Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция-есебін-ұйымдастыру.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

 

Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдын бір түрі. Облигациянын акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 402 "Облигация" шотында жүреді.

402 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті зайымдардың проценттік облигаиияларына салынған қаржылық инвестициялардын нақты бары  мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация —' белгіленген нақты (номиналдык) құны бойынша егесіне процент телеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегілей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялык банктер, акцианерлік қоғамдар_және"басқалар шығарған); атаулы және__талап етушіге арналған; проценттік жөне проценттік емес, еркін айналымдағы жөне айналым шеңбері шектеулі.

Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияны талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) талеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитентгін өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын өтілдіретін міндетті реквизит облигациянын қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларяы өтеу мерзімін жөне, шығару туралы шешімін эмитент айқындайды. [7,322 бет]

Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейі не байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдык құнына үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдык құнынан темен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық кұны бойынша, немесе облигация сыйлығымен (сыйакысымен), немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.

1. Облигация, номиналдык, құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын. әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік, бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20% төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардын құнына:

402-ші "Облигациялар" шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі -1000 000 теңге.

Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық  проценттердің сомасы: 1 000 000 теңге х20%: 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге күраған. Есептелген процентгердін сомасына 332-ші "Есептелген проценттер" шотыныңдебеті және 724-ші "Акциялар бойынша дивидентгер және процент түріндегі табыстар" шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бугалтерлік жазбасы жазылып отырады.

Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер төленіп отырады: ол кезде 441 шоты дебеттеліп, 332 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.

Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдыкқ кұны бойынша қайтарады:  ол кезде бухгалтерлік жазудың  үш жазбасы жасалады:

Дт 843,   Кт 402 - 1 000   000;

Дт 334,   Кт 723 - 1000 000;

Дт  441, Кт 354 -1000 000.

                                                                                                                                              

2. Сыйақысымен (сыйлығымен) шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 теңге  сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын,  2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық  25%-ік  міндетті түрде  төлемін жасап  отыратын облигацияның   1000 данасын басып шығарады.  Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарыктық кұны хабарланған номиналдан 3% артык немесе 1 030 теңгеден  астам  болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым  жоғары  проценттер төлемі жөнінде хабарлаған  болатын.                                                                                                                                                                

Облигациялардың  номиналдық құнына қосылған (плюс) сыйлықты қоса есептегенде, оның сомасы 1030000 теңге  кұраған (1 000 000 + 1000 х 3: 100)х100, ол кезде 702 шоты дебеттеліп, 441 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.

Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1000 000:100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 тенге) 332 шоты дебеттеледі де, 724 шоты 20 833  теңгеге кредиттеледі.

Эмитент әрбір жарты жыл сайын облигациялар бойынша түсетін табысты төлейді (20 833 х 6 = 124 998 тенге), онда, 441 шоты дебеттеледі де, 332 шоты 124 998 теңгеге кредиттеледі

Табысты  есептеудің  әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдык, құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге) есептен шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған. Ол кезде, 845 шоты дебеттеліп, 402 шоты 1 250 теңгеге кредиттеледі.

Облигацияның  жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 843 шоты дебеттеліп, 402 шоты 1000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол заматта тағы да бухгалтерлік есептің  екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 334, Кт 723 және Дт 441, Кт

Сонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған    500 000 теңге табыс алады, мұның  ішіндегі 30 000 теңге сомасындағы сыйақы шегерілімі жасалынады.

3. Жеңілдіктерімен (скидкасымен) шығарылған облигация. Кәсіпорын бір облигацияның  номиналдық құны 1 000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған  және жылына екі рет жылдык 25%-тік төлем жасап отыру үшін,   1000 дана облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылдығы 125 000 теңге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.

Сатып алу кезіндегі оның проценттік  ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір  облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 - 33 =967 теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең болған жағдайда, онда  сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000 (1000 000 -33 000) теңге болады.                                                                                                                                      

Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу  құны 402 шотының дебеті   және  44 шотының   кредиті  бойынша  967 000 теңге көрініс  табады.

Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250 000 : 12) сомасына 332 шоты дебеттеліп, 724 шоты кредиттеледі.

Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге  441 шоты дебетгеледі де, 332 шоты кредиттеледі. [9,358 бет]

Проценттерден   түсетін табыстың   әрбір есептелуі кезінде

кәсіпорынның  табыс сомасын,  яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін

(33 000:24 = 1375 теңгені)  402 шотының дебеті мен 724- шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған кезде, жоғарыдағыдай   үш бухгалтерлік жазба  жазады  (1 млн. тенгеге).

Кәсіпорын облигациядан  тіркелген  пайызды  алуды   көздейді.

