Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

6.5-серетте Q=200 дана  өнім көлемін шығаруға сәйкес изокванта көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изоквантадан төмен орналасқан және олар ешқандай нүктеде қиылыспайды немесе бірін-бірі жанап өтпейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік реурстардың  деңгей да А  нүктесі ТС№ изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім өндіргендігі шығындар ең төменгі деңгейде болады.

Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар  төмендегідей шарт орындалады:

                             

В нүктесінде №200 өнім бірлігін  өндіргендегі шығындар А нүктесіндегіден көп болады немесе Q=200 Сондықтан 3-изокоста берілген өнім көлемін неғұрлымм жоғары шығындарды көрсетеді. 

          Өсу траекториясы

 Өсу траекториясы фирма өнім көлемін шығаруды көбейткен кезде өңдірістің айнымалы факторлары қалай өзгеретінін көрсетеді.Көптеген изокванталарды өзара қарастырайық. Олардың әрбіреуінде изоквантаның изокостамен жанасу нүктесін көрсетуге болады.Онда берілген өнім көлемі ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіріледі. Осы қисықтардың нүктелерін қосу арқылы біз фирманың траекториясын аламыз.

                 6.6. Ұзақ мерзім кеңіндегі өндірістік  шығындар

бұл уақыт ағымына  байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғары ұсынылған модельдерде өндірістік факторлардың бірі ( капитал )  тұрақты  болып, ал басқа факторлар (еңбек ) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Б.з қысқа мерзім кезеңіндегі шекті орташа шығындардың қисықтарын алдық..

   Ал  ұзақ мерзім  кезеңіндегі орташа жалпы шығындар  қисығын түсіндіру үшін, ұзақ  уақыт аралығындағы өндіріс ( өнеркәсіп ) көлемі өзгеріп отырады деп ұйғарамыз.№№№№№ қисықтары- көлемдері әр түрлі өнеркәсіп орындарының қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік. ( 6.7-  сурет).

Өнім шығару көлемі 0<Q<1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп  орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге болады. Егер 1500<Q<2700 болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q>2700 болса,  үшінші өнеркәсіпте өндірген тиімді болады.6.7-суретте өнеркәсіп көлімінің 3 мүмкіндігі берілген және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен көрсетілген.

   Егер 3-тен  әлдеқайда  көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын  болсақ, онда 6.8- суретте көрсетілгендей  ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын (LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану, өндіріс факторларының өнімділігн арттыру, жаңа технологияны пайдалану және  т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижеге жеткізеді. LRAC-тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін, себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.

         Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті  шығын қисығы (LRMC) осы мерзімдегі  орташа жалпы шығын қисығын  (LRAC), LRMC-тың ең төменгі деңгейі  нүктесінде басып өтеді. Ұзақ  мерзімдегі шекті шығын қисығы LRMC өнім  көлемі өзгеруіне байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді.LRMC мен LRAC-тың арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар ( МС ) мен орташа жалпы шығындар  ( АС )

Арасындағы байланыс сияқты болады.

 

№7 тақырып. Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс (2 сағат)

 

  1. Нарықтағы құрылымдардың алуан түрлері.
  2. Нақты және идеал құрылымдар.
  3. Жетілген бәсекелестегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер.

 

“Микроэкономиканың” бұл  тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада  толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы  және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модеоьді қарастырудың маңызы зор.

Сонымен,зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты –тауар өндіру мен қызмет көрсету және ларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Бұл арада зерттеуді жеңілдету үшін фирма бір ғана өнім түрін өндіреді деп жорамалдаймыз. Біздің тауарымыздың мақсаты-осы оқу құралының алғашқы бөлімдеріндегі нұсқаларды қолдана отырып, біріншіден, бәсекелес өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден , жеке бір фирма және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу. Үшіншіден, мемлекеттік реттеу мен жүргізілетін экономикалық саясаттардың нәтижелерін анықтау әдістерін қарастыра отырып бәсекелес н.арықтың тиімділігін бағалау.

 

                         Жетілген бәсекелес нарығының  негізгі сипаттамалары

   Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз- төмендегідей шарттар орындалатын нарық:

  1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе  біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтары;
  2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы һндірістік шешімдерді жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына  да әсер ете алмайды;
  3. баға,  технология және ықтимал пайда жөніндегі  ақпараттар белгілі болады;
  4. жаңа фирмалардың  салаға кіруіне немесе одан шығуына  тосқауылдар қойылмайды.

 

Бәсекелес  фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ло бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

Е с к е р  т  у. Аталған қисықты нарықтық сұраныс  қисығымен шатастыруға болмайды.

Өнімнің өндірілген әр бір  қосымша  бірлігі тұрақты Ро бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни  MR=Po. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім  (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен ( D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Ро бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

Жетілген бәсекелес  фирманың қысқа мерзімді кезеңде  пайданы мейлінше арттыруы

Шекті және графиктік  талдау.

Пайда дегеніміз- жалпы түсім   (TR) мен жалпы шығындар (ТС) арасындағы айырма:

                                           П=TR-TC

Бұл жерде және әрі  қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты- белгіленген баға арқылы мейлінше аз зиян шешуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзім кезеңде бәсекелес  фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да,  ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.

Енді қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары  туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсеиейік.

   Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:

  1. өндіру қажет пе?
  2. Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
  3. Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?

 Егер өнім өндіру  пайда әкелетін болса, онда  бірінші сұраққа жауап дайын.  Егер өндіріс зиян шегетін  болса, лнда фирманы жапқан  жағдайдағы шығындарды және фирма  қысқа мерзімде өз қызметін  жалғастырғандағы шығындарын анықтау  қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (FC) тең болады:

   Егер фирма  өндіріс көлемінің белгілі бір   мөлшерінде FC-тан кем зиян шегетін  болса, онда ол өз өнімін  қысқа мерзімді кезеңде өндіруге  болады. Сонвмен,  бірінші сұраққа  былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесеTFC-тан кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.

   Екінші  сұрақтың  жауабы өндірушінің мақсатынан  туындайды: фирма  мейілінше  көп  пайда алып немесе мейлінше  аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес  келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті.

   Қойылған сұрақтарға  толық және нақты жауап беру  үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын  таңдап алуға болатын 3 ықтимал  жағдайды қарастыру қажет. Барлығы  да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:

 

                               П=_P*Q-AC*Q=(P-AC)*Q                                                           (2)

Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни

 

                                                     Р>ACmin                                                                 (3)

   Онда, (2) формула  бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны  мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті  әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге  (R)  қосатын өсімі оның жалпы шығындарға  (ТС) қосатын өсімнен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет:  MR³MC  немесе жетілген бәсеке жағдайында  Р³ МС, өйткені MR=P.   Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім  бірлігіне шаққандағы  шекті шығындарды өнім  бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.

   Мейлінше көп  пайда мынадай теңдік  орындалған  жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.

                                                              Р=МС.

Бұл шарт жетілген бәсекелес  фирма үшін пайдасын ең  жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.

 Пайданы мейлінше  арттырудың графиктік талдауы  төмендегі скретте көрсетілген.

7.2-суретте фирманың  шекті (МС) және орташа  (АС) шығындарының  қисықтары мен сұраныс қисығы  Р= MR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде  қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі-Q. АВСD тік төртбұрышының биіктігі өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең (Р-АС).

Оның ені -өндірілген тауарлар саны. Сонымен, фирманың жалпы  пайдасы АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі  Q*-ға тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.

Жетілген бәсекелес  фирманың зиянын мейлінше азайту

   Екінші жағдайды, яғни шығындарды мейлінше азайтуды қарастырайық. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп жорамалдайық.

 

                                    AVC min<P< AC min.                                                                 (5)

 

Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті  тоқтату немесе қысқа  мерзімді кезеңде  қызметін жалғастыру сияқты екі таңдау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне  байланысты болады. Өндірісті тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни Y=TFC.Өз қызметін жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері  өте аз болатын  өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.

  График түрінде  оны былай көрсетуге болады:

7.3-суретте баға сызығы AVC және АС қисықтарының арасынан өтеді. Өндіріс көлемі Q*-ге тең болғанда, Р= МС, зиян мөлшері өте аз немесе АВСD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы зиян ( СВ) мөлшеріне тең. Бұл жағдайда өндірісті тоқтатқанда фирма көп зиян көретінін оңай көрсктуге болады. Шынында да, тұрақты шығындар DCEF тік төртбұрышы ауданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі ( АС- AVC) айырмасына тең, яғни  AFC. Сонымен, DCEF ауданы:

 

                  S DCEF=FFC·Q*=TFC

Ал, S ABCD <S DCEF  екендігі белгілі.

 

Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы

  Үшінші жағдайды  қарастырайық- фирманы жабу. Баға  ең ықтимал орташа айнымалы  шығындардың ең төменгі деңгейінен  аз делік, яғни:

                                                  P £ AVC min

 Бұл жағдайда , фирма  өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына тС-ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері FC-ті құрайды. Бұл жағдай 7.4- суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы AVC қисығынан төмен орналасқан.

7.5. Қысқа мерзімдегі  жетілген бәсекелес фирманың  және жалпы саланың ұсыныс  қисықтары

   Жоғарыда қарастырылған  жағдайларды қорытындылай отырып, “Қысқа мерзімді кезеңде фирма өз өндірісін жалғастырғаны дырыс па?” деген сұраққа  нарықтық баға (3) немесе (5) теңсіздіктерді қанағаттандырған жағдайда ғана жауап беруге болады. Бірінші жағдайда фирма пайда алады, екіншіде зиян шегеді, алайда ол зиян өндірісті жабудан келетін зияннан әлдеқайда аз. Фирма  мейілінше көп пайда алатын немесе зиянды мейлінше азайтатын өнім мөлшерін анықтау үшін (4) теңсіздікті қолдану қажет. Жеке фирманың ұсынысын график түрінде былай көрсетуге болады.

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы