Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

Өндірушінің жалпы түсімі TR = P(Q) · Q формуласы бойынша анықталатынын біле отырып, шекті түсімді есептеп шығарамыз:

                          (3)

Сұраныстың бағалық  икемділігі былай анықталатыны белгілі:

 

   немесе                                  (4)

және оны (3) формулаға  қойып, есептеу арқылы шекті түсімді табамыз.

Бұдан, пайданы мейлінше көбейту шартын мына түрде көрсетуімізге  болады:

Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэффициент Е < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р > МС. Монополиялық нарықта Р =МС теңдігі Е=0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р > МС. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипаттайтын кесте құрамыз:

Осы кестенің берілгенін пайдаланып сұраныс, шекті түсім, жалпы  түсім және сұраныс имкеділігі арасындағы қатынастарды көрсететін график тұрғыза  аламыз.

8.2-суреттен көрініп  тұрғандай, егер монополистің  сұраныс қисығы түзу формада  болса, онда шекті түсім қисығы көлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз болмайтыны белгілі. Демек, монополистің шекті шығынлары өндірістің кез келген көлемі үшін MR > 0 болады.

Монополист барынша  көп пайдаға MC = MR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни MR > 0 немесе

Егер өнімге деген  сұраныс икемді болса, шекті табыс  оң болады, яғни              -∞<Е<-1.

Монополистің өніміне  деген сұраныс икемсіз болған жағдайда MR=MC теңдігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші өнім шығару және оны сату көлемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте түседі.

Енді, монополистің ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін  анықтаймыз, Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама – баға мен  өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша көбейту есебінің шешуі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, шығарылатын өнімнің ұтымды көлемі (Qm), ал екінші кезеңде тауардың монополиялық нарық бағасы (Рm) анықталады. Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз.

1. Пайданы барынша  көбейту шартын пайдалан отырып, MR=MC болғанда шығарылатын ұтымды өнімнің санын анықтаймыз. Суретте ол Qm көлеміне сәйкес келеді. Екінші кезеңде монополиялық нарық бағасы анықталады. Ол үшін өндіріс көлемі мен (Qm) сұраныс қисығының AR қиылысу нүктесін тапса болғаны. 8.3-суретте нарықтың монополиялық бағасы Рm әрпімен көрсетілген. Бағаның Рm нүктесінен кез келген ауытқуы монополистің пайдасын көбейтпейді. Мысалы, егер монополист бағаны Р1 деңгейінде белгілесе, онда берілген баға мен Q1 көлемі үшін шекті түсім шекті шығындардан жоғары болады. Демек, өнім шығаруды көбейтсе, онда жалпы пайда да көбейеді. Өнім шығару деңгейі Q2 болса, шекті түсім шекті шығындарынан аз болады. Сондықтан да, бұл жағдайда өнім шығаруды қысқарту арқылы ғана жалпы пайданы көбейтуге болады.

Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала  бермейді. Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мер орташа жалпы шығын қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына  байланысты болады. 8.4, 8.5 және 8.6-суреттерде пайда алушы, зиян шегуші және пайдасы нольге тең фирмалардың жағдайы бейнеленген:

Монополиялық  биліктің көрсеткіштері

Бәсекелестік нарықта  жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын  деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда біз жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:

Берілген коэффициент  нарықтағы тауардың бағасының шекті  шығындардан ауытқу деңгейін анықтайды  және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп  отырады.

Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік соғұрлым күшті болады. Монополистің тепе-теңдік жағдайында: екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға болады:

Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, өнімге деген сұраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.

 

  Нарықты  монополиялаудың белгілері

Нарықты монополиялаудың  екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

1) ірі фирманың қолына  нарықтың үлкен бөлігінің шоғырлануы;

2) ірі фирмалардың  бәсекелестерімен байланысы.

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда  үш көрсеткішке дүгінеді: айналым  мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтық үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі – Херфиндаль-Хиршман индексі (Іhh)

Іhh = (x1)2 + (x2)2 + . . . + (xn)2.

мұнда,  xі - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардың әрқайсысының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмалардың шоғырлану деңгейі жоғары болады.

Монополиялық  бағаны қалыптастыру ережелері

Нақты өмірде фирма басқарушылары  өз фирмаларының орташа және шекті  түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар MR=MC болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығындарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:

 

Монополиялық  мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік

Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы  нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада ұзақ мерзімді кезеңде тепе-теңдік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты осы нарықты жұмыс істейтін фирмалардың оң экономикалық пайдасының болмауы.

Ұзақ мерзімді кезеңде  монополиялық тепе-теңдікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:

1) қандай жағдайларда  жалғыз өндіруші ұзақ уақыт  кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық  билігін сақтай алады;

2) егер салада ұзақ  мерзімді кезеңде тепе-теңдік  орындалса, онда монополист бірнеше  зауыттар салу арқылы өндіріс  ауқымын кеңейтуге қандай объективті күштер итермелейді.

Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-теңдікке жетудің негізгі шарты  жеке өнім өндірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек  осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарынада байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады.

Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия

Монополистің алдында  ұзақ мерзімді кезеңде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты тұр  делік. Бұл мақсатты ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың өндіруі  қуатын кеңейту, ал екінші жолы – екінші, үшінші, т.б. зауыттарды салы. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополистің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды санын ұзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды:

LMRC = MR

Өнім шығару көлемін ұлғайтумен ұзақ мерзімде орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді, төменде 8.7-суретте дәл осы жағдай көрсетілген. Өндіріс шығындары LRАCmin –ға қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымының тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LMRC<LRАC болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды.

Егер, одан әрі өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана зауытты  пайдалану тиімсіз болады. Бұндай жағдайларда монополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім қабылдайды. Бұл 8.8-суретте көрсетілген. Монополистің ұтымды көрсеткіштері Qm, Рm нүктелерімен сипатталады.

Суретте көрсетігендей, егер де монополист өнімді Q* көлемде шығарса, онда өндірістің орташа шығындары ең аз болатындығы белгілі. Мұндай жағдайда өнім көлемін ұлғайту үшін өндіріс қуаты Q* болатын 2-зауыт салу тиімді болар еді.

Нәтижесінде, өндіріс  көлемі айтарлықтай өседі, бірақ  өндірістің орташа шығындары LRАCmin деңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (MR) шекті түсім LRАCmin –ға тең болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бұл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауыттардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRАCmin –ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда Q* -ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатындай етіп орналыстырады:

LRАCmin = LMRC = MR

 

Монополиялық  биліктің әлеуметтік шығындары

Бәсекелес нарықпен салыстырғанда  монополист-өндірушілер тауардың бағасын  жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімде бәсекелес фирмадан аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық. Осы жағдайдың нәтижесінде тұтынушылар тауар үшін жоғары баға төлейтін болады, ал бұл басқа жағдайлар тұрақты деп ұйғарғанда халықтың әл-ауқатын нашарлатады. Демек, монополиялық өндірушілер қызметі қоғамға белгілі бір дәрежеде ауырпашылық түсіреді, әрі өмір сүру деңгейін төмендетеді.

Біз монополиялық биліктің қоғамдық шығындарын, тұтынушылар мен  өндірушілердің бәсекелес нарықтан монополиялық нарыққа көшу кезіндегі  жалпы ұтымдары өзгеруін салыстыра отырып бағалаймыз. Қарастырып отырған фирманың монополия кезіндегі және бәсеке нарығындағы шекті шығын қисықтары біркелкі болады деп ұйғарайық.

Онда біз графикте бәсекелес фирма мен монополист өндірушінің тепе-теңдік жағдайын көрсете  аламыз.

8.9-суретте монополиялық баға мен өнім шығару көлемі Рm және Qm, ал бәсекелес бағамен өнім шығару көлемі Рк және Qк деп белгіленген. Енді бәсекелес нарықтан монополияға ауысқан уақытта тұтынушылардың жалпы ұтымы қалай өзгеретіндігін есептейміз: тауар бағасы Рк –дан Рm – ге дейін өсті, нәтижесінде тұтынушылар осы тауарды тұтынуды Qк – дан Qm – ге дейін азайтады.

Тауарды жоғары деңгейдегі бағамен сатып алғанда тұтынушылардың кей бөлігі А тікбұрышы ауданы шамасындағы ұтымдарынан айырылады. Ал тауарды Рm бағасымен алуға шамасы жетпейтін тұтынушылар В үшбұрышы ауданына тең болатын ұтымнан айырылады.

Соныме, тұтынушы ұтымының жалпы мөлшері (А + В) –ға азаяды. Монополист тауарды жоғары бағамен сата отырып, қосымша пайда алады, олл графикте А тікбұрышы болады. Бірақ тауар санының Qк – дан Qm – ге дейін азаюы монополистің пайдасын С үшбұрышына азайтады. Нәтижесінде монополистің жалпы пайдасы (А + С) –ға тең болады. Монополистің пайдасынан тұтынушылардың көрген зиянының көлемін алып тастаймыз, сондағы (В + С) – таза шығындар шамасы болады. Бұл шаманы қоғамның монополиялан шегетін әлеуметтік зардабы деп атаймыз. Сонымен, неғұрлым тұтынушы ұтымының көп бөлігі монополист меншігіне ауысатын болса, солғұрлым қоғам монополиялық биліктен көп зардап шегеді.

Мемлекет тарапынан  монополияны реттеу

Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға»  белгілеу, салықтар және т.б.

Монополиялық фирмалар нарықта билік, үстемлдің жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін  арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу.

Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық фирмаға қалай  әсер ететінін көрейік.

1. Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік. Бұл баға монополистің MR=MC тепе-теңлік бағасынан төмен болу керек. Енді бұны график түрінде көрсетейік. Рm , Qm – монополистік тауарының бағасы мен өнім көлемі.

Енді мемлекет тарапынан  реттеу болып, тауарға Р1 бағасы қойылды дейік. Соның нәтижесінде тауардың бағасы монополия бағасынан гөрі төмендеп, ал өнім көлемі Q1 – ге дейін көбейеді. Бағаны реттеу механизмі бұл жағдайда нарыққа оң әсерін тигізіп тұр, бірақ бұл әдістің шектеу болады. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс-әрекетіне теріс әсерін тигізеді. Монополияға бағаны  Рm –нан жоғары белгілесе,  онда жағдайда да баға монополиялық фирманың жұмысына теріс әсер етеді. Сондықтан бағаны реттегенде Рr бәсеке бағасынан жоғары, ал монополия бағасынан төмен болуы керек: Рк < Рr < Рm .

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы