Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

Мұндай еңбекақымен  жұмыс істеуге ынталанатындардың  бәрі бірдей жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығындағы екі  жақты монополия. Екі жақты монополияның (билатеральды монополияның) жорамалы бойынша сатып алушы-монополистке қарсы сатушы-монополист тұрады, яғни фирма-монопсония мен кәсіподақ-монополия еңбек нарығында өз мүдделерін жүзеге асырғысы келеді. Мұндай дағдайды талдау үшін екі графикті: монопсония үлгісін және кәсіподақтың монополиялық билігін біріктіру қажет.

Жетілген бәсеке жағдайында тепе-теңдік Е1 нүктесінде орналасады, жұмыспен қамтылғандар саны L3, еңбекақы мөлшерлемесі W3 болады. Монопсонист-фирма еңбекақыны W1 деңгейіне дейін төмендетуге тырысады және осы мақсатын жұмыспен қамтылғандар санын L3-тен L1-ге дейін азайту жолымен жүзеге асырғысы келеді. Кәсіподақ еңбекақыны W2 деңгейіне дейін көтеруге ұмтылады, бірақ бұл кезде жұмыспен қамтылғандар саны жетілген бәсеке нарығындағыдан төмен болады.

Екі жақты монополия  нарығының моделі тәжірибе жүзінде  сирек кездеседі. Соған қарамастан екі жақты монополия жағдайы  кәсіподақтар мен кәсіпкерлер ассоциациясының  арасында немесе кәсіпқой спорт саласында кездеседі.

Еңбек нарығындағы экономикалық рента. Жұмысшылар табысының әртүрлі болуы олардың біліктілігіне байланысты болады. Біліктілігі жоғары жұмысшылар тұрақты артық – экономикалық рента ала алады. Экономикалық рента – бұл ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы. Бұл ерекше ресурстардың қызметіне төленетін нақты төлемақы мен осы ресурстың иесі сататын төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма.

Экономикалық рентаның жалпы жағдайы келтірілген, экономикалық рента W*EW0 үшбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын ұсынған кезде еңбек ұсынысы вертикальді түзу болады, себебі мұндай ресурстарды иемденуші адамдардың саны шектеулі болады (сурет 10.8 ә)). Мысалы, ұлы ғалымдар, эстрада жұлдыздары, атақты киноактерлер, даңқты спортшылар, танымал футболшылар (Қ. Сәтпаев, Р. Рымбаева, А. Әшімов, Б. Сарсекбаев, С. Смақов). Мұндай жағдайда еңбек ұсынысы өте икемсіз болады. Сондықтан сұраныстың өсуі еңбектің бағасын өсіреді, яғни еңбекақы өседі. Мысалы, әртістің танымалдылығы сұранысты жоғарылатады, сұраныс қисығы D1-ден D2-ге жылжиды, ал әртістің төлемақысы W1-ден W2-ге өседі. W1 W2 E2 E1 төртбұрышының ауданы экономикалық рентаға тең (сурет 10.8 ә)).


Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы