Шпаргалка по "Туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:30, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Туризму"

Содержание

1.Әлеуметтік құбылыс ретінде туризмнің негізгі функциялары
2.Спорттық туризмнің түрлері
3.Белсенді саяхаттардың түрлері
4.Туризм түсінігінің пайда болуымен дамуы. Қазіргі «Туризм» түсінігінің негізгі белгілері.
5.Кіру және шығу туризмі
6.Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті
7.Туризмде қауіпсіздік түсінігі
8.Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадырлар түсінігі.
9. әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
10.Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі
11.Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
12.Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары
13.Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
14.Халақаралық және ішкі туризм
15.Қазақстан республикасында жоғары оқұ орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқұ бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
16.Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм
17.Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
18.Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
19.Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
20.Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы
21.Қоғамдық туристік үйымдар
22.Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары
23.Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру
24.Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
25.Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
26.Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
27.Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. ҚР туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
28.Белсенді туризм түсінігі.
29.Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
30.Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
31.Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
32.«Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері.
33.Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері
34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы
35.Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру.
36.Туризмде интернеттің ролі
37.Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО).
38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.
39.Туристік маркетингтің ролі.
40.Туризмде маусымдық фактор

41.Туризмде тамақтану жүйесі
42.Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары
43.ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары.
44.Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
45.«Туризм» және «рекреация» түсініктерінің байланысы
46.Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
47.Туристік қызметті сертификациялау мен стандарттау
48.Туристік кәсіпорнының құрылымы
49.Туризм – XX ғасырдың феномені. Туристер мен экскурсанттар
50.Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
51.Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. 52.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (ВЦСПС)
53.туристік жарнама
54.Туристік ағым және туризмдегі маусымдық
55.Шығыс Қазақстанның туристік қоры
56.Батыс Қазақстанның туристік қоры.
57.Солтүстік Қазақстанның туристік қоры
58.Орталық Қазақстанның туристік қоры
59.Оңтүстік Қазақстанның туристік қоры.
60..Туристік шаруашылық
61.Туризм түрлерінің сипаттамасы
62.«Туристік қор» және «туристік аудандастыру» түсініктеріне сипаттама
63.Экологиялық туризм.
64.Туризмде сақтандыру
65. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Mamandikka_kirispe.docx

— 161.02 Кб (Скачать документ)

Туристердің қажеттіліктері мен талғамдарына байланысты, туристік құндылықтарды келесідей бөліп  қарастыруға болады:

  1. табиғи ортаның қалыптасқан жағдайына қарамастан демалысты ұйымдастыру;
  2. арнайы, туризмнің кез-келген түрін қоршаған ортаға байланысты, табиғат ерекшеліктерін қолдану арқылы жүзеге асыру, минералды су көздері немесе қолайлы климат жағдайлары болған жағдайда - бальнотерапия және тағы басқа емдік сауықтыру түрлерін ұйымдастыру;
  3. танымдық, табиғи ерекшеліктермен (қорықтар, саябақтар және т.б.) бірге, материалдық және рухани құндылықтарды: ескерткіштер, фольклор, қоғамның қазіргі заман жетістіктерін қоса қарастыратын демалысты ұйымдастыру.

Туризм географиясының мәселелерін  теориялық және практикалық тұрғыдан географиялық орта кеңістігінде шешу жолында таксономия үлкен рөл  атқарады

"Туристік жергілікті  орын (местность) - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).

Географиялық ландшафтық белдеу орнына байланысты: таулы, теңіз жағалауы, көлдің жағалауы және т.б. болып бөлінеді. Туристік құндылығы, атқаратын қызметіне  және туристік шаруашылықты жүргізу  түріне байланысты: а) демалыс орны; б) курорт; в) танымдық туризм орындары; г) транзиттік туризм орындары (мысалы, шегаралас аудандар) болып жіктеледі.

"Туристік орталық" - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.

"Туристік аудан" - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. "Рекреацияның шаруашылық потенциалы" немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.

"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

Туристер мен демалушылардың тамақ  пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

     "Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.

"Қосалқы қызмет базасына" туристерге келесі негізгі қызмет  көрсету түрлері кіреді: табиғаттың  қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру,  шомылу орындары, тамашалау алаңдары  және т.б.); спорттпен шұғылдану;  ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік  құрал-жабдықтар мен сувенирлерді  өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер  және т.б.

"Туристік территория  немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.

Туризм географиясының негізгі  түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі  болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен  көп ұқсастықтары байқалады.

 

33/ Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері.

Туризм  техникасы- туристік  міндеттерді  тиімді  тиімді  түрде  орындау  үшін  қолданылатны  техникалық әдістермен  құралдары.Мақсаты  бойнша туризм етхникасы  мынадай  болады:табиғи  кедергілер  қозғалу  техникасы  немесе  кедергілерден  өту  техникасы.екншісі--  сақтандыру  техникасы.үшінші бивак  техникасы.тортінші  -жергілікті  жерде  бағдарлау  техникасы.бесініші- іздестіру,құтқару техникасы.

Туризм  тактикасы дегеніміз  қойылған  мақсатқа  адам  күшін,қаржысын, жабдықтарын,уақытын  мүмкіндігінше  аз  жұмсап  қауіпсіздіктітің  қажетті  деңгейін  сақатп,шаралар  мен әрекеттер   жиынтығын  қолдану.Тактикаға  кіретін   категориялар:  жорықтың   графиктік  жоспары,қатысушылар,құрал  жабдықтар,тамақтану,жолды  жоспарлау.Туристік тактика   техникалық  ә дістаер  мен  техникалық   құралдарды   таңдау  арқылы   іске асырылады.

Ұйымдастыру  кезінде   мынадай  тактикалық  шешімдер:

1)Маршрут  арақашықтықтарын  және  ұзақтығын   анықтау   рекреациялық  және  танымдық  нысандарды  таңдап  алу.

2)Маршруттың  ең   қолайлы   тактикалық  схемасын:Олар:сызықтық,айналмалы,радиалды

3)Бивактардың  орнын   таңдау

4)Жорық  графигін  жасау.

5)Топтың  материалдық   техникалық  жабдықталуы.

6)Қозғалыс   режимін   жасау

Пайдаланатын субъектілер  бойнша жеке және  топтық  болып  бөлінеді.Спорттық  жорықтың  мақсаты  туристік   тәжірибені   жетілдіру,споттық  дәрежені  орындау,жарыстарға  қатысу.Спорттық топ  болса  онда  жорыққа  қатысушы  қиындығы  бір жәреже  төмен  жорыққа  қатсуы  керек.Мысалы,топ  жетекшісі  бұрын  қатысуы  креек  және  киындығы 1 категориялы   төмен  жорыөты бұрын  атқару  керек.

Сырттай өткізілетін  жарыстар ол  туристік  спорттық жорықтың  жарыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34.Совет одағында Ұлы отан соғысынан кейіннен 1991 жылға дейін туризмнің дамуы.Соғыстан  кейін, халық  шаруашылығының  қалпына  клтірілуімен   бірге  туристік  экскурсиялық   мекемелер  жүйесі  де  қайта  құрыла  бастады.Бірақ  әлеуметтік  сфераны  екінші  кезекте  ғана  қаржыландыру  қағидасына  орай  бұл  үрдіс   шапшаң  түрде  өте  алмаған.Оның үстіне  туризм мен  экскурсияларды   басқарған  органдар   билік  жағынан қысу, мамандарды  бір  орнынан  екіншісіне  ауыстыра беру,жалған,косметикалық реформалар  саясатын  жүргізген.Дегенмен,жылдан жылға  халықтың  әртүрлі  топтарының: еңбекшілердің,мектеп  оқушыларының,студенттердің   туримге  деген   қызығуы  арта  түсті.1949жылы туризм  спорт  тұрі  ретінде Бірыңғай  спорт  классификациясына  енгізілді.Туризмнің  белсенді түрлері: жаяу,су,шаңғы,велосипед  туризмі  үшін «КСРО  спорт  шебері »атағын  орындауға  өойылатын  талаптар  орнатылды.1 950жылы  Мәскеу туризм  клубы  ашылды.60жылдары кәсіподақтардың  туристік  экскурсиялық  мекемелері  он  үш  мыңнан  астам  сызықтық,айнымалы, радиалдық  маршруттарды әзірледі.Бүкілодақтық  және  дергілікті маршруттар бүкіл  ел  аумағын және  Кеңес  Одағын  пен  кызыкты  калаары  мен  Камчатка,Курил  аралдары,Кавказ,Кырым,Памир,Алтай.Тянь Шань  сиякты  көрікііт  жерлерін  кору мұмкіндігін  берген.

 

35. Ойын-сауық және аттракция жүйесі. Туристердің және экскурсантардың бос уақтысын ұйымдастыру. Турға тікелей немесе қосалқы түрде кіретін ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған белсенді немесе пассивті ойын-сауық түрлері саяхат түріне, туристер контингентіне байланысты. Аттракцияға туристік-экскурсиялық қызмет, көңіл көтеру іс-шаралары (фестиваль, шоу, концерттер), спорт іс-шараларына қатысу, дүкендер, ойын кешендеріне қатысу.  Көңіл көтеру мақсатында әр түрлі аттрактивті кешендері бар тақырыптық парктер салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36. Туризмде интернеттің ролі- Қазіргі таңда маркетинг және жарнама-ақпараттық мақсатта интернет мүмкіншіліктерін пайдалану перспективті болып табылады. Интернет сәтті маркетинг құралдарының бірі болып табылады, оның дәстүрлі құралдардан ерекшеленетін уникалды ерекшеліктері көп. Интернет қасиеттерінің бірі - ақпаратты қабылдау мен таратудың жоғары әсерлілігімен гипермедиалық табиғаты, бұл маркетингтің туристік кәсіпкерліктер өзара байланысын нығайтудағы мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Оның ішінде, электронды жарнама кең таралған.

Үшінші мың жылдықтағы даму бағытын анықтайтын XIX ғасырдың соңында әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компьютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің  арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді.

Туризм және интернет. Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.

Интернет ақпараттар сақтайтын  ең ірі қойма секілді ол кең  ауқымды қызықтырып, өзіне тартатын асазор электронды супермаркет. Оның әлемді өзіне бағындыру жылдамдығына таңданасың. 50млн адам аудиториясын жеңіп алу  үшін радио 38 жыл қажет етті, ал Интернетке – барлығы 4-ақ жыл. Пайдаланушылар саны ай сайын 15% өсуде. Егер де автомобиль өндірісі осындай жылдамдықпен дамығанда, технология индустрисы ретінде, онда ең қымбат және сәнді автомобильдің  құны 2 АҚШ доллары болар еді, ол дыбыстың жылдамдығындай жылдамдықпен жүрер еді және оның бір құйған жанармайы 600 мильге жетер еді.

Интернет арқылы жиі қойылытын  сұрақтардың бірі – туристік өнім.

Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық  көрсетілген. Ірі-ірі компаниялар  Интернетті жақсы түсініп қабылдады  және оның желілеріне үйренді. Олар өздерінің  жеке сайттарын ашты (Web-сайты).

2) Жыл сайын ақпан айында  Мадридте өтетін халықаралық  туристік көрме-биржа (FITUR). FITUR –  бұл Испандық және Латынамерикандық  туристік өнімдерді көру көрмесі;  бұл «Еуропа мен Америка арасындағы  көпір»;

3) Лондон қаласында өтетін  Дүниежүзілік туристік көрме  (WORLD TRAVEL MARKET, WTM).

 

 

37. Дүниежүзілік туризмнің дамуында халықаралық туристік ұйымдарының ролі. Халақаралық туристік ұйым ( ЮНВТО). Туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар арасындағы келісілген іс-әрекет қажеттілігі 20 жылдардан бастап сезіле басталды. Мәселені шешу мақсатында 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциациялардың халықаралық конгрессі құрылды, 1927 жылы - Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгрессі, 1930 жылы Туризмді насихаттау мен ресми ұйымдардың халықаралық бірлестігі құрылды. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты бақылаудағы қарама-қайшылықтар туризмнің дамуы үшін үлкен кедергіге айналды. Осыған орай, жоғарыда аталған үш ұйым негізінде Париж қаласында (1947 жылы) 116 мемлекет өкілдерін біріктірген Ресми туристік ұйымдардың халықаралық бірлесітігі (РТҰХБ - МСОТО) құрылды.

1969 жылы РТҰХБ өкімет  аралық Дүниежүзілік туристік  ұйымға қайта құрылды. ДТҰ жарғысы  өз күшіне 1975 жылы 51 мемлекетпен  ратификациялаудан кейін енді.

БҰҰ және ДТҰ арасындағы келісім қайталауларды алып тастау мақсатында екі жақтың ассамблеялар және конференциялар кезінде бақылаушы  ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.

ДТҰ әлемдік  туризмнің  талдауы  келулер мен халықаралық  туризмнен түсетін  пайданы, табыстардың  өзгеруін анықтайды.

ЮНВТО-БҰҰ Дүниежүзілік  туристік  ұйымы,1975жылы  құрылған.Оған  әлемдік  туризм индустриясында  басты  рол  ойнайтын елдер  кіреді.Орталығы  Испания  астанасы Мадридте  орналасады.ЮНвто  статтстикалық  мәліметтердің  талдауымен,трендтерді  анықтаумен,мүшелеріне  туризмді  жоспарлау  мен  ұйымдастыруда   көмек  көрсетумен айналысады.

38.Мемлекет экономикасында туризмнің ролі.

Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.

Информация о работе Шпаргалка по "Туризму"