Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:00, курсовая работа

Краткое описание

Тауар ақшалық қатынасының дамуы нәтижесінде бұл шарт өз орнын басқа шарттарға берді.Осыдан біз курстық жұмысының өзектілігін көреміз.
Курстық жұмысының мақсаты ретінде сатып алу-сату шартының ұғымына, белгілеріне және элементтеріне түсінік беру табылады. Жұмыстың мақсаты оның бөлімдеріне сай келеді.
Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі мынандай міндеттер қоямыз:
- Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.
- Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
- Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................................................3
1. Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері.................................5
2. Тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері................................................................10
3. Меншік құқығының пайда болу сәті. Заттың кездейсоқ бүліну қауіпі...........................18
Қорытынды...................................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

АХМЕТОВА АЗАМАТТЫК.docx

— 84.17 Кб (Скачать документ)

Шарттар элементiнде “оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулi шарттар да, мерзiмi, нысаны мен мазмұны, яғни екi жақтың құқықтары мен мiндеттерi жатады” деген И.В. Елисеев жəне басқа да авторлардың пiкiрiне өзiмiздiң келiспеушiлiгiмiздi бiлдiремiз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесiне терiс ықпал етедi, түсiнiктiң шынайы мəнiн жоғалтуға əкеледi. Сатып алу сату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.

Бiрiншiден, бұл — сатып алусатудың экономикалық қатынасы.

Екiншiден, бұл — адамдардың ой елегiнен өткен жəне құқық нормаларымен бекiтiлген субъективтiк идеологиялық қатынас.

Ең соңында, сатып алусату шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тəуелсiз тұрмыс етiп айырбастық материалдық қатынас ретiнде аталған құқықтық реттеудiң арқасында (көмегiмен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан — құқықтық қатынас нысаны.

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгiлi бiр əрекетiн азаматтық құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiтуге мүмкiндiк беретiн заң

техникасының тəсiлдерi болып келедi. Сатып алу сату шартының нысаны оның бағасына, субъектiлерiне жəне заңдық, шарттық талаптарға сəйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 152бабында бекiтiлген мəмiле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келедi.

Жүз айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға, сонымен бiрге кəсiпкерлiк қызметтi қалыптастыру барысында жасалатын мəмiлелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы” заң күшi бар Жарлығына сəйкес, жылжымайтын мүлiктi сатып алу сату шарттары мемлекеттiк тiркеуге жатады. Азаматтық кодекстiң 494бабы кəсiпорынның сатып алу сату шартының бiр құжатты құру жолымен, екi жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кəсiпорынның құны мен құрамы туралы тəуелсiз аудитор қорытындысының мiндеттi тiркелуiн қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлiктi сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттiк тiркеуге жатады жəне мемлекеттiк тiркеу кезеңiнен жасалған деп есептеледi.

Сатып алу сату шартының субъектiлерi ретiнде азаматтық құқық субъектiлерi, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер, мемлекет əрекет ете алады. Сатып алу сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кəсiпкерлiк немесе кəсiпкерлiк емес, бөлшек сатып алу сату шарты немесе мемлекеттiк кəсiпорындар мүлкiн жекешелендiру, олардың қатысушылар құрамы да өзгередi. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелiгi сатып алу сату шарттарының жекелеген түрлерi бойынша төменде қарастырылатын болады.

Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтемiз. Арнайы құқықтық қабiлеттi иемденетiн заңды тұлғалар сатып алу сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабiлеттiлiк шеңберiнде қатыса алады, яғни бұл жерде əңгiме қандай да бiр оның жалпы шеңберi туралы жүрмейдi, құқықтық қабiлеттiлiк көлемi əрбiр жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығында мүлкi бар мемлекеттiк кəсiпорын, оның негiзгi құралдарына жататын мүлiктi, сонымен бiрге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк мүлiк ережелерi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне кейбiр қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу туралы” Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстiң 200 бабының 2шi тармағы. Егер мемлекеттiк келiсiмшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттiң құқық қабiлеттiлiгi шектелмеген, бiрақ, олармен жасалатын шарттардың мiнезi, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық жəне басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.

Жеке тұлғалардың сатып алусату шарттарын жасасу мүмкiншiлiгiне олардың құқық əрекетқабiлеттiктерiнiң көлемi əсер етедi. Мысалы, əрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мəмiлелердi жасай алады, ал басқа мəмiлелердi жасауға олар өзiнiң қамқоршысының келiсiмi болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27бап, Iтармақ). Егер жүйелi түрде жүзеге асырылатын саудасаттық қызметi туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кəсiпкер мəртебесiне иемденген соң ғана оны жүргiзе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргiзiлуi мүмкiн. Негiзiнен: “Құқықтық қатынас субъектiлерi болып, жеке басымен жəне мүлкiмен оқшауланған, құқықтарға ие болатын жəне мiндеттердi көтеретiн тұлғалар табылады” Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердiң азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серiктестiктердiң) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтiрiлген анықтаманың дұрыстығына əсерiн тигiзбейдi. Сатып алусату шартының нысанасы (объектiсi).