Облигацияны сатып алғанда   олар н е номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу кұны мен номиналдык құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың  төңірегінде жасалады.

Егер де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі үшін есептелген пайызымен сатылса, онда олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі мүмкін, ол кезде сәйкес келмеген пайызын сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген пайызы келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп таратылады. Мысалға, мамыр айында 1000 дана облигациясы 1000  теңгелік номиналдық құны бойынша сатып алынған,  оның  пайызымен  жалпы құны 1036667 теңге құраған,  оған сәуір мен мамыр айында  - 36667 теңге пайыз есептелінген (1000 х 1000 х 22% х 2:12),  2 жылға, әр үш ай сайын, ол бойынша эмитентке 22% жылдық  пайызын төлеп тұруды міндетіне алған.

Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 402 шоты дебеттеліп, 671 шоты кредиттеледі. Ал  келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 332 дебеті мен 724 кредиті бойынша көрініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының  сомасы 55000 теңгені құраған және оған 441 шоты дебеттеледі де, 332 шоты кредиттеледі.

Қалған кезеңдерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық  құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:

1)  842 шоты дебеттеліп, 402 шоты - 1000000теңгегс кредиттеледі;

2)  334 шоты дебеттеліп, 723 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;

3)  441 шоты дебеттеліп, 334 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі.

403 шотта: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, кыска және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты  бағалы  қағаздар  есепке  алынады.                                                                                                                                                                                                                                       

Депозитті сертификат – салушының  депозитті алуға құкығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік. Сертификаттар  талап  етілгенше (депозитті  сертификатты  көрсету   арқылы  депозитті   бір соманы алуға құқық беріледі) және жедел (салынымды қайтарып алу мерзімі және проценттің мөлшері көрсетілген) түріңде болады. Депозит  сертификаттар банкке немесе делдалдарға (құнды қағаздарды, тауарларды және валютаны сату және сатып алу сауда делдалдарының мәмілесінде) пайызсыз немесе бір тұлға екіншісіне табыстау жазбасы арқылы берілуі мүмкін. Депозитті сертификаттардың экономикалық маңызы несие ресурстарының нарықтық құралы және мультипликаторы болып қызмет атқарады. Енді осы депозитті сертификат бойынша   шаруашылық операциялары төмеңде  келтірілген.

Шаруашылық  операцияларының  мазмұны

Сомасы,  тенге

Шоттардың  корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Кәсіпорын  банктен  депозиттік   сертификатын   алады:

  • банкідегі
  • банкі  салымшыларында  немесе олардың  қабылаушыларында

 

 

160 000

100 000

 

 

423,

403, 403

 

 

441,

423,441

Барлығы

260 000

х

х

2

Депозиттік   сертификаттары өтеу үшін:

  • тікелей  банктегі
  • салымшыларында  немесе олардың  заңды қабылдаушыларында

 

160 000

100 000

 

441

441

 

403

403

Барлығы

260 000

   

3

Депозиттік  сертификаттары  бойынша  есептелген   пайыздары (бүкіл сертификаттың  әрекет  ету мерзімінің  барысында,  ай  сайын жазбалары  жазылып отырады) осы  мысалда  шартты  түрде  барлық сомасы  есептелінген.

 

 

54 380

 

 

332

 

 

724

4

Депозиттік  сертификаттар бойынша  пайыздары  алынды

54 380

441

332

5

Кәсіпорынның  депозиттік   сертификаты  сатылды.

  • баланстық құнына
  • сату құнына

 

 

80 000

90  000

 

 

843

334

 

 

403

723

6

Депозиттік   сертификат  үшін алынған  сомасы

90 000

441

334


 

Депозиттер — бос ақша қаражаттарының  банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына  салған қаражаттары) болып бөлінеді.

Бондар – мемлкеттік   қазына, жекеленген  мекемелер  мен кәсіпорындар шығаратын  қарыздық міндеттемелері. Бондарды    сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының  ролін атқарады.

Қазыналық вексельдер — мемлекеттік қыска мерзім   міндеттемелердің  түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің  иелері көрсетілген (номиналдык ) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең  табыс алады.

Қазыиалық ноталар - қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың  түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күшке ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

Шартты бағалы қағаздар  — бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.

Опцион — опциондық контрактінің  натижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың  бірі біршама уакыт өткен соң бғгалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйакы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

Опциондық шарт (контракті) жасалынған ұсынысты ескерілген мерзімі ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион мерзімі ішінде акциялар курсының козғалысына байланысты, ол өз құқын іс жүзіне асыруы немесе асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының  табысы болып есептелінеді. Опцион  сатып алушының  пайдасы ("колл"), ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса ғана қалыптасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң  ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі ("путы") жасалады, бірақ бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса ғана жүзеге асады.

Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның  несіне белгілі бір уакыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құкық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі