Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 19:58, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................2
1- Тарау.Инвестициялардың есебін ұйымдастыру...............................................6
Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22
2- Тарау.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі...........27
2.1. Қаржылық инвестициялардың есебі............................................................27
2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56
Ќорытынды............................................................................................................62
Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Инвестиция-есебін-ұйымдастыру.doc

— 429.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................2

1- Тарау.Инвестициялардың  есебін ұйымдастыру...............................................6

    1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі........................................6
    2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі.............................15
    3. Еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. ..........22

2- Тарау.Қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді  инвестициялардың есебі...........27

2.1.  Қаржылық инвестициялардың  есебі............................................................27

2.2. Қысқа мерзімді инвестициялардың  ағымдағы құнын  және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.......................................46 2.3.Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу..............................56

Ќорытынды............................................................................................................62

Пайдаланѓан єдебиеттер......................................................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының  қалыптастыруды,  ғылыми-техникалық прогресстің  жетістіктерін енгізуді,  инфрақұлымды  дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды  қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін   мамандандырылған   инвестициялық банктер мен акционерлік   қоғамдардың  акцияларынан кұрылған инвестициялык қорлар ерекше роль атқарады.  Сөйтіп,  қорлар экономиканың  неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың кұйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық  инвестициялар   инвесторлар үшін   ішкі және  сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл  тәуекелділік басшылардың  біліктігімен және олардьң   епті әрекеттерімен,  есеп   пен   бақылау жұмысын ұйымдастырумен,   валютаның  6ағамдық  пайыз  мөлшерлемесінің өзгерістерімен,  орта мерзімді және қысқа  мерзімді   несиелерді  тартудың қиындылыктарымен   және  т.б. осы  сияқты  мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар,  табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен  байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық  есептеулер жасалған соң  және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық  қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының зандары экономиканың  барлық  саласын инвестициялық  тұрғысынан қолдауға  бағытталған. Республикада инвестициялық  жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер  мен  преференциялар  әзірленіп жасалған.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты,яғни түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы кызмет көрсету; отандық  тауар өндірушілерді мемлекеттік   қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының  шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы   менеджмент   пен   маркетингтің  әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру;   жергілікті мамандардың   үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың  біліктілік  денгейін   көтеру; өндірістің   жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту  болып табылады.

Диплом жұмысының маңыздылығы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде   және  оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың  атқарар   ролі  зор. Шетелдік инвестацияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің   объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар   және оған қоса олардың құқықтары,   яғни  интеллектуалдық   меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік  инвестициялар  Қазақстан Республикасының  заңды  тұлғаларының  жарлык капиталына қатыса отырып, ондағы  қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын корғауына болады.

Шетелдік инвесторлар заңға  қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды  құруға және  олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары   бойынша пайдалануға құқылы,  Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар   алуға және баска да мақсаттар үшін, яғни  Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен  айналысуына болады.

Қаржылық инвестицияны қайта бағалаудың кезеңділігі әрбір субъектінің есептік саясатында ескеріледі, ал оған: не нарық  бағасының биржада түзетілуі, не әділ бағасы негіз бола алады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция туралы шешім қабылдау процесі ең қиын, әрі қайшылык туғызатын каржылык мәселелер болып табылады. Инвестор әркашан да ұзақ мерзімді инвестицияға қаражатын сала отырып бүгінгі акция қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірак ондай болжамды тек қана инвестициялык жоба беруі мүмкін.

 Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу әдісі негізінен инвестицияның  бастапқы салынған сомасын жабу үшін кажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция  сомасына  тең болғанға  дейін созылады  және де ол  инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.

Өтеушілік кезеңін есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі жөніндегі мәселеге алдын ала жауап береді, ал ол (тәуекелділік) өз кезегінде инвестициялык сомаларды қайтару мерзімінін ұзақтығына байланысты болып келеді. Өтеушілік мерзімі қыска болған сайын, жобадан түсетін акшалай қаражаттардың да түсімі көп күтіледі, яғни шаруашылык субъектісінің өтімділік деңгейі де артады. Бұл әдіс Қазақстанның шаруашылык субъектілерінің  тәжірибесінде кең таралған, әсіресе оның коммерциялық банктерде басымдылығы айқын байқалады; ал егер өтеушілік кезеңі 3-4 жылды құрайтын болса, онда бұндай жобаны қабылдау үшін кең көлемдегі зерттеулер  керек.

Өтеушілік мерзімін есептеу әдісі инвестициялық жобалардың  тиімділігі жөнінде толық түсінік бермейді, өйткені ол уақыты бойынша түсетін ақшаның  әртүрлі құнын ескермейді (яғни, дисконттау процесі оңда қолданбайды), сондай-ақ  өтелу мерзімі  аяқталғаннан кейін түскен табыстың эффектісі де толықтай бағаланбайды. Осы кемшіліктерді ескере отырып, өтеушілік әдісін тек тәуекелділік жөнінде түсінікті алу үшін, алдын ала жасалатын бағалау әдістерінің  бірі ретінде ғана  қарастырылады.

Шаруашылық субъектісінің  ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша тек инвестициялардан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады  және сол бойынша инвестициялық  жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да көрсетеді. Бұл нормалық  пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконталған құны сол жобанын дисконтталған шығын құнымен тең болса ғана қабылданады.

   Диплом жұмысының бірінші тарауында инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі, бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық және еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған.

Екінші тарауда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі,қаржылық инвестициялардың есебі,қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын  және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау мәселелері көрсетілген.

Үшінші тарауда  ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті,сонымен қатар қаржылық инвестициялардың есебінің аудиті көрсетілген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- Тарау.Инвестициялардың  есебін ұйымдастыру

1.1.Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің,  құрылыстың,  ауыл  шаруашылығының және экономиканын басқа  да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын   айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып  табылады.

Инвестицияның көзі болып жанадан калыптаскан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинакталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысынын (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жанартуға  арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның  меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны  жіктеудің  көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінен  пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ  мерзімді болып бөлінеді.                                                                                                                                                  

Инвестиция өзінің   арналымы   немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар. [3,122 бет]

Қаржылык инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер  және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдын есімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялык мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылык инвестицияның  бір түрі болып бағалы (құнды) кағаздар да саналады. Барлык бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай  қарыздарды  алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл  борыштық  бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудын есебінен калыптасады. Акшалай бағалы кағаздар, әдетте, кыска мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытка) беріледі.

Капиталды бағалы кағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы   кағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:

- бағалы қағаздыұсынушыға   -  құқыктарын орындау үшін, бірақ  олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына   тіркеу  жасалынбайды. Ұсынушы  бағалы  қағазды  куәландыратын  құқығын  басқа адамға қарапайым   жолмен  қолына  береді.

- атаулы  бағалы қағаздар  – белгілі бір адамның  атына  жазылады. Бағалы  қағаздарда  куәландыратын  құқықтары   ондағы  қойылған  талапты  жеңілдету  үшін белгіленген   тәртіппен  басқа тұлғаға  беріледі.   Атаулы   бағалы қағаздар   бойынша  құқық  беретін  адам соған  сәйкес   келетін   талаптардың  орындалуы   емес,  ондағы  тиесілі  талаптың  заңды  еместігіне  жауап  береді.

- ордерлік  бағалы  қағаз  – ол  ең   алғашында  иемденушінің   атына   немесе оның бұйрығы   бойынша  жазылады. Бұл онда  құқықтар  қағазға  түсірілген   тәртіпке  байланысты ауыспалығын  сақтайтын  етіп – индоссаментке   жазып  береді. Индосамент  өзінде құқытың болғанына  ғана емес,  сонымен бірге оның  жүзеге   асына  жауап береді. Бағалы  қағаздардан  алынатын  табысқа  қатысты  оларды  борыштық және инвестициялық    етіп бөлуге  болады.

Борыштық  бағалы  қағаздар  пайыздарды  (проценттерді) төлеуді  және негізгі  қарыздың  негізгі  сомасын  графикке  сәйкес   жабуды  эмитент  өз  міндетіне  алады. Бұл  кімнің  эмитенті  екендігіне  қарамастан, оған  барлық облигациялар, векселдер жатады.

Инвестициялық   бағалы  қағаздар    эмитент   активтерінің бір бөлігін  иемденуге  құқық  береді, оларға эмитенттердің   барлық  типтеріндегі    акциялары   тұтастай  жатады. [4,252 бет]

Бағалы қағаздар  эмитенттік  сипаты бойынша:  мемлекеттік  (Үкімет пен Ұлттық  Банктің  борышкерлік  міндеттемелері),  муниципалдық  (жергілікті  атқару органдарының   борышкерлік  міндеттемелері)  және  корпоративтік (шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  жарғылық   капиталын  қалыптастыру  немесе  қаржылық – шаруашылық  қызметін жүргізу  үшін қажет   қаражатты    тарту  мақсатымен қолданыстағы  заңға  сәйкес  шығарылатын)  болып  бөлінеді.

Мәмілеге  байланысты  шығарылатын   бағалы қағаздар:  фондылық (акциялар,  облигациялар)  және саудалық  (коммерциялық   векселдер,  чектер, коносаменттер,   кепілдік міндеттемелер, т.б.)  болып  бөлінеді.

Фондылық   бағалы  қағаздар   көптеп  шығарылуымен    (эмиссиясымен)   ерекшеленеді  және олар  қор биржаларында  айналысқа  түседі.

Саудалық  бағалы қағаздар  коммерциялық  бағытқа  ие: олар негізінен   сауда операциялары  бойынша  есеп  айырысуға  және  тауарларды  орын  алмастыру  процесіне  қызмет  көрсетуге   арналған.

Информация о работе Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі