Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
- Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
- Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
- Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18
Қорытынды...................................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

АХМЕТОВА АЗАМАТТЫК.docx

— 84.17 Кб (Скачать документ)

Ерте құқықта меншік түсінігін беретін арнайы термин болған жоқ. Ерте кездегі dominium термині "билік ету" дегенді білдірді және бұл термин зат кімнің билігінде болса соған қатысты қолданыла берді. Меншік құқығының мазмұны меншік иесінде бір мезгілде:

-затты пайдалану

- затқа билік ету

- затты пайдалану нәтижесінде  кіріс алу және затқа билік  ету құқықтарының болуымен түсіндірлді.

Пайдалану құқығы затты өзінің материалдық және рухани қажеттілігі үшін пайдалану, соның ішінде өнім келтіретін зат, зат ретінде өзінің пайдалануы және басқа тұлғалар арқылы пайдасын алу ретінде түсіндірілді.

Билік ету құқығы үшінші түлғалардың талабымен емес, өзінің қалауы бойынша билік ету мүмкіндігін білдірді, яғни заттың юридикалық тағдырын шешу кұқығы. Иелену затты нақты іс жүзінде иелену арқылы түсіндіріледі. Осы үш құқығы болған кезде ғана меншік құқығы туралы айтуға болатын, корыта айтқанда осы үш термин меншік құқығының мазмұнын білдіреді.

Меншік құқығы шексіз емес. Тіпті ерте рим заңдарының өзі меншік құқығына шектеулер қойды.

Занды шектеулер 12 кесте заңдарымен бекітілген болатын. Олар:

- Меншік иесі өзінің  учаскесіне бір күн сайын көршісінің  учаскесінде өсіп тұрған ағаштан түскен өнімін жинау үшін көршісін жіберіп түру;

-  15 футтан асатын бұтақ өскен жағдайда, егер меншік иесі оны кеспейтін болса, бұтақты кесіп, тіпті ағаштың өзін кесу, егер оны меншік иесі өзі жасамайтын болса;

- Өзінің учаскесінің үстінен  жарты футтан асатын құрылыс  салуға

-  Меншік иесі белгілі  бір сыйақыға өз учаскесінен  өткізіп тұруға міндетті болды.                                                                                   

Меншік құкының түрлері. Меншіктің үш түрі белгілі болды. Олар:                                                                                                   

  1. Квириттік меншік
  2. Преторлық меншік

- Перегриндік меншік

      Квириттік меншік ерте Римдегі меншіктің ертеректегі түрі болып  саналады. Квириттік меншік құқығының белгілері: квириттік меншіктің субъектісі болып тек рим азаматы саналатын; квириттік  меншіктің объектісі тек манципациялық заттар; квириттік меншік құқығы тек манципация жолымен пайда болатын. Шаруашылық өмірдің дамуына байланысты азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындады және рим емес азаматтардың құқықтарын қорғау қажет болды. Біртіндеп меншіктің жаңа түрі пайда болды және ол квириттік құқықпен танылмады және қорғалмады, бірақ претордың қорғауында болды. Претордың қорғауымен жүзеге асырылған меншіктің түрі преторлық меншік деп аталды. Преторлық меншік бойынша манципациялық заттар манципациялық емес жолмен иеліктен шығарылатын. Квириттік меншік бойынша мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылып, виндикациялық талап берілетін және бұл азаматтық айналымның тұрақтылығьна кері әсерін тигізетін. Кейін мұндай нысан шаруашылықтандырудың жаңа нысанына сәйкес келмеді. Сондықтан претор мұндай жағдайда жауапкердің құқықтарын қорғайтын, және мәміле орындалған болса, претор судъяға талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жазба жазатын.

Перегриндік меншік преторлық меншікпен қатар дамыды және ерекше түрі ретінде қарастырылды. Себебі перегриндар ерекше мәртебеге ие болды, нақтырақ айтқанда олар рим азаматтарына қарағанда құқықтары шектелген болатын. Меншік сонымен қатар ортақ болуы да мүмкін, егер екі немесе одан да көп тұлғаға тиесілі болатын болса. Ортақ меншік иелері ортақ пайдалану және иелену құқығына ие болды. Өнімдер де олардың үлестеріне қарай бөлінетін. Егер де затты пайдалану әдеттегі тәртіптен шығып кетсе, онда басқалардың келісімі қажет болатын.

Меншік құқығының пайда болу тәсілдері бастапқы және туынды тәсіл деп екіге бөлінетін. Бастапқы тәсіл дегеніміз затқа меншік құқығының алғаш пайда болуы. Мұндай тәсілдерге басып алу (оккупация), иелену көнелілігі бойынша меншік құқығының пайда болуы, қойма, спецификация жататын.

Туынды тәсіл дегеніміз меншік құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі. Бұған: заттарды беру, өсиет бойынша бас тарту, бөтен біреудің меншігін пайдаланудан түскен кіріс, өнім және шарт негізінде меншік құқығының ауысуы жатады.

Оккупация дегеніміз ешкімге тиесілі емес затты өз меншігіне айналдыру. Басып алу иесіз заттарға қатысты қолданылады. Ешкімге тиесілі емес заттарға - иесіз заттар, жабайы аңдар, құстар, балықтар, табиғи емес заттар;

- бас тартқан заттар, сынған  заттар, бүлінген заттар;

- бұрын рим азаматына  тиесілі болмаған жаулап алу  және соғыс кезінде алынған заттар жатады.

Жоғалтылған және жасырылған заттар екіге бөлінді: олжа жэне қойма деп.  
Иелену көнелілігі бойынша затты иелену. Иелену көнелілігі -бұл затты адал ұзақ уақыт бойы пайдалану нәтижесінде меншік құқығының пайда болуы. Иелену көнелілігі ерте цивильдік құқықтың өзінде танымал болған. Ол рим азаматтарына қатысты қоданылды және меншік құқығы қозғалатын заттарға бір жылдан кейін, қозғалмайтын заттарға екі жылдан кейін пайда болды. Юстинианның Кодификациясында бұл мерзімдер қозғалатын мүлік үшін үш жыл, қозғалмайтын мүлік үшін бір жыл болды. Иелену көнелілігі бойынша меншік құқығы пайда болу үшін мына алғышарттар орындалуы керек болды: а) иеленудің заңды негізі; б) адал иелену; в) иелену мерзімінің үздіксіз жүргізілуі. Иелену бір адаммен үздіксіз жүргізілуі кажет бодды. [9,112 бет]

Қойма. Қойма дегеніміз қандай да болмасын жерде бұрыннан жасырын жатқан, ашқаннан кейін иесін табу мүмкін болмайтын құндылық. Бөтен біреудің жерінен оқыста тауып алған қойма тауып алған адам мен жердің қожайынының ортақ меншігі болып саналды. Мақсатты іздеу нәтижесінде жердің қожайыныньщ рұқсатынсыз және оны ескертпей тауып алынған қойма олжаға теңестірілді және оны беру қүқықбұзушының болып саналды. Қасиетті жерлерден тауьш алынған қоймаға меншік құқығы пайда болмайтын.

Спецификация - бір немесе бірнеше заттардан жаңа зат дайындау. Ие болу құқығы материалдың меншік иесіне тиесілі болатын немесе өз еңбегімен затты өңдеген адамға тиесілі болатын. Юстинианның құқығы бойынша спецификатор жаңа заттың иесі меншік иесі болып саналды, егер ол бетен затқа өз затьганың бір бөлігін қосу арқылы жаңа зат өндеп шығарса. Мұндай жағдайда ол материалдың қүнын беруге тиісті болды. Заттарды беру- традиция.

Традиция- затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Традиция негізі шарт болды. Бастапқыда тради-ция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манци-пациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Традиция көмегімен меншік құқығының ауысуы- негіз арқылы ауысатын. Бұл негіз тараптардың еркі болып табылды. Юстиниан Кодификациясында традиция меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірден-бір тәсілі болып саналды. Традиция бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.

Заттарды біріктіру бір затты екінші затқа қосу және оның бір құрамдас бөлігі болу. Заттарды біріктірген кезде әр түрлі меншік иесіне тиесілі заттар бірігеді. Қозғалатын заттар ұнтақталатын заттар және ұнтақталмайтын заттарды араластыру нәтижесінде бірігетін. Біріктірген заттардың қайсысы негізгі зат деген сұраққа заттың шаруашылық бекітілу маңыздылығына, құндылығына байланысты анықталды. Жаңадан пайда болған заттың меншік иесі біріктірілген заттың құнын төлеуге міндетті болды.

Меншік қүқығын корғау кез-келген қүқық бұзушыға қарсы әрекет еткен заттық талаптармен жүзеге асырылды. Меншік құқығын корғауға байланысты 70-тен астам талап болды. Негізгі талаптар виндикациялық және негаторлық бодды. Өзінің заңды иеленуін қайтару үшін меншік иесі арнайы виндикациялық талап коюға құқылы болды. Виндикациялық талап меншік иесінің еркінен тыс шыққан затын қайтарып алу туралы талабы, яғни бөтен біреудің заңсыз иеленуінен затты қайтарып алу туралы талап. Талапкер болып меншік иесі танылады, ал жауапкер дау туған кездегі затты иеленуші кез-келген түлға. Меншік құқығын дәлелдеу талапкерге жүктелді, егер дәлелдей алмаса жауапкер оны құқықтық салдар туындататын айьштау құқығына ие болатын. Дәлелдеген жағдайда затқа меншік құқығы арнайы соттың бұйрығынсыз, бірақ сот шешімін орындау тәртібімен бұрынғы меншік иесіне өтетін. Егер де жауапкер талапкерге затты қайтармаса сот шешім шығарған кездегі заттың құны бойынша жауапкершілікке жүктелетін. Осы талаптың көмегімен Пампониийдің айтуы бойынша, тек жекелеген заттар ғана емес, атарларды да виникациялауға болатын. Бүл жерде табын, үйір т.б. топ-тобымен жүретін малдарға қатысты да айтуға болады, яғни жекелеген мал емес тобы біздікі болса, виндикациялауға болады. Сонымен қатар, егер кімде-кім бөтен біреудің тастарынан өз учаскесінде үй тұрғызса, ол үйді виндикациялай алады. [10,116 бет]

2. Талаптың басты мақсаты  затты барлық өнімдерімен қалыпты  жағдайда қайтару. Бірақ судья  затты талапкерге қайтару кезінде  жауапкер адал иеленуші болса, затты сақтауға кеткен шығындарды  өтеу туралы міндетті жүктей  алатын. Ал, адал емес иеленуші  затты қайтара отырып, өнім мен  кіріс құнын қайтаруға міндетті  болды. Сонымен қатар адал емес  иеленуші заттың жойылғаны үшін  барлық жағдайда да жауап беретін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Азаматтық Кодекстің 25 тарауының 1 параграфында  сатып алу-сату     шартының жалпы ережелері бекітілген. Мұнда жалпы ережелер ғана болғандықтан олар сатып алу-сату шартының барлық түрлеріне келеді, бірақ олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Осылардың бір-бірінен айыратын белгілерін қарастырайық. 
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді. Бұл шарт сатып алу-сату шарттарының ішіндегі жалғыз өзі ғана нақты және жария  шарттың бірі, өткені күнділекті өмірде көп кездеседі. Нақтылық белгісі шарттың жасалған кезінде орындалатынын көрсетеді. Жариялық белгі кәсіпкердің  кез келген тұлғамен шартқа отыру міндетін  көрсетеді. Бұл шарттың ерекше пәні бар. Пәні ретінде жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды айтамыз. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тағы бір ерекшелігі оның жасалуында, яғни шартқа отыру уақыты болып екі тараптың оның пәніне, бағасына, басқа да шарттарына келіскен уақыты табылады (7,25).

Тауар жеткізілімінің шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы ( тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген  мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Бұл шартты айыратын белгісі ретінде әр түрлі экономика  саласындағы тауарлық-материалдық құндылықтардың қөзғалысын реттеуінде көрінеді. Тағы бір ерекшелігі ретінде құқық қатынастың уақыт бойынша ұзақ болуы. Шарт бойынша оның пәнінен басқа, тараптар оның бағасына, тауар сапасына, номенклатурасына келісуі тиіс. Пәні болып кәсіпкерлік қызметке қажет мүлік табылады. Тауар жеткізілімі кезеңдері шарт бойынша анықталуы тиіс, егер анықталмаса онда ай сайын біркелкі топтармен жеткізіліп отыруға тиіс. Бұл ерекшеліктер бойынша оны басқа шарттар түрінен айыруға болады.

Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді. Бұл шарттың екі негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден,  келісім шарт жасасу шартының пәні ретінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші өзі өсірген ауыл шарушылық өнімдері табылады. Екіншіден,  бұл шарт келешекке жасалуы мүмкін, өйткені ауыл шарушылық өнімдерін өсіруге белгілі бір уақыт керек. Осы екі ерекшелігі бойынша бұл шарт тауар жеткізілімі шартынан өзгешеленеді.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергия тұтынуға байланысты пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ерекше пәні ретінде энергия табылады. Шарт нысаны ауызша, егер абонент энергияны тұрмыстық салада қолданса, қалған салаларда міндетті түрде жазбаша болады. Шарт консенсуалды ғана болады. Шарт мерзімі бір жыл болып есептеледі, одан кейін жаңа жылда абоненттің ақы төлеуі шарттың тағы бір жылға ұзартылғанын көрсетеді. Міне, осындай белгілері арқылы бұл шартты басқа сатып алу-сату шартының түрлерінен айырамыз.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) Азаматтық құқық кодексі .- Алматы., 2001

2)  Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. – Алматы., 2005

3) Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Т.2.-Алматы., 2005

4) Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері.- Алматы., 2003

5) Ағдарбеков.Т. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы.,2003

6) Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық .- Алматы ., 2004

7) Баққұлов С. Құқық негіздері . – Алматы ., 2004

8) Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы., 2001

9) Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.- Алматы., 1998

10) Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы ., 2002 

 

 


Информация о работе Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері