Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
- Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
- Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
- Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18
Қорытынды...................................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

АХМЕТОВА АЗАМАТТЫК.docx

— 84.17 Кб (Скачать документ)

 

 

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................................................3

  1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
  2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
  3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18

 

Қорытынды...................................................................................................................................21

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.

Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті. Қазақстан Республикасында шарттық құқықтың тарихы дамудың ұзақ жолынан өтті және де әдеттік құқықпен реттелінді. Бұл құқықтық жүйелердің көп ғасырлық дамуының нәтижесінде шарттар жасасу сферасындағы міндеттемелік мүліктік қатынастарды, жалпы қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтық нормалардан саралау арқылы пайда болады. Феодалды патриархалды қатынастардың өмір сүрген дәуірінде азаматтық құқықтық шарттардың ең көнесі болып сатып алу-сату шарты болып табылады. Олар қазақ қауымының шаруашылық өмірінде көп қолданылды. Шарттық қатынастар сатып алу-сату процесі кезінде қалыптасып қазақтардың әдет құқығымен реттелінді.

Ол ауызша келісім сипатында болады. Шарт жасасу және оны орындау шарт тараптарының моральдық принципіне негізделеді. Қазақтардың әдеттік құқығы бойынша шарттар ауызша болғандықтан олардың жарамдылығының кепілі болып куәлар табылады. Куәлар моралдық жағынан қоғамның ойынан сенім және құрмет табу керек болады. Сондықтан қазақтардың шарттық құқығында тұлғалардың мінездемесі үлкен рөль атқарады. Сатып алу-сату шарты экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты күрделеніп отырды. Бастапқы кезеңде шарт жасасу үшін әдеттік нормалар қолданыста болады және тараптар шарт жасасқандығын дәлелдеу үшін бір-біріне қол берісіп «береке тап» деп айтуы керек болады. Көбінесе мұндай жағдайда заттың фактілік берілуі шарттың жарамдылығы болып табылады. Заттың құқықтық мәртебесі де анықталған. Қазіргі кездегі терминологияны қолдансақ шарт пәні болып айналыстан алынбаған заттар ғана табылады. Бірақ билердің рұқсат етуімен айналыстан алынып тасталған заттар сатып алу-сату шартының пәні болуы мүмкін болады.

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.

Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:

  • Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
  • Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
  • Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Курстық жұмысы кіріспеден, үш кең бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады.Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.

Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті  Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.

 

Сатып алусату шарты бұл – мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi.Əрекет етушi азаматтыққұқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты.Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер,жеке жəне мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi.Əрбiр шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алусату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алу сату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады.Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтыққұқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады.Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.

 Сатып алусату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың

Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады. Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады.

Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алусату шартын онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарым қатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406 бабына сəйкес: “Сатып алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының)

меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын

(бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай анықтама қатысушылардың  қатарын толық қамтуға

мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект

ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.[1,133 бет]

Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады.

Бұл мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. Атап өтiлгендей, сатып алусату шарты мүлiктi беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды.

Ертеректе бөлек болған тауар жеткiзiлiмi, келiсiмшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазiр сатып алу сату шартының түр түрлерi болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу сату шарты, кəсiпорынды сату шарты қарастырылған. Бiздiң ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюiне байланысты бiздiң азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негiзiнен қандай да болсын сатып алусату шартына ерекше бөлiмде 25тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алусату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi. Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алу сатуда, егер заңнама оларды сатып алу сату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алусатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осылардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.

Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алу сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол,екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып алу сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.

Сатып алу сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе теңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепе тең айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.

Кейде сатып алу сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi шартпен жасалса). Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып алу сату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтықтан ауытқу болуы да мүмкiн. Сатып алу сату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алусату шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып алу сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн. Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алусату шартының элементтерi болып бiздiң көзқарасымыз бойынша да субъект, объект жəне мазмұн болып табылады. [2,165 бет]

Информация о работе Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері