Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

І – тұтынушы табысы;

Q – сұраныс көлемі.

Егер табыс пен сұраныс  көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:

Мұнда, Q1, Q2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін сұраныс көлемі;

І1, І2 – 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:

 

 

Мұнда, - қиылысқан икемділік коэффициенті;

              - сұраныс функциясының Ру арқылы алынған алғашқы туындысы;

              Ру – у тауарының бағасы;

              Qх – х тауарына деген сұраныс көлемі.

Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына деген сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгерсе, онда - былай анықталады:

, - 1 және 2 кезеңдегі Х тауарына деген сұраныс көлемі;

, - 1 және 2 кезеңдегі У тауарының бағасы;

> 0, яғни оң сан болса,  онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер < 0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауарлар болады. = 0, онда х және у тауарлары бірін-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.

 

Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.

Ер(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта,   ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.

Ұсыныс икемділігін  қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:

1) дәл қазіргі кезең;

2) қысқа кезең;

3) ұзақ мерзімді кезең.

 Ер(S) = 0, ұсыныс өте икемсіз болады (3.6.-сурет)

      D P > D Q

1 > Ер(S) > 0, икемсіз ұсыныс. (3.-сурет)

D Q > D P

                       Ер(S) > 1, ұсыныс икемді (3.8-сурет).

  

        

 

Ұсыныс икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады:

1) егер ұсыныс функциясы  берілген болса,

 

                                

  - ұсыныс функциясының Р арқылы алынған алғашқы туындысы:

Р – қарастырып отырған тауардың бағасы;

Q –осы тауарды ұсыну көлемі.

2) нүктелік икемділік:

3) доғалық икемділік:

 

№ 4 тақырып.  Тұтынушы талғамы теориясы. (2 сағат)

 

    1. Пайдалылық ұғымы, пайдалылықтың сандық теориясы.
    2. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі.
    3. «Баға тұтыну» қисығы.

 

    1. «Баға тұтыну» қисығы.

 

Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен  сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан. Тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.

Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.

Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.

Үшінші  кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші  кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.

 

  Тұтынушылар  қалауы

Бір тауардың екінші тауарға  қарағанда пайдалырақ екендігін  анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты болады.

Жалпы жағдайда тауарлар құрамы  берілген болса, онда оның пайдалылығын сан түрінде анықтау үшін пайдалылық функциясын қолданады. Ол функция Х, У тауарлары үшін былай жазылады:

 

U = U (x, y).

Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.

Егер пайдалылық функциясы  тұрақты бір санға тең болса, немесе:

 

U = U (x, y) = C0 – const,

онда жазықтықта бұл  функцияның графигі 4.1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы, тұтынушы бір аптада Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық, Х – алма, У – алмұрт болсын.

Х – алма саны;

У – алмұрт саны.

4.1-кестеде 4.1-суретті  салуға негіз болған мәліметтер  жинақталған.

А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6 алмұрт тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әпереді. Демек талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А4 жиындары да тұтынушыға бірдей пайдалылық әпереді деп қорытынды жасауға болады.

Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:

1. Талғамсыздық қисығы  неғұрлым координаттар өсінен  алыс орналасса, солғұрлым осы  қисықтың бойында жатқан жиынтықтар  тұтынушыға көп пайда әпереді. 4.2-суреттен төмендегі шарттың дұрыстығы көрінеді.

u1 < u2 < u3 < u4

 

 

 

 

 

      2. Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиылыспайды.

4.3-суретте көрсетілген А жиыны талғамсыздық қисықтарына ортақ қиылысу нүктесінде орналасқан. А жиыны u1 талғамсыздық қисығында орналасқандықтан тұтынушы  А мен В-ны айырмайды. Соған ұқсас u2 қисығындағы С жиынын А жиынынан айырмайды деген тұжырым шығады. Бұдан айтатынымыз тұтынушы В мен С жиындарын бір-бірінен айырмашылық жасамайды.

Бірақ ескере кететін  нәрсе, егер Х және У кәдімгі тауарлар болса, онда тұтынушы В-дан гөрі, С-ны қалайды, себебі С жиынында Х пен У –тің мөлшері көп  4.3-суретке қарап, С –жиынында У тауарының 3 бірлігі, Х тауарының 6 бірлігі бар екенін, ал В жиынында Х тауарының тек қана 5 бірлігі және У тауарының  2 бірлігі бар екенін анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В-ға қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.

4.1-суретте бейнеленген  талғамсыздық қисығын пайдалана  отырып, тауардың бір-бірін қалай алмастыратының зерттеуге болады.

Ол үшін алмастырудың шекті нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп, оны MRSxy белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай анықталады:

 

Бұл жердегі MUx, MUу, - сәйкес түрде Х , У тауарларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді.

 

    1. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі.

 

Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.

Талғамсыздық қисығының  бойындағы алмастырудың шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарының шамасын Dу-ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтіреді. Пайдалылықтың азаю мөлшері Dу · MUу-ке тең болады. Тұтынушыны бұрынғы қанағаттандыру жағдайына жеткізу үшін у –тің азайған шамасын Х тауарымен толтырамыз, сонда пайдалылық мөлшері: Dх · MUх-ке тең болып өседі.

Ауыстырудың шекті нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай жылжығанда бірте-бірте азаяды. Себебі тұтынушы Х тауарының шамасын көбейткен сайын бұл тауардың әрбір қосымша бірлігі аз шекті пайдалылық әкеледі. 4.4-суретте А1- А4 нүктелері арасындағы ауыстырудың шекті нормалары көрсетілген. 4.2-кестеде 4.4-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығының әрбір нүктесінде MRSxy –ті есептеуге пайдаланған мәліметтер берілген.

 Бюджеттің  шектеулілігі

Тұтынушы бар қаражатын Х және Y тауарларын сатып алуға жұмсайды делік. Егер оның бюджетін немесе бар қаражатын І деп, ал Х және Y тауарларының бір өлшемінің бағаларын Рх, Ру деп белгілесек, бюджеттің шектеуле екендігін келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге болады:

 

Рх · Х + Ру · Y ≤ І.

Бұл теңсіздік жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес келіп, ол жартылай жазықтықтық шекарасы

 

Рх · Х + Ру · Ү = І

 түзумен анықталады. Бұл бюджет сызығы деп аталып, Х , Y тауарларын сатып алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын көрсетеді.

Жазықтықтағы бюджет сызығының бейнесі 4.5-суретте келтірілген. Соңғы теңдеуді былай деп жазуға болады:

 

Бұл жердегі (Рх, Ру) – бюджет сызығының бұрыштық коэффициентін бейнелейді. Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді. Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы, Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы Рх болды делік. Бұл жағдайда бюджет сызығы 4.6-суретте келтірілгендей түрде өзгерер еді.

Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тілі бағытына қарсы өзгереді, ал баға өскен жағдайда сағат тілі бағытында өзгереді.

Y тауарының бағасының өзгеруі 4.7б-суретте бейнеленген.

 

    1. «Баға тұтыну» қисығы.

 

Табыс және бағада болатын өзгерістер.

Табыс және бағада болатын  өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына  әкеледі. Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ол бюджет сызығын координат осімен жоғары жылжытады. Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын координаттар осіне жақындатып, параллель жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына әсері графигінде 4.7-суретте көрсетілген.

Тұтынушылар таңдауы

 

Тұтынушылар талғамы  дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің  шектеулі екендігін ескертіп, ең көп  пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын  анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз. 4.8-суретте ең көп пайдалылық әперетін тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестік жағдайы бейнеленген.

Теңдестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy-пен бюджет сызығының бұрыштық коэффициенттері тең болады. Сондықтан тұтынушы өзінің теңдестік жағдайына қол жеткізуі үшін Х және Y тауарларының көлемін келесі шарт орындалатындай етіп таңдауы қажет:

 

Бұл теңдестік тұтынушының  теңдестік шарты деп аталады.

 

  «Табыс-тұтыну» және «баға-тұтыну» қисықтары

 

 

Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1, Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықты бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-бірімен қоссақ, онда табыстық өсуіне байланысты 4.9-суретте көрсетілгендей «табыс-тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды.

Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. 4.10-суретте сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы көрсетілген. Тұтынушы тауарды сапасыз деп қарастырғанда «табыс-тұтыну» қисығы коорлинаттардың вертикаль осіне қарай бұрылады. Табыстың белгілі бір деңгейге жетіп, одан әрі өсуі, бұл тауарды тұтынудың азаюына әкеледі. Осы деңгейге жеткенде «табыс-тұтыну» қисығының көлбеуі теріс сан болады, 4.10-суреттегідей І2 деңгейінен жоғары өсуінің нәтижесі Х тауарын тұтынудың төмендеуіне әкеледі. Сөйтіп, тұтынушылар табыстары белгілі бір деңгейден жоғарылағанда сапасыз тауарларды аз алады.

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы