Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция-есебін-ұйымдастыру.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Инвестицияны игерудің  бірінші жылыңда ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция 120 мың теңгеге қайта бағаланған (яғни, бағасы өскен), ал екінші жылы, керісінше. [3]

180 мың теңгеге азайған, ал үшінші жылы 190 мың теңгеге қайта бағаланған (яғни, бағасы өскен), Бірінші жылдың соңғы күндері ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның 50% категориясы қысқа мерзімді инвестицияға көшірілген.

Есептік саясатта қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы немесе сатып алу құнының ен төмен бағасы бойынша есептелуін қарастыруы мүмкін. Екінші жылдың басында 500 мың теңгеге инвестиция сатылған, төртінші жылдың   басында инвестицияның  қалған  бөлігі 600 мың  теңгеге  сатылған. Соңғы екі жылдың барысында жыл сайын 300 мың теңгеден дивиденд есептелген. Енді осы операциялардың шоттар корреспонденциясын жасаймыз.

Шаруашылық  операцияларының  мазмұны

Сомасы,  тенге

Шоттардың  корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1

Ұзақ  мерзімді  қаржылық  инвестиция  алынды

 

800 000

 

401-403

 

441,671

2

Инвестицияны иеленген  жылдан бастап,  жүргізілген қайта  бағалаудың  нәтижесінде ұзақ мерзімді  қаржылық  инвестицияның құнының өскендігі  көрсетілді

 

 

 

120 000

 

 

 

401-403

 

 

 

542

3

Бұрындары  жүргізілген қайта  бғалау сомасы  таратылған  табысқа жатқызылды. (120000х50%)

Құнының  өзгеруінің  нәтижесіндегі  зияны  шығысқа  жатқызылады.

60 000

 

 

60 000

542

 

 

845

561

 

 

401-403

4

Қысқа  мерзімді  инвестиция  сатылды   (бұрындары ұзақ  мерзімді  категориясында болған);

  • баланстық құнына
  • сатылған   бағасы бойынша

 

 

 

400 000

500 000

 

 

 

843

334

 

 

 

401-403

723

5

Инвестицияны  иелік  етудің   екінші жылында  бағаны  төмендетудің  нәтижесінде  ұзақ мерзімді  қаржылық инвестицияның құнының азайғандығы  көрсетілді.

  • бұрындары қайта  бағаланған  соманың  негізінде  (120000-60000)
  • бұрындары  жүргізілген  қайта бағаланған  сомасының  артығы (180000-60000) 

 

 

 

 

60 000

 

120 000

 

 

 

 

542

 

845

 

 

 

 

401-403

 

401-403

6

Инвестицияны   иеленудің  үшінші  жылында  жүргізілген  қайта  бағалаудың нәтижесінде  ұзақ мерзімді  қаржылық  инвестицияның  құнының өскендігі  көрсетілген.

- қаржылық инвестицияның бұрындары  төмендетілген  құны  қалпына  келтірілді  (қабылданған  есеп  саясатына  сәйкес, аталған  операцияның   сомасы  таратылмаған  табыс  ретінде  көрініс тапты)

-  70 000 теңгеге (190 000- 120 000) қайта  бағаланған  сомасы   көрстелді.

 

 

 

 

120 000

 

 

 

 

70 000

 

 

 

 

401-403

 

 

 

 

401-403

 

 

 

 

561

 

 

 

 

542

7

Ұзақ   мірзімді   қаржылық  инвестициясы  сатылды;

  • баланстық құнына  (400000+60000-180000+190000)

сатылған   бағасы  бойынша 

 

 

470 000

 

600 000

 

 

843

 

334

 

 

401-403

 

723

8

Ұзақ  мерзімді  қаржлық инвестицияның  есептен  шыққан   кезінде,  оның бұрындары  қайта  бағаланған  сомасы  есептен  шығарылды (есеп  саясатында   қабылданған   шешімге  сәйкес)

 

 

 

70 000

 

 

 

542

 

 

 

561

9

Қаржылық   инвестицияны   иелік  еткен  екінші  және үшінші  жылдарының  ішінде, жыл сайын   дивиденд  есептелінген (300 000 теңгеден  жыл сайын)

 

 

600 000

 

 

332

 

 

724


 

Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық  бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылык туғызатын каржылык мәселелер болып табылады. Инвестор әркашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі акция қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірак ондай болжамды тек қана инвестициялык жоба беруі мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау үшін, ең көп тараған талдаудың төрт әдісін паңдаланады:

-   инвестициялық табыстың орташа нормасы;

-   өтеушілік;

-   табыстың  ішкі нормасы;

-   таза ағымдағы құны.

Инвестициялык табыстың  орташа нормасының  әдісімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны бағалаған кезде кәсіпорынның белгілі бір уақыт кезеніндегі салық салынғаннан кейінгі орташа жылдық  табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның  орташа денгейі мен жүзеге асырылған қаржылық инвестицияның арасынан алынады. Инвестициялык табыстың  орташа нормасы инвестицияның  не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде оларды қата бағалауға тура келеді,  демек оның  әділ құнын  қалпына келтіру керек.

3 жылдың  орташа баланстық  табысы 21 мың теңге құрады делік, ал таза инвестицияның  құны 180 мың  теңге болған, олай болса табыстың орташа нормасы 11,67% құрайды [(21:180)х100%].

Егер де табыстың  орташа нормасы 5,3 мың  теңгеге өссе, онда ол инвестицияның сомасын 45 мың  тенгеге өсіреді (5,3 : 2 х 180).

Қаржылық  инвестицияны өтеушілік әдісімен бағалаған кезде бірнеше жылдардың   қатар санын пайдаланады. Қаржылық  жобасына: бірінші жылы — 40 мың  теңге, екінші және үшінші жылдары — 60 мың теңге, төртінші, бесінші жылдары   - 40 мың теңге салынады деп топшыланған. Шын мәнінде ол 180 мың  теңге құраған, яғни инвестицияның  кұны 20 мын теңгеге азайған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Инвестицияның  өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу.

.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін есептеу әдісі негізінен инвестицияның  бастапқы салынған сомасын жабу үшін кажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция  сомасына  тең болғанға  дейін созылады  және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялык сомаларды қайтару мерзімінін ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қыска болған сайын, жобадан түсетін акшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылык субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылык субъектілерінің  тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады; ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер  керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың  тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның  әртүрлі құнын ескермейді (яғни, дисконттау процесі оңда қолданбайды), сондай-ақ  өтелу мерзімі  аяқталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің  бірі ретінде ғана  қарастырылады.

Шаруашылық субъектісінің  ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады  және сол бойынша инвестициялық  жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық  пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконталған құны сол жобанын дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

Егер де алғашқы бастау алатын шығыны  0  уақытына сәйкес келетін болса, ал оның  ішкі табыстык нормасы 1 деңгейінде берілсе, онда оны келесі формула бойынша анықтауға  болады:

 

Сонымен, 1 - бұл болашақ кезеңде болатын ақша ағынының  дисконтталған деңгейінің мөлшерлемесі х1 -ден хn-ге дейін  бірақ ол кезде бастау алған шығының  олардың ағымдағы  құнына теңестіру керек.

Егер де табыстың  ішкі нормасы  артатын  болса, онда ұзак мерзімді қаржылық   инвестицияны қайта бағалауға тура келеді, өйткені жобаның рентабельділігі артады, немесе керісінше болса, онда жобаның рентабельділігі төмендейді,  демек  одан алынатын табыстың да деңгейі азаяды.

Таза ағымдағы құн — бұл ұзақ  мерзімді инвестицияның тиімділігін анықтау  түскен ақша ағыны мен шыққан ақша ағынының арасындағы айырмасына  тең.

Ал инвестициялық  жобаның  таза ағымдағы кұнын мына формула бойынша   аныктайды:

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Мұндағы l - табыстың қажетті нормасы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Кәсіпорынның табыс нормасы салық салынғаннан соң 12% құрады делік, ал инвестицияның  денгейі 180 мың  теңге кұраған  және  бес жыл бойына жыл сайынғы  төлемі  57 мың теңге болған, яғни оның  ағымдағы құны мынаған тең:

 

 мың  тенге

 

Ал егер де табыс нормасын 14%-ке дейін өзгертсек, онда оның  ағымдағы құны   10 мың  теңгеге азаяды.

 мың теңге 

Нәтижесінде,  қаржылық инвестициясы 70,5 мын теңгеге азайған

(180-180x15,5:25,5).

Инвестицияларды мүліктік түгелдеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа көсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Құнды қағаздардың (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаментер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар) нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы;  құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен) құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды. [11,102 бет]

Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгелдеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның , кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.                                                                                                                                         

Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде   атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін жәнс жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір кұнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтериясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.

Банкке немесе депозитарийға (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің  тиісті шоттарындағы сомасының  қалдықтарын банктің  немесе депозитарийдың мәліметтерімен салыстырады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу кезінде банктен немесе депозитарийдан арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.

Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың нақты құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардын, қор нарығының (рыногының) жағдайы және қор биржаларындағы , акциялардың  бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

Ел ішіндегі және шетелдегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық  капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде тиісті құжаттармен куәландырылады.

Қаржылық  инвестицяларды мүліктік түгелдеу нәтижелері "Құндылықтар мен қатаң есеп-беру құжаттарының бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.

Егер мүліктік түгелдеу кезінде әртүрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айырысу шоттарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестициялардың тиісті шоттарына аударылады.

Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жарияланған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мумкін.

Мүліктік түгелдеу  комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындардағы өзгерістерді, меншік түрінін ауысуын, инвестиция салынған кәсіпорындардағы шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықтауы мүмкін.

Осы да және баска да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер кабылдауы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.

Төменде инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері бойынша жасалған шоттар корреспонденциясы көрсетілген.

 

Шаруашылық  операцияларының мазмұны

Сомасы,  тенге

Шоттардың  корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1

Түгелдеу   кезінде, еншілес  кәсіпорынға, 200 мың  теңгедегі  сомасы  жаңылыс жатқызылғаны,  яғни жаңылыс 321 шотына  аударып жібергені анықталды:

- түзейтін жазулар (қызыл  жазу  тәсілімен)

 

 

 

 

200,0

 

 

 

 

321

 

 

 

 

441

2

Дұрыс  жазуы

200,0

141

441

3

Түгендеудің  нәтижесінде  осы кәсіпорында,  бұрын банкрот  болып  танылған   басқа   кәсіпорынның  акциясы   табылған,  сол  акцияның  жалпы құны  400 мың теңге құраған,  түгендеу  комиссиясы аталған шағымның (претензияны)  орындалуын  ұсынды 

 

 

 

 

 

 

400,0

 

 

 

 

 

 

334

 

 

 

 

 

 

401

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі