Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

 

  Баға белгілеудегі  лидерлік

Жоғарыда айтылғандай, олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар – ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигполиялық нарықтарда кездеседі.

Лидер (басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге белгілі және бұл кезде шекті түсім шығынға тең болатыны шарт орындалуы керек. Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды. Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың ұсыныс қисығын SF), содан кейін бұл көлемді нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді. 10.4-суретте лидер фирманың тауарына деген таза (DN) сұраныс көлемінен (D) ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын (SF)  алып тастағандағы айырмасына тең болады.

Бұдан кейін фирма  шекті түсімді (MRN) анықтайды және MRN=MC болғандағы өнім шығару көлемін (qL) табады. Осы көлемге сәйкес келетін  баға (PL) басқа фирмалар үшін де белгіленген  баға болады. Олар PL бағасы бойынша qF  көлемінде өнім шығарады. Нәтижесінде нарықтағы жалпы ұсыныс көлемі qL = qL + qF  болады7

 

№11 тақырып. Өндіріс  факторлар нарығы (2 сағат)

 

  1. Өндіріс факторлары туралы түсінік.
  2. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс.
  3. Еңбектің нарықтық ұсынысы.
  4. Өндіріс факторларының нарығындағы монополиялық билік. Қоғамның шығындарын сызба түрінде талдау.

  Өткен тақырыптарда тауарлар мен қызметтер нарығындағы бағаны қалыптастыру принциптері қарастырылған болатын, яғни осы уақытқа дейін тек тауарлар нарығында ғана қалыптасатын тепе-теңдік механизмдері туралы субъектілердің шешім қабылдаулары зерттелген болатын. Жалпы осы тауарлар нарығының орын алуы өндіріс факторларын қолданусыз мүмкін емес. Фирмалар белгілі бір өнімнің түрін өндіруі үшін өндіріс факторларын үй шаруашылықтарынан сатып алуы қажет. Керісінше, үй шаруашылықтары игіліктерді тұтынуы үшін өздерінің қолындағы ресурстарды сатуы керек. Шеңберлі айналым үлгісі түрінде қарастырылатын экономика фирмалар мен өндіріс факторлары иелерінің арасындағы нарықтық айырбас механизмін сипаттайды. Сондықтанда ресурстар нарығының әрекет етуі мен оларда қалыптасатын баға механизмдерін талдау микроэкономикалық талдаудың аса маңызды және қажетті аспектісі болып табылады. Өндіріс факторларының бағалары табыстарды қалыптастырады, осы табыстардың көлеміне игіліктерге деген тұтынушылық сұраныс көп жағдайда тәуелді болып табылады. Сол ресурстардың бағалары ғана өндіріс шығындарының деңгейіне белсенді түрде әсер етеді, ал олай болса, олар тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдіктің шарттарына да әсер етеді. Және соңында, ресурстардың бағалары өндірісте осы ресурстардың қалай бөліну керектігін анықтайды. Алайда,  ресурстар нарығындағы баға белгілеудің принциптері дайын өнімдер нарықтарындағы баға белгілеуге ұқсас болғанымен, оның өзіне тән ерекшеліктері мен қиындықтары болады. Өндіріс факторлары нарықтарының тауарлар нарығынан басты айырмашылығы, ол сатушылар мен сатып алушылардың рөлдерінің ауысуында көрініс табады. Мұнда фирмалар ресурстарды сатып алушы, ал үй шаруашылықтары ресурстарды сатушы ретінде қарастырылады, сәйкесінше, үй шаруашылықтары ресурстардың ұсынысын қалыптастырса, ал фирмалар осы ресурстарға сұранысты білдіреді.

Өндіріс факторларының  нарықтары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Өндіріс факторларына деген сұраныс тауарлар сұранысынан туындайды, себебі бір игілікке сұраныс жоғарыласа, онда оның өндірісінде қолданылатын факторларға да сұраныс жоғарылайды. Өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына байланысты болады. Яғни, өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталады, сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс деп атайды. Егер тұтынушы нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, онда сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды. Кез келген ресурсқа туынды сұраныстың тұрақты болуы, алдымен, ресурстың өнімділігіне, содан кейін, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтық бағасына байланысты болады. Өндіріс факторлары нарықтарының аса маңызды белгісі олардың әрекет етуінің нәтижесінде, яғни нарықта сол ресурстарды сатудың барысында үй шаруашылықтарының табыстарының қалыптасуында көрініс табады. Бұл табыстар ресурстар нарығында факторлық табыстар деген атқа ие болады. Ал факторлық табыстар дегеніміз – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.

Өндіріс факторларының  нарығы екі негізгі түрде көрініс табады:

1) жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы;

2) жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторларының нарығы.

Жетілген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты  ерекшелігі болып сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алмауы табылады. Ал жетілмеген бәсеке жағдайындағы өндіріс факторлары нарығының басты ерекшелігі болып сол сатып алушының да, сатушының да өндірістік ресурстарға деген бағаға әсер ете алуы табылады.

Өндіріс факторларының  жетілген бәсекелі нарығы – бұл оның мынадай шарттары орындалатын нарық:

  • өзара бақталасушы сатушылардың сапалы тұрғыдан өткізетін ресурстарын белгілі көлемінде сатып алу үшін бір-бірімен бақталастыққа түсетін көптеген сатып алушылардың болуы;
  • әрбір сатып алушы нарықта ұсынылып отырған ресурстың аз ғана бөлігін сатып алады, яғни әрбір сатып алушы ресурстарға қалыптасатын нарықтық сұранысты өзгерте алмайды;
  • ресурсты ұсынатын әрбір сатушы ресурстар нарығындағы жалпы ұсыныстың аз ғана бөлігін сатады, яғни әрбір сатушы ресурстардың қалыптасқан нарықтық ұсынысына әсер ете алмайды;
  • ресурстарды сатушылар еш кедергісіз кез келген нарыққа еркін кіріп, одан еркін шыға алады. Ресурстардың иегерлері өз ресурстарын бір бағыттағы қолданудан екінші бағыттағы қолдану үшін ауыстыра алады, бір жерден басқа бір жерге де ауыстыра алады.

Жетілген бәсекелес  фирманың тарапынан болатын ресурстарға  деген сұраныстың басты ережесі  ретінде сол ресурстың шекті  табыстылығы мен шекті шығынын  есепке алу қарастырылады. Ресурстың шекті табыстылығы деп белгілі бір ресурстың қосымша бірлігін тұтыну кезінде шығарылатын қосымша өнімді өткізудің нәтижесінде ала алатын қосымша түсімінің өзгеруін айтады. Өндірістік ресурстың шекті шығындары – белгілі бір ресурстың қосымша әр бірлігін сатып алуға кететін қосымша шығындар.

Өндірістік ресурстарды  пайдаланудың негізгі ережесін мынадай  теңдікпен сипаттауға болады: MPR = MPC, яғни ресурстың шекті табыстылығы ресурстың шекті шығындарына тең дегенді білдіреді. Бұл шарт жағдайында ресурсты тұтынуды ұлғайту арқылы түсімді арттыру мүмкін болмайды. Жетілген бәсеке жағдайында ресурстарға деген сұраныс қисығы ресурстың шекті табыстылығының қисығымен сәйкес келеді. Бұл өнімнің бағасы мен шекті табыс бір біріне тең дегенді білдіреді. Ресурсқа сұраныс қисығы кәдімгі дайын өнімге деген сұраныс қисығы сияқты теріс көлбеулі болып келеді, ол ресурстардың шекті өнімділігінің төмендеу заңымен түсіндіріледі.

Суреттен көргеніміздей, ресурсқа деген сұраныстың теріс  көлбеулі қисығы оның шекті шығындар қисығын қиып өтеді, ал Е қиылысу нүктесі фирманың сол ресурсты қолдануының тиімді көлемін көрсетеді.

Еңбек нарығы өндіріс  факторларының нарығына жатады. Нарықтық экономикада өндіріс факторларын  осы факторларды иеленушілер, яғни үй шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасы табыстарының басты көзі – еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін еңбекақы алады, яғни еңбекақы – жалдамалы жұмысшы еңбегінің бағасы болады.

