Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

 Бәсекелесінің өнімі  қымбаттағанда қарастырп отырған  фирманың өніміне деген сұраныс  оңға қарай жоғары қозғалады  ( максималды деңгейге дейін ), ал бәсекелесфирманың өнімі арзандаса, онда фирманың сұраныс қисығы солға қарай төмен қозғалады (минималды деңгейге дейін ).  Сонымен монополиялық бәсеке нарығы кезінде тауарға баға белгілеуде осындай ерекшеліктерді көреміз.

№10 Тақырып. Олигополия (2 сағат)

  1. Олигополияның негізгі сипаттамалары.

  1. Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі.

  1.  Штакельберг моделі, Бертран моделі.

 

Біз өткен тақырыптарды оқып, талдау нәтижесінде жетілген бәсеке және монополия кезінде фирмалардың  қандай көлемде өнім өндіріп, олардың  бағасын қандай деңгейде белгілейтінін түсіндік. Бұл жоғарыда айтылған нарық құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтағы фирмалардың пайданы жоғарғы деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана, орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.

Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді  сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп  атайды және олар нарықтағы тауарлардың  бағасы мен сату көлемін өзгеруіне  едәуір ықпал етеді.

б) олигополиялық фирмалардың  өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес  фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі  нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың  әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

Біз төмендегідей моделдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама-қарсы  мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп отырған  фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратыны көрінеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келсімге келіп, бағаны жоғарлатып пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келсімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере аллмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықта талдау керек.

  Курно дуополиясының  моделі

Олигополия нарығының  теориясын Курно дуополиясын  қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет,

Курно дуополиясы моделінің  негізі мынада: әрбәр фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде  бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Бір фирманың негізгі  мақсатын көрсетейік (басқа фирма  үшін де осыған ұқсас болады).

А фирмасы белгілі сұраныс функциясы P = P (QA-QB) және B фирмасыеың өнім шығаруы (QB) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QA) таңдауы керек:

 

ПА(QA,QВ) → max

ПА = P(QA-QB)* QA - c(QA)   (1)

 

Мұнда, c(QA) – А фирмасының шығындар функциясы.

Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

 

P’* QA + P - c¹(QA) =0       (2)

 

Бұл теңдеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасының өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де теңдеу алуға болады:

 

P’* QВ + P - c¹(QВ) =0       (3)

Курно тепе-теңдігі. Екі  фирма бір уақытта пайдасын жоғарғы  деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін Q*А, Q*В таңдайды және бұл кездегі жоғарыдағы (2), (3) теңдеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-теңдігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма  өнім көлемін өзгертпейді деп  болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының  өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын  және т.б. ескеріп отырады.

Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі қалай анықталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1-сурет).

Төмендегідей сұраныс  және шығын функциялары берілсін делік:

 

P(Q) = K- QA –QB ;

Мұнда, K = const;

            С(Q) =C*Q;

Мұнда, С= const;

А фирмасы үшін K - QB - 2QA = C;

В фирмасы үшін K - QA - 2QB = C;                  (4)

(4)-теңдеуден А фирмасының реакция қисығы мынандай болады:

 

QA =½* (K - C - QB);

В фирмасының реакция қисығы:

 

Q B =½* (K - C - Q A);

 

Курно тепе-теңдігі: Q*А = Q*В = (К - С)/3

Бұл айтылғандар график түрінде төмендегідей болады:

 

 

Е нүктесі Курно тепе-теңдігі (раекция қисықтарының қиылысуы). ЕК нүктесі – бәсекелес тепе-теңдігі.

Фирмада келісімге келгенде АВ сызығы немесе контракт қисығы – осы фирмалардың өнім шығаруының жиынтық көлемін көрсетеді және бұған жоғары деңгейдегі пайда сәйкес келуі керек. Егер фирмалар пайданы тең бөліп алатын болса, онда олар монополистер сияқты іс-әрекет жасайды, тепе-теңдік ЕМ нүктесінде болады және ЕМ АВ қисығын тең екіге бөледі.

Сұраныс функциясын пайдалана  отырып, дуополия кезіндегі баға жетілген бәсекеден жоғары, ал монополиялық бағадан төмен деп айта аламыз. Ал пайданы есептеген уақытта, жетілген бәсекемен салыстырғанда Курно  дуополиясы фирмаға пайданы көбірек  әкеледі, бірақ ол келісім нәтижесіндей фирма үшін пайдалы емес деген шешімге келеміз.

Курно моделін зерттегеннен кейін төмендегідей экономикалық қорытынды  жасауға болады.

    • Олигополиялық өнім көлемі монополиялық өнім көлемінен аз, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда көп болады:

 

QM < QOliq < QC

    • Олигополиялық баға монополиялық бағадан төмен, бірақ жетілген бәсеке жағдайына қарағанда жоғары болады:

 

РM > РOliq > РC

    • Олигополиялық пайда монополиядан аз болады, бірақ оң экономикалық пайда алып отырады:

 

ПM > ПOliq > 0

  Олигополия  кезіндегі фирмалардың 

стратегиясы және ойын теориясы

Ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың  іс-әрекетін талдайды, сондықтан олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталысының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да соның нәтижесінде өз шешімін қабылдайды.

Ойын теориясы баға белгілеу процесінде қалай қолданылатынын көрсетейік. Нарықта екі бәсекелес фирма  іс-әрекет жасайды делік, олардың  әрқайсысы өзінің пайдасын жоғарғы  деңгейге жеткізуді көздейді. Фирмалардың  екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі – бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны тңдауы керек. Баға туралы шешім тек қана фирмалардың өздерінің шешімдеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар бәсекелестердің баға таңдауына да тәуелді. Сондықтан әрбір фирма екі түрлі стратегиядағы пайдаларын есептейді: бақталас бағаны төмендетпегенде және бақталас бағаны төмендеткен жағдайдағы.

Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз. Ойындардың қалай өту тәсілдерін қарастырайық. Бірінші тәсіл: ойындардың кеңейтілген түрі «ағаш бұтақтары» түрінде кескінделеді және шешімдер қабылдағандағы ойын жүрістерін көрсетеді. А фирмасы бірінші болып стратегия таңдайды, ал одан кейін В фирмасы таңдауды жүзеге асырады деп ұйғарайық. Ойынның нәтижесі ойыншылардың нақты стратегияны таңдап алғандағы табатын пайдасы. А фирмасының пайдасын – ПА деп, ал В фирмасының пайдасын ПВ деп белгілейміз. Сонымен ойын төмендегідей «ағаш бұтақтары» түрінде болады:

Бұнда фирмалардың стратегиялары 1 және 2 цифрларымен белгіленген. Егер екі фирма 1-стратегияны таңдап алатын болса, онда ойынның нәтижесі (X;Y) болады, ал А фирмасы бірінші стратегияны, В фирмасы екінші стратегияны таңдаған кезде ойын нәтижесі (Z;W) болады.

Ойынды көрсетудің басқа  тәсілі матрица түрі болады:

Фирмалардың әр түрлі  стратегияларды таңдағандағы алатын пайдалары  сандар жұбымен көрсетілген: сандар жұбындағы бірінші элементі – А фирмасының пайдасы, ал екіншісі – В фирмасының пайдасы.

Сонымен, нәтижелер матрицасы  белгілі, бірақ бұ талас қандай шешім  қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан бұл  жағдайда ойыншылардың ең ықтимал шешімін  іздеп табу керек. Ол үшін ойын теориясы қолданылады.

Келесі ойынды қарастырайық:

Еегер А ойыншы бірінші стратегияны таңдайтын болса, онда ол бақталастың кез келген шешімінде де жақсы жағдайда болады. В ойыншы да бірінші стратегияны таңдаса, онда осындай ұқсастықты көреміз. Сонымен, ойында 1-1 стратегиясы таңдап алынатын болса, онда нәтиже (2;2) болуы ықтимал. Бұл стратегия – басым стратегия деп аталады. Сонымен қатар, оның шамасы жағынан да өте жақсы стратегия және ойынның тепе-теңдік шешімі болып есептеледі. Ойынды талдаудың проблемасы: олардың көбінің басым стратегиясының тепе-теңдік жұбы жоқ. Мысалы, мына ойынды қарастырайық: Тепе-теңдік стратегиясы 2-2, бірақ ойынның нәтижесі 1-1 стратегияны таңдағанда қарағанда нашар.

2-стратегия әрбір ойыншы  үшін максимин стратегиясы болады. Бұл стратегия қарама-қарсы мақсаты  бар бақталастың кез келген  әрекетінде де ойыншыға ең нашар жағдайдың жақсы нәтижесін әкеледі. Біздің мысалымызда А ойыншы әр стратегияның нашар нәтижесін талдайды: 1-стратегияда оның ең төменгі нәтижесі – 1-ге тең, ал 2-стратегияда – 0. Осы мүмкін болатын нашар нәтижелерден А фирма жақсысын таңдайды, ол 2-стратегия. Бақталас қандай әрекет жасаса да, бұл стратегия бойынша нәтиже 0-ден кем болмайды. Егер В ойыншының іс-әрекетін талдасақ, ол да осыған ұқсас болады. 2-2 стратегиясы Нэш тепе-теңдігі деп аталады, бұл кезде стратегияны басқа ойыншы таңдайды деп ұйғарғанда әр ойыншының стратегиясы ұтымды болады және ойынның тепе-теңдік шешімі болады.

Баға белгілеу процесінде олигополиялық фирма максиимин  стратегиясына сүйенеді. Фирма және оның бақталасы бағаны әр түрлі деңгейде белгіледі деп ұйғарып, осы екі  фирманың пайдасының матрицасын қарастырайық:

Фирмалрадың максимин стратегиясы  - тауардың бағасын 40 теңгеге дейін  төмендету болып табылады. Екі  фирма өзара келісіп, бағаны 50 тг деп белгілесе, пайданы баға 40 тг болғандығыдан гөрі көп алады. Бірақ  бақталастық және бір-біріне деген сенімсіздік бағаны төмендетуге әкеліп соқтырады. Егер фирма бағаны бір қалпында ұстап тұрса, онда бақталас фирма бағаны төмендетіп, нарықтағы өз үлесін көбейтеді де, пайдасын жоғарлатуы мүмкін. Сондықтан максимин стратегиясының тиімділігі: пайданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айта аламыз және фирманың берілген стратегиясында оның пайдасы белгілі бір деңгейден кейін төмендейді.

  Картельдің  құрылуы

 

Жоғарыда айтылғандай  егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туарлы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарлатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде  ұстап отырады. Сондықтан  картельдің әрбір мүшесі белгілі бір квота тағайындалады. Картель кезінде пайданы неғұрлым жоғары деңгейе жеткізу мақсаты қалай орнатылатынын график түрінде көрсетейік (10.3-сурет):

Әуелі барлық фирмалар жетліген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп  ұйғарамыз. Онда PK, QK – бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең, Е нүктесі – бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. PM және QM – монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі QK-ден MR=MC болатын QM деңгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім шығару көлемі фирмалар арасында өзара бөлінеді. Мұндағы басты мәселе әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q*-QK) көбейеді және баға PK деңгейіне дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап тұру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни QМ-нен өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы