Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

2. Салық салудың  монополияға тигізетін әсері.  Фирманың шекті шығындары тұрақты деп ұйғарайық. Мемлекет тарапынан монополиялық өндірушіге қосымша салық салынды дейік.

LMRC – шекті шығын;

Т – салық;

Р1 және Q1 – монополистік салық салынғанға дейінгі жағдайы, ал Р2, Q2  –салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі.

Шекті шығын қисығы LMRC салық көлеміне тең шамаға жоғары қарай жылжиды, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады: LMRC+Т. Сондықтан салық салынғаннан кейінгі тауардың бағасы да жоғарылайды; бірақ баға түгел салық көлеміне көбеймейді, ол салық шамасынан аз болады Р2 - Р1 < Т. Жетілген бәсеке кезінде МС тұрақты болған уақытта қосымша салық салынса, баға салық мөлшеріне өсетіні белгілі. Ал монополия кезінде баға салық мөлшерінен аз шамаға көбейіп тұр, сондықтан монополистердің іс-әрекеттерін салық механизмі арқылы реттеу оң нәтиже береді деп айта аламыз.

 

Бағалық дискриминация

Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс  икемділігн ескер отырып, бір тауарды  тұтынушылардың әр түрлі категориясына  әр түрлі бағамен сатса онда, ол бағалық дискриминация (құқын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз. Монополист бағалық дискриминация саясатын, қайталанып сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алыпсатарлыққа әкеліп соқтырады да монополистке қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді.

Монополистің бұл саясатын жүргізудің негізгі  тәсілі сұранысы икемділі және икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек.

Егер монополист әрбір  тұтынушыға жеке баға тағайындайтын  болса, онда біз жетілген бағалық дискриминация саясатын көреміз (8.12-сурет).

 Егерде монополист 8.12-суреттен көріп отырғанымыздай: тауарды тұтынушылардан барлық  тобына бірдей бағамен сататын  болса, онда РmBDP1 тікбұрышының ауданына тең пайда алады. Ал жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізген жағдайда, ол тұтынушылар санын көбейтеді. Бағаны төмендеткен уақытта, ол шекті шығындардан төмен болмауы керек. Монополист бағаны Рm нана жоғары белгілегенде экономикалық пайдасын АВРm үшбұрышының ауданына көбейте алады. Тауардың бір данасының бағасын Рm – нан төмен белгілеген жағдайда, монополист өз тауарын сатып алушылардың санын көбейтеді немесе табысы төмен тұтынушыларды қамту арқылы пайдасынының шамасың ВСD үшбұрышының ауданына жоғарылатады. Сонымен монополист жетілген бағалық дискриминация саясатын жүргізгенде экономикалық пайдасын АСР1 үшбұрышының ауданы шамасына дейін ұлғайтады. Бұдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде  тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде-бір тұтынушы ұтым ала алмайды,  себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополиске пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте катаң қарайды, себебі монополистер, бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.

 

№9 тақырып. Монополистік бәсекелестік (2 сағат)

 

  1. Жетілген бәсеке және өнімді сараптау.
  2. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
  3. Монополиялық бәсекелес фирманың шығыны.

 

“Микроэкономиканың” бұл  бөлімі нарықтың монополиялық бәсеке моделіне арналады. Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополилық  бәсеке нарығының ерекшеліктері  жетілген бәсеке мен монополияға  тән кейбір қасиеттерге сәйкес келеді.жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.

  Нарық құрылымының  бұл модеоін қарастырғанда фирмалардың  ұзақ және қысқа мерзім кезендерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.

          Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде,сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:

А) монополиялық бәсеке саласына  кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық  қойылмайды және бұл саладан шығып  кету де оңай.Мысалы, шаштараз немесе жиһаз  жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма  айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

Б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.

В) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады.Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады,мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.

 

 Монополиялық  бәсекелес фирманың қысқа мерзім  кзеңіндегі жұмысын талдау

    Қысқа мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың жұмысые талдауды 9.1-сурет бойынша түсіндіреміз.

  Бірінші көңіл  аударатын жағдай, монополиялық  бәсекелес фирманың сұраныс қисығы ( D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың  сұраныс қисығы сияқты абсолютті  икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді емес, теріс көлбеулі болады. Бұнын басты себебі монополиялық бәсекелес фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма-тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз семенінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұрагыс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.

    Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдағы сияқты монополиялық бәсекелес фира пайдасын мейілінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.

                                                         MC=MR

   Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша   бірлігін өндіруге жұмсалатын  шекті шығын осы өнімді сатқанда  түсетін шекті түсімнен артық  болғанша фирма өнім өндіруін  жалғастырады.Графиктен MC пен MR-дың қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр.Фирма Ро тағайындай отырып , өз пайдасын барынша көбейтеді ( 9.1а –суретте көрсетілгендей ) немесе ( 9.1.б- суретте көрсетілгендей шығынын азайтады ).

   Графиктен көріп  тұрғанымыз Q2 > Q1.

    Егер дәл  осы баға Ро таза бәсекелес  жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2  өнім көлемін өндірер еді.

   Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік  бәсеке фирмасының іс-әрекетін  талдау жасағанда,басқа бәсекелес  емес нерықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.

Монополиялық  бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік  кезеңі

Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімдік кезеңін  талдағанда , бұл нарықтық құрылымның ерекшеліктері айқын көрінеді.

   Материалды ыңғайлы  түсіндірү болу үшін шығындар  қисығы өзгермейді деп жорамалдайық. . D1 сұраныс қисығы  АС қисығынын ең төмеңгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пайда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруіне  мүмкіндік бермей , осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.

    Ал монополиялық  бәсеке нарығына кіруге тосқауыл  қойылмайды. Сондықтан фирмалардың  алатын экономикалық пайдасы  ұзақ мерзімде осы нарыққа  басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар  саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.

   Бұның нәтижесінде  ескі фирмалардың сұраныс қисықтары  төмендейді, өйткені тұтынушылардың  кейбір бөлігі жаңа фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды.Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.

    Жетілген бәсеке  нарығындағы фирмалар сияқты  ұзақ мерзімдегі монополиялық  бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нөлге тең болады (суретте О нүктесі).

   Екі фирманың  бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың  салаға жеңіл кіріп, одан шыға  алатындығының нәтижесінде болып  отыр.

   Ұзақ мерзімдегі  тепе-теңдік нүктесінің (О нүктесі  ) тағы бір ерекшелігі ол АС ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екінүкте бір-біріне дәл келмейді? өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизотальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиылық бйсеке нарығында орындалмайды.( Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек ). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесін қиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 9.2- суретте орташа шығын қисығының ең төмеңгі нүктесін қиып өтетін D2  сұраныс қисығы көрсетілген.Бұл қисықты сұраныстың D1 –ден  D3 –ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.

   Ұзақ мерзімдегі  тепе-теңдік нүктесінің орташа  шығынның ең төменгі нүктесімен  дәл түспеуі негізгі себептің  шығуына алып кледі. Ұзаұ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы  тепе-теңдік баға ұзақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады. ( бәсекелестік  нарықтағы баға орташа шығынға тең екнін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін “артық” ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында  әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.

 

   Егер жетілген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сауға болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Монополиялық  бәсеке нарығындағы баға құру саясаты

    Монополиялық бәсеке нарығындағы тауарларды бір-бірімен жеңіл алмастыруға болатындықтан, жеке фирманың өнімге деген сұраныс өз өнімнің бағасына ғана тәуеоді емес, сонымен қатар осы фирмамен бәсекелес фирмалардың тауарларының бағасын да тәуелді болады. Монополиялық бәсеке нарығында екі фирма ( А және В ) бар деп жорамалдайық. Олардың өнімдеріне деген сұраныс төмендегідей өрнектелген:

             

 

            

Бұл функциялар фирманың өніміне деген сұраныс көлемі бәсекелес фирмалардың тауарлардың  бағасына кері тәуелді болатындығын көрсетеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке нарығындағы фирмалардың өніміне деген сұраеысты екі бөлікке бөледі:  өнімнің осы түрін таңдайтын “өз” тұтынушыларынан  және тұтынып жүрген тауарлары қымбаттаған кезде келін қосылатын “өзге” тұтынушылардан тұрады. Сұраныстың “өз” тұтынушыларынан тәуелділігін в параметрі, ал “өзге”тұтынушылардың келіп қосылуынан тәуелділігін с параметрі білдіреді.

   Монополиялық  бәсеке нарығындағы өнімге дегенсұранысқа  сипаттама беру үшін ең төмегі  және ең жоғарғы деңгейдегі  сұраныс функциялары қолданылады.Ең төменгі деңгейдегі сұраныс функциясы мынадай түрде бейнеленеді:

                                   

Бәсекелес фирманың тауарының  бағасы нольге теңболғн кездегі  қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының  арасындағы тәуелділікті ең аз ( минималды) сұраныс функциясы деп атайды.

   Бәсекелес фирманың  “Тыйым салынған” бағасының  деңгейінде  қарастырып отырған фирманың тауарына деген сұраныс көлемі мен осы тауардың бағасының арасындағы тәуелділікті сұраныс функциясының барынша көп (максималды )  түрі деп атайды. “Тыйым салынған” баға төмендегі теңдеумен анықталады:

   

                    а В-вВРВ+с (РА-РВ)=0

бұл теңдеуден,

                       

Онда А фирмасының өніміне барынша көп максималды сұраныс функциясы төмендегідей болады:

б

Ең аз (минималды) және барынша көп (максималды) сұраныс  функциялары  монополиялық бәсеке нарығындағы  өнімге деген ықтимал сұраныс ауданын шектейді. Ол  9.3-суретте көрсетілгендей:

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы