Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Микроэкономика пәні. Микроэкономиканың мақсаты мен міндеттері. Экономикалық ресрустар. Экономиканың негізгі үш мақсаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

микроэкономика.doc

— 633.50 Кб (Скачать документ)

Сұранысқа әсер ететін басқа  да маңызды, бірақ кей уақытта  анықталмайтын фактор тұтынушылардың талғамы мен қалауы болып табылады. Талғам – сатып алушы үшін әрбір тауарда болатын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл көрсеткіш моданың өзгеруінен немесе жаңа ақпараттың пайда болуынан өзгеруі мүмкін.

Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ). Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.

Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.

 

    1. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгеруі.

 

Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардаың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардаың бағасы мен  сатушылар ұсынатын тауар көлемінің  арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.

2.2-кестедегі мәліметтер  ұсыныс заңын бейнелейді, шұжықты  ұсыну көлемі оның бағасы өскен сайын көбейіп тұр. Енді осы көрсеткіштің арасындағы байланысты кестедегі берілген деректер арқылы график түрінде көрсетуге болады.

Ұсыныс қисығы белгілі  бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр. Шұжықтың 1 кг-ның бағасы 3200 теңге болғанда, оның ұсыну көлемі 2 тонна болды, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарылағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемін көбейтеді.

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады.

 

Qs=f (p),

Qs – ұсыныс көлемі, кг;

Р – тауардың бағасы теңге.

 

Ұсыныс  концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.

Мысалы, жанармайға бағаның өсуі таксидің шығынын жоғарылатады, нәтижесінде бұл такси иелерінің өз қызметін ұсынуын төмендетеді.

Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді. Технологиядағы жеткен жетістіктер  тауардың белгілі бір санын өндіру ұшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.

Мысалы, ет өндейтін технологияның  жақсаруы щұжықтың әрбір кг-ын өндірудегі шығынды төмендетеді.

Бірдей ресурстардың көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы өзгеруінің ұсынысы, талданатын тауар өндірісінің балама (альтернативті) құнына әсер етеді.

Мысалы, жүгеріге деген бағаның жоғарылауы фермерлердің нарықта бидайды ұсынуын азайтады, өйткені олар жер бөлігінің көбіне жүгері егіп, аз бөлігіне бидай егуге бейімделеді.

Осы жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып, ұсыныс функциясының жалпы  түрін былай жазуға болады:

 Qs=f(Р, РА, РВ,...Рп, Т,К,Ғ),

Мұнда, Qs- ұсыныс көлемі;

  Р- зерттеліп отырған тауардың бағасы;

  РА, РВ- осы тауарды  өндіруде қолданылатын материалдар  мен шикізаттар бағасы;

  Рп- бірдей ресурстар көмегімен  өндіруге болатын тауардың бағасы;

  Т- салық мөлшері;

  К- қолданылатын технология  тәсілі;

  Ғ- нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.

Ұсыныс  қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауардың бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.

Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.

Мысалы, малға беретін жемнің бағасының  төмендеуі шұжық ұсынысының өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда шұжықты сату бағасы өзгермесе, онда ұсыныс қисығы оңға жылжиды.

Қисықтың S1-ден S2-ге орын ауыстыруы, яғни ұсыныстың өзгеруі  барлық мүмкін бағадағы ұсыныс көлемін  өсіреді. Жаңа S2 қисығының бойындағы  ұсыныс көлемі баға 600 теңге болғанда 8 тоннаға дейін жоғарылап тұр.

Әрбір экономикалық модельдегі тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.

Егер біз сұраныстың 2.1. және ұсыныстың 2.7-суреттерін бір  графикке салатын болсақ, онда төменде  көрсетілгендей болып шығады.

Баға Ро-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады (QD= Qs). 2.9-суреттегі S және D қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-теңдік жағдайы деп аталып, Ро –теңдестік бағасын, ал Qо – сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.

Егер нарықта тауардың бағасы Р1 деп белгіленсе, (Р1>Ро), онда сұраныс көлемі ұсынылып отырған көлемнен көп болады (QD>Qs). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік (дефицит) болады (сұраныс артықшылығы немесе тауар тапшылығы).

Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса, (Р2>Ро), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да (QD>Qs), нарықта ұсыныс артықшылығы орын алады. Осы айтылғандар төмендегі 2.3-кестеде көрсетілген.

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеруі  нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне  әкеліп соқтырады. 2.10, 2.11, 2.12-суреттерде кейбір варианттары көрсетілген.

Нарықтағы тепе-теңдік Е нүктесінде болған. Сұраныс көбейгеннен кейін (D-D2) тепе-теңдік Е2 нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (D-D1) тепе-теңдік нүктесін Е1-ге дейін өзгертті (2.10-сурет).

Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік Е нүктесінде орналасқан. Ұсыныс жоғарылауына

(S-S1) байланысты нарықтағы теңдестік жағдайы Е1 нүктесіне жылжиды.

         Ұсыныс азайған 

Уақытта (S(-)S2)

Нарықтағы тепе-теңдік

   Е2 нүктесінде болады (2.11-сурет).

 

 

 

 

Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса (мысалы, сұраныс көбейіп, ал ұсыныс азайса), онда нарықтағы тепе-теңдік Ео нүктесінен Е1 нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесі де әр-түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.

 

№3 тақырып. Сұраныс  және ұсыныс икемділігінің теориясы (2 сағат)

 

1.Икемділік туралы  түсінік.

2. Сұраныстың бағалық  икемділігі.

3. Сұраныс қисығының  икемділігі.

4. Нүктелік және доғалық икемділік. Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер ететін факторлар, Энгель заңы

 

Нарықты жағдайларды  зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті  және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу  үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

Сұраныс теориясында  үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:

1) - бағалық икемділік коэффиценті;

2) - табыстық икемділік коэффиценті;

3) - қиылысқан икемділік коэффиценті.

Бұл жердегі бағалық  икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш сұраныс  көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне  сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа  факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады.

Сұраныстың  бағалық икемділігін анықтаған  кезде тауарға деген сұраныс  төмендегідей бес түрге бөлінеді:

1) икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең; 3) өте икемді; 5) өте икемсіз.

Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.

Сұраныстың бағалық  икемділігін график түрінде көрсетейік.

Бұл графикте сұраныс көлемі бағаның өзгеруіне сезімталдықпен жауап беріп тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс көлемін 30 данадан 60-ғп дейін көбейтіп тұр.

Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр. Түсім дегеніміз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТR = P×Q,

Мұнда, ТR – түсім, m;

             Р – тауардың бағасы, m;

             Q – сатылған тауардың көлемі, дана.

Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр (3.1.-сурет).

Сонымен жоғарыдағы суретте  келтірілген сұранысты икемді деп  атаймыз.

Көбінесе, ауыстырушы (субстит) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, «Султан» макаронына деген сұраныс икемді болады, себебі оны ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияөты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, тұтынушылардың оларға деген сұранысы өте азайып кетеді.

Егер бағаның өсу  проценті сұраныс көлемінің өсу  процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын  болса, онда сұраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс икемсіз болады (3.2-сурет).

Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады (3.3.-сурет).

Сұраныстың бағалық  икемділігінің төмендегідей екі  ерекше түрі бар (3.4, 3.5-суреттер).

       Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.

Сұраныстың бағалық  икемділік коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.

 

- нүктелік икемділік.

- доғалық немесе сызықтық  икемділік.

 

Q1, Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;

Р1, Р2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.

Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен  ∞ (1 < | Ер | < ∞) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні (0 < | Ер | < 1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер | Ер | = 1 болса, бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.

Егер Ер(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауарлы болады.

СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне  байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.

Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:

1) қарастырып отырған  тауарды ауыстырушы (субстит) тауарлар  көп болса, онда бұл тауарларға  деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;

2) тұтынушылардың баға өзгеруіне  бейімделуі;

3) баға өзгеруін күтуі.

Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Еі - оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Еі > 0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні  Еі < 0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.

Еі (D) – 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;

- сұраныс функциясының табыс  арқылы алынатын алғашқы туындысы;

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы