарылмайтын, тұрақты   деңгейде  және  әр  түрлі  еңгейде  табыс  әкелетін) жіктелуі   мүмкін.

Инвестор  бағалы қағаздар   нарығында   жұмыс  істей   жүріп  салымдарды   тараптандырудың   (диверсификациялаудың)  принципін    ұстануы  тиіс:  инвестор  қаржылық активтердің    әр түрлісін  алуға  ұмтылуы   керек.  Бұл  салымдардың   тәуекелдігін   азайту үшін қажет.  Мысалы, инвестор  өзінің  барлық  ақшаларын   бір  компанияның   акцияларына  салды  делік. Бұл  жағдайда   ол акция  курсының  нарықтық  ауытқуына   толық   тәуелді  болады.  Егер  кәсіпорын    қаражаттары     бірнеше  компаниялардың  акцияларына  салынатын  болса,  онда  инвестордың   табысы  неғрлым  аз болса  ауытқитын  біршама  компаниялардың  акциясына   тәуелді  болады.  Егер  инвестор  әр  тараптанудың (диверсификациялау)   принципін  ұстанатын   болса,  онда  ол  инвестициялық (фондылық)  портфел  деп  аталатын   бағалы  қағаздардың  жиынтығымен   байланысты болады.

Қоржындық  (портфелдік)  инвестициялаудың   обьектілері   ретінде  әртүрлі  бағалы  қағаздар:  акциялар, облигациялар, бағалы   қағаздардың  шартты  түрлері  әрекет  етеді. Қоржынның  бір бөлігі  ақша  түрінде  ұсынылуы   мүмкін. Қоржындағы қағаздардың     көлемі де  әр түрлі  болады.  Қоржындық  инвестициялау өзінің  құрамына  тәуелді,  ол табыс  немесе  залал  әкелуі   мүмкін  және тап сондай  тәуекелділіктің   де  сол  және  басқа  да  деңгейіне  ие.  Қоржынға енетін  бағалы  қағаздардың   тізбесін де,  көлемін де инвестор өзгерте  алады.

Қоржынды құрастыру кезінде  инвестор  келесі  факторларды   есепке  алуы  тиіс:  тәуекелділікті,  табыс  дәрежесін, орындау  мерзімін,  бағалы қағаздар типін.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді калыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім коржыны, екінші  тип — табыс коржыны.

Қоржынның бірінші типінің    мақсаты өсімді  көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы кағаздардың  бағамдық{курстык) өсімінің  есебінен алу болып   табылды. Бұл  негізгі  салымның   басым  бөлігін  акция құрайды. Күтілген  капитал  өсімімен және тәуекелділіктің  ара қатынасына байланысты қоржындық  коржындык өсімнің  ортасьінан, тағы да  баска    қоржынның  түрлерін,  атап  айтқанда: агрессивті,  консервативті  және орташа өсімін    бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім коржындары капиталдын  максималды  өсіміне  бағыталады. Бұл   қоржын үлкен  тәуекелділікпен  байланысты  екенін көрсетеді,  бірак эмитент-кәсіпорындардын, қолайлы дамуы кезінде ол   үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржыннын бұл қүрылымы, ешстте, тез өсетін жас компаниялардын акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік   қоржынның   өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан  тұрады, бұндай қоржынның   тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынньң  орташа өсімінде   агрессивті  коржьінға да, консервативті қоржынға  да  тән инвестициялық  касиеттері  болады.  Осының  құрамына сенімді кәсіпорындармен  қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай коржын жеткілікті жоғары табыска және тәуекелдің  орташа денгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады.  Қоржынның  бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың  деңгейін қамтамасыз етеді   және  онда тәуекелділіктің   денгейі  нөльге тең  болады. Қоржындардың  аталған  типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне  байланысты олар: конверттелетін,  нарықтық  ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін  (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай коржын оны құрайтын бағалы кағаздардын есебінен нарык конькжтурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардын өзі де, косымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайлд, коржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Ақша нарығының  қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына акшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің  төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөльдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардын есебінен калыптасады және нөльдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.

Қоржындардың  өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер  етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.

Қоржын кызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Мерзімі  шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдына ала уакыты белгіленген кезеннің  шегінде табыс алуды көздейді. Ал  мерзімі шектелмеген коржынның  уакыты шектеліп белгіленбейді.

Мүмкіндігінше толықтырылатын,  қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын  қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының  есебінен емес, сыртқы каражат көздерінін есебінен өсуі (толыктырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын коржындар бастапқы салынған қаражаттардың  бір  бөлігін қайтарып  алуға жол береді. Тұрақты   қоржындарда  бастапқы салынған  қаражаттар  қоржынның  барлық  кезең  бойына тұрақты көлемін   сақтайды.

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының  қалыптастыруды,  ғылыми-техникалық прогресстің  жетістіктерін енгізуді,  инфрақұлымды  дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды  қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін   мамандандырылған   инвестициялық банктер мен акционерлік   қоғамдардың  акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.  Сөйтіп,  қорлар экономиканың  неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық  инвестициялар   инвесторлар үшін   ішкі және  сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл  тәуекелділік басшылардың  біліктігімен және олардьң   епті әрекеттерімен,  есеп   пен   бақылау жұмысын ұйымдастырумен,   валютаның  6ағамдық  пайыз  мөлшерлемесінің өзгерістерімен,  орта мерзімді және қысқа  мерзімді   несиелерді  тартудың қиындылыктарымен   және  т.б. осы  сияқты  мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар,  табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен  байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық  есептеулер жасалған соң  және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық  қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың  барлық  саласын инвестициялық  тұрғысынан қолдауға  бағытталған. Республикада инвестициялық  жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер  мен  преференциялар  әзірленіп жасалған. [3,122 бет]

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы кызмет көрсету; отандық  тауар өндірушілерді мемлекеттік   қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының  шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы   менеджмент   пен   маркетингтің  әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру;   жергілікті мамандардың   үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың  біліктілік  денгейін   көтеру; өндірістің   жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту  болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде   және  оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың  атқарар   ролі  зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің   объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар   және оған қоса олардың құқықтары,   яғни  интеллектуалдық   меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік  инвестициялар  Қазақстан Республикасының  заңды  тұлғаларының  жарлык капиталына қатыса отырып, ондағы  қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын корғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға  қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды  құруға және  олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары   бойынша пайдалануға құқылы,  Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар   алуға және баска да мақсаттар үшін, яғни  Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен  айналысуына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі

Занды тұлға баска кәсіпорындардың пакет акшіясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың денгейіне байланысты олар: не бакылаушы, не кдржылык немесе субъектшің баска да саясатына едәуір эсер ететін болып белгіленеді.

Егер  де инвестордын катысу үлесі 50% жөне одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру қүқы бар акциясы болса, онда ол каржыландырылатын объекті бойынша онын бақылау ында болатын және еншілес серіктесгігі болып табылады.

Егер де инвестордын катысу үлесі 20%-тен астам болса, бірак оның дауыс беруге күкы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол каржыпандырылатын объекті бойынша онын едәуір эсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.

Егер де инвестордын катысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бакыланатын занды түлға болып табылады.

Инвестициянын есебі 141  " Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі,  оның  құрамына  мынадай   синтетикалык  шоттар   кіреді:      141 "Еншілес   серіктестіктерге   салынған  инвестициялар",   142   "Тәуелді серіктестіктерге   салынған   инвестициялар",   143 "Бірлесіп-бакыланатын заңды тұлғаларға  салынған инвестициялар",  144   "Басқа инвестициялар".

Бұл  бөлімнің   шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бакыланатын    занды   тұлғалардың   акциялары   мен   жарналарындағы инвестициялардың   нақты бары мен козғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.

141-144 шоттар   активті  және  күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған   кәсіпорындар  мен   инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі. [5,122 бет]

Инвестицияларды есепке алу   Бухгалтерлік есептің   №14 "Тәуелді шаруашылық   серіктестіктерінің   инвестициялық есебі" деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.

Тәуелді –шаруашылық, серіктестіктердін,  инвестициялык, есебі.   Тәуелді   серіктестік   инвесторлардың   едәуір   ықпал етуінде   болады және ол еншілес шаруашылықсеріктестігі де, бірлесіп   бакыланатын занды түлғасы да бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

-  үлестік катысу әдісі;

-  құндық әдіс (немесе күн әдісі).

Үлестік   қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте   сатып алу құнымен   көрсетіп,  кейінірек  тәуелді шаруашылык серіктестіктерінің   таза активтеріндегі өзгерістерде   инвестордын үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының   өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылык серіктестігінің  таза   кірісінде   (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық   қызмет   туралы есептегі табысқа  (шығынға) жаткызылады.

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі