Дәрілік өсімдіктер қасиеті және қолданысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 21:03, доклад

Краткое описание

Оқушылардың өсімдіктер жайындағы білімдерін толықтыру, өсімдіктердің жаңа қасиетімен таныстыру. Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің қасиеттерін білу, қорғауға, сақтауға үйрету. Дәрілік қасиеттерін есте сақтау, өмірде керек кезінде пайдалану, өмірде қолдану қабілеттерін дамыту.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БС1.ppt

— 1.27 Мб (Скачать документ)
  • Тақырыбы

             Дәрілік өсімдіктер қасиеті және қолданысы

     (іс-тәжірибиеден)

  • Құсаинова Бақыт Серікбаевна-дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі
  • Мақсаты:

   Оқушылардың өсімдіктер жайындағы білімдерін   толықтыру, өсімдіктердің жаңа қасиетімен таныстыру. Жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің қасиеттерін білу, қорғауға, сақтауға үйрету. Дәрілік қасиеттерін есте сақтау, өмірде керек кезінде пайдалану, өмірде қолдану қабілеттерін дамыту.

Өсімдіктердің дәрілік  қасиеттерінің негізі

 

Алкалоидтар

 

Гликозидтар

 

Кумариндер

 

Флавоноидтар

 

Дубильді заттар

 

Эфир майлары

  • Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық  қосылыстары бар негізді заттар.Өзінің атын арабтың “алкалис”- негіз және  гектің “ейдос”- ұқсас, яғни негізе ұқсас деген сөзінен алған. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30-нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен  жүйкені  қоздыру және басу  үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп –түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттеріде бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.

 

  • Гликозидтер – қант малекуласы мен гликозидтті гидроксилдің басқа химиялық қосылыстар- агликондар немесе гениндермен қосылған күрделі  қосылысты зат. Медицинада олар негізінен жүрек ауруларына қолданаады. Қазір  гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі болып отыр.Олар негізінен өте ащы дәмді болып келеді. Ең көп қолданылатыны - К-строфантин мен інжугүл жапырақтары-нан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын цимарин заттары.

 

  • Флавоноидтар-

өз атын  латынның “флавиум”-сары  деген сөзінен алған. Негізен  түрлі химиялық қосылыстардан  тұратын фенолды заттар. Көпшілік  флавоноидтер бактерицидттік, жараны  жазу үшін қолданылады. Сондай-ақ  ағзадағы  радиоактивті заттарды  шығаруға  қолданылады. Залалсыз  бояғыштар негізінде  тамақ өнеркәсібінде  көп қолданылады.

 

  • Дубильді заттар –

теріні қатайту, сапасын  көтеру  мақсатында  қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі  екен. Медицинада жараның үстінің  тез бітуі үшін және олардың  сілемейлі қабатына  микроағзалардың  түспеуі үшін қолданылады. Кей  түрлері улануға қарсы да қолданылады.

 

  • Кумариндер-

 Алғаш рет кумарин Оңтүстік Америкада өсетін  кумаруна ағашынан (Dipterix odorata) алынған. Ең негізі  - кумарин ядросы. Жарықта  түсін өзгертетін қасиеттері бар. Медицинада ағзаның өсуіне, қатерлі ісіктің алдын алуға, антибиотиктік қасиеттерімен пайдалы.

 

Эфир майы-

 ұшқыр, иісті зат. өсімдіктерден алынады. Сезім мүшелеріне тез әсер етіп кейде оң, кейде кері әсер етуі мүмкін. Медицинада дезинфициялау,  бактерицидтік қасиеті және қақырық түсіру үшін пайдаланады, бүйрек пен зәр шығару ағзаларын қоздырады. Көбінесе  басқа иісті басу үшін  қолданылады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІ

Бұл — жабайы өсiмдiктiң бiр  түрi.Шығыс Қазақстан-да өседi. Бронхит  және т.б. тыныс жолдары аурулары-мен  ауырғанда қақырық түтсiру үшiн  тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препораттар  антисеп-тикалық дәрi, қабынғанға  және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады.

 

     ҚАРАНДЫЗ

  • Мия  
    Жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалган дәрiлер қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.
  • Шырганақ - жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстан-да өседi. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады.
  • Алое  
    Жас жапырақтарынан алынған шырыны мен спирт iрiңдi жараны, күйiктi, терiнiң қабыну ауруларын емдейдi. Алоенiң шырыны созылмалы iш қату ауруына да қолданы-лады. Алоеден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi. Кептiрiлген сығындысынан алынған спирттi тұндырмасы немесе құрғақ экстракты iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ сiңiру жұмысын жаксартады және тәбет көтередi.
  • Жалбызтiкен  
    Дәрiлiк жалбызтiкен — жабайы өсiмдiк. Шығыс Қазақстанда өседi. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея, бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi ретiнде қолданылады, содай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.

 Сирек кездеседі. Зайсан қазаншұңқырының оңтүстігінде орналасқан таулар (Саур, Тарбағатай) мен Алтайдың эндемигі. Бұл орташа биіктікті (80 см дейін) бұта солтүстік беткейлерде, тауалды және қалың емес жапырақты ормандарда өседі. Ол үшкір формалы бұтақтардан және біршама ірі элипс тәрізді тұтас жапырақтардан тұрады. Хош иісті гүлдері бозқарағанның гүлдеріне ұқсайды. Бөріжидек мамыр - маусым айларында гүлдеп, маусым - шілдеде жеміс береді.

 

 

 

Алтай бөріжидегі. 

Өсімдіктің гүлдеу мерізімі - маусым-шілде, ал жеміс беруі - шілде-тамыз айларына  сәйкес келеді. Халық медицинасында  пиязшықтың қайнатпасын жүйке  және бауыр ауруларына, ал шикі  күйінде - ревматизм мен түрлі  жараларға қолданылады. Бұл өсімдіктен  сонымен қатар маталарды бояйтын  қара бояу алынады.  

 

 

Лалагүл  

Алтай эндемигі болып табылатын  ерекше бұта. Жекелеген гүл шоғырына  жинақталған біржынысты гүлдер. Сібір бұтасы мамыр - маусым айларында  гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді. Жапырақтарын кейде шайдың орнына, ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруы (гепатит) жүрек - қантамыр жүйесін емдеуге пайдаланады.

 

 

 

 Алтай Сібір бұтасы.

      

 

 

Жер асты бөлігінің жағымды иісі бар, қызғылт - сары болып келеді. Сондықтан «алтын тамыр» немесе «қызғылт тамыр» деп атайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді.

Тамырынан дайындалған препараттар ми және жүрек қызметін қалпына келтіру мен жұмысқа деген қабілетін арттыру үшін қан аздықты, ісікті, қант диабетін емдеу үшін пайдаланылады.

 

Алтын тамыр

  • Меңдуана 

Құрамында орталық жүйке жүйесін  тітіркендіретін алкалоидтары бар,ол  көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау  кезінде өте қажет.

  • Таңқурай

Кептірілген жемістері тершығаратын, суық тигенде терлететін дәрілердің құрамына кіреді Өте ащы дәрілердің  дәмін басу үшін да кеңінен қолданылады.

Оқушылар шығармашылығы

 

 

 

Қосымша материалдармен  жұмыс

Жергілікті жер өсімдіктерінің  кеппе шөптерімен жұмыстар


Информация о работе Дәрілік өсімдіктер қасиеті және қолданысы