Құқықтық қатынастың объектiсiн материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтыққұқықтық шарттар үшiн де жарамды болып табылады. Сатып алусату шарты өзiнiң ерекше нысанасына (затына), заңды жəне идеологиялық объектiлерiне иемденедi. Қазiргi жағдайда олардың əрқайсысының мəнi бiрдей. Дегенмен, қазiргi өндiрiстiң өсуi, тауарлардың алуан түрлiлiгi жəне оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюi, сатып алынатын тауардың сатып алусату затына талаптардың жоғарылауына əкеледi, əсiресе, егер тауар кейбiр ерекше мақсаттарға арналса. Келiсiмшарт нормаларында олардың барынша анық бекiтiлмеуi жаңылысуға немесе сатып алу сату затындағы қателiкке əкелуi мүмкiн. Бөлшектеп сатып алу сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнiмнiң сапасы, қауiпсiздiгi бойынша талаптарды бекiте отырып, тұтынушы жағдайын барынша “күшейтуге” əрекет етедi.

Заттар сатып алу сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрi болып табылады. Кез келген зат тектiк немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын жəне жылжымайтын тауар болуы мүмкiн. [3,154 бет]

Тектiк заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуi қажет екенiн айта аламыз, сөйтiп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестiрiледi жəне осындай түрiнде сатып алусату шартының нысанасы бола алады. Егер əңгiме жекеленбеген тектiк тауарды сату жөнiнде болса, онда сатып алусату шартының нысанасы болып зат емес, мүлiктiк құқық келедi. Осындай жағдай сатып алусату шартының нысанасы “болашақ заттар” болып келгенде де орын алады.

Тауар əлi өндiрiлмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерiнiң сауда құқығы жүйесiндегi бұған қатысты үш түрлi көзқарас бар: бiрiншiден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетiлген нысананы табыс етудi қамтамасыз етуге мiндеттi (ол табиғатта бар болғанмен теңестiрiледi), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дəлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екiншi көзқарас бойынша, егер тауар сатушының əрекетiне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт “нысананың болмауы” салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзiне белгiлi себептермен тауардың қалай болса да жеткiзiлгенiне үмiттенетiн болса, онда шарт нысанасы тауар емес “сатып алушының үмiтi” болып табылады.

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуiнiң негiзгi мəнiн көрсету үшiн келтiрiлiп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу сату шарттары тиiстi орындалмауының тəуекелi үлесуiне, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Нысана ерекшелiгi сонымен бiрге сатып алу сатуды жүзеге асыру тəртiбiне де əсер етедi, мысалы, шетелдiк сатып алусату Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңына жəне оның орындалуы үшiн қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерге сəйкес жүргiзiлетiн болады. Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногы туралы” “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мəмiлелердi тiркеу туралы” Заңдармен, сонымен бiрге, заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен реттеледi. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алусату жекелеген заң актiлерi бекiткен ережелердi сақтаумен жүргiзiледi, мысалы, Қазақстан Республикасының “Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымы үшiн мемлекеттiк бақылау туралы” Заңымен ж.б. Күшiнде болып келетiн ҚР Азаматтық кодексi 406 бабының 4шi тармағында мүлiктiк құқықтар сатып алу сату шартының нысанасы болып келуiне қатысты жалпы мəндегi норма бекiтiлген.

Мүлiктiк құқықтарды беруге қатысты мəмiлелер кең таралуды иемденедi, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткiзiлiмi шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы мiндеттер мен құқықтарды болашақта өткiзу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тауар биржалары туралы” заң күшi бар Жарлығының 5 бабының 1шi тармағы. Патенттiк құқықтарды беруде нысанасы мүлiктiк құқық болып келетiн сатып алу сату шарттары жасалуына əкеледi.

Шарт заты (нысанасы) туралы келiсiм сатып алу сату шартының бiр ғана елеулi жағдайы болып табылады.

Егер шарт тауарлардың атауын жəне санын айқындауға мүмкiндiк берсе, нысанаға қатысты жағдай келiсiлген деп есептеледi. (407бап 3шi тармақ). Сатып алу сату шартының бағасы дегенiмiз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетiлген үшiншi тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түрiндегi қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 383бабының 1шi тармағында бекiтiлген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негiзделедi. Тарифтер, баға белгiлеу, ставкалар жəне т.б. заңдық актiлерде қарастырылған жағдайларда уəкiлдi мемлекеттiк органдармен орнатылады.

Орталықтандырылған тəртiпте орнатылған баға белгiлеу, тарифтерден кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң өздерi қойған бағаны, тарифтерiн ажырату қажет. Монополистiк қызмет субъектiлерiмен өткiзiлетiн тауарларға баға орталықтандырылған тəртiппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiк төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекiтiлген “Мемлекеттiк кəсiпорындармен монопольдi қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесi” сонымен бiрге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бəсекенi қорғау жəне табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгiзу, бекiту, қарастыру, ұсыну тəртiбi туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Мемлекеттiк кəсiпорындар туралы” заң күшi бар Жарлығының 40 бабының 1шi тармағы қазыналық кəсiпорындар мен өткiзiлетiн тауар бағалары өкiлеттi органмен қойылатынын қарастырады.

Жарлықтың аталған бабының екiншi бөлiгi 1999 жылдың 4 қазанындағы “Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Мемлекеттiк кəсiпорын туралы” заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы” Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кəсiпорындар мен монополиялық өндiрiлетiн тауарларға бағаны мемлекеттiк реттеудi қарастырады. 1999 жылдың 23 қазанындағы “Алкогольдi өнiмдерге минимальдi бағаны қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен алкогольдi өнiмге ең төменгi шектегi баға қойылған.

Басым көпшiлiк жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзiнде нақты келiсiлмесе жəне оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына əсер етпейдi. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша əдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негiз ретiнде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.

Бұл сатып алушы үшiн қолайлы ереже, əсiресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса жəне салмақтың кiшiгiрiм өзгеруi (көбеюi) тауардың елеулi қымбаттауына əкелсе.

Егер шарт тауар бағасы оны негiздейтiн көрсеткiшке байланысты өзгертiлуге жататынын қарастырса, бiрақ бағаны қайта қарау тəсiлi анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңiндегi жəне тауарды беру бойынша мiндеттi орындау уақытындағы көрсеткiштердiң өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткiзу кезеңiнде өз құны көтерiлуi немесе төмендеуiне қарай шарт бойынша оның бағасы тиiстi дəрежеде көтерiлуi немесе төмендеуi қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстiң 438 бабының 3 тармағында бекiтiлген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегi көрсеткiштердiң жəне шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып түю, сатып алу, өндiру кезiнде қалыптасатын олардың өзiндiк құны (шығындар) қатысуының негiзiнде анықталуы керек. Осымен бiрге Азаматтық кодексте сатушының мерзiмдi өткiзiп алуынан сатып алушының мүдделерiн қорғауға арналған норма да жетiк емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетудi қарастыруы қажет, бiрақ 438 баптың 3шi тармағымен мəселе былайша шешiлмеген. Сатып алу бағасын төлеудiң мерзiмiн сатып алушы өткiзiп алса, онда ол үшiн баға тек көтерiлу бағытында өзгеруi қажет. Өкiнiшке орай бұл да Азаматтық кодексте көрiнiс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екi мəнде түсiндiрiлетiнiн айтқан жөн. Бiрiншiден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл – құқықтық реттелетiн қоғамдық қатынас. Сонымен бiрге мазмұн деп екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiн (заңды мазмұнды) қарастырады.

В. А. Тархов мынадай мысал келтiредi: бiр субъект екiншiсiне қандай да бiр затты сатады жəне олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажеттi затты алады, баламалы айырбас жүредi. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен мiндеттер шығатынын ойламауына болады. Бiз осымен келiсе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншiк құқығына иемденудiң жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсiнiгi меншiктi иемденудiң экономикалық мақсатымен ғана шектеледi деп болжау артық болар едi, мұндайға қазiргi өмiрдiң өзi де мүмкiндiк бермейдi. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алусату шартының экономикалық жəне заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкiн. Бiрiншiсiзаңдық мазмұн, ол құқықтар мен мiндеттердiң жеткiлiктi үлкен жиынтық элементтерiнен құралады. Кейбiр құқықтар шарт негiзiн қалайды, ал өзгелерi қосымша (көмектесу) мəнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүрiстұрысы құрайды дегендi толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсiнiгiн араластырып алу орын алады. “Нысан (құқықтық қатынас) өзiнiң мазмұнына тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнен, ал мазмұн (реттелетiн қатынас) өз қатысушыларының əрекеттерiнен, олардың қызметтерiнен қалыптасатын өз мазмұнын иемденедi”. [4,87 бет]

Информация о работе Сату – сатып алу шартының ұғымы, пәні, бағасы, мерзімі, түрлері