Фирма еңбек күшін  қандай шамада жалдауы керек туралы шешім қабылдағанда, пайданы мейлінше арттыруға қажетті шарт MR (Q) = MC (Q) төмендегідей түрде модификацияланады:

∆TR (Q (L)) / ∆L = ∆TC (Q (L)) / ∆L.

Теңдеудің сол жағы –  қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан  түсетін қосымша түсімді көрсетеді  және ол еңбектің шекті түсімділігі (MRPL) деп аталады. Теңдеудің оң жағы – қосымша бір жұмысшыны жалдағанда фирманың жалпы шығындары қандай шамаға өсетінін көрсетеді және ол еңбектің шекті шығындары (MCL) деп аталады. TR (Q) (L)) = P (Q (L)) . Q (L) болғандықтан еңбектің шекті табыстылығын былай жазуға болады:

MRPL = MR . MPL.

Бұдан еңбектің шекті  табыстылығы (MRPL) еңбектің шекті өнімділігі (MPL) мен еңбектің шекті табысының (MR) көбейтіндісіне тең екенін көреміз. Олай болса TC (Q (L)) = w (L) L. Сонымен еңбекті пайдалану шамасы көбейген сайын оның бағасы жоғарылайды, яғни еңбектің шекті шығындары оның бағасынан жоғары болады. Егер қосымша еңбек күшін жалдау оның бағасының төмендеуімен ілесіп жүрсе, онда еңбектің шекті шығындары оның бағасынан төмен болады. Еңбектің бағасы тұрақты болғанда, оның шекті шығындары осы бағаға тең болады. MRPL мен MCL шамаларының мәндері фирманың еңбек және игіліктер нарығындағы статусына байланысты болады. Оны келесі кестеден көруге болады:

Енді осы байланыстарды түсіну үшін әртүрлі нарық құрылымындағы  еңбек нарығын қарастырамыз.

Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі.

Ол үшін тауарлар мен ресурстар  нарығын да жетілген бәсеке жағдайында деп есептейік. Еңбек нарығындағы  жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен  сипатталады:

  1. Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде тауарлар нарығында бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте көп.
  2. Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығында өз қызметін ұсынады. Бұл уақытта олар бір-біріне тәуелді болмайды.
  3. Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасай алмайды, оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.

Енді еңбекке деген  сұраныс пен оның ұсынысына тоқталып кету керек. Фирма өндірісте тек  қана еңбек ресурсын қолданатын болса, онда шекті өнімділіктің азаю заңына байланысты MPL белгілі бір нүктеден кейін төмендей бастайды. Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар нарығы – жетілген бәсекелес нарығы. Сондықтан еңбектің шекті өнімділігінің (MPL) азаюына байланысты шекті түсімділік (табыстылық), яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері (MRPL) төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны жалдағаннан түсетін қосыша түсім еңбектің шекті түсімділігі (табыстылығы) деп аталады (MRPL) және ол төмендегідей формуламен анықталады:

MRPL = MR . MPL,

мұндағы MR – шекті түсім, MPL – еңбектің шекті өнімділігі.

Жетілген бәсеке нарығының  шарты бойынша шекті түсім  бағаға тең: MR = P, олай болса 

MRPL = Р . MPL.

Еңбектің шекті  түсімділігің қисығы (MRPL) – жеке фирманың еңбекке деген сұраныс қисығы болып табылады.

Сурет көріп отырғанымыздай, кез келген жетілген бәсекелес фирма  үшін еңбек ұсынысы өте икемді, ұсыныс қисығы айнымалы фактор (L) орналасқан координата осіне параллельді түзу сызық болып келеді. Еңбектің әр бірлігіне бірдей мөлшермен ақы  төленіп, ал осы еңбекақы жалданған жұмысшылар санына тәуелсіз блғандықтан, бұл түзу фирманың айнымалы факторының шекті шығын қисығы да бола алады.

Әрбір фирманың басты  мақсаты – пайдасын ең жоғарғы  деңгейге жеткізу. Олай болса, пайдасын мейлінше арттыратын фирма жұмысшыларды еңбектің шекті түсімділігі еңбекақыға тең болғанға дейін жалдайды, яғни түсім шығынға тең болады:

MRPL = w;

w = P . MPL;

MPL = w / P,

мұндағы w – атаулы еңбекақы, P – тауардың бағасы, w / P – нақты еңбекақы.

Сонымен пайданы мейлінше арттыру шарты – еңбектің шекті өнімділігі мен нақты еңбекақының теңдігі болып табылады.

Еңбек нарығындағы монопсония. Еңбек нарығының көпшілігіне жетілмеген бәсекенің қасиеттері тән болады. Жетілмеген бәсекенің бір түрі – монопсония. Монопсония кішігірім қалаларда, ауылдарда кездеседі. Мысалы, кішігірім қалада жұмысшыларды жалдайтын бір ғана кәсіпорын бар және бұл қаланың тұрғындары осы кәсіпорында жұмыс істейді деп есептейік. Олай болса, кәсіпорын – еңбек нарығындағы басты жалғыз ғана сатып алушы және оның еңбекақы деңгейіне әсер етуге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын жұмысшыларының санын қысқартып, сол арқылы жалақы мөлшерлемесін төмендетеді.

Мұндай нарықта монопсонияның  нарықтық сұраныс қисығына оның шекті  түсімділігінің қисығы (MRPLMHC) сәйке келеді. Монопсонияның нарықтық ұсыныс қисығы тауарды сатып алуға кететін орташа шығындармен беріледі, себебі оның әрбір нүктесі еңбектің әртүрлі мөлшерін қандай бағамен сатып алуға болатынын анықтайды. Өзінің тепе-теңдік нүктесін табу үшін монопсония шекті шығындар қисығын тұрғызуы керек, ал оның MRPLMHC қиылысқан нүктесі, монопсонияның өз пайдасын мейлінше арттыру үшін қанша еңбек жалдауы керек екенін анықтайды.

Монополистің ұсыныс функциясы болмайтын тәрізді, монопсонияның  сұраныс функциясы болмайды. Монопсонияның  тепе-теңдік нүктесінде оның әртүрлі ұсыныс қисықтарына сәйкес келетін, сатып алынатын еңбектің бірнеше шекті шығындар қисықтары бір уақытта қиылысуы мүмкін. Нәтижесінде, тепе-теңдік нүктесінен түсірілген перпендикуляр пайданы мейлінше арттыратын еңбек күшінің бірдей шамасын сатып алуға болатын әртүрлі бағаларының бірнешенуін (WLMHC, WL*MHC) көрсетеді. Осылайша монопсония жағдайында сұраныс көлемі мен бағаның арасында бір мағыналық байланыс жоқ екенін көреміз.

Еңбек нарығындағы кәсіподақтардың  рөлі. Еңбекті ұсынудың жағында жұмысқа жалданушылар атынан кәсіподақ тұратын жағдайда, еңбек нарығында монополия туындайды. Бұл жағдайда кез келген монополияланған нарықтағы сияқты баға тек қана сұраныс пен ұсыныстың функциясына ғана емес, сонымен қатар кәсіподақтың шығыдары мен сұранысына байланысты болады. Егер кәсіподақ еңбек нарығында монополиялық билікке ие болса, онда ол еңбекақы деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ұсынысын шектеуге тырысады. Кәсіподақтың монополиялық билігі жұмысшылар санын азайтып, еңбекақы мөлшерлемесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Кәсіподақтың «пайдасын» мейлінше арттыратын жалақы мөлшерлемесін  анықтайтын үрдісті төмендегі 10.6 –  суретінен көруге болады. Кәсіподақтың шекті түсімінің қисығы еңбектің сұраныс қисығынан гөрі тікше  болғандықтан, қарастырып отырған жағдайды еңбек нарығындағы жетілген бәсекемен салыстырғанда мұнда еңбекақы мөлшерлемесі жоғары, ал жұмыспен қамтамасыз ету төмен болып, нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады (Lпр L1).

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы