Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 17:09, курсовая работа

Краткое описание

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................4
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері...............................................................6
1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның ролі.................................11
І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі...............................18
1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі......................................24
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК КАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1.Қазақстан Республикасы өнеркәсіп салаларының қазіргі
жағдайы..............................................................................................................29
2.2.Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикадағы алатын орны................................................................40
2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын орны....................................................................................................................45
III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................56

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ӨНЕРКӘСІП-САЛАЛАРЫН-ДАМЫТУ-МЕН-ӨНІМНІҢ-САПАСЫН-АРТТЫРУ-ЖОЛДАРЫ.doc

— 463.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.....................................................................................................4

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

І.І.Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері...............................................................6

1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның ролі.................................11

І.3.Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі...............................18

1.4.Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі......................................24  

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК КАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

2.1.Қазақстан Республикасы  өнеркәсіп салаларының қазіргі

жағдайы..............................................................................................................29

2.2.Оңтүстік Қазақстан  облысындағы өнеркәсіп салаларының  жағдайы мен оның республикадағы  алатын орны................................................................40

2.3.Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде "ФудМастер" компаниясының алатын  орны....................................................................................................................45

III. ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МЕН ӨНІМНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................56

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім  өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы жағдайын талдау. Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында «Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық» - онда 2008 жылы (жан басына шаққандағы) жалпы ішкі өнім Еуропа елдерінің терезесіне  тең келетініне сеніміміз мол екендігі және экономикаға 30 миллиярд $ тікелей шетел инвестициясы тартылғаны үлкен көрсеткіш. Бұл біздің Қазақстанды барша инвесторларға тұрақты, сенімді әріптес екенін мойындатқанымыз болып табылатындығы айтып өтіліп, отандық тауар өндірушілерді толығымен қолдауымыз қажет екендігін айтты. Міне осыған байланысты былтырғы жылдың 19 наурыз айындағы ел осыған байланысты былтырғы жылдығы 19 наурыз айындағы ел басымыздың Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы және бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік салаларда еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісу керек екендігі айтылған. Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.

Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика  халқы мен табысы-ның хал – ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалынды., сонымен бірге өнеркәсіптің  материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары. Бүгінгі күні өнеркәсіптің басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге қабілеттілік деңгейімен  байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады. Бәсекелестік экономиканың қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға, өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді. Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.

 

 

 

І  НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері

 

Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсам, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті сызба жүзінде «кіретін жағы» және «шығатын жағы» бар тік үшбұрыш  ретінде бейнелеуге болады.

 

«Кіретін жағы»                                 «Шығатын жағы» 

 

/ресурстар/      →      Өндіріс      →        /игілік/

 

«Кіретін жағында» өндіріс ресурстары орналасқан. Олар адам-ның өндірістік қызметінің қажетті шартын құрайды, қоғамның өз дамуының сол кезеңіндегі күш қуат, мүмкіндіктерінің көрінісі болып табылады.

Өндірісте пайдаланылатын ресурстарды экономикалық теорияда мынандай түрлері бойынша: табиғи, еңбек, материалдық, қаржылық, ақпараттық деп ажырату қалыптасқан. Өндіріс қол еңбегіне негізделген кезде еңбек және табиғи ресурстар басым болады. машиналы өндіріс материалдық ресурстарды бірінші орынға шығарады. Ғылыми – техникалық революция ақпаратты өмірге әкелді және маңызды ресурсына айналдырды.

Қоғамдық пайдалы еңбекке қабілетті тұрғын халық еңбек ресурстарын құрайды. Бұл ресурстардың ерекше түрі сөзсіз өндірістің белсенді әрі жасампаз негізі жөнінде болып отыр. Еңбекке қабілетті тұрғын халық нақты әлеуметтік – эконмикалық, мәдени, саяси және басқада қоғамдық жағдайлардың ықпалымен екі топқа бөлінеді: «Экономикалық белсенді» және «экономикалық сылбыр» тұрындарға бөлінеді. Ал өндірісті жүзеге асыруға көмектесетін заттардың жиынтығы «қоғамның материалдық ресурстарын құрайды». Егер табиғи ресурстардың табиғи негізі болса, материалдық ресурстар адам қолымен жасалынады, өндірістің нәтижесі де болып табылады.

Материалдық ресурстар қоғамның өндірістік күш – қуатының негізгі бөлігін құрайды. Олар: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, станоктар, механизмдер, жолдар, көпірлер, байланыс құралдары және тағы басқалары.

Өндірістің қарапайым сызбалармен бейнелеуін: «кіретін» және «шығатын» белгілері бар тік үш бұрышты еске түсірейік. Мұның алғашқысын түсіндіріп өттік. Олар - өндірістік ресурстар. Енді тік үшбұрыштың ішінде нендей нәрселер өтетіндігін анықтаудың кезегі келді. Өндірістің ресурстардан көрініс тапқан мүмкіндіктері тікелей өндіріс процестерінде жүзеге асырылады. Міне, өндіріс процесі шеңберінде «ресурстар» материалдық игіліктерді жасаған кезде белгілі қызмет атқаратын «өндіріс факторларына» айналады. Демек, өндіріс факторлары – бұл қимыл әрекетке келтірілген ресурстар. Ресурстардың жекелеген түрлері бір – біріне тәуелсіз өмір сүре алады. Өндіріс факторлары бір – бірінен дербес өмір сүре алмайды. Олар өзара бірлескен әрекетке, бір бірімен бірігу арқылы маңызды. Осы бірігу арқылы ғана қажетті игіліктерді жасайтын өндіріс пайда болады.

Кез – келген өндірістің алдында үш негізгі міндет тұр. Оларды мынандай сұрақтармен бейнелеуге болады:

1. Нені өндіру қажет?

2. Қалай өндірген жөн?

3. Кім үшін өндірілуі тиіс / немесе өндіріс нәтижелерін қалай бөлу керек?/

Осы міндеттерді табыспен шешу үшін өндіріс ұйымдастырылуы қажет. Өндірісті ұйымдастыру – оған қатысушылардың іс - әрекеттерін қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағындыру, бір жүйеге келтіру деген сөз. Өндірісті ұйымдастырудың екі негізгі деңгейі болады. бірінші деңгейі «өндіргіш бірлік» ретіндегі жеке кәсіпорынның қызметінен көрініс табады. Әр бір кәсіпорын тұтастық шеңберінде ерекше міндеттерді (функцияларды) орындайтын құрамдас бөліктері бар күрделі организм болып табылады. Кәсіпорындар арасындағы байланыстан өндірісті ұйымдастырудың екінші деңгейі өз көрінісін табады. Оны «қоғамның деңгейі» деп атайды. Онда өндіріс жаңа қорларға ие болады. оларды зерттеу аталған құбылысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Ал халық шаруашылығы өз кезегінде материалды өндіріс және өндірістік емес сферасына бөлінеді. материалдық өндіріс сферасы материалдық игіліктер өндіретін барлық өндірістік іс әрекеттер түрлерінің жиынтығын қамтиды. Оларға: еңбек құралдары (машиналар, аппараттар, құрылғылар), еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, тамақ өнімдері, маталар, киім және т.б.) және энергия түрлерінің барлығы жатады. Сонымен қатар матеиалдық өндіріске жүк тасымалдау, өнімді сақтау оны сорттау және қораптау жатады. Материалды  өндірістің маңызды құраушысы болып – бұл қазба байлықтарды, табиғи және ауыл шаруашылық материалдарын өндіруді жүзеге асыратын және оны дайын өнімге дейінгі процесті қамтамасыз ететін өнеркәсіп жатады. Әдетте өнеркәсіпте еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі байқалады. Ал еңбек құралдары мен жұмыс күшінің бірігуінің мақсаты болып - өнеркәсіп өнімдерін шығару болып табылады. Өнеркәсіп екі үлкен сала топтарына бөлінеді: өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі. Өндіру өнеркәсібіне мұнай және газ өндіру, тау-кен өндіру, көмір өндіру, қара және түсті металлдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіру, энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен өндіру жатса, өңдеу өнеркәсібіне жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өңдеумен айналысатын, машина жасау, қара және түсті металлдарды өңдеумен айналыстаны кәсіпорындарды жатқызамыз.

Сонымен қатар өнеркәсіп өндіріс заттарын өндіру («А» тобы) және тұтыну заттарын өндіру («б» тобы) деп те жіктелуі мүмкін. Кейбір өнеркәсіп өнім түрлерінің барлығы «А» тобына жатса (станоктар құрылғылар және т.б.), біреулері түгелмен «Б» тобына жатады (тігін бұйымдары, аяқ киім, тамақ өнімдері және т.б.). Өнеркәсіп түрлерінің бірқатары өндірістік мақсатта жұмсалса, сондай – ақ өндірістік емес мақсаттарға бағытталуы мүмкін (электроэнергия, көмір, маталар, бензин). «А» тобының өнімдері еңбек заттары және еңбек құралдары деп жіктеледі.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:

● Тау кен өнеркәсібі;

● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;   

● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен

   өндіру;

● Өңдеу өнеркәсібі;

● Темекі бұйымдар өндірісі;

● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;

● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;

● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және

   аяқ киім өндірісі;

● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;

● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;

● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру

   және қайта өңдеу;

● Химия өнеркәсібі;

● Мұнай айдау;

● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға

   жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;

● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;

● Металлургия өнеркәсібі;

● Түсті металл өндірісі;

● Дайын металл бұйымдарын өндіру;

● Машина жасау.

 

 

 

 

 

1.2. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның рөлі

 

Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің  қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады, оның ішінде негізгі орынды халық шаруашылығының барлық салалары үшін өндіріс қорларын өндіретін ауыр өнеркәсіп алады. Сондай – ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптері үшін жеке тұтынатын заттар дайындайды.

Өнеркәсіп саласы – бұл  өнеркәсіптік және өндірістік бірлестік-тердің жиынтығы. Сапа құрамына жаңа өнімді дайындайтын ғылыми зерттеу, жобалық және жобалық конструкторлық ұйымдар да кіреді. Әрбір саланың өзінің экономикада және ұйымда көрінетін спецификалық ерекшеліктері болады. Өнеркәсіптің салалық құрылымы жекелеген салалардың  меншікті үлесінің арақатынасын көрсетеді және ол келесідей белгілері бойынша топталады:

1) Халық шаруашылығында өнімді нақты пайдалану қағидасы бойынша екі бөлімге бөлінеді:

а) өндіріс құралдарын өндіру;

б) тұтыну заттарын өндіру.

2) Еңбек заттарына әсер ету қағидасы бойынша барлық салалар екі топқа бөлінеді:

Информация о работе Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы